Тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде

Дәріс мақсаты: Ұлттық экономика жүйесіне түсінік беру. Ұлттық есепшот жүйесін түсіндіру

Жоспар:

1. Қоғамдық өндірістің нәтижелері, оларды жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ) арқылы өлшеп көрсету.

2. Жалпы ішкі өнім және өзара байланысқан көрсеткшіткер жүйесі.

Негізгі сөздер: ЖҰӨ, дефлятор, ТҰӨ, ЖІӨ, ҰТ, ЖТ, қосымша құн әдісі

Иллюстрациялық материал: кесте, слаид

1. Қоғамдық өндірістің нәтижелері, оларды жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ) арқылы өлшеп көрсету.

Қоғамдық өндіріс нәтижесінің жалпылама көрсеткішіне жиынтық (жалпы) қоғамдық өнімді жатқызамыз, себебі ол коғамдық өндірістін бір жылда құрылған материалдық игілігінің (өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттары) жиынтығын бейнелейді. Жиынтық қоғамдық өнім (ЖҚӨ) екі түрде өндіріледі: натуралды-заттай және құндылық.

ЖҚӨ натуралды-заттай түрінде өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарынан тұрады. Осы тұрғыдан барлық қоғамдық өндіріс екіге бөлшектенеді: өндіріс құрал-жабдықтар өндірісі (І-ші бөлімше) және тұтыну заттары өндірісі (ІІ-ші бөлімше).

2. Жалпы ішкі өнім және өзара байланысқан көрсеткшіткер жүйесі

Ұлттық өндіріс көлемін өлшеу үшін жалпы ішкі өнім көрсеткіші қолданылады. Ол барлық жылдық өнім құнының сомасын құрайды, сондай-ақ Қазақстандағы шет ел және өзінің өндіріс фактоларын қолдану арқылы құралады. Оны жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) ажырата білген жөн. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) жалпы ішкі өнімнен (ЖІӨ) осы елдегі қолданылған ресурстар табысы сомасының шет елдегісінен (пайыз, дивиденд, жалақы және т.б.) артық болады.

ЖҰӨ-нің көмегімен еліміздің экономикалық даму деңгейі мен пропорциясын шет елдермен тікелей салыстыруға мүмкіндік туды.

Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) жиынтық қоғамдық өнімнен (ЖҚӨ) айырмашылығы сол, ол еңбек заты мен жартылай фабрикаттар құнының қайталанған есеп-шотын ендірмейді. Қайталанған есеп-шоттың енбеуін қосарланған құн көрсеткіші қамтамасыз етеді. Ол дегеніміз кәсіпорынның жалпы табысы және оның шикізат пен материалға кеткен шығындары арасындағы айырмасын көрсетеді.

Кесте 1 - Өндіріс процесінің бес сатылық жағдайындағы қосарланған құнның және сырт киімді өткеруді есептеудің-мысалы (долл)

Экономикалық процестің стадиясы Ара уақыттық баға немесе түпкі өнім бағасы Қосарланған құн
есептеу сомасы
1.Қой шаруашылығы фермасы Арауақыттық өнім -60 60-0
2.Жүнді алғашқы өңдеу фабрикасы Арауақыттық өнім –100 100-60
3.Тігін фабрикасы Арауақыттық өнім -125 125-100
Сырт киімнің көтерме саудасы Арауақыттық өнім -175 175-125
5.Сырт киім бөлшек саудасы Арауақыттық өнім -250 250-175
  Жалпы құн (сатылған сомасы)-710 Барлығы : 205

Кестеде байқалғандай, барлық арауақыттық өніммен түпкі өнім құны 710 долл. құраса, қайталамған есеп-шот - 460 долл., ал қосарланған құн – 250 долл.

Халықаралық статистикада ЖҰӨ-ді өлшеудің негізінен екі тәсілі қолданылады:

1. шығын немесе өндіріс бойынша;

2. табыс немесе түсім бойынша.

Екі тәсілде бірдей болып бағаланады. Есеп - шоттың дәлдігіне қарай соңғысын ерекшелеуге болады.

ЖҰӨ шығындар бойынша осы жылғы тауар мен қызмет көрсетуді сатып алу шығындары көлемі ретілде анықтайды. ЖҰӨ шығындар бойынша мынаған тең:

GNP = C + I + Y + X

мұндағы GNP – жалпы ұлттық табыс, С — тұтыну шығындары, G — тауар мен қызмет көрсетуді мемлекетгік сатыл алуы, I - жатпы инвестициялар, X - тауар мен шзмет керсетуді таза экспорттау.

ЖҰӨ табыстар бойынша осы жылғы өндірілген тауардын ақшалай табысы және қызмет көрсетуді ұсыну ретінде анықталады. ЖҰӨ табыстар бойынша мынаған тең:

Y = W + R + I + P

мұндағы Ү — жалпы ұлттық өнім, W — жалдамалы жұмысшының жалақасы, Р - фирма мен корпорацияның пайдасы, R — ренталық төлемдер, I - қарыз капиталына пайыз (%).

ЖҰӨ-ді номиналды және нақты деп айырады. Номиналды ЖҰӨ фактілік немесе ағымдағы бағамен өлшенеді, ал реалды ЖҰӨ көрсеткіші инфляция немесе дефляцияны (номиналды ЖҰӨ инфляция әсерінен тазарады, яғни баға индексін қолдану қажет) есептеумен анықталады.

Нақты ЖҰӨ = номиналды ЖҰӨ / баға индексі

Номиналды ЖҰӨ = нақта ЖҰӨ х ЖҰӨ дефляторы.

ЖҰӨ дефляторы = номиналды ЖҰӨ/нақты ЖҰӨ

ЖҰӨ-м дефляторының көмегімен өндірістің нақты көлемі баға динамикасында инфляциялық немесе дефляторлық іс-әрекет тенденциясы элеминацияланады.

Тауар мен қызмет көрсетуге орташа баға пайызының өзгеруін — баға индексі дейміз. Индексті белгілеуді бастаған жылды базистік жылды дейміз. Базистік жылда әрбір бағаға индекс белгіленеді. Әр түрлі тауардың баға индекстері жинақталып тауар санынына бөлінеді. Базистік жылдың баға индексі ылғи да 100 тең болады.

ЖІӨ ағымдағы рыноктық бағалармен есептеледі, бұл оның номиналдық маңызын сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты мөлшерін анықтау үшін бағаны инфляция ықпалынан арылтып, таразылау керек, яғни тұтыну бағаларының индексін қолдану қажет, сөйтіп ЖІӨ нақты құнын білуге болады. Тұтыну бағаларының индексі ағымдық тұтыну кәрзеңкесінің құнының базалық жылдағы осы кәрзеңкенің құнына қатынасы арқылы анықталады.

Номиналды ЖІӨ-нің нақты ЖІӨ-ге қатынасы бағаның көтерілу есебін ЖІӨ-нің өсуін көрсетеді және оны ЖІӨ дефляторы деп атайды. ЖІӨ көлемін өлшеуде батыстық экономистер мен статистика қоғамдық өндірістің ұлғаймалы концепциясына сүйенеді. ЖІӨ материалдық өндірісте өндірілетін игіліктер мен қызметті ғана емес, сонымен қатар материалдық емес қызмет түрлерін де, яғни ғылым, денсаулық сақтау, білім беру т. б. қамтиды

Наши рекомендации