Бірінші байлық – денсаулық» тақырыбына қысқаша эссе жазу.

ТОҒЫЗЫНШЫ АПТА

Салауатты өмір салты

Бірінші сабақ

Лексикалық тақырып: Тазалық – денсаулық кепілі

Грамматика: Зат есім жасайтын жұрнақтар. Етістіктің өткен шағы.

Тапсырма. Басым сөздерді тыңдаңыздар. Оқыңыздар.

Тазалық, денсаулық, ауру, кір, лас, таза, мұнтаздай, пәктік, әсемдік, адалдық, шомылу, адамшылық, саламаттық.

Тапсырма. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. «Тазалық – денсаулық кепілі» дегенді қалай түсінесіз?

2. Сіз тазалықты сүйесіз бе?

3. Қандай адамды «тазайын адам» деп айтар едіңіз?

4. Тазалықтың адам өміріндегі мәні қандай?

Тапсырма. Мәтінді оқыңыздар.

Тазалық – денсаулық кепілі

Тазалық –адам өмір-тіршілігінің аса маңызды жақтарының бірі. Ол – адамның денсаулығы, өң-түсінің шырайлылығы, жасының ұзақтығы, тұла бойының сәнділігі айналасына тартымдылығы, сүйкімділігі деген сөз. Ал алуан түрлі аурулар, оларды тарататын микробтар нақ сол тазалықтың жоқтығынан, кір-ластан өрбіп, өршиді. Сондықтан деннің саулығын басты байлық санаған, тазалық пен пәктікті әсемдік, адалдық деп білген халқымыз қыздарына Тазагүл, Ақмарал, т.б. деп ат қойған, ал ас қоятын дастарқанын «ақ дастарқан» деп атаған.

Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасындағы шынайы адамгершілік көрсеткіші –адалдықты, әділдікті «жаны таза», «ниеті таза», «ойы кіршіксіз», «ақпейіл», «ақжүрек», «көңілі пәк» деген сөздермен білдірген. Күнделікті тұрмыстың өзінде, әсіресе, ыдыс-аяғы, ас-тағамы таза, үсті мұнтаздай таза қыз-келіншектерді «ақ қағаздай» деп марапаттаған.

Тазалықтың адам өміріндегі орны мен мәні жоғары болғандықтан, оны әспеттеу әрі соған ұмтылу қай халыққа да тең сипат болды. Бұған олардың өмір салты, әдет-ғұрпы дәлел бола алады. Айталық, таңертең ұйқыдан тұрысымен беті-қолын жуу барлық жұртта бар. Моншаға түсу, шомылу, суға түсу –жер жүзіндегі барлық халықта кездесетін әдет. Тазалықты ардақтау, азық-түлікті, киім-кешекті, төсек орынды, ыдыс-аяқты, тұратын жайды, қора-қопсыны, айнала төңіректі таза ұстау, әркімнің өз бойын күтуі адамшылық пен саламаттық үшін бірдей қажет қасиет екені туралы ұғым барлық адамзатқа ортақ. Сондықтан күнделікті тұрмыста үйді және ауланы тазарту, жуынып-шайыну, киімдерді тазартып отыру қашаннан әдептілік белгісі ретінде қаралып, бағаланып отырған.

(Ж.Базарбаев. «Инабат»)

Сөздік

тазалық – чистота

өң-түсі – внешний вид; облик (человека)

шырайлылық – красота; привлекательность; обаяние

тұла бойы – все тело; с головы до ног

кір-лас – грязный; запачканный

өршу – увеличиваться; множиться; нарастать;

пәктік – непорочность; безгрешность

адалдық – верность; преданность; искренность

мұнтаздай таза – безупречно чистая

әспеттеу– почитать

төңірек – окрестность; район

Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар жазыңыздар.

Тапсырма. Мәтін абзацтарына ат беріңіздер.

Тапсырма. Мақал-мәтелдердің сыңарын табыңыздар.

Көзің ауырса, қолыңды тый, Аяғын көріп, асын іш.
Анасын көріп, қызын ал, жақсы ас.
Тазалық – денсаулық негізі, Ішің ауырса, аузыңды тый.
Жаман ауруға – жаны сау.
Дені саудың – Денсаулық – байлық негізі.
Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар 1. -шы, - ші:қойшы, күйші 2. -шылық, -шілік:шаруашылық, кеңшілік 3. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік:балалық, жеңілдік, жолдастық 4. -кер, -гер: жұмыскер, заңгер 5. -кеш,-хана, -паз, -қой, -қор: арбакеш, шайхана, жемқор

Тапсырма. Мәтіннен туынды зат есімдерді тауып, жазыңыздар.

Грамматика: Өткен шақ Сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болған іс-әрекетті білдіреді.
Жедел өткен шақ Іс-қимылдың жуық арада болғанын білдіреді. Бұрынғы өткен шақ Іс-қимылдың жалпы болғанын білдіреді. Ауыспалы өткен шақ Сөйлеп тұрған уақытқа дейін дағдылы болып тұрған іс-қимылды білдіреді.
етістік + (-ды,-ді,-ты, -ті) +жіктік жалғауы   Мыс: Кеше университетке бардым.   етістік + (-ған,-ген,-қан,-кен,-ып,-іп,- п ) + жіктік жалғауы Мыс: Кеше университетке барғанмын. етістік + (-атын,-етін,-йтын,- йтін) +жіктік жалғауы Мыс: Күнде университетке баратынмын.

Тапсырма. Мәтіннен өткен шақта тұрған сөздерді табыңыздар.

Тапсырма. Етістіктерді үлгі бойынша өзгертіңіздер.

Үлгі: келу - келген - келді

Берілген сөздер: шақыру, сыйлау, тойлау, құттықтау, күту, беру, шығу.

Тапсырма. Төмендегі етістіктерді пайдаланып, сөйлем құрыңыздар.

Үлгі: Тазалықтың адам өміріндегі орны мен мәні жоғары болған.

Болды, бағалады, өршіді, санады, білдірді, марапаттады, көмектесті.

Наши рекомендации