Тейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегі
Біз заманымыздың 1397-1492 жылдар аралығында өмір сүргенӨтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік Баян»- деген медициналық еңбек жазған.Бұл ғылыми еңбек жеті кітап жинағынан құралған бірнеше мыңдаған қол жазбалардан тұрады.
«Шипагерлік Баян»- кітабы қазақ елінің медициналық тарихи даму ерекшеліктерін баяндайды. Бұл тарихи байлық филосрфиялық және тәжірбиелік медицинаның жиынтығы. Онда азаматтың өмір сүргендегі барлық алдына қойған мақсаты мен армандарын орындауы үшін жеті жұттан құтылуы керек немесе одан сақ болуы керек, содан соң әр-адамның әр-түрлі он екі мінез құлықтары болады, солардың ауыз біршіліктері қажет етеді деген.
Адам өмірінде кездесетін жеті жұт: Сулық жұты, құрғақтық жұты, жер сілкіну жұты, қуаңшылдық жұты, өрттік жұты, құлқындық жұты, сырқаттық жұт тауқыметі. Адам өмірінде кездесіп қалатын жеті жұттан сақтана білсе адамның өсіп өніп, денсаулықтарының жақсаруына себеп болатындығын айтқан.
Өтейбойдақ Тілеуқбылұлы тамыр арқылы ауруды анықтап, оны екі топқа топшылайды: 1.Сырқаттық тамыр соғу - 12 түрлі. 2.Мүшелік тамыр соғуы - 12 түрлі.
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы “Шипагерлік Баян” медициналық жинағында 62 минералдық дәрілер, 795 өсімдік дәрілер, 318 жануарлар дене мүшелерінің дәрілерінің атаулары көрсетілген.
Дәрілерді жасай білуде үш түрлі қуырма бар дейді. Олар: 1.Май қуырма. 2.Жәй қуырма. 3.Сай қуырма.
Сонымен Орта ғасыр аяғында өмір сүрген Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының жазған дәрігерлік жинағы арқылы-оның дәрігер,сынақшы,оташы емші, фармацевт,акушер,социолог,тарихшы мамандықтар иесі болғаннын білеміз, сонымен қатар оны дәрігер-философ, энциклопедист-ғалым деп айтуымызға болады.
Азақтың үш биі
XVI-XVIII ғасырлардағы би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметшің маңыздылығы, шешендік өнерінің күшімен поэетикалық шеберлігі жағынан Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайдыҚаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.
Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырғанЖәне Әйтеке Байбекұлы (1682-1766) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдыңжақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқанерекше орын алды.
Олар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде, Хиуада, Жоңғария мен Қытай империясында танымал болған.Бұл кезде қазақ тіліндегі жазба әдебиеттер діни және аңыздық мазмұндағы кітаптар түрінде таралды. Сондай-ақ тарихи шығармалар мен рулар тарихы (шежіре) жасалды. Олардың ішінен Заһир-ад-дин Бабырдың «Бабырнамасын», Камалад-дин Бинайдың «Шайбани-намесін», Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашидиін», Қадырғали бектің «Жамих-ат-таварихын» және басқа да шығармаларды арнайы бөліп көрсетуге болады.Тарих-и Рашиди" - Орта Азия мен Қазақстанның XIV ғ. екінші жартысынан XVI ғ. басына дейінгі тарихы баяндалған шығарма. Бұл шығарма 1541-1546 жылдары жазылған. Оның қолжазбасы екі дәптерден қүралған. Бірінші дәптерінде Шағатай әулетінің тарихы баяндалады, екіншісінде XV-XVI ғ. Орталық Азйяда, Индия мен Ауғанстанда өткен тарихи оқиғалар баяндалады. Онда қазақ тарихына қатысты құнды деректер бар. XV ғасырдың ортасында Батыс Жетісуда қазақ хандығының құрылуы, қазақ-қырғыз, өзбек халықтарының қатынасы, Шығыс Қазақстанның қоғамдық шаруашылық жағдайы берілген.Ол еңбекті жазған Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) тарихшы, әдебиетші. Ол араб, парсы тілдерін жетік білген. Хан сарайында сақталған құжаттарды пайдаланған.
"Жамих ат-тауарих" (Жылнамалар жинағы) - epte кездегі қазақ тілінде жазылған тарихи шығарма. Онда: ерте кезден бері қазақ даласын мекендеген қаңлы, жалайыр, қыпшақ, найман, керей, қоңырат, алшын, т.б. тайпаларының шежіресі беріледі.
XI ғ. Орта Азия мен Қазақстан территориясында өмір сүрген қарахандар әулетінің, оғыз-қыпшақ тайпалар одағының дәуірінен бастап 1604 жылға дейінгі тарихы баяндалады.Әсіресе XIII ғ. мен XVI ғ. арасындағы қазақ жерінде болған ірі тарихи оқиғалар баяндалады."Жамих ат-тауарих" кітабынын жазушы Қадырғали Қосынұлы Жалайыр (1530-1605) Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан, сол себептен "Жалайыр" аталған.Ол қазақ хандығының орда-сарайында ханның ақылшысы және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. Бүл еңбек алғаш рет 1854 ж. Қазанда жарық көрген.