Тұлғаның әлеуметтануы.
1.Әлеуметтену-адамның бүкіл ғұмыр бойына жалғасатын үздіксіз үрдіс. Әлеуметтену ұрпақтарды байланыстырады. Баланың өмірге келуі оны тәрбилеуге жауапты адамдардың өмірін өзгертеді.
“парыз” ұғымы қалыптасады. Әлеуметтендіру құралдары:
2.Құндылы.норма
3.Біліктілік,қабілет
4.Әлеуметтік
1.Тіл статус
5. Әлеуметтік роль
Тұлғаны әлеуметтендеру түсінігі және оның сатылары.
Тұлғаның әлеуметтенуі тек әлеуметтік – бақыланатын және бағыттылық – ұйымдасқан жағдайлар жиынтығынан ғана емес, сонымен қоса, аяқ - асты жағдайларын да тәуелді болып келед
әлеуметтену үш сатыда болады деп бөледі. Олар:
еңбекке дейінгі,
еңбектегі,
еңбектен кейінгі
Тұлғаның құрылуына әсер ететін аспект болып мәдениет саналады
Калыптасу механизмдер)
Имитация ,идентификация, жеке бақылау
69/ Біріншілік және екіншілік әлеуметтендіру агенттері
леуметтендіру агенттері - (лат. agens - іс-әрекет етуші) - объективті түрде жеке тұлғаны әлеуметтендіру процесіне қатысушы әлеуметтік институттар мен факторлар. Әлеуметтендіру агенттеріне отбасы, оқу орындары, саяси және қоғамдық институттар, дін, БАҚ, мүдделер тобы, оқиғалар және қоғамдық өмір процесі, құбылыстар жатады. Бұлардың барлығы да жеке тұлғаның әлеуметтік сипатының қалыптасу процесіне маңызды ықпал етеді. Жеке тұлға өмірінің әр кезеңіне (балалық шағына, жасөспірім кезіне, еңбекке дейінгі, ақыл тоқтатқан, зейнетке шыққан) сай келетін өз агенттері бар.
Девиантты мінез-құлық қоғамның, әлеуметтік топтың әлеуметтік нормалардан ауытқу ретінде.
Әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы.
Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.
Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
• қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
• тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);
• микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық. Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.Девиацияның екінші түрі - делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.
3. Наша сату және тарату
Леуметтік стратификация.
Әлеуметтік стратификация- иерарихиялық рангтегі адамдар жиынтығының (тұрғындардың) таптарға бөлінуі. Ол жоғарғы және төменгі жіктердің болуынан көрінеді. Оның негізі мен мәні- құқықтар мен артықшылықтарды, жауапкешілік пен міндеттерді тең бөлмеу, әлеуметтік құндылықтарды, биліктің болуы немесе болмауы. Әлеуметтік стратификацияның негізгі түрлері әртүрлі және көпқырлы. Қандай да бір қоғам мүшелерінің экономикалық мәртебесі бірдей емес, яғни олардың арасында ауқатты және кедейлер болса, онда бұл қоғам экономикалық жіктелумен сипатталады. Ешқандай жағдай кіріс, өмір сүру деңгейі, тұрғындардың бай және кедей жіктерінің болуы түрінде көрінетін экономикалық теңсіздікті өзгерте алмайды. Әлеуметтік стратификацияның нақты түрлері алуан түрлері. Бірақ оларды негізгі үш түрге топтастыруға болады: экономикалық, саяси және кәсіби стратификация. Олар өзара тығыз байланысты. Жоғарғы экономикалық жік өкілдері бір уақытта жоғарғы саяси және кәсіби жіктерге қатысты болады. Төменгі тап өкілдері азаматтық құқықтары шектелген және кәсіби иерархияның төменгі жігіне қатысты болады.
Еңбек бөлінісінің және әлеуметтік-экономикалық қатынастардың даму дәрежесіне байланысты әлеуметтік құрылымның тарихи тұрғыда әртүрлі түрлері қалыптасты:
1) құлиеленушілік қоғамның әлеуметтік құрылымы- құлдар және құлиеленушілер
табы, қолөнершілер, саудагерлер, жерөңдеушілер, еркін шаруалар, ғалымдар,
философтар, ақындар, мұғалімдер, дәрігерлер және басқалар;
2) феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымы- феодалдар, крепостной шаруалар,
сословиелер және интеллигенцияның әртүрлі топтары. Бұл қоғамның соңғы
кезеңінде буржуазия және пролетариат пайда болды.
3) капиталистік қоғамның әлеуметтік құрылымы- буржуазияның әртүрлі топтары:
орта тап және жұмысшылар, монополистік буржуазия, сонымен қатар ірі
өнеркәсіпшілер, бизнесмендер, банкирлер;
4) социалистік қоғамның әлеуметтік құрылымы- жұмысшы табы, кооперативтік шаруашылық, интеллигенция, жекеменшік кәсіпкерлер жігі, кәсіби және демографиялық топтар, ұлттық қауымдастықтар.
Әлеуметтік мобилдік- адамдардың әртүрлі объективті және субъективті факторлардың әсерінен бір әлеуметтік жіктен басқасына ауысуы. Әлеуметтік мобилдік горизонталды және вертикалды болады.
Горизонталды мобилдік- адамдардың қоғамның әлеуметтік құрылымының бір деңгейінде тұрған бір әлеуметтік топтан басқасына ауысуы.
Вертикалыд мобилдік- адамдардың иерархиялық тәртіпте әлеуметтік орнын ауыстыруы.