БЕЛГІЛЕулеР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Махмут Ж.А.
Табиғи тас тұзды тазалау мүмкіндіктерін зерттеу
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы 5В072000-«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»
ШЫМКЕНТ, 2016
Ф.7.04-09
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы кафедрасы
«Қорғауға жіберілді» Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доцентАйтөреев М. Ж. __________________________ «____»_______________20__ж. |
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Табиғи тас тұзды тазалау мүмкіндіктерін зерттеу»
5В072000-« Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша
___________
Орындаған | МахмутЖ.А. |
Ғылыми жетекші магистр, аға оқытушы | Жұлдызбаева С.Е. |
Шымкент, 2016
Ф.7.04-10
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебі
Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы кафедрасы
В072000-« Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы
«Бекітемін» БЗХТ кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Айтөреев М.Ж. __________________________ «____»_______________20__ж. |
Дипломдық жұмысты орындауға
ТАПСЫРМА №
Студент Махмут Жансая Айтмұратқызы ХТ-12-1к1
(аты-жөні) (тобы)
Жұмыс тақырыбы: Табиғи тас тұзды тазалау мүмкіндіктерін зерттеу
Университет бұйырығы бойынша бекітілген №1-120с 07.10.2015ж.
Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі маусым, 2016ж.
Жұмысқа бастапқы мәліметтер_____________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Дипломдық жұмыс сұрақтар өңдеу тізімі
________________________________________________________________
________________________________________________________________
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ
№ р/с | Бөлімдер | Кеңесші аты-жөні, қолы |
Аңдатпа | Жұлдызбаева С.Е. | |
Мазмұны | Жұлдызбаева С.Е. | |
Нормативтік сілтемелер | Жұлдызбаева С.Е. | |
Анықтамалар | Жұлдызбаева С.Е. | |
Белгілеулер мен қысқартулар | Жұлдызбаева С.Е. | |
Кіріспе | Жұлдызбаева С.Е. | |
Әдебиеттік шолу. Патенттік ізденістер | Жұлдызбаева С.Е. | |
Тәжірибелік бөлім | Жұлдызбаева С.Е. | |
2.1 | Бастапқы шикізаттар, өнімдерге сипаттама | Жұлдызбаева С.Е. |
2.2 | Тәжірибені орындау әдістемесі | Жұлдызбаева С.Е. |
2.3 | Талдау әдістерін таңдау | Жұлдызбаева С.Е. |
2.4 | Тәжірбие нәтижелерін өңдеу | Жұлдызбаева С.Е. |
2.5 | Өндірістің технологиясын таңдау және жазбалау | Жұлдызбаева С.Е. |
2.6 | Материалды баланс есептеу | Жұлдызбаева С.Е. |
Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау | Жұлдызбаева С.Е. | |
Қоршаған ортаны қорғау | Жұлдызбаева С.Е. | |
Экономика | Ибраимова С.С | |
Бизнес-жоспар | Ибраимова С.С | |
Қорытынды | Жұлдызбаева С.Е. | |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | Жұлдызбаева С.Е. |
ГРАФИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР ТІЗІМІ
Кестелер мен графиктер-2-3 дана
Принципалды технологиялық сызба-1 дана
Экономикалық кесте-1 дана
СЫНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР
1.Бестереков У.Б.,Болысбек А.А., Назарбек У.Б. Галургиялық үрдістер технологиясы: оқулық– Издательство «Алем», Шымкент. – 2015, 132 бет
2.Бишімбаев У.Қ., Бестереков У.Б., Болысбек А.Ә. «Галургиялық үрдістердің ілімі мен технологиясының негіздері». Электронная книга. – Шымкент, 2009г.
3. М.Е.Позин. Технология минеральных солей. М.: Химия, 2003г. 792 с. ч.1,2
Тапсырманың берілген мерзімі «___ »_________________________2015ж.
Дипломдық жұмыстың
ғылыми жетекшісі_________________________________ Жұлдызбаева С.Е.
Тапсырманы орындауға алған студент _______________Махмут Ж.А
Ф.7.04-11
Дипломдық жұмыс жазудың
КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ
№ р/с | Бөлімдер | Орындалуы,% | Орындалу мерзімі | Тапсырма берілу уақытысы | Тапсырманы орындау уақытысы | Кеңесші қолы |
Кіріспе | 10 күн | 19.01.16 | 13.02.16 | |||
Аналитикалық шолу | 26күн | 19.02.16 | 13.02.16 | |||
Технологиялық бөлім | 80күн | 13.02.16 | 6.05.16 | |||
Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау | 10 күн | 6.05.16 | 15.05.16 | |||
Қоршаған ортаны қорғау | 5 күн | 6.05.16 | 11.05.16 | |||
Экономика | 10 күн | 6.05.16 | 20.05.16 | |||
Бизнес-жоспар | 10 күн | 6.05.16 | 25.05.16 | |||
Қорытынды | 5 күн | 20.05.16 | 25.05.16 | |||
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | 5 күн | 26.05.16 | 31.05.16 | |||
Барлығы |
Жұмыстың ғылыми жетекшісі______________________ Жұлдызбаева С.Е.
(қолы, күні)
Диплом орындаушы________________________Махмут Ж.А.
(қолы, күні)
Норма бақылаушы _____________________ Керімқұлова А.И.
(аты-жөні,қолы, күні)
Аңдатпа
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Табиғи тас тұзды тазалау мүмкіндіктерін зерттеу
Студенттің аты-жөні:Махмут Жансая Айтмұратқызы
Жетекшінің аты-жөні:Жұлдызбаева Салима Есболғанқызы
Диплом жұмыстың жаңалығы:Созақ тұзы мен ауған тас тұзын тазалап, тағамдық ас тұзын алу мүмкіндіктерін зерттеуді қарастырдық.
Алдымен ас тұзын содалы әдіспен ерімейтін қалдықтан, магний, кальций қоспаларынан тазалап, келесі сатыда терең салқындату әдісін қолданып, күкірт қосылыстарынан ас тұзын тазалайды. Сонымен бірге алғашқы тұздыққа, жаңадан дайындалған тұздықты қосып, келесі сатысында сүзілген фильтратқа тағы тұздық қосып , ас тұзын концентрлейді. Бұл тәжірибеде тек сульфаттардан ғана тазалынып қоймайды, тағы тұздың құрамы жоғарылайды
Зерттеу нәтижесінде, жемдік ас тұзының құрамындағы кальций, магний қосылыстары 90% , күкірт қосылыстары 70 % тазаланды.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі:Бүгінде өнеркәсіптің дамуымен тұздың қолданылуы мен мәні өсті. Осылай, әлемде өндірілетін тұздың 6% адаммен, ал 94% химиялық өндірістің басты ингредиенттері - «үлкен бестіктің» құрамына күкірт, көмір, әктас пен мұнайдың қатарына кіріп, негізінен өнеркәсіпте қолданылады. Бірақ тұзды қолданушы ең үлкен өнеркәсіп болып , назар аударыңыздар, хлор, күйдіргіш сода және адам тіршілігі үшін қажетті пластмасса, қағаз, сабын, жуғыштар, инсектицидтер мен әйнектер дайындайтын содалы күл өндіретін хлорлы-сілтілі индустрия болып табылады. Тамақ өнеркәсібі тұзды консервілеу, пісірулер, ұн мен басқа да өнімдерді өңдеу, етті сақтау, балықты тұздау, май өндіру мен тамақ өнімдеріне дәм келтіру үшін қолданады. Тұз тағы басқа салаларда да қолданылады, мысалы: былғары өнеркәсібі, жолдарды мұздан тазартуда, мұнай ұңғымасын бұрғылауда, бояғыштар мен тоқыма өндірісінде. Химиялық өнеркәсіптің дамуы тұздың және оның туындыларының одан да көп қолданылуымен байланысты, әлбетте оның болашақта рөлі арта түседі. Сондықтан ас тұзының құрамындағы зиянды заттардың болмауы шартты.
Дипломдық жұмыс 90 беттен, 22 суреттен, 32 кестеден тұрады.
МАЗМҰНЫ
Бет | ||
Нормативтік сілтемелер........................................................................ | ||
Анықтамалар ........ ................................................................................. | ||
Белгілеулер мен қысқартулар............................................................... | ||
Кіріспе.................................................................................................... | ||
1.1 1.2 1.3 1.4 | Әдебиеттік шолу. Патенттік ізденіс..................................................... Ас тұзының физика-химиялық қасиеттері.......................................... Ас тұзын өндірудің технологиялық үрдістері..................................... Ас тұзының кендері............................................................................... Тұздарды тазалау әдістері..................................................................... | |
Тәжірибелік бөлім.................................................................................. | ||
2.1 | Бастапқы шикізаттар, өнімге сипаттама.............................................. | |
2.2 | Тәжірибені орындау әдістемесі............................................................ | |
2.3 | Талдау әдістерін таңдау........................................................................ | |
2.4 | Тәжірбие нәтижелерін өңдеу................................................................ | |
2.5 | Өндірістің технологиясын таңдау және жазбалау.............................. | |
2.6 | Материалды баланс есептеу................................................................. | |
3.1 3.1.1 3.1.2 3.1.3 3.1.4 3.1.5 3.2 3.3 3.4 3.5 3.5.1 3.5.2 3.6 | Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау........................................... Химия зертханасындағы қауіпсіздік шаралар.................................... Жалпы ережелер.................................................................................... Жеке бастың гигиенсының ережелері................................................. Өрт және жарылғыш заттармен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік ережелері................................................................................................ Зиянды заттармен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелері................ Жұмыс уақыты аяқталғанда................................................................. Зертханадағы қауіпсіздік техникасының ережелері........................... Реактивтер және оларды дұрыс қолдану............................................. Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы...................................... Апаттылық жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары............................. Химиялық зертхананың ұжымына қойылатын негізгі талаптар....... Жазатайым оқиғаларды тексерудің тәртібі........................................ Еңбекті қорғау және ТҚ бойынша есеп............................................... | |
4.1 4.2 4.3 4.3.1 | Қоршаған ортаны қорғау....................................................................... ҚР-ның 2004-2015 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау тұжырымдамасы.................................................................................... Су ресурстарының сарқылуы және ластануы.................................... Қазақстандағы су айдындарының экологиялық жағдайлары...........Суды тазалаудың жаңа технологиялары............................................. | |
5.1 5.2 5.3 5.4 | Экономика.............................................................................................. Зерттеу жұмыстарына кеткен шығындарды есептеу......................... Энергетикалық шығынның есебі.......................................................... Еңбекақы шығыны................................................................................. Шыны ыдыстар мен шыны аспаптар шығыны................................... | |
6.1 6.2 6.3 6.4 6.5 6.6 6.7 6.7.1 6.8 | Бизнес-жоспар........................................................................................ Аннотация............................................................................................... Түйін........................................................................................................ Кәсіпорынның сипаттамасы................................................................. Менеджмент........................................................................................... Өнімнің сипаттамасы............................................................................ Маркетинг жоспары............................................................................... Өндірістік жоспар.................................................................................. Өндірістің технологиясын таңдау және жазбалау.............................. Қаржылық жоспар................................................................................. | |
Қорытынды | ||
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Қосымша ( кестелер, сызбалар, графиктер) |
НОРМАТИВТІК сілтемелер
Бұл дипломдық жұмыста келесідей нормативті құжаттар қолданылды:
1.СМЖ ОҚМУ ПР 7.04-2012 Оқу үрдісі. Оқу үрдісінің мазмұны мен жүргізіуі, ұйымдастыруға жалпы талап.
2.МЕСТ 13830-88 – тағамдық ас тұзының құрамы
3.МЕСТ 13685-89 – ас тұзын талдау әдістері
4.МЕСТ ДСТУ 3583-97 тағамдық ас тұзы. 1сорт
5.МЕСТ-Р5 1574-2000 тағамдық ас тұзы Экстра Техникалық шарттар.
6.МЕСТ-Р5 1575-2000 иодталған тағамдық ас тұзы. Техникалық шарттар.
7.МЕСТ-13830-97 жемдік тұз.
8.МЕСТ-12-1-005 жұмыс орнының ауасының жалпы санитарлы –гигиеналық шарттары
АНЫҚТАМАЛАР
Ерітінді - екі немесе бірнеше компоненттен тұратын гомогенді жүйелер
Еріткіш - көбінесе, екі зат, бір - бірінде ерігенде, олардың арасында өзінің агрегаттық күйін өзгертпейтін немесе ерітінді құрамындағы мөлшері басым болатын бөлік
Қаныққан ерітінді- берілген температурада зат онан әрі ерімейтін ерітінді, яғни ерітінді еритін затпен тепе-теңдікте болады.
Қанықпаған ерітінді- берілген температурада ондағы еритін заттың мөлшері оның қанық ерітіндідегісінен аз ерітінді.
Аса қаныққан ерітінді- бірдей жағдайда қанық ерітіндіде еріген затпен салыстырғанда, еріген заты артық болатын ерітінді.
Тұздар– химиялық қосылыстар класы; қышқыл молекулаларындағы сутек атомдарының орны толықтай немесе жартылай металл атомдары не ОН топтарына ауысқан қосылыстар; қалыпты жағдайда иондық құрылымдағы кристалл заттар.
Кристалдану- температура төмендеген кездегі ерітіндіден заттың бөлінуін айтады.
Еңбек қауіпсіздігі- еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды немесе қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі;
Еңбек қауіпсіздігі жағдайлары- қызметкер еңбек міндеттерін орындаған кезде еңбек процесі мен өндірістік ортаның еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі.
БЕЛГІЛЕулеР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР –Қазақстан Республикасы
ЖШС – Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
РФА – ренгенді фазалық анализ;
МЕСТ -Мемлекеттік стандарт
м – метр – ұзындық;
кг – килограмм – масса;
т – тонна (1000 кг) – масса;
τ – с, мин, сағ – уақыт;
с – секунд – уақыт;
мин – минут (60с) – уақыт;
сағ – сағат (3600 с) – уақыт;
кгс/см2 – килограмм - күш сантиметр квадратына (9,80665 *10-4Па) –
қысым;
кДж -Килло Джоуль
атм – физикалық атмосфера (101325 Па) – қысым;
моль (М) – моль – заттың мөлшері;
л – литр (1*10-3) – көлем;
кг /м3 – килограмм метр кубқа – тығыздық;
м/с – метр секундына – жылдамдық;
%- үлес (процент)
КІРІСПЕ
Адамзат дамуымен бірге қолданысқа ие болып, қазіргі таңда кең көлемде қолданып отырған заттардың бірі аз тұзы болып саналатындығын баршаға мәлім екені бұрыннан белгілі. Сондықтан мемлекеттің гүлденіп, өркендеуі үшін, сол мемлекетте өмір сүретін адамзаттың денсаулығы мен әлеуметтік жағдайының дұрыстығына қажетті, сұранысқа көп ие болатын заттардың сапасы, саны, көлемі, құрамы, қасиеті және т.б. көрсеткіштері осы затқа қойылатын талаптарға сай және нақты болуы тиіс. Осындай алға қойылған талаптар Қазақстан Республикасының дамуы мақсатында «Қазақстан - 2030» стратегиясында нақты көрсетілген.
Қазіргі кездегі жаһандану мен өркениетті мемлекеттер қатарына қосылу үшін, бүкіл одақтық сауда ұйымына кіру үшін өз мелекетіміздің кез келген заты мен тауарлары қалыптық талаптарға сай болып, соларға қойылатын МЕСТ-терге жауап беруі тиіс. Сонда ғана біздің еліміз экономикалық бәсекелеске қабілетті мемлекет ретінде дами береді.
Осындай тауарлардың бірі – ас тұзы. Ас тұзы адамзат даму тарихында үлкен роль атқарады. Ол тамаққа нәрлендіруші ретінде қосылады. Ас тұзын тамақтан басқа консервлеуші құрал ретінде, яғни, еттердің, жемістердің, терілердің және т.б. заттардың бұзылып кетпеуі үшін қолданылады.
Ас тұзын, яғни, натрий хлоридін күнделікті тұрмыста қолданудан басқа химиялық өндіріс салаларында, тамақ өнеркәсібінде, ауылшаруашылықтарында және т.б. салаларда өте кеңінен қолданады. Кейбір химиялық өндірістерде бастапқы шикізат ретінде де жиі пайдаланады. Осы және де басқа салаларда қолданысқа ие болатын натрий хлориді өзіне қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.
Қазіргі кезде бір адамға жұмсалатын жылдық тұз мөлшері орташа есеппен алғанда 8-10 кг, ал өндірісті қоса есептегенде, жалпы қолданыс кейбір елдерде 25...75 кг-ға жетеді. Тұз сондай-ақ жануарлардың тамақтарында қосылады. Азықтық жем ретінде оны силосқа қосады, өндірілген тұздың 5-10 % жуығы жемге шығындылады[1].
Өнеркәсіптердің қарқынды дамуына байланысты тұзға деген сұраныс жылдан жылға артып келе жатыр. Өндірісте ол бастапқы немесе қосымша зат ретінде қолданады. Техникалық тұзда 93% NaCl болуы керек. NaCl 1500 астам өндірістерде қолданылады.
Әлі күнге дейін бірқатар елдер тек тасты тұзды,қалғандарында күннің астында парлау арқылы алынған тұзды қолдануда. Тұзды алу техникасы мен әдістері, ал ең маңыздысы оның сапасы, жылына бірнеше жүздеген тоннадан аспас тұзды алуға мүмкіндік беретін өте қарапайым кәсіптен жылына миллиондаған тонна тұз өндіретін, толығымен автоматтандырылған аса ірі заводтарға дейін қатты ауытқиды.
Жыл санап адам саны мен өнеркәсіптің дамуы өсуде, бұл тұзға деген сұранысты өсіреді. Егер адамдарды санамасақ, онда тұздың негізгі тұтынушылары оны сілті өндірісі үшін қолданатын химиялық өнеркәсіп болып табылады. Әрине дамыған елдерде өнеркәсіптік сұраныс ас тұзына деген сұраныстан бірнеше есе асады. Мысалы, АҚШ-та барлық алынатын тұздың 97% (40 миллион тоннадай) асқа емес, басқа қажеттіліктерге жұмсалады. Дамушы елдерде өнеркәсіптік мақсаттар үшін тұзға деген сұраныс соңғы жылдарда ғана байқалады. Бұл елдерде, керісінше, тұздың 90% дейін халықпен қолданылады[1]
Ас тұзы адамзат даму тарихында үлкен роль атқарады. Ол тамаққа нәрлендіруші ретінде қосылады. Ас тұзын тамақтан басқа консервлеуші құрал ретінде, яғни, еттердің, жемістердің, терілердің және т.б. заттардың бұзылып кетпеуі үшін қолданылады.
Осыған орай, жасалынған дипломдық жұмыс натрий хлоридіне қойылатын талаптардың көрсеткіштері мен сипаттамаларына талдау жасауға арналған. Сонымен қатар аз тұзының сапа құрамын, тағамдық құрамын, тазалау жолдарын, өндіру жолдарын, тұздың табиғатта кездесуін, физико-химиялық қасиеттеріне толық сипаттама беруге ден қойылған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Жемдік ауған тұзы мен созақ тұзын ас тұзы талаптарына сай тазалау.
Практикалық қажеттілігі:Жемдік ауған тұзы мен созақ тұзынынан тазартылып алынған таза тұзды тамақ өнеркәсібінде қолданудың тиімділігін арттыру.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері және практикалық базасының айқындығы: Тәжірибе алдында бізге қажетті шикізатқа алдын ала талдау жасалынып, талдау мәліметтері кестеде келтірілді.
Зерттеу нысаны:Жемдік ауған тұзы мен созақ тұзын таза тағамдық ас тұзына айналдыру