Күнбағыстың морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері
Күнбағыс астра (Asteraceae) тұқымдасына жатады, біржылдық күнбағыс (Heliаnthus annuus) екі дербес түрге ажырайды – мәдени күнбағыс (H.a. culfus) және жабайы күнбағыс (H.a. ruderalis). Мәдени күнбағыс екі түр тармағына – егістік (H.a.c. safivus) және әшекей күнбағысы (H.a.c. ornamentalis) – деп бөлінеді. Шекілдеуігінің мөлшері, майлылығы мен қабықтылығы бойынша күнбағыстың үш тобы ажыратылады: майлы, шағылатын және аралық. Майлы күнбағыстың өндірістік маңызы бар.
Біржылдық күнбағыс – шөптесін өсімдік. Тамыры кіндікті, топыраққа 2-4 м дейін бойлайды және 100-120 см дейін жан-жағына тарайды. Сабағы – тік өседі, қатты түктермен көмкерілген, ішкі қуысы борпылдақ өзекпен толтырылған, биіктігі 0,7-4,5 м дейін (майлы сорттары бұтақтанбайды және 2,5 м дейін). Жапырақтары қарапайым, ірі, сағақты, сопақ-жүрек пішінді, қатты түктермен жабылған, ұштары үшкірленіп аяқталады, ара тісті. Төменгі жапырақтары (2-3 жұбы) қарама-қарсы, ал жоғарғылары кезектесіп орналасқан. Гүл шоғыры – диаметрі 15-25 см, дөңгелек пішінді себет. Оның негізін гүл тұғыры құрайды, шеттерінде жыныссыз тілді, насекомдарды тарту үшін, ал ортасында – қос жынысты түтік тәрізді гүлдер орналасқан. Олар бірұялы жатыннан және бес аталықтан тұрады. Жемісі – шекілдеуік, 4 анық көрінген қыры болады, ол жеміс қабығынан және тұқымнан құралады. 1000 шекілдеуігінің массасы майлы сорттарында 40-80г, шағылатындарында – 170 г-ға дейін .
Күнбағыс шекілдеуігі 4-6°С температурада өне бастайды, ал тіршілікке қабілетті егін көгі 16-18°С-да пайда болады. Өскінді тұқымдар – 100С-ға дейінгі, ал егін көгі - -5-6°С бозқырауды көтереді. Гүлдену кезеңіндегі оңтайлы температура – 25-27°С .
Күнбағыс 30°С-дан жоғары температураны басқа дақылдармен салыстырғанда жеңіл көтереді, себебі түкті жапырақтары мен сабақтары транспирацияны күшейту нәтижесінде өсімдік жақсы салқындайды. Толық вегетация кезеңіне қажетті белсенді температура жиынтығы 1800-2500°С. Солтүстік Қазақстан жағдайында ерте және ортадан ерте пісетін сорттар үшін бұл көрсеткіш – 1900-2100°С. Аталған аймақта күнбағыс вегетациясының ұзақтығы 95-120 тәулік.
Күнбағыс ылғалды көп қажетсінеді, алайда қуаңшылыққа да төзімді, бұл оның топыраққа терең бойлайтын және терең қабаттан су сіңіру қабілетін күшейтетін тамырына байланысты. Транспирациялық коэффициенті 470-550, 1 ц тұқымның құрғақ затын қалыптастыру үшін 200 м³, ал сүрлемге өсіргенде 1ц құрғақ затқа – 85-150м³ су шығындайды. Гүлденуге дейін күнбағыс бүкіл қажет ылғалдың 20-22,4 %, себет түзілгеннен (бүрлену кезеңі) гүлденуге дейін – 60 %, ал қалған 17,6 % - пісу кезеңінде пайдаланады.
Сонымен ылғалмен салыстырғанда қиын-қыстау кезеңі – бүрлену-гүлдену кезеңі және ол созылыңқы сипатта. Күнбағыстың өсіп-дамуына қара және күңгірт қара-қоңыр топырақтар қолайлы болып табылады, ал құмдақ, сазданған және сортаң топырақтар ол үшін жарамсыз. Күнбағысқа топырақ ортасының реакциясы рН – 6,7-7,5 болғанымен бидайға қарағанда ол көп мөлшерде қоректік заттарды сіңіруімен ерекшеленеді.
Күнбағыс егін көгінен бүрленуге дейін азот пен фосфордың 30 %-ын, калийдің 35 %-ын сіңіреді. Оның 1 ц тұқымы топырақтан 6-7 кг азот, 2,0-2,5 кг фосфор, 10-12 калий шығындайды. Өсімдігі жарық сүйгіш, көлеңкеленгенде және бұлыңғыр ауа-райында өсуі мен дамуы әлсіз жүреді де вегетациялық кезеңі ұзарып кетеді.
Будандар мен сорттар
Бүгінгі таңда күнбағыс экономикалық тұрғыдан алғанда барынша сұраныстағы және аса пайдалы майлы дақыл болып табылады. Оның өнімділігін және жалпы жиынын біршама көтеру жергілікті жағдайға бейімделген жо,ары өнімді , мол майлылылғы бар сорттарды және будандарды және оны өсіру ғылыми тұрғыда жасалған технологияларын кеңінен енгізу есебінен жүзеге асыруға болады.
Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген сорттары мен будандары: Ислеро (орташа мерзімде пісетін будан) – ШҚО, Павлодар обл.; Казахстанский 1 (орташа мерзімде пісетін будан) – Павлодар, ШҚО, Ақмола, Қызылорда обл.; Казахстанский 341 (орташа мерзімде пісетін будан) – Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Солтүстік Қазақстан обл.; Сибирский 91 (ультра ерте пісетін сорт) – Қарағанды, Павлодар обл.; Солнечный 20 (ерте пісетін будан) – СҚО, ШҚО, Павлодар обл.; СПК-Кондитерский (орташа мерзімде пісетін сорт) – Ақтөбе, Ақмола, Павлодар обл.; Восточный (будан) – Ақмола обл.; Торедо (ерте пісетін сорт) – Павлодар облысында ж.б.
Шаруашылық тұқымды Көкпекті ауданы Самар ауылында орналасқан тұқым шаруашылығынан сатып алады. Басшысы Жотабаев Самархан Қалисаттарұлы
Заря сорты. ВНИИМК Вейдел тәжірибе алаңында ерте пісетін Зеленка 63 және Зеленка 368 тұқымдарын, әрі қарай таңдау арқылы Қарабалық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясында жасалған.Сабағы тік, бұтақталмаған. Өсімдік биіктігі 110-115 см. Өскіні көк. Себеті аз дөңестелген, диаметрі 12-16 см.Тұқымшасы майлы, аздап ұзындау, дәндері толық,реңі тым ашық түс пен жолақталған сұр – қара болып келеді. Ерте пісетін сорт. Вегетациялық кезеңі 90-110 тәулік. Күнбағыс күйесі ауруына төзімділігі жоғары. Тұқымша қабықтыылғы 95-99 %, «А» және «Б» нәсілді заразиха ауруларына төзімді. Ауруымен басқа ерте пісетін сорттармен салыстырғанда зақымдалмайды. Көгерген өскіні аурумен аз ғана зақымдалады. Өнімділігі өте жоғары сорт. Тұқымша майлылығы 50-53 %. 1000 тұқымша массасы 90-110 г. Қауыздылығы 21-23 % механикалық жолмен жинауға қолайлы.Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында аудандастырылған. Күнбағыс «Заря» Орта – орыс экотипінің сұржолақты түршесі. Сабағы: тік, аз бұтақтанады. Өсімдік биіктігі 110-175 см. Жапырағы: ашық-жасыл, сопақша – жүрек тәрізді формада. Жапырақтылығы орташа. Өскіні көк, тұқым жарнағының қалтасы ашық-күлгін. Себепті аздап дөңестелген, диаметрі 12-16 см, жақсы толықтырылған,тығыз. Тұқымшасы – күңгірт-сұр неғұрлым ашық жолақтары бар, аздап ұзындау формада, жақсы толықтырылған. Шаруашылықтың бағалы белгілері. Ерте пісетін сорт Заря. Оның вегетациялық кезеңі 115-127 тәулік. Сұңқыла мен күнбағыс көбелегіне төзімді. Тұқымша панцирлігі 95-100 пайыз. Ақ және сұр шірінділермен зақымданады. Тат ауруымен аз зақымданады. Сорт жоғары өнім береді.Тұқымша майлығы 50-53 пайыз. Қабықтылығы 21-23 пайыз. 1000 тұқым массасы 60-100 г.
«Орешка» сорты. Сорт типі - кондитерлік. Тез пісетін сорт. Вегетациялық пісу кезеңі 84-86 күн. Биіктігі 170-185 см. Егін жинау үшін ұсынылатын тығыздығы 30000 өсімдік/га.Тұқым өнімділігі 3,4 т/га.
Дәннің майлылығы 45,8 %. Жиналған май 1,25 т/га. 1 000 дән салмағы 140 гр-ға дейін.
Қорытындылай келе, «Бақыт» жеке шаруа қожалығында бидайдың «Омская 18», арпаның «Данетский 8», күнбағыстың «Заря», «Орешки», «Кулинарный», «Пионер», «Сингента» бұл сорттар жылына екі түрлі сорт болып егіледі.Мысалы, биылғы жылы «Заря» II репрадукция, «Орешка» сорттары егілді. Олар 1 гектарына «Заря» 10 ц-ден, ал «Орешка» 18-20 ц-ден өнім жиналды. Жыл сайын топырақ климат жағдайына, ауа-райына байланысты және т.б жағдайларға байланысты өнімділік мөлшері өзгеріп отырады.
Агротехникасы
Күнбағысқа алғы дақыл және тәлімі жерлердегі ауыспалы егіс. Күнбағыс – ауыспалы егісте өзінің бұрынғы өскен жеріне оралуға және алғы дақылға ерекше талап білдіретін дақыл. Бұл талаптарды есепке алмай мол және тұрақты өнім, қайта өңдеуші өнеркәсіп үшін жақсы тұқым алуға және сақтауға қол жеткізу мүмкін емес. Күнбағыс өсірудегі жалпы талап ауыспалы егісте оны бұрынғы орнына өсіру 8-10 жылдан кейін ғана, олардың аурулары мен зиянкестерімен сапалы және кешенді күрес жүргізу, топырақтағы қоректену элементтері мен ылғалды теңдестіру үшін қажет болу керек.
Шаруашылық тәлімі егіншілік ,яғни – құрғақшылық суармалы өңірде қысқы және ерте көктемдегі ылғалды пайдаланып, егісті суғарусыз өсіру.
Ылғалмен қамтамасыз етілу дәрежесіне және топырақ түрлеріне сәйкес тәлімі жерлер мынадай топтарға бөліееді: өте қуаң тәлімі жер (жылдық жауын- шашын мөлшері 220-250 мм ден 280-300 мм дейін болады; топырағы әр түрлі бозтопырақ , сұртопырақ) ; жартылай қуаң тәлімі жерлер (260-300 мм ден 330-400 мм-ге дейін, топырағы ашық қара- қоңыр ); қуаң тәлімі жерлер (330-400 мм-ден 400-600 мм дейін, одан да артық; топырағы – күңгірт қара қоңыр).
Осыған сәйкес «Бақыт» жеке шаруақожалығы өте қуаң тәлімі жерге жатады.
Жоғары өнім алуда ауыспалы егістердің рөлі өте зор.Олардың негізгі буыны, жетекші алғы дақылы пар болып есептеледі. Күздік және жаздық дәнді дақылдар үшін ауыспалы егісте ең қолайлы орын болып қара таза пар саналады. Мұндай парда сүдігермен салыстырғанда ылғалдың мөлшері 1,5 есе,нитраттар отамалы дақылдарға қарағанда 2 есе көп болады.Күнбағыстан кейінгі сүрде жығылған өсімдіктер қалдығы ерекше қауіп туғызады.Мұнымен күресудің екі жолы бар: ол егістіктерден ара қашықтық арқылы оқшаулау және дер кезінде оларды жойып жіберу.Оның ішінде ең көп таралғандары: қурай , алабұта, қызылқұйрық, одан кейін – жұмыршақ , таран, сиыржоңышқа; көп жылдық арамшөптерден - жатаған бидайық, қарашығыр, кәдімгі шырмауық ,укекіре, жантақ кездеседі.
Осы айтылған қағидаларды негізге ала отырып , өте қуаң тәлімі жерлерде жауатын жауын-шашынның деңгейі, топырақ ылғалының мөлшеріне қарай мынадай дәнді – парлы ауыспалы егістерді қолдануға болады:
Таза пар 1. Таза пар
Күздік бидай 2. Күздік бидай
Арпа 3. Арпа.
Арпа
Күнбағыстың интенсификация деңгейін көтерумен бірге оған ең жақсы алдыңғы дақылды тіпті таза сүрді де қарастыру керек.Бұл әсіресе дәнді бұршақ дақылдарына ыңғайлы болады.
Күнбағыс үшін жақсы алдыңғы дақылдар: нұт, бұршақ, жүгері, таза және сидералды сүр бола алады. Күнбағысты қант қызылшасынан, көп жылдық шөптерден , судан шөбінен кейін орналастыру тиімсіз , өйткені олар таяз жердегі ылғалды және күнбағыс тәріздес терең қабаттағы қоректену элементтерін пайдаланылады. Бұдан басқа жығылып қалған өсімдік және осы өсімдіктердің қалдықтары күнбағысты күту кезінде кедергі келтіреді.
Шаруашылық топырақ түрлеріне сәйкес өте қуаң тәлімі жерге жатады. Топырақ ерекшеліктеріне сәйкес ауыспалы егіс қолданады. Қажет болған жағдайда көрсетілген ауыспалы егістердің нобайына қосымша бір танапқа көпжылдық шөптерді егуге болады, яғни тыс танап әдісін қолдануға болады. Сұлы мен арпа күнбағыстың жақсы өнімділігін қамтамасыз ете отырып, гербицидтермен жығылған өсімдіктерді жояды, бірақ бұл экономикалық тұрғыдан аса құнды сорттарын еккенде ғана пайдалы. Топырақтык гербицидтер күнбағыстың барлық ауыспалы егісінде оң ықпал жасайды.
Топырақ өңдеу
Басқа дақылдар сияқты күнбағысқа танапты дайындау алғы дақылдарды жинап алғаннан кейін топырақты негізгі өңдеуден басталады. Күзде топырақ өңдеу тәсілі күнбағыстың алғы дақылына, танаптағы арамшөптердің түрлеріне және басқа жағдайларға байланысты. Дәнді дақылдар мен жүгері алғы егістерінен кейін танапта бір жылдың арамшөптер басым болса, топырақ ты 6-8 см-ден 8-10 см-ге дейін 2-3 рет қопсытады, содан кейін ПН-4-35, ПН-8-35 және басқа түренді соқалардың бірімен 20-22 см тереңдікке сүдігерге жыртады. Танапта көп жылдың арамшөптер басым болғанда оны гербицидпен қоса әр түрлі тереңдікке өңдейді. Алғы дақылды жинап алғаннан кейін аңызды ЛДГ-10, ЛДГ-15 сыдыра жыртқыштарымен 6-8 см тереңдікте өңдейді, ал арамшөптер көктеп шыққаннан кейін танапты жазық сыдыра тілгіштермен 12-14 см тереңдікке өңдеуді ңай-талайды. Арамшөптерді толық жою үшін әр гектарға 1,5-2 кг 2,4-Д гербицидін бүркеді. Осыдан 10-15 күн өткен соң жерді 27-30 см тереңдікке түренді соқалардың көмегімен жыртады. Топырақ жел эрозиясына ұшырайтын аудандарда жерді жазық табан сыдыра тілгіш терең қопсытқыштармен аудармай өңдейді. Ерте көктемде жер дегдісімен топырақтың күзде негізгі өңделген әдісіне қарай БЗСС-1,0, БЗТС-1,0 (түренді соқалармен жыртылған жерлерде), БИГ-ЗА (аңыз сақталып, жазық табан сыдыра тілгіштермен қопсытылған танаптарда) тырмаларымен ылғал жабылады. Егін себер алдында бүркілетін гербицидтердің топырақтың беткі қабатына дұрыс сіңуіне және егің себу жүмысы сапалы болуына жағдай жасау үшін танапты НП-8 құралымен тегістейді. Содан кейін әр гектарға 1,5 кг трефлан, 2-3 кг прометрин немесе 3,5 кг түйіршікті эп-там, Гезабард 50, с.п. 12,0-4,0 кг/га гербицидтерінің бірін енгізіп, топырақтың 8-10 см жоғарғы қабатымен араластырады. Осы гербицидтер арамшөптерді 60-95 пайызға дейін құртады. Тұқым себер алдында топырақты 6-8 см тереңдікте қопсытады.