Ауыл шаруашылығы - аӨк-тің 2 буыны

Агрегаттық щоғырландыру

Шоғырландыру өндірістік бірліктер көлемінде өндіріс масштабының артуын білдіреді, яғни кәсіпорынның іріленуі болып табылады. Шоғырландыруға өндірістік бірліктер ауқымының ұлғаюына қоғамдық еңбек бөлінісі дамуында жетекші роль беріледі. Себебі машиналардың тиімді пайдаланылуы тек өндіріс көлемінің жеткілікті үлкен мөлшерінде ғана мүмкін болады.

Өндірісті шоғырландырудың төрт нысаны бар:

• агрегаттық;

• технологиялық;

• зауыттық;

• ұйымдастырушылық.

Олар екі жолмен дамиды: экстенсивті және интенсивті.

Агрегаттық щоғырландыру – бұл жабдықтың бірліктік қуатын жоғарылатуды білдіреді, яғни машина мен агрегаттардың өнімділігін берілген техника даму деңгейі үшін максималды артуы мен өнім шығысы бойынша жиынтық қуаттағы үлкен қуатты агрегаттардың үлесінің артуы болып табылады. Агрегаттық шоғырландыру ғылыми-техникалық прогрессті бейнелейді және өнеркәсіптің барлық салаларында тек интенсивті жолмен дамиды.

Агроөнеркәсіп кешені түсінігі, құрамы және құрылымы

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдын, өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды.

Агроөнеркөсіптік кешеннің негізгі мақсаты - халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті қажетті шикізатпен қамтамасыз ету.

АӨК құрамында үш негізгі буын бар.

1. АӨК-ке қызмет көрсететін, оны техникамен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар құрайды.

2. бұл ауыл шаруашылығы.

3. тамақ және жеңіл өнеркәсіптері.

Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін халық тұтынатын тауарларға айналдырады.

Жұмыскерлердің саны жөнінен (2,4 млн адам) АӨК аса ірі салааралық кешен болып табылады. Ол елдегі ішкі жалпы өнімнің 1/10 бөлігін береді. АӨК өнімдері барлық тауар саудасының 50%-дан артығын құрайтындықтан, халықтың әл-ауқатын жақсартуға әсерін тигізеді. Сонымен бірге өнімдері шет елдерге сатылады. Мысалы, бидай және ұн Қазақстанның маңызды экспорттық тауары.

АӨК-тің 1 буыны - қызмет көрсету саласы

1 буыннын, салалары АӨК-ке ауыл шаруашылық машиналарын, құрал-жабдық жеткізе отырып, оның интенсификациясының жалпы деңгейін анықтайды. Тұтас кешеннің жетістіктері оның дамуымен тығыз байланысты. Өзірге АӨК-ті қажетті өніммен толық қамтамасыз ете алмай келеді.

АӨК-тің қалыпты жұмыс істеуі үшін техника мен құрал-жабдықтардың 4000-дай түрі қажет. Біздің елімізде олардың 400-дей түрі ғана шығарылады. Көптеген маңызды өндірістер дамымаған немесе енді пайда болып келеді.

Сондықтан әлі де ескі техника пайдаланылады, қол еңбегінің үлесі жоғары, ауыл шаруашылық дақылдары мен малдардың өнімділігі төмен. Өндірілген өнімнің аз ғана үлесі өңделеді. Еліміз шет елдерден азық-түлікті кеп мөлшерде сатып алады.

Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің 2 буыны

Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің орталық тізбегі болып табылатын, ел экономикасының дәстүрлік саласы. Оның өнеркәсіптен 3 негізгі айырмашылығы бар.

1. Ауыл шаруашылығында жер - негізгі зат әрі еңбек құралы болып саналады. Сондықтан жерді дұрыс пайдалану, құнарлылығын сақтау - қоғамның маңызды міндеті.

2. Ауыл шаруашылығы - экономиканың маусымдық саласы.

3. Ауыл шаруашылык өндірісіне табиғи жағдайлар қатты әсер етеді.

Жиі болатын құрғақшылық, қатты аяздар, қар басуы мен көктайғақ ауыл еңбеккерлеріне егін өнімі мен мал басын сақтап қалу үшін қажырлы күрес жүргізуге мәжбүр етеді. Осыған байланысты, еліміздің аумағын «тәуекелді егін жөне мал шаруашылығы зонасы» деп атауға болады.

Ауыл шаруашылығымен 200 мыңдай әр түрлі кәсіпорындар - фермерлік шаруашылықтар, акционерлік қоғамдар, серіктестіктер, кооперативтер мен тұрғындар шаруашылықтары айналысады.

Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің рөлі өзгереді. Ол енді ауыл шаруашылық өнімдерін шығарумен айналыспайды, тек ол үшін қажетті жағдай жасайды.

Мемлекет ауыл тұрғындарының тіршілігі мен еңбек жағдайын жақсартып, шаруашылықтарға техника мен жанар-жағармай алуға көмектеседі, сонымен бірге ауыл шаруашылығы ғылыми мекемелері мен тәжірибе стансаларын қаржыландырады. Мемлекеттік азық-түлік корпорациясы ауыл тұрғындарынан өсірген өнімнің бір бөлігін сатып алады.

Агроөнеркөсіптік кешеннің негізгі мақсаты

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдын, өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды.

Агроөнеркөсіптік кешеннің негізгі мақсаты - халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті қажетті шикізатпен қамтамасыз ету.

Айналым қаржының құрамы

Айналым қаржысы
Айналым қорлары Айналыс қорлары
Өндірістік қорлар Аяқталмаған өндіріс Болашақ мерзімнің шығындары Дайын өнім Жібеілген, бірақ әлі төленбеген өнім Қосымша қорлар
Шикізат, материалдар, запас бөлшектер және с.с Жұмыс орындарында қалған өндіріс процестегі еңбек заттары Жаңа өнімдерді құрастыруға, ғылыми-зерттеу, тәжірибе жұмыстарға арналған шығындар, болашақ мерзім өзіндік құнына кіреді. Тексеруден өткен және қоймада орналасқан дайын өнім Кәсіпорын есеп шотына төлемі әлі түспеген, бірақ жөнелтілген өнім Кассадағы ақша, есеп шоттағы ақша, дебиторлық қарыздылық және т.с.с
             

Айналым құралдарын пайдалану тиімділігін көтеру жолдары

Айналым капиталының айналым ұзақтығы көптеген сыртқы және ішкі факторларға байланысты болады. Сыртқы факторларға келесілерді жатқызуға болады:

§ Кәсіпорынның салалық ерекшеліктері (мысалы, өнеркәсіп саласының кәсіпорындарындағы ағымды активтердің айналым жылдамдығы қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарындағы активтердің айналым жылдамдығынан төмен болады);

§ Кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері (өндірістік, жабдықтаушы, білім саласындағы кәсіпорындар);

§ Кәсіпорынның өндірістік қабілеті;

§ тұтынушылар арасындағы қарым- қатынастар, кәсіпорынның өніміне деген сұраныстың болуы).

Айналым капиталын қолданудың тиімділігіне әсер ететін ішкі факторларға келесілер жатады:

§ Шығындарды басқару жүйесі (өндіріске қажетті материалдардың тиімді мөлшерін анықтау);

§ Кәсіпорынның баға саясаты;

§ Тауарлық-материалдық құндылықтарды бағалаудың тиімді әдістерді (өндірістік, орташа салмақталған құн, ФиФО, ЛиФО) қолдануды қажет ететін есеп саясаты.

Капиталдың айналымдылығының артуы материалдық құндылықтарды басқару жүйесінің тиімділігінің артқанын және кәсіпорынның өндірістік белсенділігінің өскенін сипаттайды. Активтердің айналымдылығының төмендеуі кәсіпорынның қолында шектен тыс материалдық құндылықтардың, дебиторлық қарыздың, ақша қаражаттарының шоғырланғанын білдіреді.

Айналым құралдарын пайдаланудың экономикалық тиімділігі

Айналым қорлары – бұл ақшалай формада айқындалатын айналым қорлары мен айналыс қорларының жиынтығы. Айналым қорлары өндіріс процесіне қатысса, айналыс қорлары айналыс өрісінде қолданылады.

Айналым қорлары – бір цикл ішінде толығымен тұтынылатын еңбек заттары. Айналым қорлары өз құнын дайын өнімге бірден түсіреді және өзінің натуралдық заттық формасын өзгертеді.

Наши рекомендации