Модельдің ерекшеліктерін сызу және дайындау
3-Сурет. Қыздар жакетінің МК сызбасы
Бұйымның сызбасын макет әдісімен тексеру
Қазіргі кезде киімді жобалауда қолданылатын конструкциялық есептер адам құрылысының шектелген көлемдерінің информациясы және киім үлгілерін дайындау ерекшеліктеріне байланысты. Сызбаны тұрғызып болғаннан кейін макетті матадан дайындау арқылы базалық конструкциясын модельдеуін тексереміз. Бұйымның макетінің бөлшектерін біріктіретін тігістер шамасын, сызбасын нақтылау қосындыларын шектетіп қоямыз. Бұйымның бөлшектерінің алғашқы сызбасын денеге қонымды, модельге сәйкес болуы керек.
Макет әдісімен тексеруде барлық бөлшектерді уақытша көктейді және конструкциялық сызықтары бөлшектерге енгізіледі. Модельдің сәндік конструкциялық элементтерін белгілейміз. Жалпы модельдің эскизге сәйкестігін анықтап, осы енгізілген өзгерістерді толығымен сызбаға енгіземіз.
Модельдеу ақауы - киімнің базалық конструкциясында модельдеудің тәсілдерін дұрыс қолданбаудан пайда болады.
Жобаланатын бұйым макетінің суреті (алдыңғы, жан, артқы бойынан түсірілген) төменде көрсетілген (4-сурет)
4-сурет. Жобаланатын бұйым макетінің суреті
Жұмысшы жоба
Киім бөлшектерінің оригинал лекалоларын құрастыру және
Безендіру
Бөлшек лекалдарының жұмысшы сызбасымен немесе қиылған эталондармен берілуі мүмікін. Бөлшектердің жұмысшы лекалдары конструкциясымен, пішінімен, бөлшектердің өлшемдерімен сонымен қатар олардың пішілуінің және дайындаудың техникалық талаптармен анықталатын техникалық документ болып табылады.
Лекал оригинал дегеніміз - негізгі сызбадағы, яғни берілген модельдің ерекшелігіне толық сәйкес келетін негізгі сызбадағы лекалдарды айтамыз.
Лекал эталон дегеніміз - оригинал лекалы арқылы көбейтіліп алынады, яғни градация жасау арқылы алынады.
Жұмысшы лекалы дегеніміз - эталон және оригинал лекалдары арқылы алынады. Жұмысшы лекал жайма жасауға, матаның шығынын нормасын есптеуге, модельді матадан пішуге арналады.
Көмекші лекал дегеніміз - түйме орнын, түймелік орнын, жең аузының қайырылымын т. б. белгілейді.
Барлық лекалдар түрі ЕСКД талабына сай безендіріледі.
1.негізгі, туынды лекалдарда негізгі жібі және оның ауытқуы көрсетіледі.
2.лекалға қойылатын талаптар: негізгі лекалда конструктивті сызықтарын белгілейміз және есеп өлшемдерін жазамыз.
3.лекалда кертпелер болуы қажет. Кертпе ұзындығы 30-40см аралықта қоюға болады.
4. лекал бөлшектерінің сипаттамасы.
5.бөлшектер спецификациясы жазылады.
Лекал сызбасындағы технологиялық қосымшасының шамасы үлгіге арналған матадан пішілетін картасы (бұйым аталуы) және т.б
Кесте 13 – Негізгі, туынды бөлшектері лекалосының тізімі (спецификациясы)
Бөлшек атаулары | Бөлшектер саны | Ескертулер | |
Негізгі мата | |||
Алдыңғы бой | |||
Артқы бой | |||
Жең | |||
Қалта | |||
Белдік | |||
Иініш | |||
Әдіп | |||
Астарлық мата | |||
Алдыңғы бой астары | |||
Артқы бой астары | |||
Жең астары | |||
Қалта астары | |||
Іштік мата | |||
Өңір іштігі | |||
Жең түбі іштігі |
5-Сурет. Киім бөлшектерінің туынды және көмекші лекалоларын құрастыру