Ндіріс бөлімшелерін және шаруашылық орталықтарын орналастыру

Ндіріс бөлімшелерінің санын және мөлшерін анықтау

Көптеген ірі шаруашылықтарды ұйымдастыруда шаруашылық құрылымын келесі типтерге бөлуге болады: территориялық; салалық; аралас.

Құрылым бөлімшелері ретінде реформаға дейінгі болған бөлімшелерді, өндіріс учаскелерін, бригадаларды, цехтарды және реформадан кейінгі: құрылған арендалық және аралас құрылымдарды алуға болады.

Аралас құрылымдар дегеніміз - бұрынғы дәстүрлі және жаңадан пайда болған құрылымдардың аралас қолданылуы.

Құрылымдар екі-үш сатылы болуы мүмкін: 1.ауылшаруашылық мекемесі - өндіріс учаскелері (бөлімшелер) – бригадалар; 2.ауылшаруашылық мекемесі – цехтар – бригадалар; 3.кооперативтер; 4.кіші өндірістер; 5.арендаторлар тобы.

Бөлімшелерге тек қана осы бригадаларда жұмыс істейтін жұмысшылардың жері және мүлкі ғана кіріп қоймай, басқа да салаларда жұмыс істейтін адамдардың жер бөліктері кіруі мүмкін (өндіріс және қоғамдық инфра- құрылымдар).

Шаруашылықтағы өндіріс бөлімшелерінің саны, мөлшерлері, мына көрсеткіштерге әсерін тигізеді:

- шаруашылық орталықтарын салуға, пайдалануға жұмсалатын қаржының мөлшеріне;

- басқару ыңғайлылығына;

- әкімшіліктік басқару аппаратына жұмсалатын қаржының мөлшеріне;

- адамдарға мәдени-тұрмыстық жағдай жасауға.

Сондықтан бұл мәселені шешер алдында елді мекендердің санын, оларда қанша адамдар тұратындығын, сумен қамтамасыздығын, транспорт және байланыс жүйелерінің дамығандығын, транспорттың өту жағдайлары жақсылап зерттелуге тиіс.

Өндіріс бөлімшелері тым үлкен, немесе тым кіші болмай, көптеген өндірістік факторларға байланысты ең үлкен экономикалық нәтиже беретін мөлшерде жобаланулары тиісті. Өндіріс бөлімшелерінің мөлшеріне көп факторлар әсер етеді. Сондықтан өндіріс бөлімшелерінің тиімді мөлшерлерін бүгінгі күнде жобамен айтудың өзі қиын. Кеңес Үкіметі кезінде ауылшаруашылық мекемелерінің жер пайдалануларының ауданы және өндірістік потенциялы тұрақты болатын. Өндірістік көрсеткіштері жоғары және тұрақты шаруашылықтарды аналог ретінде алып, олардың жер пайдалануларының мөлшерін соған ұқсас жағдайларда (бір табиғи-климаттық жағдайда, маманданғандығы бірдей, өндірістік қуаттылығы тең және т.б.) орналасқан шаруашылықтар үшін тиімді мөлшер ретінде ұсынылатын.

Қазақстанда кең тараған астық, көкөніс, қызылша, мақта, күріш, темекі шаруашылық түрлері, бау-бақша және жүзімдік өсіру; қой, ірі қара мал, шошқа өсіру шаруашылықтарының әрқайсысының өздерінің өндірістік ерекшеліктері бар, олар әртүрлі аймақтарда тараған, олардың жер пайдалануға қоятын талаптары әр түрлі. Әр нақтылы табиғи және экономикалық жағдайға байланысты өндіріс бөлімшелерінің мөлшері әртүрлі болуы мүмкін.

Әр түрлі типті мекемелер және әр түрлі аймақта орналасқан шаруашылықтар үшін бөлімшелердің саны бірдей болуы мүмкін емес.

Бөлімшелердің мөлшерін, санын анықтағанда сонымен қатар бөлімшелердің маманданғандығы да белгіленеді. Ол шаруашылық өндірісінің типтеріне байланысты болады. Егер шаруашылықта табиғи жайылым және жақсартылған мал азықтық алқаптар көп болса, мал қоралар, олардың баланстық құны жоғары, өздері сыйымды болса, квалификациялы кадрлар болса, су болса мал өсіруге болады. Мысалы қой, жас ірі қара мал, жылқы. Ал шошқаны өсіру үшін оған көп концентратты жем керек, сондықтан бұл жағдайда ауылшаруашылық алқаптарының құрамында егістік жерлер көп болуы керек.

Шөлді далада көбінесе қой өсіріледі. Қой шаруашылықтарының құрамында егістік алқаптары аз болады. Өйткені қой көбінесе жайылымда жайылады.

Геоботаникалық зерттеу жүргізіле отырып, жайылымның өнімділігі анықталады, жаздық және қыстық орындары белгіленеді. Әр бөлімшенің жерлерінің шекарасы, қойшылардың және олардың отбасының мекендейтін орталықтары анықталады.

Бұрынғы шаруашылық орталықтары, шаруашылық жер пайдаланулары түсініктері бүгінгі күні белгілі бір аумақты басқару орталықтары және оның территориясы деген түсініктермен орайластырылады (ассоциировать). Шаруашылықтың оптимальды мөлшері деген түсінік бүгінгі күні зерттелу жолында немесе әр жағдайда жеке есептеу арқылы анықталады.

Наши рекомендации