Жобасы мен құрылысы
Бурж әл-Арабты сәулетші Том Райт жобалады. Жобалау мен құрылыс жұмыстарын канадалық инженер Григория Рик басқарды. Арал құрылысы 1994 ж басталды. Ғимарат араб қайығы доудың желкеніне ұқсас түрде соғылды. Екі "қанат" V пішіндес матчта арқылы жабылды, ал оның ішінен үлкен атриум пайда болды.
Жобаның сәулетшісі мен инженер кеңесшісі Аткинс компаниясынан болды. Құрылыс алдындағы жұмыс пен құрылыс кезіндегі жұмысты бірге атқарған бас серіктес Жаңа Зеландиялық Fletcher Construction кәсіпорны болды. Қонақ үй құрылысын Оңтүстік Африкалық мердігер компания Murray & Roberts және Al Habtoor Engineering жүргізді.
Имарат 1999 жылы желтоқсанда ашылды.
Онақ үйдің ерекшеліктері
Қонақ үйдің кейбір ерекшеліктері күрделі батыл инженерлік шешімдердің табуы. Қонақ үй жағалаудан 280 метр қашықтықта жасанды аралда орналасты. Іргесі мықты болу үшін тереңдігі қырық метр құрайтын 230 қада құмға қағылды.
Инженерлер арнайы эрозиядан қорғайтын төртбұрышты араның ұясына ұқсас тастар ойлап тапты. Олар болашақ аралдың іргесі болды. Жасанды аралды жасау үшін үш жыл кетті. Қонақ үй құрылысына да осындай уақыт кетті. Ғимараттағы бетонның көлемі 70,000 м³, болаттың салмағы 9 000 тонна құрады.
Имарат ішіндегі атриум биікітігі 180 метрге дейін жетті.
Бурж әл-Араб биіктігі жағынан әлемде төртінші орын алады. Тағы бір Дубайда орналасқанРаушан қонақ үйі Бурж әл-Арабтан 11 м биік.
Апартаменттері мен номерлері
Қонақ үйді Jumeirah Group басқарады. Өзінің көлеміне қарамастан Бурж әл-Арабта тек 202 қонақ үй номерлері бар. Ең кіші бөлме ауданы 169 м², ал үлкені 780 м² ауданды алып жатыр. Бөлмелер қарама қарсы шығыс пен батыста орналасқан. Барлық бөлмелерде теңізге көрініс ашатын үлкен терезелері болды.
Патша бөлмесіндегі бір күндік түнеудің бағасы 18,716 долларды құрап отыр. 2012 жылғы CNN Go-дің жасаған сарабы бойынша Әлемдегі қонақ үй номерлері ең қымбат 15 мейманхананың 12 орнын алды.
Мейрамханалар
Л-Мунтаха (арабша "ең биік") Парсы шығанағынан Дубайға тамаша көрініс ашылатын 200 метр биіктікте орналасқан мейрамхана. Ол консольды арқалық арқылы ғимараттан 27 метрге дейін шығып тұрады. Оған панорамды лифт арқылы көтерілуге болады.
Сүңгуір қайық секілді кемемен тағы Әл-Махара (устрица) мейрамханасына жетуге болады. Мұнда 990,000 л теңіз суын сыйдыра алатын аквариум бар. Судың қысымын ұстап тұру үшін бакты акрилді әйнектен жасаған. Оның қалыңдығы 18 см.
Рейтингі
Мейманхана Бес Жұлдызды Делюкс ретінде ресми түрде мойындалады. Бірақ та кейде оны "әлемдегі жалғыз Жеті Жұлдызды қонақ үй" ретінде сипаттайды. Қонақ үй басшылығы мұндай титулды өзіміз ешқашан шығарған жоқпыз дейді. Jumeirah тобының ойы бойынша алдын-ала ашылу рәсіміне қатысқан британдық журналист осы атақты қойды деп ойлайды. Ол өзінің Бурж әл-Араб мақаласында "Жоғарыда айтып өткендей мен мұндай қонақ үйді көрген емеспін және бұл Жеті Жұлдызды қонақ үй деп аталады" деп сипаттаған.
Сурет 18. Дубайдың тарихи мұражайы
13 маусым – әйгілі Wyndham қонақ үйлер торының құрамына кіретін 4* Hawthorn отелімен танысу және мейманхана бизнесінің ең негізгі теориялық түсіктері жайлы ағылшын тіліндегі конференцияға қатысу.
Сурет 19. Hawthorn отелінде
14 маусым – Сафариге экскурсия;
Ал енді араб десе құмды, құм десе арабты елестетпеу мүмкін емес. Сонымен келесі саяхатымыз «Сафари» құмды шөлі болды. Белес-белес құмдардың арасында «Toyota Land Cruiser» көлігімен ойнақ салғанда, ақ тер-көк терге түсіп, иманыңды үйіріп, керемет «адреналин» аласың. Құмның арасында жүргенде дөңестеу жерге тоқтамаса, басқа жерінде мүлдем тоқтауға болмайды екен. Көлік тоқтады бітті, сол жерде көлігіңіздің дөңгелегі құмға белшесінен батады, оны да көрдік. Құмдардың арасынан арабтардың түйе қораларын көрдік, ол маған біздің еліміздегі алыс адырларда қоныстанып отырған шопандардың қорасын елестетті. Арабтар құмда тұратын тайпаны «бәдәуин»деп атаушы еді ғой. Міне, солармен танысу мүмкіндігіне ие болдым. Құмды белестерді аралатып болған соң, Сафаридің кешкі асына бардық. Осы жерде бір қызықты айтайын, көлігіміз келіп тоқтаған бетте, алдымыздан қарсы алған күтушілер «квадратцикл» деген көлікті және біреулері жіпке тіркестіре байлаған үш түйені көлденеңдеп ұсынды. Арнайы дәм тататын жерге келгендіктен, жыңғыл секілді құмда өсетін ағашпен қоршалған ауланың ішіне кірдік. Көп ұзатпай ортаға бір жігіт шығып өте күрделі шығыс биін биледі, артынан қыз шығып, қосыла биледі.
15 маусым – Дубайдағы Sarv Travel туристік компаниясының әлі ашылмаған отелімен танысу
Сурет 20. Әлі ашылмаған қонақ үй
16 маусым – Шейх Мухаммед бин Рашид Аль Мактумның мәдени өзара түсіністік орталығына бару;
Сурет 21. Осы орталықта жұмыс істейтін қызметші.
17 маусым – Насыр Скверде орын тепкен отельмен танысу және Дубайдағы мейманхана бизнесі туралы жиналысқа қатысу;
Сурет 22. Жиналыста мейманхана бизнесі туралы түсіндіруде
18 маусым – бос уақыт
Сурет 23. Бос уақытты осылай өткізудеміз
19 маусым – Абу-Даби қаласына экскурсия;
Абу-Даби (араб.: ابوظبي , «гәзел әкесі») – Біріккен Араб Әмірліктері мен Абу-Даби әмірлігінің Ел ордасы, 67 мың км2 ауданды алып жатқан (ол федерацияның бүкіл аумағының 86%-ы) саяси және әкімшілік орталығы.
Географиясы. Материктен ширек километр орналасқан Парсы шығанағының солтүстік-шығыс бөлігінде аралда орналасқан. Арал материкпен үш үлкен көлік көпірімен жалғасып жатыр (2010 жылдың соңындағы күйі бойынша).
Халқы. Абу-Даби БАӘ-нің құрамына кіретін әмірліктердің ең үлкені. Әмірлік Абу-Даби қаласының өзі және Аль-Айн (Абу-Дабиден 140 км жерде) мен Лива (245 км) қала шұраттарынан құралады. Соңғы есептеулер бойынша әмірлік халқының саны 1108 мың адамды құрайды, оның жартысы Абу-Даби қаласында тұрады.
Жергілікті тұрғындар (арабтар) халықтың тек 20%-ын ғана құрайды. Қалада ең көп санды шетелдік қауымдар: үнділер, пәкстандықтар, басқа араб елдерінің азаматтары, ағылшындар тұрады. Жергілікті тұрғындардың басым көпшілігі банияз тайпасынан шыққандар.
Климаты. Мұнда климат ылғалды субтропиктік, сондықтан да жаз айларындағы ыстыққа шыдау өте қиын. Абу-Дабиде жауын өте сирек жауады, кейде қыс айларында (ақпан, наурыз) ғана жауады. Қыс мезгілдерінде ауа райы салқындау. Ең жылы уақыт - тамыз айы, орташа температура - +35,2 °C.
Мұнда жылына орта есеппен 13 мм ғана жауын-шашын түседі, бұл Еуропадағы 3-4 жауынды күнмен барабар.
Тілі. Ресми тілі — араб тілі болып табылады, астана тұрғындарының көпшілігі ағылшын тілінде еркін сөйлейді. Тұрғындардың негізгі көпшілігі сүннит бағытындағы исламды ұстанады. Дінге сенушілердің 20%-ына жуығы шииттерге жатады.
Транспорты. Көліктің негізгі түрі таксиболып табылады. Автобус жүйесі де бар, кейбір аялдамалар салқындатылған. Ориталық автовокзалдан Әбу-Дабиге кіретін қалаларға (Аль-Айн, Медина Заед), сол сияқты басқа да әмірліктерге жүреді. 2015 жылы қолдануға берілуді жоспарлаған метро құрылысы жүргізілуде. Қалада заманауи жол төсемдерімен және әр бағытқа қарай үш жолақты қозғалыс орындарымен жабдықталған кең көшелері бар. Әдетте, оңтүстіктен солтүстікке қарай Жол созылып жатса, батыстан шығысқа қарай көше орын алған. Көшенің ортасында пальма отырғызылған бөлінген жолақ жатыр.
Экономикасы. Қаланың негізгі іскерлік өмірі Әбу-дабидің солтүстік бөлігіндегі бернеше орамнан кейін әдемі жағалауға жапсарласа орналасқан қала Корниште топтастырылған. Қаланың бұл бөлігі Әбу-Дабиді "Таяу Шығыстың Манхеттені" деген атауға іліктірген заманауи биік ғимараттар мен зеңгір үйлерімен ерекшеленеді. Қаланың қалған бөлігі - бұлар қамтамасыз етілген қалалықтаға арналған виллалар мен тауанхаустар. Қала өзінің заманауи келбетін ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында сәулеттілігі мен құрылысы жағынан қуып жетіп оза түскен Дубайдан бұрын алған болатын.
Тарихы. Абу-Дабидің негізі 1761 жылы қаланды. Осы жерде б.з.д. 3 мың жыл бұрын болғандығы туралы археологиялық деректер бар. Жергілікті тұрғындардың арасында қаланың құрылу тарихы жөнінде әдемі бір аңыз тараған. Шұраттардың біріндегі аңшы арабтар қарақұйрықтың соңына түседі. Жануар шөл даламен ұзақ шиырлап, аңшыларды Парсы шығанағы жағалауына шығарады. Сол жерде суға секіріп, аралға жүзіп өтеді. Аңшылар қарақұйрықты қуа береді. Қарақұйрық оларды тұщы судың тамаша бұлағына алып келеді.
Аңшылар алғыс ретінде негізі салынған қонысты "қарақұйрық атасы" деп атады, ол арабша Абу-Даби дегенді білдіреді.
Абу Даби ұзақ уақыт бойы қамал бекінісі мен теңіз арасында орналасқан лашық үйлердің шағын шоғыры болып келеді.
Халықтың негізгі күнкөріс көзі балық ау лау мен маржан теру болды.
1950 жылы Рас Садр деген жерден мұнайдың бірінші ірі кен орны табылды.
Бүгінгі қала. Абу-Дабидің кішкентай қоныстан аспанмен тілдескен көп қабатты үйлері, ұшқыр магистралі, гүлденген бақтары мен тамаша бұрқақтары бар ең қазіргі заманғы мегаполиске айналауына бар жоғы үш онжылдық қажет болды. Абу-Дабиді Таяу шығыстың Манхэттені деп атайды. Абу-Дабидің ерекшелік белгісі астана орталығын безендіріп тұрған мешіттердің көптігі екендігін батыл мойындауға болады. Қаланың кез келген нүктесінен бірден бірнеше ғажап безендірілген мұнараларды көруге болады. Сырттан келгендердің көпшілігі 10 км-ге созылып жатқан Корнич Роуд жағалауында болғанды ұнатады. Мұнда астанадағы 90 бұрқақтың арасында бірегей архитектура қолданылып жасалған: "Кофе ыдысы", "Аққу", "Жанартау", "Маржан" сияқты ең әйгілілері бар көпшілік бөлігі орналасқан. Абу-Даби — дүние жүзіндегі ең сән-салтанатты қалалардың бірі. Бұл мегаполисте ең қазіргі заманғы қала белгілері мен шығыстың бет-бейнесі таңғаларлықтай үйлесім тапқан. Орасан зор мұнаралар — көп қабатты ғимараттар, ұшқыр магистральдар жағалауда орналасқан гүлденген бақтар мен тамаша бұрқақтар мұнда мыңдаған туристерді тартады. Қалалық жеміс базары Аль-Итихад орталық алаңында, ал балық базары порттан алыс емес жерде орналасқан. Халида мен Хамдан сауда көшелері шығыстың шағын дүкендерін аралауды ұнататындар үшін жұмақ болып табылады.
Сурет 24. Әлемдегі ең әдемі әл-Заед атындағы мешіті
20 маусым – әлемдегі ең ірі ойын-сауда орталығының бірі Дубай моллға экскурсия;
Сурет 25. Дубай молл
21 маусым – жолға дайындалу, қайта елге оралу.
Қорытынды
«DHL» фирмасы 1999 жылы Алматы қаласында құрылды. Он бес жылда фирма өзіңе тұрақты клиенттерді тапты, авиатасмалдау арқылы тасмалдау құжаттарын жасау бойынша Алматы қаласында орналасқан. ЖШС «DHL» фирмасының әрiптестерi республикалық авиакомпаниялар болып табылады.
Фирманың негiзгi қызмет бағыттары:
- шетелде де, Қазақстан Республикасы iшiнде де туристтiк қызметтiң;
- жүзеге асыруы;
- ұйым және визалы қолдауды қамтамасыз ету;
- шетелдiктөлқұжаттардың рәсiмделуi;
- жекежәнетоптықтурлардыұйымдастыру;
- көлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру, соның iшiнде билеттердiң көлiктiң барлық түрлерiне брондалуы;
- белгілі елде туристтердің тұруын қамтамасыз ету, соның iшiнде мейманханалық нөмiрлердiң брондалуы.
Фирманың барлық маркетинг жұмысын директор жүзеге асырады. Оның жүргізу тактикасы мен әдістері жақсы деген бағаға иеленген, себебі фирма табыстары жылдан жылға көтеріліп отыр. Маркетингтік жұмыстары, баға саясаттарын орнату, жарнамасын жасау жөніндеде іске асқан нәтижелері ерекше орынды алады.
Өндірістік практика өту барысында алдымен фирма туралы көптеген мәлімет жинадым. ЖШС «DHL» фирмасында өткен өндірістік тәжірибемде өз білімімді әрі қарай жетілдіріп, мамандығымыздың толық қызметін қалай атқарылуын үйрендік. Практиканың алғашқы күндерінен бастап мекеме басшысы мен қызметкерлері бізді осы туризм саласы туралы толық ақпарат беріп, біздің білуімізге қажетті мәліметтермен таныстырып отырды. Сонымен қатар біз офис техникасымен жұмыс істеуді, телефонмен сөйлесу, адамдармен қарым-қатынас жасау, хаттарды толтыру, жіберу, шақыру қағаздарын рәсімдеуді үйретті. Әлем елдеріне қажетті құжаттар пакеті мен визалық қолдау жұмыстарымен айналыстым. Әр елдің ерекшелігі бойынша әдет-ғұрып, жеке салттарын туристерге түсіндірудің, қонақүй мен экскурсияларды тек туристік мекеме көмегімен таңдаған дұрыс екенін, ол сапалы және қауіпсіз болатынын жеткізе білуді үйрендім.
Практика барысында келісім-шарттарға отыру, келіссөздерді жүргізу техникасын қарадым. Ал бухгалтерлік жағынан туристік мекеме шығындары мен кірістерін есепке алуды, шот төлемдер түрін қарастырдым. Сыртқы Істер Министрлігіне құжаттарды тапсыру ретін және алу уақытына қатыстым. Банктік төлемдерді жүргіздім. Практика өткен уақытта мен өз білімімді шыңдап, одан әрі жетілдіре түстім. Болашақ мамандығымыздың қалай жүзеге асып, қалай орындалатынын көрдім.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 . Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы 2001 ж. 13
маусымдағы № 211-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы. – Алматы: ЮРИСТ. 2008
2. Балабанов И.Т., Балабанов А.И. Экономика туризма. М., 2004
3. Алексеев А.А. Маркетинговые исследования рынка туристических услуг.М., 2004
4. ЖШС «Хикмет Тревел» фирмасының жылдық есебі мен
құжаттары 2008-2012 жылдар
5. ЖШС «Хикмет Тревел» фирмасының жарғысы
6. Дурович А., Копанев А. Маркетинг в туризме. – Минск, 2004.
7. Попова Р.Ю. Маркетинг, реклама и информация в туризме. –М. 1997.
8. Туристический бизнес: Практическое пособие для турфирм и их клиентов – М. 1997
9. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности.-М.:Нолидж,1996.
10. Вуколов, В.Н. Роль туризма в экономике и социальной сфере Современного Казахстана. //Казахстанское общество сегодня: социально-институциональные сдвиги и экономическое развитие. Алматы: Университет "Туран" - 1998. – 216 б.
11. Бурж Халифа. http://kk.wikipedia.org/wiki/Бурж_Дубай
12. http://kk.wikipedia.org/wiki/Бурж_әл-Араб
13. http://kk.wikipedia.org/wiki/Абу-Даби_(қала)