Мемлекеттік органның жұмысын ұйымдастырудың жалпы негіздері

Мемлекеттік органның басқаратын іс-әрекеті ең алдымен жұмысты жоспарлаудан басталады. Мемлекеттік органдар іс-әрекеттерін жұмыс жоспарынан бастайды. Мемлекеттік органның жұмыс жоспарының орындалу уақыты құрылымдық бөлімшелерінің берілген апсырмаларының негізінде ерте бастан жасалады және сол органдардың басшыларымен бекітіледі, жоспарлар нормалы құқықтық актілердің орындалуы және жоғары мемлекеттік органдарының жұмыс жоспарларын есепке ала отырып жасалады. Жоғары мемлекеттік органның іс жоспарында белгіленген сұрақтардың тізбесі төмен тұрған органдар мен ұйымдарға қарау үшін жіберіледі. Бұл сұрақтар мемлекеттік органның іс-жоспарын жасауда құрылымдық бөлімшелердің өздерінің іс-жоспарын сол жоспарға сүйене отырып жасауына септігін тигізеді.

Мемлекеттік органның жұмысын ұйымдастыруда қабылдаған шешімдер өз деңгейінде маңызды роль атқарады. Осыған орай бірегей нұсқаулық іс-әрекет және коллегиальды іс-әрекет болып бөлінеді. Бұл жерде лауазымды адамдардың шешім қабылдағанда құқықтық мәртебесін ескеру керек. Лауазымды адамдар деп –тұрғылықты уақытқа не арнайы өкілеттікпен мемлекеттік функцияларды орындаушыларды айтамыз немесе ұйымдастыру-нұсқаушылық не әкімшілік-шаруашылық функцияларын орындаушы лауазымды адамдарды айта аламыз. Мемлекеттік органның жұмысы осы лауазымды адамдардың компетенциясына қарай ұйымдастырылады. Конституция, заңдар және басқа нормативтік құқықтық актілердің талабына сай лауазымды адамдар өзіне қойылған талаптар мен өкілеттілікті бір нақты лауазымды адамның атынан бір өзінің үкімімен, не мемлекеттік органның атынан, не оның құрылымдық бөлімшелерінің үкімімен немесе заңда көрсетілгендей мемлекеттік органда шешім қабылдау тәртібіне сәйкес шеше алады.

Коллегияльды мемлекеттік органның іс-әрекетінің өзіндік ерекше қасиеттері бар, ол жұмыс істеу әдістері, мазмұны, тәсілдері. Коллегияльды мемлекеттік органдарға осы органда шешілетін мәселеге көпшілік дауыс берген мүшелермен шешіледі. Мұнымен қатар шешім қабылдауға қабылданған шешімдердің заңдылығына коллегияльды органның барлық дауысқа қатысқан жауапты, ал дауыс беру кезінде “жоқ” деп дауыс бергендер жауапкершілік алмайды. Коллегияльды органдар ретінде облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкімияттар бола алады.

Коллегияльды органдардың іс-әрекетінің негізгі түрі болып олардың отырысы болып табылады, ол отырыстарда осы органдардың компетенциясы туралы сұрақтар қаралады.

Коллегияльды органдардың отырыстарын дайындау мен өткізуде лауазымды адамдарға қатысты өкілетті органдар ұйымдастырушылық мәселелерін қарайды (құрылымдық бөлімшелер). Ең бастысы ол отырыстарды жоспарлауға байланысты. Бұл орайда жоспарлау әр тоқсанға және әр жылға жасалып, коллегиялық органның басшысымен бекітіледі немесе келісілген органның басшыларына да қатысты болып келеді.

Мемлекеттік органның жұмысында ең үлкен орынды азаматтардың заңды мүддесі мен құқық қорғау процедуралары алады. Азаматтар өзінің құқығы мен заңды мүделерін қорғау мәселелері бойынша қажетті мемлекеттік органдарға айтуына құқылы, сонымен қатар қоғам мен мемлекетте басқа да жеке және заңды тұлғаларды қорғауға мүдделі, мұндай жағдайда мемлекеттік орган және лауазымды адамдар азаматтардан түскен шағымдарды қабылдап, талқылауы қажет; олар белгіленген тәртіп пен мерзімде заңды да негізгі шешімдер қабылдауы қажет, қабылдаған шешімдердің орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз ету; қабылданған шешімдерді азаматтарға жазбаша және ауызша түрде жеткізулері тиіс. Сонымен қатар азаматтардың құқығын және заңды мүдделерін заңға сүйене отырып қорғау процедурасы талабы қойылған. Бұл процедуралар:

а) азаматтар өздерінің құқығын іске асыруда мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға өздерінің заңды тұлға екенін анықтайтын құжаттарын өткізуі керек;

б) азаматтардың заңды мүдделері мен құқығын қорғауды іске асыруды ең аз мерзімде шешу;

в) азаматтардың құқығын іске асыруда шешімдердің жобасын ең қысқа сатыда шешілуін қамтамасыз етеді;

г) лауазымды адамдар мен органның азаматтардың қаралатын істерінің орны мен уақытын алдын-ала хабарлау;

д) азаматтардың шағымдарын талқылауға байланысты істің жағдайымен танысуға мүмкіндік беру, азаматтардың жеке өздерінің шағымдарын талқылауға тікелей қатысуына мүмкіндік беру;

е) азаматтың шағымын тек бір ғана лауазымды адамның жүргізуі, істің басқа лауазымда адамға

ауыстыруына қатаң тыйым салынады;

ж) азаматтың шағымын талқылауда лауазымды адамның шағымды дұрыс шешілмеуін болдырмау;

Наши рекомендации