Факторингтік операциялардың мәні, қағидалары және жүргізу шарттары
Қысқа мерзімді несиелеу арқылы клиентке ақша қаражаттар айналым активтерін (сонымен қатар еңбекақыны төлеу) құруымен және қозғалысымен байланысты мақсаттарға беріледі. Несиелер бір реттік несиелер, несиелік линиялар және қайта толтырылатын несие линиялары формасында беріледі. Несиені қолдану үшін пайыздар негізінен ай сайын есептеледі.
Несиені алушылар ретінде заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер болуы мүмкін. Егер бейрезиденттер инвестор болса, олар несие алуы мүмкін, бірақ несие инвестициялық мақсаттарға ғана беріледі. Несие есебінен кәсіпорындар нақты келісім-шарттарды төлеуге мүмкіндігі бар. Қарыздық шоттан кәсіпорын өнім (тауар, қызмет, жұмыс) мердігеріне ақшаны аударуына болады.
Қаржыландырудың ерекше тәсілі ретінде факторинг болып табылады.
Факторинг – бұл банктің клиенттен төлемшілердің төлем тапсырмасын сатып алу мәмілесі. Банк клиенттің дебиторлық қарызын сатып алады. Төлем тапсырмалары дисконтпен сатып алынады. Яғни, егер банк төлем тапсырмаларын 10% дисконтпен 30 млн.-ға сатып алса, онда клиент 27 млн. теңге алады. Ал, банкке 30 млн. теңге көлемінде қаражаттар қайтарылады. Талаптар сатып алу кезеңі негізінен 2-3 айдан жоғары емес мерзімде бекітіледі. Аталған құралды ұзақ мерзімге қолдану кезінде факторингтің бас келісім шартын жасауға болады. Онда нақты төлем тапсырмалары 2-3 ай кезеңділігімен іске асырылады. Банк клиенттік төлем тапсырмаларын сатып алғанда ақша қаражаттар факторингтік шоттан клиенттің есеп айырысу шотына аударылады.
Коммерциялық банктердің ең көп таралған делдалдық қызметінің бір түрі – факторинг. Факторинг алғашқы кезде XIX ғасырдың аяқ кезіне таман АҚШ-та пайда болып, кейіннен өнеркәсібі жағынан дамыған Батыс Еуропада қолданылды. Әсіресе коммерциялық банктер факторингті соңғы 25-30 жыл ішінде кеңірек қолдана бастаған.
Факторинг 80-жылдардың ортасында Батыс Еуропа елдеріндегі тұрақты экономикалық өрлеу кезеңінде кеңірек таралды. 90-шы жылдардың басында факторингтік компаниялар 3,6 есе өсті. Факторинг операциялардың бүгінгі көлемі (ішкі және халықаралық факторингті қосқанда) мынадай: Еуропа – 56%, Америка – 30%, Азия және Тынық мұхит жағалауындағы елдер – 13%, Африка – 1%.
Шетелде факторинг – бұл ұсақ және орта компаниялар үшін қаржыландыру көзіне сілтейтін қысқа жолды білдіреді.
Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретін тауар формасындағы және ашық шот түрінде рәсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды.
Факторинг клиенттің айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық операциясының бір түрі. Бұл жерде факторингтік компания клиенттердің шотын 90%-ға дейін төлеу шартымен сатып алады.
Факторинг – бұл тауарларды немесе қызметтерді жабдықтаушыдан төлем құжаттарын сатып алуды білдіреді. Факторингтің мақсаты – кез келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіру. Нарық экономикасы дамыған елдерде төлемдердің сақталу мерзімдеріне басты көңіл аударылады. Ендеше факторинг компаниялар мен банктердің фактор бөлімдерінің қызметі жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынастардағы тәуекелдер мен төлемдер мерзімдеріне байланысты мәселелерді шешуге бағытталады.
Фактор сөзі ағылшын тілінен “factor”, аударғанда “маклер, делдал” деген мағынаны білдіреді. Экономикалық жағынан алғанда – бұл делдалдық операция.
Факторинг – жабдықтаушы клиенттің жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.
Банк төленбеген төлем талабының иесі ретінде, борышкордың несиелік қабілетін тексергенімен де олардың төленбей қалуына байланысты тәуекелге барады.
Келісімшартқа сәйкес банк жабдықтаушының контрагенттері өздерінің қарызын өтегеніне қарамастан төлем талабындағы соманы төлеуге міндеттеме алады. Дәл осы жерде факторинг пен банктік кепілдеменің арасындағы айырмашылық байқалады. Яғни, банктік кепілдеме бойынша банк өзінің есебінен, оған тиісті соманы клиент төлемеген жағдайда төлеуге міндетті болып табылады. Факторингтік қызметтің мақсаты төлеушінің төлем қабілетіне байланыссыз факторингтік келісімшартта көрсетілген мерзімде тез арада қаражатты алу болып табылады.
Нарық экономикасы дамыған елдердегі факторингтік компаниялардың көбіне еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс жасайды.
Факторинг операциясына үш тарап қатысады:
1. Факторингтік компания (банктің факторинг бөлімі) – өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
2. Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие беруші) – факторинг компаниясымен келісімшарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.
3. Кәсіпорын (қарыз алушы) – тауарды сатып алушы – фирма.
Факторинг мәмілесін жүзеге асырудан бұрын толық талдау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң факторинг компания немесе банктің фактор бөлімі 12 апта ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зерттейді. Егерде кәсіпорын факторинг компаниясы немесе банктің фактор бөлімінің клиенті бола қалған жағдайда, ол факторинг компаниясына сатып алушыға жіберілетін барлық шот-фактураны тапсырады. Әрбір құжат бойынша клиент төлеуге келісім алуға тиіс. Факторинг компаниясы барлық шот-фактурамен таныса отырып, сатып алушының төлем қабілетін анықтайды. Бұған 23 күн мерзім уақыт қажет етіледі. Факторинг компаниясы төлемнің уақыты жеткен кезде немесе мерзімінен бұрын төлей алады.
Әлемдік тәжірибеде факторинг қызметінің құны мынадай екі элементтен тұрады: оған берілген құжаттарды мерзімінен бұрын төлеу барысында алынатын комиссия және пайыз. Комиссия шот-фактура сомасынан белгілі мөлшерде (әдетте, 1,5-2,5 %) деңгейінде белгіленеді. Мәміленің көлеміне қарай комиссия сомасы да өсіп отырады. Факторинг ережесі бойынша несие үшін төленетін пайыз мөлшерлемесі ақша нарығындағы (қысқа мерзімді несиелер нарығындағы) мөлшерлемеден 1-2%-дай жоғары болып келеді.
Факторинг операцияларының жүзеге асырылу негізіне факторинг туралы келісімшарт жатады. Онда факторинг операциясының төмендегідей жасалу шарттары көзделеді: төлем талабының мәліметтері, факторинг операциясы бойынша сомадан төлейтін сома, өтеу сыйақысының мөлшері, факторинг келісімшартын бұзу жағдайлары және тараптардың ойлары бойынша басқа да шарттар.
Сонымен катар, онда тараптардың өздеріне алған міндеттемелерін орындай алмаған жағдайлардағы жауапкершіліктері де қарастырылады. Ондай жағдайда тараптар бірінің алдында бірі жауап беруге тиіс. Факторинг бөлімі өзіне алған міндеттемесін орындай алмаған жағдайда, оны құрушы банк материалдық жауапты болып табылады.
Факторингтің екі түрі болады: ауқымды (конвенционды) және шектеулі (конфедиенциалды). Тарихта оның ауқымды түрі бірінші пайда болған. Қазіргі жағдайда бұл – бухгалтерлік есеп, жабдықтаушылар және сатып алушылармен есеп айырысу, несиені сақтандыру және т.б. қамтитын клиенттерге қаржылық қызмет көрсетудің әмбебап жүйесін сипаттайды. Клиенттің мұндағы қызметі тек қана өндіру болып табылады. Бұл жүйе клиент-кәсіпорынға өндіріс пен өнімдерді сату шығындарын қысқартады. Өзінің мәні жағынан факторингтің бұл түрі жөнелтілген тауарларға берілетін несиені білдіреді.
Соңғы жылдары шектеулі факторинг те біршама дамып келеді. Шектеулі факторинг бірнеше операциялардың орындалуымен байланысты: ақша алуға құқығын беру, қарызды төлеу және т.б. Шектеулі факторинг клиент-жабдықтаушы үшін жөнелткен тауары үшін берілетін несиені сипаттаса, ал клиент-сатып алушы үшін төлем несиесін сипаттайды. Факторинг операцияларын жасағаны үшін клиенттер банкке келісімшартта көрсетілген төлемді төлейді, ол өзінің экономикалық мазмұны жағынан несие үшін төлейтін пайызды білдіреді.
Факторинг операциясы, бүгінгі таңда, отандық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингті енгізу сынағы, негізінен, 1988 жылы КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкімен жүзеге асырылып, кейіннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 90-шы жылдардың басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін айкындап, нәтижесінде отандық банктеріміз күні бүгінге дейін бұл операцияға салғырттық танытуда.
Факторингтің бірегей құқықтық негізін құру үшін 1988 ж. Халықаралық факторинг туралы конвенция бекітілген. Халықаралық факторинг туралы кез келген келісімшарт төменде берілгендердің кемінде екеуін қамтуға тиіс:Аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;Төлем талаптарына жататын жабдықтаушының шоттарын бухгалтерлік жағынан өңдеу;Борышқорлардан ақшалай қаражат алу;Жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабілетсіздігі жағдайынан корғау.
Факторинг операциялары. Факторингтік операциялар банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін банктерде арнайы бөлімдер ашылуға тиіс. Факторингтік операциялар:Ақшалай талаптарды төлеу;Несиелеу;Клиентке қызмет көрсету;Сыртқы сауда бойынша операциялар;Несиелік тәуекелден сақтандыру;Жабдықтаушының есебін ұйымдастыру;Қарыз бойынша талаптарды алдын ала төлеу;Қарызды инкассациялау;Ашық және жабық факторинг;Ішкі аядағы операциялар.
Факторингтік операциялардың төмендегілер бойынша жасалмайтынын ескеру қажет:Жеке тұлғалардың қарыздық міндеттемелері бойынша;Бюджеттік мекемелердің қоятын талаптары бойыншаБанктің несиелеуден алынып тасталған немесе төлем қабілетінсіз деп танылған кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша;Кәсіпорындардың филиалдары немесе бөлімшелерінің міндеттемелері бойынша.
Факторинг негізінен жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы қатынасты сипаттайды, себебі ол жабдықтаушының қаржылық жағдайына, сондай-ақ оның сатып алушыларының төлем қабілетіне үздіксіз бақылауды білдіреді.
Факторингтің ашық және жабық түрлері болады. Ашық факторингте берешекке, мәмілеге факторинг бөлімінің қатысатындығы туралы алдына ала хабардар етіледі. Жабық факторингте берешекке факторингтік келісімшарттың болуы туралы айтып жеткізеді.