Леумeттiк-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар

Мемлекет шығыстарының маңызды бағыты әлеуметтiк- мәдени шараларға – оқу-ағарту, ақпараттық қызметтерге (баспасөз, радио хабарын тарату және теледидар), мәдениетке, шығармашылыққа, денсаулық сaқтayғa, дене шынықтыру мен спортқа, мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандырy мен әлеуметтiк қамсыздандыруғa жұмсалатын шығындарды қаржыландырy болып табылады. Бұл шығыстар iрiлендiрiлген түрде мынадай түрлерге бөлiнеді:

1) бiлiм беру және кадрларды кәсiби дaярлау;

2) мәдениет, өнер, спорт және бұқаралық ақпарат құралдары;

3) денсаулық caқтay;

4) мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру және әлеуметтiк көмек.

Аталған шығыстар қоғамдық тауарларға, игіліктерге, қызмет-терге жұмсалатын шығыстардың (10.2 параграфты қараңыз) бiр бөлiгi болып табылады. Оларды мемлекет ақшалай трансферт түрiнде, сондай-ақ ақысыз (немесе жеңiлдетiлген) материалдық игiлiктер мен қызмeтrер көрсету түрiнде қоғам мүшелерiнiң ұжымдық және дара тұтынуына бағыттайды.

Әлеуметтік-мәдени мақсаттарға жұмсалатын шығыстардың экономикалық функциясының негiздемесi әлеуметтiк мұқтаждарды қанағатrандырy үшiн барлық азаматтарға қолайлы мүмкiндiктер жасауға саяды. Мемлекет қоғамдық тұрғыдан маңызды қажеттiлiктердi қаржыландырa отырып, жеке рыноктық бөлудiң ұнамсыз салдарларын жоюға, қоғамның барлық мүшелерiне әр түрлi әлеуметтiк топтар, жiктер, таптар өкiлдерiнiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайын бiршама теңестiру мақсатымен оларды қанағаттандырy үшiн қажеттi жағдайлар жасауға тырысады.

Шығыстардың бұл тобын қалыптастырудың негiзгi көзi – мемлекеттiк бюджет пен арнаулы бюджеттен тыс қорлар. Қалған бөлiгiн орталықтанды-рылмаған тәртiппен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер өздерiнiң табыстары есебiнен жасайды (Қазақстанда топтың барлық шығыстарының 15 пайызына жуығы).

Рыноктық қатынастар жағдайында тұтынудың бұрын қалыптасқан қо-ғамдық қорлардан әлеуметтiк-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстарды қаржыландырудан бас тарту болды. Рынок жағдайларында еңбек салымынa, xapaкеттің әртүріндегі адамның мүмкіндіктеріне қарай тұтыну мөлшерінің тура тәуелдігі қалыптасады. Сондықтан қазiргi жағдайларда дара шаруашы-лық органдарының қарамағында олардың жұмысының нәтижелерiне қарай табысының (пайдасының) бiр бөлiгi қалады.

Соңғы кезде елiмiзде әлеуметтiк-мәдени шараларды қаржыландырудың жаңа қағидаттары енгiзiлдi: әлеуметтiк сфераның мекемелерi iшiнара қаржыландырудың шаруашылық есеп негiздерiне, сақтандырудың қағидат-тарына көшуде. Бiлiм беру сферасында – бұл кепiлдендiрiлген бюджеттiк нормаларға қосымша бiлiм және кәсiби машық үшiн ақылы оқуды қолдану, денсаулық сақтауда – ақылы медициналық қызметті дамыту, әлеуметтiк қорғауда – жинақтаушы зейнетақы қорларына сақтық аударымдарын жасау.

Барынша білімді халық экономикалық өсудің барынша жоға-ры қарқынымен және осы сферадағы басқарудың күшті жүйесі-мен байланысына құрылған білім беру сферасындағы шығыс-тар (бюджеттік саясат) Қазақстанда білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәй-кес іске асырылатын болады. Бiлiм беруге жұмсалатын шығыстар экономиканы кәсібилігі жоғары техникалық бағыттағы ма-мандармен қамтамасыз етуге жұмсалатын болады. Бұдан басқа, жоғары білім беру саласында жоғары және жоғары оқу орныннан кейінгі кәсіптік білім беруді үш сатылық жүйеге: бакалавриат – магистратура – докторантура – өзгерту бойынша, жоғары оқу орнының мамандануы мен мәртебесіне байланысты мемлекеттік білім беру гранттарын саралауды міндетті енгізумен мемлекет-тік білім беру тапсырмасын қалыптастырудың жаңа қағидатта-рын енгізу жұмыстары жалғасады. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде мектепке дейінгі және мектеп қарсаңындағы оқумен қамтуды ұлғайту бойынша шаралар қабылданатын болады. Жал-пы білім беру жүйесінде 2009 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білім беруге кезең-кезеңімен көшу жүзеге асырылады, осы-ған байланысты педагогтарды қайта даярлау жұмысы жалғасады. Бiлiм беру мекемелерiн қаржыландырy бұл мекемелердiң түрлерi мен тұрпаты бойынша әр оқушыға анықталатын мемлкеттiк нор-мативтерге сәйкес жүзеге асырылады.

Жұмыскерлер мен өндiрiстегi басқа кадрларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн apттыpyғa жұмсалатын шығыстар өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердің) өзiндiк құнына кiрiктiрiледi.

Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» заңына сәйкес гpaнттap және кредиттер негiзiнде жоғары бiлiм берудi қаржы-ландырудың жаңа механизмi қолданылады: бiрiншi жагдайда қаражаттар қажеттi бейін мамандарын даярлау үшiн мемлекеттiк бюджет есебiнен өтеусiз бөлiнедi, екiншiсiнде оқитындарға келiсiмшарт негiзiнде коммерциялық банк құрылымдары тарапы-нан ұзақ мерзiмдi кредит берiледi (банк мекемeci – студент – жо-ғары оқу орындары – Бiлiм және ғылым министрлiгi).

Мәдениет пен өнерді қаржыландыру кiтапханаларды, клуб-тарды, мәдениет үйлерiн, мұражайлар мен көрмелердi, театрлар-ды, филармонияларды, сазгерлiк ұйымдарды, ансамбльдердi, ки-ностудияларды ұстауды кiрiктiредi; олар бюджеттен, сондай-ақ кәсiпорындардың, қоғамдық ұйымдардың қаражаттары есебiнен қаржыландырылады. Мәдениет пен өнердiң бiрқатар мекемелерi (театрлар, цирктер) шаруашылық есепте тұрады және олар бой-ынша меншiктi табыстарымен жабылмайтын шығыстардың мөл-шерiнде бюджеттен жәрдемқаржының сомасы белгiленедi.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары мәдениеттің осы заманғы дамыған жүйесін қалыптастыруға, Ұлттың мәдени және рухани әлуетінің өсуін қамтамасыз етуге, мемлекеттік тілдің рөлін ны-ғайтуға, ақпараттық кеңістіктің бәсекелестігін арттыруға, қоғам-дық-саяси тұрақтылықты сақтауға бағытталатын болады.

Бұқаралық ақпарат құралдарын ұстayғa жұмсалатын шығыс-таp мемлекет құрылтайшысы болып келетiн мемлекеттiк радио хабарын таратуды, теледидарды, баспаларды, газет-журналдарды қаржыландыруғa бағытталады.

Мемлекет халықтың денсаулығын ұдайы жақсартуға үлкен мән береді.

Денсаулық сақтау сферасындағы мемлекеттік саясат пен ден-саулықты қаржыландыру механизмдері Қазақстан халқының денсаулығын сақтау жөнінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін баламалы қаржылық қамтамасыз ете отырылып және бұл жүйені басқару деңгейін арттыруға бағытталады. Бюджеттік құрамдас бөлік 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын, Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламаны «Салауатты өмір салты» бағдарламасын іске асыруға құрылады.

Денсаулық сақтаудың мемлекеттік ұйымдарын қаржылық қамтамасыз ету мына көздер есебінен жүзеге асырылады:

мемлекеттік бюджет қаражаттары;

медициналық сақтандыру қаражаттары;

ақылы негізде медициналық қызмет көрсеткені үшін алынған қаражаттар;

Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін өзге көздер.

Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес ұйымдарын қаржылық қамтамасыз ету ақысыз медициналық жәрдемнің кепілденілген көлемін көр-сеткені үшін мемлекеттік бюджет қаражаттары, медициналық сақтандыру қаражаттары, ақылы негізде медициналық қызмет көрсеткені үшін алынған қаражаттар, Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін өзге көздер есебінен жүзеге асырылады.

Тегін медициналық жәрдемнің кепілденілген көлемін көрсетуге жұмса-латын шығындарды қаржыландыру. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Медициналық ұйымдарды қаржыландыру мына нысандарда жүзеге асы-рылады: мемлекеттік медициналық мекемелер--қаржыландырудың дара жоспарлары бойынша;

мемлекеттік мекемелерді қоспағанда,денсаулық сақтау ұйымдары – үкімет анықтайтын нысандар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен келісімшарттық негізде;

алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсететін және бекітіліп

берілген халқы бар ұйымдар – жанбасылық нормативтер бойынша. Денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық қаражаттары мыналарға бағытталады: медициналық жәрдемнің ақысыз кепілденілген көлемін көрсету бойын-ша шығындарды өтеуге; денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды іске асыруға;

денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;

өміршеңдік маңызды дәрілік құралдарды, қанды және оның компонент-терін, вакциналарды және басқа иммунобиологиялық медициналық препа-раттарды, сонымен бірге медициналық техника мен медициналық арналым бұйымдарын сатып алуға;

жұқпалы аурулар жағдайлары мен міндеттерін жоюға;

медициналық және фармацептикалық кадрларды даярлауға және білік-тілігін арттыруға;

медициналық ғылымды дамытуға және оның жетістіктерін енгізуге және т.б.

Медициналық жәрдемнің ақысыз кепілденілген көлемін көрсету бойынша шығындарды өтеу көрсетілген медициналық жәрдемнің сапасы мен көлемін медициналық қызметтер сферасында бақылау жөніндегі мемлекеттік орган заңнамамен анықталған тәртіппен жүзеге асыратын бақылау нәтижелерін ескере отырып жүргізіледі.

Дене шынықтыру мен cпopmқa жұмсалатын шығыстаp мемле-кеттiк бюджeттiң қаражаттары, кәсiподақ ұйымдарының қаражаттары, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң кipicтepi, спорттық қоғамдардың меншiктi қаражаттары есебiнен қаржыландырылады. Стадиондар мен басқа спорт ғимараттарына жұмсалатын күрделi жұмсалымдар, спорт ұйымдарының аппаратын ұстay, оқу-жаттығy жиыңдары мен жарыстарды өткiзуге бөлiнетiн қаржылар мемлекеттiк бюджеттен қаржылан-дырылады. Шығыстардың бiр бөлiгiн ұйымдар демеушiлер, әдеттегiдей, жарнамалық мақсаттарда өтейдi.

Наши рекомендации