Лекция.Саяси психологиядағы қақтығыстар және бұқара психологиясы

1. Саяси психологиядағы топ ұғымы. Саяси қақтығыстар.

2. Саясаттағы бұқара психологиясы

Келісімге келмеу әртүрлі пікір, көзқарас, идея, мақсат, мұрат және тағы басқалардың сан алуандығынан туындайтын құбылыс. Кейде ол анық қақтығыс, нақтылы дау формасында көріне бермейді. Бұл тек орын алып отырған қарама-қайшылық адамдар арасындағы өзара әсер ету мүмкіндіктерін келісімге келмейтін пікірлер туғанда, алға қойған мақсатқа қол жеткізуге ықпал еткен кезде орын алатын жағдай. Мұндай жағдайда адамдар жай ғана қандай да бір амалмен келіспеушілікті жеңуге мәжбүр болып, ашық даулы әрекеттестікке қатысады.

Егер даулы қақтығыстар нақтылы шашімдерге қол жеткізуге және өзара байланысты дамытуға мүмкіндік берсе, онда олар функционалды (құрастырмалы) деп аталады. Әсерлі әрекеттестікке бөгем болатын және шешім қабылдауға кедергі келтіретін қақтығыстар функционалды емес (құрастырмалы емес) қақтығыстар деп аталады. Қақтығысты зерттеуді, оның себептерін ұғынып, оның нәтижелерін түсінуді меңгеруге тиіспіз.

Л.Клоузердің классификациясына сүйенсек қақтығыс шынайы (заттың) немесе шынайы емес болып жіктеледі.

Шынайы қақтығыстар қатысушылардың нақтылы талаптары қанағаттанбағандықтан және бір немесе екі жақтың да пікірлерінің әділетсіздігінен туындаған, олардың арасындағы қандай да бір меншік үлестіруге және нақтылы шешімге, нәтижеге қол жеткізуге ұмтылатын жағдай.

Шынайы емес қақтығыстар теріс эмоциялардың өкпе, дұшпандық т.б. жиынтығын ашық көрсететін мақсаттардан тұрады. Бұл жердегі өткір қақтығысты әрекеттестік көп мүддесіне нәтиже әкелу емес, өз мүддесін қорғауды ғана көздейді.

Қақтығыс шынайылықпен басталып, шынайылықтан ада күйге ауысуы да мүмкін. Мысалы: қатысушылар үшін қақтығыс амалы өте маңызды болса, олар қолайлы нәтижелерді таба алады. Қандай жағдай болмасын жол табады. Бұл эмоционалды шиеленісті көтеріп, теріс эмоциялардың жиынтығынан азат болуын талап етеді.

Шынайы емес қақтығыстар әрқашан да функционалды емес. Оларды құрылымдық арнаға салу, бетін оң жаққа бұру мүмкін дүние емес. Мұндай қақтығыстарға дауа болар үміт – жағымды психологиялық атмосфера қалыптастырып, жетекшілер мен бағыныштылардың психологиялық мәдениетін көтері, әңгіме барысында эмоциялық жағдайды жасырын ұстау жолдарын меңгеру.

Қақтығыстың бес негізгі түрі бар: тұлғаішілік, тұлғааралық, тұлға мен топ арасындағы, топаралық, әлеуметтілік.

Тұлғаішілік қақтығыс. Қақтығыстың бұл түрі бізге белгілі анықтамамен толық үйлеспейді. Мұнда қақтығыс қатысушылары адам емес, тұлғаның ішкі әлеміндегі жекелеген психологиялық факторлар ақырға сыймайды деп танылған: әдістер, құндылықтар, сезімдер, талаптар және т.б. негіз болады.

Тұлғаішілік қақтығыстар ұжымдық қызметке негізделе отырып жекелеген формаларды қабылдай алады. Оның ішінде өріс алғаны – маңызды қақтығыс. Ол адамның жекелеген рөлі. Оған қарама-қайшы талаптарды ұсынған кезде пайда болады. Мысалы, отбасыға ұқыпты, қамқор болған (әке, ана, жар, зайып және т.б. рөлі) адам кешкі уақытын отбасында өткізуі тиіс, ал басшылық әрекеті қызметте көрінуге міндетті. Немесе цех басшысы ұста, шеберлерге детальдардың белгілі бір санын шығаруға нұсқау берді, ал техникалық басшысы дәл сол уақытта жабдықтарға техникалық бақылау жүргізуді міндеттейді. Алғашқы қақтығысты жеке талаптар мен өндіріс талаптарының келіспеуі, екіншісінде дара басшылық қағидаларының бұзылуы негіз болған. Өндірісте ішкі қақтығыстардың тууына жұмысты үсті-үсьіне үйіп төгіп беру немесе керісінше жұмыс орнынан табылған кезде жұмыстың болмауы нәтижесі себеп болуы мүмкін.

Тұлғааралық қақтығыс. Бұл қақтығыстың көп таралған түрі. Құрылымы жағынан ол әртүрлі болып келеді. Көптеген жетекшілер оның негізгі ерекшелігін сипаттардың ұқсас болмауы деп санайды. Шынында да, мінез-құлық, көзқарас, өзін-өзі ұстау дәрежесіне орай бір-бірінен ажыратылатын жандар кездесіп жатады. Кейде өте терең зерттеулер осындай қақтығыстардың негізінде объективті себептер жатқандығын айтады. Бұл күрес көбіне шектелген ресурстарға: материалдық құрал, өндіріс алаңдары, құрал-жабдықтарды пайдалану кезінде, жұмысшы күшіне және т.б. жағдайларда өріс алады. Кез-келген қаржы қоры үшін басқа емес, сол ғана қажет деп санайды. Қақтығыс басшы мен бағынушы арасында, мәселен, басшы бағынушыға ақылға сыймайтын талап қойған кезде, өз-өзіне сенімді болған жағдайда жетекші жұмысшысы толық күшін жұмсап, жұмыс істегісі келмейді деп есептейді.

Тұлға мен топ арасындағы қақтығыс. Формальды емес топтар өздерінің әңгімелесу, өзін-өзі ұстау қағидаларын ұстанады. Мұндай топтар мүшелерінің әрқайсысы оны сақтауға тиіс. Қабылданған қағидадан жаңылу – негативті құбылыс ретінде қаралып, тұлға мен топ арасында қақтығыс туындауына алғышарт болады. Мұндай қақтығыстардың басшылықтың авторитарлы стилінің ағынымен қозғалуы өте қиын жайт.

Топаралық қақтығыс. Ұжым формальды және формальды емес топтардан тұрады. Олардың арасында қақтығыстар тумай тұруы мүмкін емес. Мысалы басшылық пен орындаушылар, жекелеген бөлімшелер жұмысшыларымен, бөлімшелер ішіндегі формальды емес топтар арасындағы, кәсіподақ пен әкімшілік арасындағы қақтығыстар.

Өкінішке орай, топаралық қақтығыстардың жекелеген мысалдарына сүйенсек, жоғарғы буын мен төменгі жақтың арасындағы келіспеушіліктер, сол сияқты, сызықтық және масштабты кейіпкерлер арасындағы кикілжіңдер ғана өзек болады екен. Бұл функциональды емес қақтығыстың айқын мысалы. Топаралық қақтығыстар шектелген ресурстар (билік, байлық, территория, материалдық ресурстар тағы басқа) күресіне негізделген мақсаттардың сыймсыздығын қамтамасыз етеді. Онда шынайы бәсекелестік, сондай-ақ, әлеуметтік бәсекелестіктің де туындауы заңды құбылыс.

Саяси психология бойынша таптауырындар дегеніміз – белгілі бір саяси-әлеуметтік объектінің (кұбылыстың, процестің) стандартталған, жүйеленген, жеңілдетілген және кейде эмоционалды сипатталған бейн, ол аса тұрақтылыққа ие болады. Бұқаралық сана күйі қоғамдық пікірді, көңіл-күйді және және бұқаралық әрекеттерді бейнелейді. Бұқаралыдқ сана көптеген факторлардың әсерінен қалыптасады: шартталған өмірдің жағдайларының, қоғамда болып жатқан оқиғалар мен процесстердің қалыптасуын мемлекеттің идеологиясының әсерінен. Осы мақсатта кеңінен бұқаралық ақпараттар құралдары, бұқаралық сананы манипуляциялайтын түрлі әрекеттерді пайдалану қолданады. Бұқралық сана объективті процестердің рухани өнімі, әлеуметтік тәжірибенің ерекше бейнесі болып, бұқаралық сан қоғамдық өмірдің түрлі жақтарына белсенді әсерін тгізеді.

Бұқаралық сананың бұл қасиетін саяси лидердің, сайлауға түсіп жатқан кандидаттардың имиджін қалыптастыруда қолдану қажет.

Саяси сананы саяси психологияның тәсілдері арқылы зерттеу жалпы және әлеуметті-психологиялық түсініктерді (қажеттіліктер, қызығушылықтар, бағдарлар, нұсқаулар, т.б.) қолдану арқылы, оның әлеуметтік-саяси мазмұнының анализін және индивидуалды механизмдерінің қалыптасуын бііктіру саяси сананы адамдардың саясатқа қатысты ақпараттылығының, олардың дүниетанымдарының сипаты, құндылықтар жүйесі негізінде бағаланып сипатталады.

Саяси сананың субъектісі көз-қарасы бойынша: бұқаралық, топтық және индивидуалды саяси сананы бөліп көрсетуге болады.

Саясаттағы бұқара түсінігін анықтау үшін атрибуция сияқты әрекет механизмін, яғни қоршаған ақиқаттағы себеп-салдар байланыстарын интерпретациялау процесін жақсы түсіну қажет. Атрибутивті процестердің зерттеу пәні болып адамның өз-өзіне қоршаған ақиқатты түсіндіру тәсілі болып табылады.

Атрибутивті процестерді зерттеудің негізін салушы болып Ф.Хайдер саналады. Оның пікірі бойынша, адам әлемнің суретін қайшылықсыз және байланысты етіп қалыптастыруға тырысады. Біздің контекстімізде, ол адамның саяси лидердің, сайлауға түсіп жатзқан кандидаттардың мінез-құлық себептерін, оны тудырушы мотивтерін өзіне түсіндіру үшін адамдарда “тұрмыстық психология” қалыптасады. Әр адам ғалым сияқты белгілі бір заңдылықтарды анықтауға және сол арқылы әлемде тез бағдалану үшін анықтауға тырысады.

Әлеуметтік әлемді қабылдауда адам өз қабылдауын ұйымдастырады, бейнеленген суретті байланыста ұстауға тырысады және сол арқылы әлемді түсіндіреді. Баланс және атрибуция – Хайдер концепциясының негізі.

Барлығымыз білетіндей, бұқараның мінез-құлығы қажеттілік негізінде туындайтын түрлі мотивациялық, сонымен қатар әлеуметтік және саяси факторлармен анықталады. Адамдардың іс-әрекет мотивациясы мен мінез-құлығында субъективті мінезге ие құндылықтар жүйесі, әлеуметтік-психологиялық нұсқаулар үлкен рөл алады. Егер белгілі бір құбылыс адам үшін үлкен мәнге ие болса, онда бұл құбылыс сәйкес нұсқауға иеленеді.

Наши рекомендации