Бірлікті икемділігі бар сұраныс
Ұсыныс икемділігі – бағалардың пайыздық білінуіндегі ұсыныс шамасының өзгеру дәрежесі.
Ұсыныс икемділігінің коэффициенті сұраныстың бағалық икемділігі коэффициентіне сәйкес мына формула бойынша есептеледі:
ЕS = (∆Q/Q / (∆Р/Р)) = (∆Q /∆Р) ∙ (Р/Q).
Ұсыныс икемділігінің коэффициенті әрқашан оң сан, өйткені ұсыныстың бағасы мен шамасы – тең бағытталған шамалар. Сұраныс сияқты (тәрізді) ұсыныс бағасы бойынша икемді, икемсіз, мүлде икемді, мүлде икемсіз немесе бірлі-жарым икемді. Ұсыныстың икемділігіне әсер ететін шешуші (маңызды) фактор ретінде уақыт факторы болып табылады: өндірушіде неғұрлым ұзақ уақыт аралығы бар, соғұрлым жоғарылау дәрежеде ұсыныс шамасы бағаға байланысты өзгеруі мүмкін.
40. Икемділіктің қандай түрлері бар?
Икемділік – бір өзгеріспен шақырылған екінші өзгеріс. Экономика теориясында сұраныстың икемділігі жиі талданады. Икемділік туражәне айқас болуы мүмкін.
41. Бағалық икесділік дегеніміз не?
1. Сұраныс баға бойынша икемді деп саналады, егер бағаның аз пайыздық өзгеруі сұраныстың көп пайыздық өзгеруіне әкелсе. Икемділік коэффициенті бұл жағдайда 1-ден көп. Осындай сұраныстың қисық сызығы 16 суретте көрсетілген.
2. Сұраныс баға бойынша икемді емес (икемсіз) деп саналады, егер бағаның көп пайыздық өзгеруі сұраныстың аз пайыздық өзгеруіне әкелсе, ал икемділік коэффициенті 1-ден аз (17 сурет). Ол сұраныс шамасы ұсыныс шамасымен қатал шектелген жағдайларда кездеседі.
42. Доғалық икемділік қалай анықталады?
Доға тәрізді икемділік коэффициенті– орташа мағыналарға қатысты баға мен сұраныстағы пайыздық өзгерістерді сипаттайды да мына формула бойынша есептеледі:
Еd = [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [[(P0 + P1) / 2] / [(Q0 + Q1) / 2]] = [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [Р / Q]
43. Экономикалық субьектілер деген кімдер?
44. Игілік мәнін түсіндіріңіз.
Игілік – кез келген зат, ол материалдық, сонымен қатар материалдық емес болады және тұтынушының белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырады немесе өндірушінің көзделген мақсатына сәйкес қолданылуы мүмкін.
45. Пайда – экономикалық категория ретінде нені білдіреді?
46. Шығындар, оның түрлері?
шығындар – экономикалық субъектілердің осы пайдаға қол жеткізу жолында жұмсаған игіліктері болып абылады.
47. Экономикалық модель дегеніміз не?
Экономикалық модель дегеніміз экономикалық құбылыстарды немесе оның белгілі бір фрагментін қарапайым түрде көрсеті.
48. Балама шығынды түсіндіріңіз.
Балама шығын деп жүзеге аспаған балама мүмкіндіктердің ең жақсысынан түсетін пайданы айтамыз.
49. Баға мәні, түрлері?
БАҒА — тауар мен көрсетілетін қызмет бірлігі үшін төленетін немесе алынатын ақша (не өзге тауар мен қызмет) мөлшері. Тауар өндірісі мен ақша-тауар қатынасының пайда болып, дамуымен бірге Баға да пайда болды.
Әлемдік экономикада нақты заман талабына сәйкес Бағаның көптеген түрі қолданылады. Олар меншік түріне қарай мемлекеттік (кесімді және реттелген) Баға және еркін (нарықтық) Баға; қоғамдық өндірістің жіктелуіне қарай өндіріс қоры Бағасы және тұтыну тауары бағасы; экономикалық айналым мен тауар қозғалысының сипатына қарай көтерме сауда бағасы және бөлшек сауда бағасы; транспорттық шығындарды келісе отырып бөлісуге байланысты өндіріс орнындағы баға (франко-жөнелтілім стансасы) және тұтыну орнындағы баға (франко-жеткізілім стансасы); қамтитын аумағына қарай әлемдік баға, аймақтық баға және жергілікті баға; статистикада қолдануына қарай базистік баға, ағымдағы баға, орташа баға, салыстырмалы Баға болып бөлінеді. *мемлекеттік баға — мемлекеттік органдар тарапынан белгіленетін баға. Оның екі түрі бар: кесімді және реттелетін бағалар.
50. Икемділік коэффициенттерін анықтаңыз және есептеу жолдарын көрсетіңіз.
Дегенмен де, экономикалық талдау жүргізген кезде қатынас көрсеткіштерінің үлкен маңызы бар. Олардың бірі – факторлардың икемділік коэффициенті.
Өндіріс факторларының икемділік коэффициенті зерттеліп отырған фактордың шекті өнімділігінің МС орташа өнімділікке АР қатынасы түрінде анықталады және қолданып отырған фактордың саны 1%-ке өзгергенде өнім шығару көлемі неше %-ке өзгеретінін көрсетеді.
Факторлар икемділігі былай есептеледі:
- еңбек икемділігі;
- капитал икемділігі.
51. Түсім дегеніміз не және оның пайдадан айырмашылығы?
52. Эндогенді және эндогенді айнымалылар мәнін түсіндіріңіз.
Модельдерде экзогенді және эндогенді деп аталатын екі экономикалық айнымалылар қолданылады. Экзогенді айнымалылардың мәні модель құрылмастан бұрын белгілі болады – бұлар берілген ақпараттар. Модельді талдау кезінде зерттеліп отырған экономикалық құбылыстың қасиеттері туралы белгілі бір қорытынды шығарылады. Бұл кезде анықталған шамаларды эндогенді айнымалылар дейміз. Олар модельдің нәтижесі болып табылады. Модельді құру нәтижесінде экзогендік айнымалылардың эндогенді айнымалыларға қалай әсер ететінін көреміз.
53. Үнемдеу проблемасының мәні?
Үнемдеу проблемасы – берілген экономикалық субъектінің берілген қажеттілікті қанағаттандыруға игіліктерді ойластырып және шектеп жұмсауы, соның нәтижесінде басқа да қажеттіліктерге осы игілікті жеткізуін айтамыз.
54. Ұнемдеу проблемасының микроэкономика пәнінде шешілу жолдары?
Заменить чем нибудь другим.....
55. Шекті пайдалылық.
Шекті пайдалылық – тауардың қосымша бірлігін тұтынған кездегі тұтынушыға әкелетін қосымша пайдалылығы.
56. Шекті түсім дегеніміз не?
57. Шекті шығын ұғымдарының мәні?
Өндірістік ресурстың шекті шығындары – белгілі бір ресурстың қосымша әр бірлігін сатып алуға кететін қосымша шығындар.
Шекті шығындар –бір бірлікке өндіріс көлемінің өсуімен туындаған валдық (жалпы шығындардың өсуі):
MC = Δ ТC/ΔQ
58. Баға тұтыну қисығының мәні?
Еегер тұтынушының табысы өзгермей Х және Y тауарларының тек біреуінің ғана бағасы өзгеретін болса, онда біз әр түрлі бюджет сызықтарын аламыз. Олардың әр қайсысында тұтынушы теңдестік жағдайға ие болады. Егер осындай теңдестік жағдайын бейнелейтін нүктелер тізбегін бір-бірімен қосатын болсақ, онда бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылар талғамы қалай өзгергенін бейнелейтін қисық аламыз. Бұл қисық «баға-тұтыну» қисығы деп аталып, 4.11-суреттегідей келтірілген түрде бейнеленеді.
59. Табыс-тұтыну қисығының мәні?
Егер тұтынушының табысы көбейе түссе, онда оның бюджет сызығы бастапқы сызыққа параллель түрде өседі, ал теңдестік нүктесіне (Е1, Е2, Е3) тұтынушының ұтымды таңдаулары сәйкес келеді. Егер осы жағдайды жазықтықты бейнелейтін болсақ, онда біз тұтынушылардың теңдестік жағдайын бейнелейтін нүктелердің тізбегін аламыз. Осы нүктелерді бір-бірімен қоссақ, онда табыстық өсуіне байланысты 4.9-суретте көрсетілгендей «табыс-тұтыну» қисығы шығады. Бұл қисықты кейде «тұрмыстың деңгейін көрсететін қисық» деп те атайды. Сапасыз тауарлар – табыс өскен сайын оларды тұтыну шамасы азаятын тауарлар. 4.10-суретте сапасыз тауарлар үшін «табыс-тұтыну» қисығы көрсетілген. Тұтынушы тауарды сапасыз деп қарастырғанда «табыс-тұтыну» қисығы коорлинаттардың вертикаль осіне қарай бұрылады. Табыстың белгілі бір деңгейге жетіп, одан әрі өсуі, бұл тауарды тұтынудың азаюына әкеледі. Осы деңгейге жеткенде «табыс-тұтыну» қисығының көлбеуі теріс сан болады, 4.10-суреттегідей І2 деңгейінен жоғары өсуінің нәтижесі Х тауарын тұтынудың төмендеуіне әкеледі. Сөйтіп, тұтынушылар табыстары белгілі бір деңгейден жоғарылағанда сапасыз тауарларды аз алады.
60. Талғамсыздық дегеніміз не және талғамсыздық қисығы нені білдіреді?
Егер пайдалылық функциясы тұрақты бір санға тең болса, немесе:
U = U (x, y) = C0 – const,
онда жазықтықта бұл функцияның графигі 4.1-суретте бейнеленгендей болады. Ол талғамсыздық қисығы деп аталынып, бірдей пайдалылық әперетін тауарлар құрамының жиынтығын көрсетеді.
61. Тауарлар мәні.
62. Тауарлар түрлері?
63. Сапалы, сапасыз тауарларға сұраныс қалай тағайындалады?
Кейбір жағдайда тұтынушылардың табысы өскенде сұранысы азаятын тауарлар да болады. Мысалы, табысы көбейген уақытта тұтынушылар сарымай алады да, ал маргаринге деген сұраныс азаяды. Немесе табысы неғұрлым көбейген сайын тұтынушылардың аяқ киім жөндей қызметіне деген сарымай азаяды, себебі тұтынушы жөндеуге бергенше жаңа аяқ киім сатып алғанды қалайды. Бұндай тауарларды немесе қызметті төменгі сапалы тауарлар деп атайды. Бұндай тауарларға деген сұраныс табыс көбейсе де азайып, сұраныс қисығы солға қарай жылжиды.
Сапасыз тауарлар – табыс өскен сайын оларды тұтыну шамасы азаятын тауарлар. 4.10-суретте сапасыз тауарлар үшін «табыс-тұтыну» қисығы көрсетілген. Тұтынушы тауарды сапасыз деп қарастырғанда «табыс-тұтыну» қисығы коорлинаттардың вертикаль осіне қарай бұрылады. Табыстың белгілі бір деңгейге жетіп, одан әрі өсуі, бұл тауарды тұтынудың азаюына әкеледі. Осы деңгейге жеткенде «табыс-тұтыну» қисығының көлбеуі теріс сан болады, 4.10-суреттегідей І2 деңгейінен жоғары өсуінің нәтижесі Х тауарын тұтынудың төмендеуіне әкеледі. Сөйтіп, тұтынушылар табыстары белгілі бір деңгейден жоғарылағанда сапасыз тауарларды аз алады.
64. Тұтынушының теңдестік жағдайы қандай шарттарда орындалады?
Егер тұтынушыға ең көп пайдалылық алып келетін және оның бюджетін қанағаттандыратын тауарлар құрамы анықталатын болса, онда бұл жағдай тұтынушының теңдестік жағдайы деп аталады.
65. Картель дегеніміз не?
Картель – пайдалы бағаны тіркеу және өнімді шығару көлемін барынша шектейтін өндірушілер тобы.
66. Монопсония дегеніміз не?
Монопсония – нарықта бір ғана сатып алушы болатын жағдай.
67. Пайдалылық ұғымы?қажеттілікті
68. Олиголоиялық нарықтық құрылым дегеніміз не?
69. Олигополиялық нарықтық құрылымның негізгі ерекшеліктері?
Олигополия нарығы төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:
а) бұл нарықта көлемді сату үлесі бар және бір бірімен бәсекелес бірнеше фирмалар болады;
ә) жоғарыда айтылған фирмаларды, көбінесе, басшы (лидер) фирмалар деп атайды және олар нарықтағы тауарлардың бағасы мен сату көлемін өзгеруіне едәуір ықпал етеді.
б) олигополиялық фирмалардың өндіріс шешімдері тек қана тұтынушы іс-әрекетіне ғана байланысты емес, сонымен қатар бәсекелес фирмалардың стратегиялық шешімдеріне де байланысты болады.
70. Олигопсония дегеніміз не?
Олигопсония– бірнеше сатып алушылар ғана болатын нарық.
71. Тұрақты ресурс мәні?
72. Тепе-теңдік шама көрсеткіштері?
73. Тепе-теңдік баға қандай жағдайда орын алады?
Ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік нүктесінің орташа шығынның ең төменгі нүктесімен дәл түспеуі негізгі себептің шығуына алып кледі. Ұзаұ мерзімдегі монополиялық бәсеке нарығындағы тепе-теңдік баға ұзақ мерзімдегі бәсекелестік бағадан жоғары болады.
74. Тұтыну нарығындағы ақырғы өнім дегеніміз не?
75. Тұтыну нарығындағы аралық өнім дегеніміз не?
76. Анық шығындарды қалай ажыратуға болады?
Анық шығындар – пайдаланылған өндіріс факторларын төлеуге кеткен шығындар.
77. Бухгалтерлік шығындарға не жатады?
Бухгалтерлік шыгындар — өнімнің белгілі санын өндіру үшін жасалған өндіріс факторларының нақты шығыстары (сатып алынған баға-мен).
Бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар шығарылатын өнімнің өзіндік құнының құрамына кіреді. Оған мыналар жатады: шикізат пен материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар.
78. Экономикалық шығындардан айқын емес шығындардың айырашылығы неде?
Ал экономикалық шығындарға біз жалпы, барлық шығындарды жатқызамыз, оның ішінде фирманың өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланғандағы айқынсыз шығындар да бар. Бұл факторларға меншік иесінің ( фирма басқарушысының) еңбегін, жерді, капиталды- барлық нарық құны бар және оларды балама қолданғанда төлем алуға болатын факторларды жатқызамыз. Сонымен, экономикалық шығындарға біз фирманың өз ресурстарын қолданғандағы табысты да кіргіземіз.
79. Бюджеттік жетіспеушілікті түсіндіріңіз.
80. Бюджеттік профицит дегенімізді түсіндіріңіз.
Тусімнің шығыннан көп болуы
81. Екі жақты монополия (дуополия) мәнін түсіндіріңіз.
Олигополияның ең қарапайым үлгісі нарықта тек қана 2 бәсекелес – фирманың болуын ұйғарады. Бұл жағдай дуополия деп аталады.
82. Курно дуополиясының мәні неде?
Курно дуополиясы моделінің негізі мынада: әрбәр фирма өнімді шығару жайлы шешім қабылдаған кезде бәсекелесушілердің өндіріс көлемі тұрақты деп санайды және осы берілген шаманы ғана ескереді. Сондықтан Курно моделінде фирмалардың өзара қатынасы тұрақты баға кезінде өндіріс көлемін таңдау арқылы жүзеге асырылады.
83. «Бес бармақ» теориясының мәнін түсіндіріңіз.
монополистің алдында 2 мақсат тұратындығын айтуға болады:
1) ең жоғары пайда түсетін (Q) өндіріс көлемін табу (бұл MR = MC өндіріс көлемі)
2) Q тең өндіріс көлемінде сұраныс бағасына сәйкес келетін бағаны (Р) табу. Бірінші мақсатқа жету үшін монополист MR = MC ережесін басшылыққа алады. Бұл жағдайда монополистің ұсыныс көлемі бәсекелес ұсыныстан аз болып шығады. Баға белгілегенде, ол пайданы көбейту ережесінен алынған формуланы пайдаланады:
Р = MC/(1 + 1/ED) (американдық тәжірибеде бұл ереже «бас бармақ» ережесі деп аталады).
84. «Ойын теориясының» мәнін түсіндіріңіз.
Ойын теориясы бір-біріне қарама-қарсы мақсаты бар фирмалардың іс-әрекетін талдайды, сондықтан олигополиялық бәсекені түсіндіру кезінде қолданылады. Бұл теория олигополиялық фирмалардың стратегиялық өзара байланысын көрсетеді және осы уақытта әр фирма өз бақталысының әрбір іс-әрекетін ескеріп, талдап, бағалайды да соның нәтижесінде өз шешімін қабылдайды.
Ойын теориясы баға белгілеу процесінде қалай қолданылатынын көрсетейік. Нарықта екі бәсекелес фирма іс-әрекет жасайды делік, олардың әрқайсысы өзінің пайдасын жоғарғы деңгейге жеткізуді көздейді. Фирмалардың екі балама бағалық стратегиясы бар: біріншісі - өнімнің бағасын төмендету, екіншісі – бағаны тұрақты бір деңгейде ұстап тұру. Фирмалар өз алдарына қойған мақсаттарына жеткізетін стратегияны тңдауы керек. Баға туралы шешім тек қана фирмалардың өздерінің шешімдеріне ғана тәуелді емес, сонымен қатар бәсекелестердің баға таңдауына да тәуелді. Сондықтан әрбір фирма екі түрлі стратегиядағы пайдаларын есептейді: бақталас бағаны төмендетпегенде және бақталас бағаны төмендеткен жағдайдағы.
85. Абба Лернер көрсеткіші қандай жағдайда қолданылады?
Лернердің монополиялық билік индексі – мына формула бойынша анықталады: IL = (PM – MC)/PM = 1/ED,
мұнда IL – Лернер индексі
РМ – монополиялық баға
МС – шекті шығындар
ED – сұраныстың бағалық икемділігі
Нағыз бәсекелес жағдайларында Р = МС болғандықтан, Лернер индексі бәсекелес фирма үшін 0 тең. Монополия жағдайларында Р>МС, Лернер индексі 0-ден – 1дейін аралықта жағымды сан болып келеді. Оның мағынасы неғұрлым 1-ге жақын, фирма соғұрлым көптеу монополиялық билікке ие. Тәжірибеде шекті шығындар шамасын есептеу оңай емес, сондықтан олардың орнына көбінесе орташа шығындарды пайдаланады, Лернер индексінің түрі келесідей көрінеді:
IL = (PM – АC)/PM
Бөлшектің алымы мен бөлгішін Q көбейтіп, алымында пайданы, бөлгішінде (валдық) жалпы табысты аламыз: IL = П/ТR. Демек, фирманың жоғары пайдасы, Лернер индексіне сәйкес, монополиялық билігі барының көрсеткіші.
86. Тұтынушы талғамы мәні?
87. Тұрақты шығындарға нелер жатады?
Оларға мыналар жатады: амортизациялық өтемдер, жол төлемі, тұрақты салықтар, сақтандыру төлемдері, дербес басқарудың жалақысы және т.б.
88. Өзгермелі шығындарға нелер жатады?
Айнымалы шығындарға: шикізатқа кеткен шығындар, жұмысшылардың жалақысы, салықтар, энергия мен отын ресурстарына, транспорттық қызметтерді төлеуге кететін шығындар және т.б. жатқызамыз.
89. Изокоста дегеніміз не?
Изокоста - қүндары бірдей болатын, өңдірістің еңбек және капиталдьіқ факторларының барлық үйлесімдерін көрсететін қисық сызық.
90. Изокванта мәні?
Изокванта — өнімнің берілген осы көлемін өндіруге қодданылатын ресурстардың барлық мүмкін болатын үйлестірімді ұштастыру варианттарын көрсететін қисық сызық.
91. Сұраныс пен ұсыныс заңдарының мәнін түсіндіріңіз.
92. Монополистің өндіріс мақсаты неде?
93. Монополистің сұраныс қисығының бұрыштық коэффициенті қалай анықталады?
94. Пайданы барынша көбету принципі қалай жүргізіледі?
Фирмалардың экономикалық пайдасы нөлге тең, Е нүктесі – бәсекелестік кезіндегі тепе-теңдік нүктесі. Енді, фирмалар картель құрып, бірікті делік. Онда пайданы барынша көбейту есебі монополия жағдайындағыдай болып шешіледі. PM және QM – монополия бағасы және жалпы өнім шығару көлемі. Сондықтан өнім көлемі QK-ден MR=MC болатын QM деңгейіне дейін қысқарады.
95. Өндіріс шығындарын минимизациялау қалай мүмкін болады?
96. Ашық монополияны түсіндіріңіз.
ашық монополия – инновациялық (жаңалықтар) әзірлемелерімен байланысты: бір уақытта фирма бірегей тауардың жалғыз өндірушісі болып қалады – (өз жаңалығының нәтижесінде).
97. Табиғи монополияның ерекшеліктері?
Табиғи монополия – жоғарыда келтірілген тұрақты жағымды ауқым әсері. Басқаша айтқанда, бұл саладағы шығындар өте жоғары (көп), оларды тек үлкен фирма ғана жаба алады. Егер осындай фирманың өнімі өмірлік қажет болса, ол мемлекеттің қорғауына түседі, себебі, мемлекеттің басты мақсаты – тұтынушылардың құқығын қорғау (темір жол көлігі, коммуналдық шаруашылық, электр
98. Жетілмеген бәселе нарығының мәні?
99. Жетілген бәселі нарықтың негізгі сипаттамалары.
Жетілген бәсекелестік жағдайындағы нарықтық құрылымның басты шарттары мыанадай болып келеді:
1. Нарықта біртектес (стандартталған) өнімді өндіретін және сататын фирмалар саны көп болады.
2. Шаруашылық субъектілерінің саладан еркін шығуы және оған еркін кіруі ештеңемен шектелмейді.
3. Нарық ұсынысының жалпы көлеміндегі әрбір жеке фирманың үлесі өте аз, сондықтан ол тауардың нарықтағы бағасына әсер ете алмайды. Керісінше, ол өзі нарықтың стихиялы күшіне тәуелді болады және тыстан берілген бағаны қабылдайды. Сондықтан бұндай нарық құрылымында жұмыс істейтін фирмаларды – «баға қабылдаушылар» деп атайды.
100. Херфиндаль-Хиршман индексі нені есептеу кезінде қолданылады?
Херфиндаль – Хиршман индексі – нарықта қызмет жасайтын барлық фирмалардың нарықтық үлесін көрсетуге мүмкіндік беретін нарықтық шоғырлануының көрсеткіші. Сондықтан Херфиндаль – Хиршман индексі олигополистік нарықты талдау үшін қолданады. Ол әр фирма сатуларының үлестер төртбұрыштары сомасы ретінде есептеледі:
IHH = q12 +q22 +q32 + … +qn2 = ∑qi2 , мұнда qi – фирманың сату үлесі пайыздық білінуінде. Индекстің мағынасы неғұрлым көп, нарықтағы шоғырлану соғұрлым жоғары және фирмалардың нарықтық үлестерінің таратылуы (үлестіруі) соғұрлым бірдей болмайды. Егер нарық монополиялық болса, Херфиндаль – Хиршман индексі 10000 тең, өйткені q1= 100. егер нарықта 100 фирма болса, IHH = 100. Херфиндаль – Хиршман индексі монополияға қарсы саясаттағы тәжірибеде кең қолданады. АҚШ 1000 жетпейтін индекс шоғырланбаған деп есептеледі, 1800 жуық – орташа шоғырланған, 1800 астам – жоғары монополияланған.
101. Хикс және Слуцкий бойынша орын ауыстыру және табыс икедділігі.
Табыс әсері мен ауысу әсері әрекеттерін жеке талдау үшін біріншісін талдағанда екіншісін есепке алмау керек. Осындай талдаудың 2 тәсілі бар: 1– ағылшын экономисті Дж. Хикс ұсынған, екіншісін – орыс математигі әрі экономисті Е.Слуцкой. Бұл тәсілдердің негізгі айырмасы нақты табысты қалай анықтауында жатыр.
Хикс тәсілі бойынша бағалардың өзгеруінен тұтынушы қажеттіліктерді қанағаттандырудың бұрыңғы деңгейін сақтап қалуға тырысады, яғни нақты табыс тұрақты шама ретінде қаралады (36 сурет). Сонымен, тұтынушы талғаусыздықтың бұрынғы қисық сызығында қалады да, тепе-теңдік Е0 нүктесінен (бұрынғы бағаға сәйкес келетін) Е1 нүктесіне ауысады (жаңа төмендеу бағаға сәйкес). Слуцкой нақты табысты басқаша түсіндіреді: ол тұрақты болады, егер тұтынушының табысы өзгермей, оған тауарлардың бұрыңғы жиынтығын жаңа бағамен сатып алуға мүмкіндік берсе. Бұл жағдайда тұтынушының тепе-теңдігі Е0 → Е2 жылжиды. Слуцкойдің теңдеуі – Х тауар бағасының өзгеруіне тұтынушының әсері табыс әсері мен ауысу әсеріне бөлінеді:
∆Х/∆Р = (∆Х/∆Р)сотр – Х(∆Х/∆I) мұнда:
∆Х/∆Р – бағаның өзгеру ықпалынан болған тұтыну өзгерістері;
(∆Х/∆Р)сотр – ауысу әсері;
Х(∆Х/∆I) – табыс әсері
102. Өндіріс функциясы , оның графигі.
103. Жалпы, орташа, шекті өнім ұғымы.
Жалпы өнім – басқа өндіріс факторлары тұрақты деп ұйғарып, зерттеліп отырған фактордың белгілі санын пайдалану арқылы өндірілген өнім саны. Жалпы өнім кей кезде өндіріс нәтижесін көрсететін фактор де те аталады, оны өндіріс функциясында У әрпімен белгілейді.
Айнымалы өндіріс факторының орташа өнім жалпы өнім (У) мен зерттеліп отырған фактордың санының қатынасымен анықталады және берілген факторлардың қайтымын немесе қолданылуының тиімділігін бейнелейді. Мысалы, еңбектің орташа өнімділігі былай анықталады.
Шекті өнім өндіріс нәтижесінің өзгеруі мен өндірістік процесте қолданылып отырған айнымалы фактордың санының өзгеруінің қатынасымен анықталады. Яғни капитал мен еңбек үшін олардың шекті өнім былай есептеледі:
104. Шекті өнімділіктің азаю заңы және өндіріс ауқымының әсері.
Басқа факторлар тұрақты болып, бір айнымалы фактордың санын көбейту арқылы өнім шығарғанда шекті өнім азаяды. Бұл жағдай шекті өнімділіктің азаю заңын көрсетеді.
Барлық қолданылып отырған факторлар бір пропорцияда өзгеретін болса, мысалы, а рет (а >0), онда фирма өндіріс ауқымын өзгертеді. Егер осы кезде өнімді шығару көлемі а реттен көп өссе, онда бұндай өсу өндіріс ауқымының оң тиімділігі деп аталады (5.6-сурет).
105. Қысқа және ұзақ мерзім кезендеріндегі шығындар.
Бұған дейін айтқанымыздай, қысқа мерзім кезеңі деп- белгілі бір уақыт аралығын айтамыз. Ол уақыт ағымында өңдірістің кейбір факторлары өзгермей қалады.Сондықтан, қысқа мерзім кезеңіндегі өндірістің жалпы шығындарын ( ТС ) анықтағанда, оның тұрақты ( FС ) және айнымалы ( VС ) шығындарын ажыратады, яғни:
ТС= FС+VС
Ұзақ мерзімді кезеңде шығындардың қисық сызықтары өндірістің әр түрлі көлемдері үшін олардың ең аз маңызын көрсетеді. Сондықтан, ұзақ мерзімді орташа LRAC (long run average costs curve) шығындар қисық сызығының графигі өндірістің әр түрлі көлемдерінің қысқа мерзімді орташа шығындарының қисық сызықтарына қатысты жанама болып келеді де (56 сурет), «орауыш қисық сызық» деп аталады. Ұзақ мерзімді шекті LRMC шығындардың қисық сызығы қысқа мерзімді шекті шығындардың қисық сызықтарына сәйкес салынады.
106. Фирма , оның өндірісте алатын орыны.
Фирма (итал. Firma – қойылған қол) – санасыз нарық аясында адамдардың саналы ұйымдасу орындары. Фирма – пайда алу мақсатымен сауда қызметін жүзеге асыратын ұйым. Заң тұрғысынан алғанда, фирма – жеке мүлік және мүліктік құқықтары бар шаруашылық бірлік. Фирманың анықтаулары көп. Ол бірнеше адамнан ғана тұратын ұсақ кәсіпорын немесе дүние жүзінде филиалдары бар көпмиллионды бірлестік болуы мүмкін. Қазір дүние жүзінде 40 млн аса фирмалар бар, олардың көбі шағын және орташа бизнес аясына жатады. Фирма қызметінің негізі – өндіріс үдерісі.
107. Нарықтық құрылымдарын жіктеу.
Нарықтық құрылым (нарық моделі, үлгісі)– фирмалардың өзара әрекеттестігінің ерекшеліктерін, бағалар мен өндіріс көлемін белгілеу әдістерін анықтайтын нарықтық ұйымдастырудың белгілер жиынтығы. Нарықтық құрылымдар жіктеуінің басты өлшемдері: сатушылар мен сатып алушылар саны, нарықтық жекешелендіру дәрежесі, кіру кедергілердің бары (жоғы), фирманың бағдары. Осы тұрғыдан алғанда нарықтық құрылымдардың 4 негізгі тұрпатын (түрін) айырады: