Табыс бойынша сұраныстың икемділігі

Табыс сұраныс көлемін анықтайтын бағадан кем емес фактор. Сұраныстың табыс өзгеруіне деген сезімталдығын анықтау үшін табыс бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті есептеледі:

Е = [(∆Q / Q) ∙ 100%] /[(∆І) ∙ 100%] = (∆Q / ∆І) ∙ І/Q, мұнда І – табыс. Кейбір тауарлар үшін табыс бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті өз белгісін өзгертеді. Бұған байланысты тауарлар нормаға сәйкес (стандартты) және сапасыз (сапасы төмен)деп бөлінеді. Микроэкономикада табыс бойынша сұраныстың теріс икемділігін көрсететін табыс бойынша икемділік коэффициенті 0 (нөлден аз), яғни табыстың өсуімен сұранысы төмендейтін тауарлар сапасыз деп саналады. Табыстың өсуімен сұранысы жоғарылайтын (табыс бойынша икемділік коэффициенті – оң сан) тауарлар нормаға сәйкес деп саналады. Нормаға сәйкес тауарлардың 3 тобын айырады:

1. Ең қажетті тауарлар– табыстың өсуімен салыстырғанда, оларға деген сұраныс аздау, ал табыс бойынша икемділік коэффициенті тең: 0<E1<1;

2. Қажетті тауарлар– оларға деген сұраныс табыспен бірге өседі, икемділік коэффициенті E1 = 1

3. Сән-салтанат, әдемілік тауарлары – оларға деген сұраныс табыстан жылдамдау, тездеу өседі, икемділік коэффициенті E1>1. Сұраныстың тура, айқас икемділігі коэффициенттері мен табыс бойынша сұраныс икемділігі араларында өзара байланыс бар: олардың сомасы 0 (нөлге) тең.

Сыныс икемділігі

Ұсыныс икемділігі – бағалардың пайыздық білінуіндегі ұсыныс шамасының өзгеру дәрежесі.

Ұсыныс икемділігінің коэффициенті сұраныстың бағалық икемділігі коэффициентіне сәйкес мына формула бойынша есептеледі:

ЕS = (∆Q/Q / (∆Р/Р)) = (∆Q /∆Р) ∙ (Р/Q).

Ұсыныс икемділігінің коэффициенті әрқашан оң сан, өйткені ұсыныстың бағасы мен шамасы – тең бағытталған шамалар. Сұраныс сияқты (тәрізді) ұсыныс бағасы бойынша икемді, икемсіз, мүлде икемді, мүлде икемсіз немесе бірлі-жарым икемді. Ұсыныстың икемділігіне әсер ететін шешуші (маңызды) фактор ретінде уақыт факторы болып табылады: өндірушіде неғұрлым ұзақ уақыт аралығы бар, соғұрлым жоғарылау дәрежеде ұсыныс шамасы бағаға байланысты өзгеруі мүмкін.

Табыс бойынша сұраныстың икемділігі - student2.ru P S2 S1

Q

22 сурет. Икемді және икемсіз ұсыныс

«Қатаң» технологияларда, ағымдағы және қысқа мерзімді кезеңдерде ұсыныс икемді емес (22 суреттегі S2 қисық сызығы). Мүлде икемсіз ұсыныста ұсыныс қисық сызығы тік (23 суретттегі S1 қисық сызығы). Бұл жағдайда баға қалай өзгерсе де, ұсыныс өспейді, себебі: тауарлардың шектелген саны бар. Мысалы, көрнекті суретші суретінің ұсыныс қисық сызығы мүлде икемсіз: баға қалай өссе де, ұсыныс өсе алмайды, себебі: мұндай сурет біреу ғана. Мүлде икемді ұсыныстың қисық сызығы көлденең (23 суреттегі S2 қисық сызығы). Мұнда тек қана бір баға бар (Р0), тіпті осы бағамен де сатушылар тауардың қандай болса санын ұсынуға дайын. Мүлде икемді ұсыныс тек қана жорамалда болады, шын өмірде ондай жоқ.

Табыс бойынша сұраныстың икемділігі - student2.ru P S1

P0 S2

Q0 Q

23 сурет. Мүлде икемді және мүлде икемсіз ұсыныс

Наши рекомендации