Рылыс тасқындарының параметрлерін есептеу
Уақыттық, технологиялық және кеңістіктік сипаттамалар – тасқынның уақыт және кеңістік бойынша даму көрсеткіштері болып табылады.
Тасқынның уақыттық параметрлеріне мыналар жатады:
Т0 – тұтастай тасқын бойынша жалпы жұмыс ұзақтығы;
Т1 – тасқын бригадаларының бір алымдағы барлық жұмыстар орындалуының жалпы ұзақтығы;
Тбр – барлық алымдардағы әрбір жеке бригаданың жалпы жұмыс ұзақтығы;
t6р – алымдағы бригаданың жұмыс ырғағы, бригада жұмысының ұзақтығы;
tұй – бір алымдағы шектес бригадалардың жұмыстары аралығындағы ұйымдық үзілістер;
tтехн – бір алымдағы шектес бригадалардың жұмыстары аралығындағы технологиялық үзілістер;
tырғағы – тасқын ырғағы (адымы), бір алымдағы жеке немесе мамандандырылған тасқынды құрайтын және бір бригада (звено) күшімен атқарылатын барлық технологиялық және ұйымдық жағынан бөлінбейтін операциялар мен жұмыстардың орындалу уақыты.
Алмаспайтын құрылыс тасқыны.
Алмаспайтын үздіксіз құрылыс тасқынын әдетте өздерінің практикалық қызметінде үй салынатын комбинаттар, ал соңғы жылдары селолық құрылыс комбинаттары да пайдаланып жүр. Ол құрылыс және өндірістік тасқындар жиынтығынан құралады.
Құрылыс тасқыны – үймереттер құрылысын салуды қалыпты және үздіксіз жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, уақыт және кеңістік бойынша дамитын, өндіретін процесс.
Өндірістік тасқын – бұл да уақыт және кеңістік бойынша дамитын өндірістік процесс. Ол кесілген уақыт ішінде белгіленген барлық технологиялық процестердің қатаң орындалуын және тапсырмаға сай қарқынды шығарылатын өндіріс өнімдерін технологиялық бағыт бойынша жеткізуді қамтамасыз етеді.
Уақыт және кеңістік бойынша тасқынның дамуын сипаттайтын тәуелсіз өлшемдер мен қатынастар жүйесі алмаспайтын құрылыс тасқынының параметрлері болады.
№4 Практикалық сабақ
Тең ырғақты құрылыс тасқындарының параметрлерін есептеу
№5 Практикалық сабақ
Құрылыстағы ығыстырып істейтін жұмыс тасқынын анықтау
№6 Практикалық сабақ
Әртүрлі ырғақты құрылыс тасқындары. Ығыстырмай істейтін жұмыс тасқынын анықтау
№7 Практикалық сабақ
Ығыстырып істейтін әртекті ырғақты құрылыс тасқындарын есептеу
№8 Практикалық сабақ
Ырғақсыз тасқындарды есептеу әдістері. Біртекті ырғақтың өзгерілуі, ығыстырмай әстейтін жұмыс
№9 Практикалық сабақ
Ырғақсыз тасқындар. Біртекті өзгерілетін ырғақ және ығыстырып істейтін жұмыс (с однородным изменением ритма с совмещением работ)
№10 Практикалық сабақ
Ырғақсыз тасқындар. Біртексіз өзгерілетін ырғақ және ығыстырмай істейтін жұмыс
№11 Практикалық сабақ
Кешенді тасқындарды есептеу
№12 Практикалық сабақ
Өнеркәсіптік және азаматтық тұрғын-үй объектілері құрылысына торлы график тұрғызу
№13 Практикалық сабақ
Торлы графиктің элементтері және негізгі түсініктемелері мен ережелері
№14 Практикалық сабақ
Күнтізбелік жоспар
Өндіріс жұмыстарының мерзімдік жоспары – жалпы құрылыстық арнаулы және құрастыру жұмыстарының реттілігі мен ұзақтығын үйлестіру және жұмыс процестерін мүмкіндігінше қатар жүргізу, олардың орындалу мерзімін реттеу, құрылыс машиналарының нормативті уақытын, еңбек ресурстары мен механикаландыру құралдарына деген қажеттілігін анықтау үшін жасалады. Ол негізгі құжат есебінде құрылысты ұйымдастыру мен жұмыс өндірісі жобаларының құрамына енгізіледі, сондықтан да оның негізгі көрсеткіштерінің құрылымы, құрамы және нақтылану деңгейі жобалық құжаттардың қандай мақсаттарға арналғанына байланысты болады.
Жұмыс өндірісі жобасының құрамындағы мерзімдік жоспарды жасау үшін қажет бастапқы мәліметтер қатарына мыналар жатады:
- құрылыстың мөлшерлі ұзақтығы немесе нұсқаулы тапсырма;
- жұмыс сызбалары мен сметалар;
- негізгі мамандықтар мен кәсіптік шеберліктері бойынша кадрлармен, өндірістік-техникалық жинақтар мен құрылыс жүктерін тасымалдау, қолда бар механизмдердің мәліметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі шарттар.
Мерзімдік жоспарлау негізінде жұмыс барысына бақылау жасалады және орындаушылардың жұмыстары үйлестіріп отырылады.
Жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары екі бөлімнен тұрады: сол жақтық – есептік (1.1 кесте) және оң жақтық – графикалық. Графикалық бөлімі сызбалы немесе тор көзді болуы мүмкін.
Жұ-мыс | Жұмыс көлемі | Еңбек шығыны, адам-күн | Қажетті машиналар | Жұмыс ұзақты-ғы, күн | Сме-налар саны | Смена-дағы жұмысшылар-дың саны | Бри-гада құра-мы | Жұ-мыс гра-фигі | ||
өлшем бірлігі | саны | аттары | Маш- см саны | |||||||
Жұмыс көлемі - жұмысшы орындары мен сметалар анықталып, бірыңғай мөлшерлер мен БМБ-де қабылданған бірлікпен бейнеледі. Егер еңбек сыйымдылығы өнімділік бойынша есептелетін болса арнаулы жұмыстар көлемі күн түрінде (смета бойынша) анықталады, ірілендірілген көрсеткіштерді пайдаланғанда – оларға сәйкес келетін өлшемдермен есептеледі.
№15 Практикалық сабақ
Жұмыс жүргізу жобасындағы техника-экономикалық көрсеткіштер
Мемлекеттік инвестициялардың қатысуымен құрылыста
сметалық баға белгілеу жүйесін жетілдіру
Бюджет қаражаты есебінен сатылатын құрылыс өнімдерінің баға белгілеу жүйесі функционалды өзара байланысты элементтерден: сметалық-нормативтік базадан, бағдарламалық қамтамасыз етуден, бағаның ағымдағы деңгейінің мониторингінен және нарықты зерттеуден тұрады.
Баға белгілеу ғылыми-техникалық прогресті, өндірістік қуаттарды тиімді пайдалануды, материал сыйымдылығын азайтуды, еңбек өнімділігін арттыруды, құрылыстың жоғары сапасын және іске қосылатын объектілердің пайдалану сипаттамаларын жақсартуды есепке алуы тиіс.
Инфрақұрылымның, құрылыс индустриясының дамуын, жаңа технологиялар мен жұмыстарды жасау әдістерінің пайда болуын, заңнамалық базадағы соңғы өзгерістерді ескере отырып, баға белгілеу мен сметалық нормалаудың қолданыстағы жүйесін жаңарту және қайта ұйымдастыру қажеттілігі пісіп жетілді.
Баға белгілеуді жетілдіру үшін мемлекеттік инвестициялар есебінен құрылыста объектілерді бағасын қалыптастыру тәртібін регламенттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық құжаттарды түзету мен жаңаларын әзірлеу, құрылыс өнімдерінің тұтынушылық бірлігі құнының ірілендірілген нормативтері, ұқсас объектілердің құны туралы деректер банкін қалыптастыру, құрылыс жұмыстарының бірлігін орындау кезінде материалдық, еңбек және өзге ресурс түрлерінің шығыс нормаларын әзірлеу қажет болады. Орындалатын құрылыс-монтаж жұмыстарының құнын бағалау қызметтердің сапасын және нарықтың конъюнктурасын ескере отырып, өзіндік құнының және салық және бюджет заңнамаларына сәйкес белгіленген салықтар мен салықтық емес төлемдердің барлық түрлерінің негізінде қалыптасуға тиіс.
Еңбекке ақы төлеудің тарифаралық коэффициенттерінің өзгеруіне байланысты құрылыстағы нормативтік базаны одан әрі жетілдіру, технологиялық карталарды әзірлеу тәртібін жетілдіру, технологиялық құжаттамаларды және оның негізінде жаңа технологиялар мен жаңа материалдарға арналған ресурстық-сметалық нормаларды уақтылы әзірлеу, мемлекеттік сметалық нормалар мен бағалау маңызды міндеттер болып қалады.
Тиімді мемлекеттік баға саясатын жасау үшін мынадай принциптерді сақтай отырып, құрылыс өніміне дұрыс баға белгілеу талап етіледі:
- жасаудың барлық кезеңіндегі тұрақтылық, яғни баға заңнамада және/немесе құрылыс мердігерлігі шартында көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда, құрылыс аяқталғанға дейін өзгеріссіз болуы тиіс;
- орындалған жұмыс үшін тапсырысшы мен мердігердің арасындағы тұрақты баға мен есеп айырысу тәртібі арасындағы өзара байланыс.
Баға белгілеудің элементтік жүйесінен құрылыс құнының ірілендірілген көрсеткіштері (сындарлы элементтер) бойынша баға белгілеу жүйесіне өту қажет.
Баға белгілеу жүйесін жетілдіру үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
сметалық-нормативтік базаны жетілдіру;
жетілдірілген сметалық нормаға өту бойынша әдістемелерді айқындау және әзірлеу;
сметалық құжаттамалардың есебі бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңалау;
тұрақты мониторинг негізінде құрылыс өнімдерінің құнын ағымдағы баға деңгейіне келтіру.