Азақстан Республикасы ауылшаруашылығы Министрлігінің құқықтық жағдайы туралы түсінік

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі - реттелетін салаларда, атап айтқанда агроөнеркәсіптік кешен, ауыл шаруашылығы, егіншілік, тұқым шаруашылығы және астық нарығын реттеу, мақта саласы, өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, ветеринария, сусындарды (алкогольді өнімдер мен этил спиртінен басқа) қоса алғанда, тамақ өнімдерін өндіру бөлігінде өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жарақтандыру, мал шаруашылығы, мелиорация, ирригация және дренаж, ауыл шаруашылығы ғылымы саласында, биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады. Министрлікке өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлікке заң актілерінде кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне аударылады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің миссиясы - мемлекеттің агроөнеркәсіптік кешендегі саясатын тиімді қалыптастыру және іске асыру арқылы бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешен құру.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) мемлекеттің аграрлық саясатын, реттелетін салалардағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру;

2) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауарының өндірісін құрудың негіздерін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету;

3) агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-консультативтік қамтамасыз ету;

4) реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;

5) өз құзыреті шегінде өзге мемлекеттік органдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

Министрлік заңдарда белгілеген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:


1) ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы ғылымы саласында мемлекеттiң аграрлық және аймақтық саясатын, стратегиялық жоспарларын, басымдықты және өзге де мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеуге, iске асыруға және үйлестiруге қатысады; <*>
2) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде және алғашқы өңдеуде тұрақтандыру мен арттыру, ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту жөніндегі шаралардың кешенін және астық рыногын реттеуді жүзеге асырады; <*>
3) ауыл шаруашылығы секторы үшін қаржы-несие және салық саясатын қалыптастыруға қатысады;
4) мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басымдықты бағыттарын әзірлеуге қатысады, инвестицияларды ауыл шаруашылығына, мал дәрігерлігі, фитосанитария, мелиорация, суландыру және кәріз, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, ауыл шаруашылығы шикізаттары мен өнімдерін алғашқы өңдеу салаларына тартуға және пайдалануға жәрдемдеседі; <*>
5) ауыл шаруашылығы, мал дәрігерлігі, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, мемлекеттік астық ресурстарын басқару, мелиорация, суландыру және кәріз, ауыл шаруашылығы ғылымы, аймақтық даму, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және ауыл шаруашылығы шикізаттары мен өнімдерін алғашқы өңдеу және астық қолхаттарының айналымы мәселелері жөнінде заң, өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ астық сапасы мемлекеттік стандарттарының жобаларын әзірлейді; <*>
6) эпизоотияға қарсы іс шараларды, ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден, аурулардан қорғау республиканың аумағын жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестері мен ауруларының әкелінуінен қорғау жөніндегі іс-шараларды, жануар және өсімдік тегінен шыққан азық-түлікке, шикізатқа мал дәрігерлік-санитарлық және фитосанитарлық сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
6-1) облыстарды, Астана және Алматы қалаларын әлеуметтiк-экономикалық дамыту жоспарларын өз құзыреті шегiнде келiседi;
6-2) елдi мекендердiң, жекелеген аймақтардың экономикалық перспективалығын анықтау үшiн негiзгi өлшемдердi әзiрлейдi;
6-3) бюджет қаражаты, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар есебiнен қаржыландырылатын агроөнеркәсiп кешенi саласындағы инвестициялық жобаларға қорытындылар бередi;
6-4) ауыл шаруашылығы ғылымы саласындағы мемлекеттiк саясатты өз құзыретiнiң шегiнде iске асырады;
6-5) аймақтық саясатты iске асыруда мемлекеттiк органдарға көмек көрсетедi;
6-6) мемлекеттiң аймақтық саясатын iске асыру бойынша және Министрлiктiң өз құзыретiн iске асыруы жөнiндегi өзге де шараларды әзiрлеу бойынша ұсыныстар енгiзедi;
6-7) елдiң басқа аймақтарынан және елдi мекендерiнен экономикалық перспективалы аймақтар мен елдi мекендерге қоныс аударуы ынталандыруға жататын адамдар санын келiседi;
7) мелиорация, суландыру және кәріз саласында мемлекеттік саясатты, мемлекеттiң аймақтық саясатын іске асыруға қатысады;
7-1) ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, ауыл шаруашылығы шикізаттары мен өнімдерін алғашқы өңдеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады; <*>
8) астық, мал дәрігерлігі, фитосанитария және мал тұқымын асылдандыру ісі туралы заңдардың орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; <*>
9) тракторлардың, өзi жүретiн ауыл шаруашылық және мелиоративтiк

машиналардың есебі мен техникалық жағдайын тексеруді жүргізеді, сондай-ақ оларды жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi; т.б

Наши рекомендации