Сынып. Дүние жүзі тарихы. ? Үндістанның1914-1945 жылдардағы саяси – әлеуметтік және экономикалық дамуына сипаттама беріп

Сабақтың тақырыбы: §14. Үндістан

Сабақтың мақсаты:

? Үндістанның1914-1945 жылдардағы саяси – әлеуметтік және экономикалық дамуына сипаттама беріп, ондағы басты ерекшеліктерді атап көрсету. Оқушылардың назарын

? Үндастандағы Ұлт – азаттық күреске аударып, оның кезеңдері мен күрес тәсілдерін нақты фактілер арқылы түсіндіру.Елдегі саяси партиялар туралы түсіндіріп , олардың бағдарламасымен таныстыру. М.К.Ганди мен Дж Нерудің ұлт – азаттық күрестегі қызметі туралы әңгімелеп, М.К. Ганди ұсынған күрес жолын ұғындыру.

? Білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

· Оқу құралын тексеріп түгелдеу

· Әнұран орындау, «Хабар»

· Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

G 1920-1930 жылдарда Үндіқытай қоғамының ішкі құрылысында қандай өзгерістер байқалды?

G Дүниежүзілік дағдарыс Үндіқытай шаруашылығына қалай әсер етті?

G 1930 жылдары Вьетнамдағы отаршылдарға қарсы халықтардың күресі туралы айтып беріңдер.

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі елдің жағдайы.

2. Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыс. Күш қолданбай қарсыласу қозғалысы.

3. Соғыстан кейінгі кезеңдеі Үндістан:

а)Ағылшын үкіметінің саясаты;

ә)Жаппай бағынбаушылық қозғалысы.

4. Экономикалық дағдарыс жылдарындағы Үндістан. «Тұз жорығы»

5. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Үндістан.

Негізгі оқиғалар:

· 1916 жылы ұлт – азаттық қозғалысы басталды.

· 1919 жылғы сәуірде жаппай бағынбаушылық қозғалысы өткізілді.

· 1930 жылғы 26 қаңтарда ҮҰҚ шешімімен «Үндістанның тәуелсіздік күні» жарияланды (кейін бұл күн ҮР ұлттық мерекесіне айналды)

· 1930 жылғы наурызда М.Ганди «Тұз жорығын» бастады.

Сабақты бекіту:

– Үндістанның 1920-1940 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысына сипаттама беріңдер. Қандай саяси партялар өмір сүрді, олардың бағдарламасы қандай?

– М.К.Ганди саясатына қандай баға берер едіңдер? Оның «Менің өмірім» (Алматы, 1989) деген кітабын оқу.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §14.

Сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §15. Иран. Ауғанстан

Сабақтың мақсаты:

? Бірінші джс соңындағы және соғыстан кейінгі Иранның ішкі және халықаралық жағдайын нақты фактілермен сипаттап, оқушылардың назарын Англияның Иранды басып алуына аудару;

? Ирандағы ұлт-азаттық қозғалыстың ерекшеліктеріне тоқталып, Кеңес үкіметінің осында социалистік революция ұйымдастыру әрекетіне түсінік беру.

? 1921-1945 жылдардағы Иранның саяси эконгомикалық дамуын түсіндіргенде, Пехлеви үкіметінің іс-әрекеттерін ашып көрсету;

? Белсенді, білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

· Оқу құралын тексеріп түгелдеу

· Әнұран орындау, «Хабар»

· Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

G Үндістанның 1920-1940 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысына сипаттама беріңдер. Қандай саяси партялар өмір сүрді, олардың бағдарламасы қандай?

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Бірінші джс соңындағы Иранның жағдайы

2. Ұлт-азаттық қозғалыстың дамуы.

3. Иранның 1921-1945 жылдардағы саяси –экономикалық даму жолдары.

4. 1918-1945 жылдардағы ауғанстан.

Негізгі оқиғалар:

· 1918-1928 жылдар-Ауғанстандағы Аманулла ханның реформалық әрекеттері.

· 1921 жылы құлдықты жою заңы жарияланды.

· 1920 жылғы 5 маусымда Гилян республикасы жарияланды

· 1925-1941 жылдары- Реза хан Пехлеви билігі орнады.

· 1943 жылғы 9 қыркүйекте Иран Германияға соғыс жариялады.

Сабақты бекіту:

– 1918-1922 жылдардағы Иран жеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстың ошақтарына талдау жасаңдар.

– Кеңестік Ресейдің Гилян өңірінде социалистік республика ұйымдастыру әрекеті дұрыс па әлде бұрыс па?

– Дәлелдер келтіріп, өз пікірлеріңді білдіріңдер.

– «Шазривар оқиғасының» дамуына не себеп болды?

– Соғыс жылдарында шах үкіметі қай одақты жақтады, және не себепті жақтады.

– Аманулла хан үкімет басына қандай жағдайда келді?

– Ауғанстан конституциясы қай жылы қабылданды?

– Нәдіршах әулетінің Ауғанстанда билік еткен мерзімін анықтаңдар

Бағалау:

Үйге тапсырма: §15.

Наши рекомендации