Ысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары

Өндіріс шығындары шығарудың функциясы: C = f (Q), мұнда С – шығындар (costs). Шығындар функциясының түрі өндірістік функцияның тұрпатымен анықталады, ал олардың шамасы – өндіріс факторының құнымен. Шығындар шамасы мен шығару араларындағы графикалық тәуелділік шығындардың қисық сызықтары арқылы білінеді. Шығындарды ең алдымен қысқа мерзімді кезеңде талдайық. Бұл уақыттық аралықта факторлардың жартысы сол күйінде, өзгеріссіз қалады, демек, шығындарды тұрақты және ауыспалыға бөлуге болады.

Тұрақты шығындарграфигі түзу түрінде көрсетіледі, өйткені олардың шамасы өзгермейді, ауыспалы шығындар графигі – ұлғаймалы қисық сызық (олар өндіріс көлемінен тура тәуелділікте болады), валдық (жалпы) шығындарграфигі – ол тұрақты шығындардың шамасына өскен (көбейген) ауыспалы шығындардың қисық сызығы.

Ысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары - student2.ru C TC

FC VC

FC

Q

52 сурет.Тұрақты, ауыспалы және валдық шығындар

Орташа тұрақты шығындар графигі төмен түсетін қисық сызық болып көрінеді, бұндай пішіннің себебі – тұрақты шығындар шамасы шығару көлемінің өсуінен өзгермейді. Орташа ауыспалы шығындар динамикасы кемушілік қайтарым заңының әрекетіне байланысты, графикте олар ұлғаймалы қисық сызығының түрінде көрсетіледі. Орташа валдық (жалпы) шығындардың пішіні тұрақты және ауыспалы шығындардың нақты мағыналарынан тәуелді: егер FC>VC, АТС қисық сызығы төмен түседі; егер FC<VC болса, AFC төмендеуі AVC өсуімен білінбейді де, АТС қисық сызығының түрі – ұлғаймалы болады. Өндіріс кемушілік шекті өнімділік заңына бағынатын қысқа мерзімді кезеңде бір жақтан орташа және екінші жақтан, шекті өнім мен орташа және шекті шығындар араларында кері тәуелділік бар. МС және AVC шығындардың қисық сызықтары ауыспалы факторлардың АР және МР қисық сызықтарының айнадай бейнелеуі болып табылады (54 сурет).

Ысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары - student2.ru C ATC

AVC

AFC

53 сурет.Орташа тұрақты ауыспалы және валдық (жалпы) шығындар

Ысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары - student2.ru MP, AP MPmax

APmax

MPL

APL

L

AVC, MC

AVC

MC

AVCmin

Q

54 сурет.Орташа және шекті өнімнің қисық сызықтары мен орташа және шекті шығындардың қисық сызықтары

Алдында, ауыспалы фактордың қайтарымы өскенде, шекті шығындар азаяды, демек, орташа ауыспалы шығындар азаяды. Сонан соң, жоғары шегіне жеткенде, ауыспалы фактордың қайтарымы, кемушілік қайтарым заңына сәйкес, түседі, демек, шекті шығындар өсе бастайды, ол, кейінірек, орташа ауыспалы шығындардың өсуіне әкеледі.

Шекті және орташа өнім шамасы араларында тәуелділік болуына сәйкес шекті және орташа шығындар араларында да тәуелділік бар (55 сурет).

1. Орташа ауыспалы және орташа валдық (жалпы) шығындар төмендейді, егер шекті шығындар орташа ауыспалы шығындардан аз болса (МР<АVC );

2. Орташа ауыспалы және орташа валдық (жалпы) шығындар өседі, егер шекті шығындар орташа ауыспалы шығындардан көп болса (МР>АVC);

3. Орташа ауыспалы және орташа валдық (жалпы) шығындар қисық сызықтарының шекті шығындар қисық сызықтарының көбеюші, үдеуші бөлігімен қиылысу нүктесінде азаяды.

4. Өндіріс көлемінің өсу барысында орташа ауыспалы және орташа валдық (жалпы) шығындардың қисық сызықтары жақындайды (өйткені орташа тұрақты шығындар азаяды).

Ысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары - student2.ru C MC ATC

AVC

AFC

Q

55 сурет.Қысқа мерзімді кезеңдегі шекті және орташа шығындардың қисық сызықтары

Шығындар қисық сызықтарының жағдайы факторлар бағалары мен бұл фактор ауыспалы немесе тұрақты болуына байланысты. Тұрақты фактор бағасының өсуі AFC және АТС қисық сызықтарын жоғарыға ауыстырады (шығындар өседі); бағасының төмендеуі – оларды төменге ауыстырады (шығындар азаяды). Ауыспалы фактор бағасының өсуі АVC және АТС қисық сызықтарын жоғарыға ауыстырады, ал МС қисық сызығын – солға; ауыспалы фактор бағасының төмендеуі – АVC және АТС қисық сызықтарын төменге ауыстырады, ал МС қисық сызығын – оңға. Қысқа мерзімді кезеңде (оны эмпиризмдік талдаулар дәлелдейді) ауыспалы фактордың тұрақты қайтарымы орын алады. Графикалық түрде ол орташа шекті шығындардың «кең жалпақ түбін» көрсетеді.

Наши рекомендации