Пәннің бағдарламалық мазмұны 4 модульге бөлінген.

Студенттердің меңгеретін білімі мен іскерлігі:

Студенттер негізгі ұғымдар мен салық құқығы институты бойынша теориялық біліммен жабдықталуға, оларды игеруге тиіс және алынған білімдерді дұрыс қолдануды, салықтық құқықтық нормативтік түпнұсқаларын оқуда тиісті бағыт-бағдар жасауды білуі қажет. Алған білімдерін тәжірбиеде қолдана білуі қажет.

Осы пәнді оқыту үрдісінде келесі компетенцияларды қалыптастыруға бағытталған:

а) түйіндік құзіреттілік (ТҚ)

- кәсіби қызметінде заман талабына сай білімді болу;

- алған білімі негізінде құқықтың әр саласынан хабары болып, білімін көрсете білуі;

- үнемі ізденісте болу.

б) пәндік құзіреттілік (ПҚ)

- сөйлеу шеберлігі, дауыс мәнері, өзіне қарата білу қабілеті мен мәдениетті болуы, қызметінде ортамен тіл табысуға бейім болуы;

- инновациялық технологияларды қолдану шеберлігінің болуы;

- өзінің жан-жақтылығын арттыруға ұмтылысының болуы;

в) арнайы құзіреттілік (АҚ)

- теориялық алған білімін, дағдыларын іс жүзінде дұрыс пайдалана білуі;

- біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол адамдардың тәжірибесінен үлгі алып, кеңейтіп, қолдана білуі;

- нормативтік-құқықтық актілер туралы білімінің болуы мен оның өзгерістеріне ілесе алуы, нормативтік құқықтық құжаттармен жұмыс жасай білуі тиіс;

- кез келген тығырықтан шығу үшін шешім қабылдай білу қабілеті мен сын айта білу, ойын жүзеге асыру қабілетінің болуы.

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
Арнайы зерттеушілік     100 балл 8,15
Ағымдық бақылау Әрбір бағалауға 100 баллдан Апта сайын (бірінші аптадан басқа)
СӨЖ Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11, 14 апталарда
Аралық бақылау Әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 аптада
Кіру рұқсатының рейтенгісі R1 8 апта
Кіру рұқсатының рейтенгісі   R2 15 апта
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі R= (R1 + R2)/2 15 апта
Емтихан Е 16-19 апта
Қорытынды баға І = R*0.6+E*0.4  

Силлабуста әрбір бақылау түріне қойылатын баллдың критерии көрсетілуі тиіс. Осы мақсатта оқытушы пәннің (спецификасын) өзіне тән ерекшелігін, студенттің мүмкіндігіне сәйкес қойылатын талаптарды ескереді, сонымен бірге оқытушы жалпы белгіленген талаптарды да ескеруі тиіс.

«Ағымдық бақылау» параметрінде сабаққа қатысу, практикалық, лабораториялық және үй тапсырмаларының орындалуын бақылау ескеріледі. Студенттің дәріс сабағындағы белсенділігін де ескеру керек. Балл қойылады: қатысқаны үшін, сабақ барсыныда лектордың тарапынан қойылған проблемалық сұрақтарды талқылауға ат салысқаны үшін, лекторға сұрақ қойғаны үшін, сыни тұрғыдан ойлауына; практикалық (семинар) және ОСӨЖ сабақтарындағы студенттің барлық қатысу мүмкіндіктері бағаланады. Балл қойылады: мәселенің шешімін тапқаны үшін, үй және тест тапсырмаларын орындағаны үшін, оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бергені үшін, тақтада практикалық жұмыс жүргізгені үшін, бүкіл сабақтың барысында студенттің белсеңді ат салысқаны үшін, ОСӨЖ тапсырмаларын дайындауда және қорғауға өзіндік шығармашылқ ізденістерін танытқаны үшін және т.б. Әр оқытушы өз пәнінен жүргізілетін жұмыс түрлерін, тапсырмаларын пәннің өзіне тән ерекшелігін және бағдармадағы мазмұнын ескере отырып дербес анықтайды, әр аралық бақылаудағы білімді бағалаудың рейтингтік жинақталған жүйесін жасайды.

СӨЖ-ге қойылатын жоғары 100 балл тапсырманың түріне және мазмұнына (ауыр, жеңілдігіне) байланысты бөлінеді, оның негізіне белгіленген талаптар, тапсыру мерзімінің сақталуы тапсырмалар мөлшері, орындалу сапасы жатады.

Әр пәннің мақсаты мен міндеті ескеріле отырып, білім алушының дайындық дәрежесі және өздік жұмысқа бөлінген сағат санын есепке алып СӨЖ формасы (нышаны) мен түрі таңдап алынады. Әрбір СӨЖ талапқа сәйкес бірнеше тапсырмалардан тұрады. Силлабуста әрбір тапсырманың мазмұны мен маңыздылығы және соған сәйкес сол тапсырманы орындағандағы балы көрсетілуі тиіс.

Бағдарламада көрсетілген студенттің қосымша іс-әрекетіне «ғылыми баяндамалары, мақалалары, олимпиядаға конкурс, жарыстарға қатысуы халықаралық грант, жобаларға қатысуы және т.б) үстеме балл бонустар қарастырылып, семестрдегі жинаған балына қосылады. Жіберіп алған сабақтарын және маңызды бақылау қорсонында жүргізіледі. Негізсіз себептермен жіберілген сабақтар және оларды мерзімінен кеш өтеуге балл қойылмайды. Себепсіз сабақ жіберіп алған жағдайда, еңбек тәртібін бұзған кезде, сабаққа кешігіп келгенде, СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын аралық бақылау және үй жұмыстарын орындамау немесе өз уақытында тапсырмаған жағдайда балл кемітіледі.

Аралық бақылау нышанын (форма) оқытушының өзі анықтайды, оның коллоквиум, жобаны қорғау, тұсаукесер (презентация), эссе жазба бақылау жұмысы т.б. болуы мүмкін. Силлабуста әрбір аралық бақылаудың нышаны және бағалау критерилері көрсетілуі тиіс. Осы негізінде, оқытушы семестр бойына студенттің үлгерімін және сабаққа қатысуын қадағалайды.

Сабақ үлгерімінің және қатысудың жиынтық рейтингтік бағасын оқытушы әр аптаның соныңда университеттің жергілікті жүйесі арқылы қояды.

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

Әріппен белгіленген баға Бағаның цифрлік эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі түрде бағалау
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2.0 65-69
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

Кредиттік технологя жүйесінің өзіне тән ерекшелігі жинақтаушы жүйе қоланылады, яғни білім алушының оқудағы жетістік деңгейі, әр пәннің қорытынды бағасымен анықталады, ол рейтингтен (қорытынды бағаның 60%) және емтихан бағасынан (40%) құралады. Рейтинг студенттің әр пәннен академиялық кезеңде жинаған балынан құралады. Соған сәйкес білім алушының оқу жетістігі үшін (күнделікті сабақтағы жауап беруі, үй тапсырмасын тапсыруды, СӨЖ; аралық бақылау және т.б) 100 баллдық шкала бойынша бағаланады және соңғы рейтинг барлық бақылау кезеңінде алған бағанын орташа арифметикалық сумасымен шығарылады.

Баға қоюдын критерилері

Бақылау түрі Максимальдық баға Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл үй тапсырмасын орындауы практикалық сабақтың орындалуы белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары....) ОСӨЖ тапсырмаларының орындалуы     Әр сабақта
СӨЖ 1* Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
Аралық бақылау 1: коллоквиум №1-№8 дәрістер бойынша. Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 8апта
Аралық бақылау 2:коллоквиум №9-№15 дәрістер бойынша. Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 15 апта

*СӨЖ мазмұны силлабустағы СӨЖге арналған кестеде көрсетілген

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар  
Мазмұны Сағат саны Апта
Модуль 1. Қазіргі заманғы мемлекет өміріндегі салықтардың ұғымы және рөлі
Дәріс 1.Салықтардың туындауы мен қолданыста болуының коғамдык -экономикалық және саяси себептері, бастаулары мен жағдайлары. Практикалық сабақ 1.Салық каржылык құқықтық категория ретінде. Салықтык төлемдердің белгілері. ОСӨЖ 1. 1. Салыктардың функциялары: ұғымы, түрлері, аралық катынастары. 2. Фискальдық, реттеуші, әлеуметтік, бақылаушы функциялар.       1-апта
Дәріс 2.Салық заң құрамының элементтері. Практикалық сабақ 2.Салық заң құрамы элементтерінің ұғымы және құқықтық маңызы,салық субъектісі: ұғымы, түрлері ОСӨЖ 2. 1.Салықтың объектісі және заты, олардың байланысы және айырмашылықтары 2. Салык нормасы, салық салу бірлігі, салық ставкасы             2-апта
Дәріс 3. Салық салу және мемлекеттің салықтық қызметі. Салық салудың ұғымы, салық салу әдістері; тең, пропорционалды, прогрессивтік, регрессивтік әдістер,салык салу принциптері Практикалық сабақ 3. Салықтық құқықтық нормалар. ОСӨЖ 3. 1. Салықтық құқық нормасының ұғымы,салықтық құқық нормасының өзіне тән белгілері 2.Салықтық құқыктың реттеуші иормалары. 3. Салықтық құқықтың реттеуші нормаларының түрлері     3-апта
Модуль 2. Салықтық құқықтық катынастар.
Дәріс 4.Салықтық құқықтық катынастар. Практикалық сабақ 4. Салықтық құқықтык қатынастардың ұғымы және оның нормадағы әлеуметтік бағдары ОСӨЖ 4. 1. 2.Салықтық құқықтық қатынастардың арнайы ерекшеліктері мен өзіне тән белгілері 3.Салықтық құқықтық қатынастардың құрылымы, салықтық құқықтық қатынастардың субъектілік кұрамы. СӨЖ 1. 1.Салық төлеуші - салықтық құқықтық қатынастардың субъек ісі ретінде 2. Салық төлеушінің мәртебесін айқындау. 3. Жеке және заңды тұлғалардың салықтық мәртебесі, резиденттік принципі (СӨЖ КТЖ тапсырмасына қараңыз)             4-апта
Дәріс 5.Салыктық міндеттеме ерекшеліктері Практикалық сабақ 5.Салықтық міндеттеменің ұғымы, элементтері және ОСӨЖ 5. 1. Салыктық міндеттеменің құрамы: субъектілері, объектісі, мәні 3.Салықтық міндеттемені орындау   5-апта
Дәріс 6.Салық салу аясындағы мемлекеттік басқару. Практикалық сабақ 6. Салық салу аясындағы баскару органдарының жүйесі ОСӨЖ 6. 1. ҚР Президентінің салық салу аясындағы өкілеттігі 3. ҚР Парламентінің салык аясындағы құзыреті     6-апта
Модуль 3. Салықтық бақылау.  
Дәріс 7.Салықтық бақылау. Практикалық сабақ 7. Салыктық бақылау ұғымы, салыктық тексеру ұғымы және түрлері ОСӨЖ 7. 1 Салықтық тексеружүргізу тәртібі. 3.Салықтық тексеру актісі, оның мазмұны және құқықтық маңызы, СӨЖ 2. 1. Корпорациялық табыс салығы, салық салу объектісі, салық субъектілері 2.Салық салынатын табысты анықтау тәртібі 3.Жеке табыс салығы. Салық салу объектісі, салық субъектілері (СӨЖ КТЖ тапсырмасына қараңыз)         7-апта
Дәріс 8.Акциздер. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу. Әлеуметтік салық. Практикалық сабақ 8. Акциздер, салық салу объектісі, төлеушілері ОСӨЖ 8. 1. Салық базасын айқындау тәртібі, төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі 3.Салық салу ставкасы, 4.Жерқойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтары   8-апта
Дәріс 9.Жер салығы. Көлік құралдары салығы. Мүлік салығы. Практикалық сабақ 9. Жер салығы, салық салу объектісі, салық субъектілері, салық базасын айқындау тәртібі, есептеу тәртібі ОСӨЖ 9. 1. Жер салығын төлеу мерзімдері. Жер салығының ставкалары, салық ставкаларын түзету, салыктық кезең 3.Көлік құралдары салығы, салық төлеушілер, салық салу объектілері, салық ставкалары, салықтың есептеу және төлеу     9-апта
Модуль 4. Арнаулы салық режимі.  
Дәріс 10. Арнаулы салық режимі. Практикалық сабақ 10. Арнаулы салық режимін колдану, онын ерекшеліктері, шағын бизнес субъектілері ОСӨЖ 10. 1. Шағын бизнес субъектілеріне арнаулы салық режимін колдану жағдайлары 2.Шаруа (фермер) кожалыктарына арналған арнаулы салык режимін колдану ерекшеліктері     10-апта
Дәріс 11.Тіркеу, лицензиялау алымы және өзге де алымдар. Практикалық сабақ 11.Алымның ұғымы және оның баска міндетті төлемдерден айырмашылығы ОСӨЖ 11. 1.Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым 2.Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым, СӨЖ 3. 1.Мемлекеттік баж ставкалары . 2.Мемлекеттік бажды алу кезінде көзделінетін жеңілдіктер, 3.Мемлекеттік бажды төлеу және қайтару тәртібі (СӨЖ КТЖ тапсырмасына қараңыз)           11-апта
Дәріс 12. Салық салу аясындағы мемлекеттік мәжбүрлеу және заңи жауапкершілік. Практикалық сабақ 12. Салық салу аясындағы мемлекетгік мәжбурлеудің ұғымы ОСӨЖ 12. 1.Салык салу аясындағы мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары және олардың түрлері 2.Мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын салық салу аясында қолдану ерекшеліктері       12-апта
Дәріс 13.Пайдаланған үшін төлемақы. Практикалық сабақ 13. Төлемақының ұғымы және оның басқа міндетті төлемдерден айырмашылығы. ОСӨЖ 13. 1. Жер учаскелерің пайдаланғаны үшін төлемакы. Жер бетіндегі көзлердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы. 2.Қоршаган ортаны ластағаны үшін төлемақы. 3.Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы. 5.Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы. 4.Ерекше қорғалатың табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.           13-апта
Дәріс 14. Салықтық құқық бұзушылықтар. Практикалық сабақ 14. Салықтыққұқық бұзушылықтың ұғымы. ОСӨЖ 14. 1. Салық заңнамасын бұзу ерекшеліктері. 2.Салықтық құқық бұзушылықтың объективті және субъективті жақтары. 3.Салықтық құкық бұзушылықтарды топтастыру. СӨЖ 4. 1. Әкімшілік салықтық құқық бұзушылық үшін әкімшілік құқықтық жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы. 2.Әкімшілік құкықтық жауапкершіліктің белгілері. (СӨЖ КТЖ тапсырмасына қараңыз)         14-апта
Модуль 5. Салық заңнамасын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік.  
Дәріс 15.Салықтыққұқық бұзушылықтар үшін қаржылық жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы. Практикалық сабақ 15. Қаржылық құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән белгілері. ОСӨЖ 15. 1. Салық заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершіліктін жалпы сипаттамасы. 2.Қылмыстық жауапкершілік негізі.       15-апта
  Барлығы: дәріс практикалық сабақ СӨЖ(оның ішінде ОСӨЖ)  

Наши рекомендации