Анимизмнің пайда болуы және оның мәні

Анимизм (лат. anima — рух, жан) — заттық дүние құбылыстарының жандылығын бiлдiретiн термин.

Анимизм терминiн ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э.Б.Тайлор (1832-1917) енгiзген. Ежелгi мәдениетке талдау бере келе, магия, тотемизм, фетишизм сияқты ecкi ceнім-нанымдардың қатарында ол анимизмдi де атап өтедi. Оның пiкiрi бойынша анимизм кейiнгi дамыған дiндерге апаратын баспалдақ есебiнде болады және олардың ментальдық дүниесiне енедi.

Басқа халықтардың дүниетанымы мен сенiм-нанымдарындай анимизм қазақтың дәстүрлi рухани мәдениетiнде терең ұялаған. Мысалы, Ш.Уәлиханов қазақы түсiнiкте жанның үш түpi бар дейдi: ет жан, шыбын жан, рухи жан.

Анимизмнің көрінісіне қазақы дүуниетанымдағы «киелi», «қасиетті» жер бедерлерi мен атаулары жатады. Табиғат аясындағы мәдениет үшiн қоршаған орта киелi таулардан, құтты өзендер мен көлдерден, ағаш-бұталардан, т.б. тұрады.

Табиғи құбылыстар да қасиеттi мағынаға ие болады, олардың рухы және иесi бар делiнедi.

Анимизм – белгілі бір денелер бойында болатын ерекше құдіретті күш иелеріне сену.

Анимистикалық сенімдер табиғатқа жан бітірумен байланысты болды. Олардың бастамалары алғашқы қауымдық қоғам кезеңінде-ақ: тасманиялықтарда, австралиялықтарда, отты жерліктерде және басқаларда қайтыс болған адамдардың жаны, шайтандар мен аруақтар туралы түсініктер болды.

5.Алғашқы қауымдық құрылыстың кемелденген кезеңі — неолит дәуірі. Бұл рулық құрылыстың орнығып, тас индустриясының шарықтаған кезеңі. Бұл тұста, әсіресе өте сапалы етіп жасалған тас балталардың көмегімен алғашқы қауым адамдары ағашты кесіп үй салды, қайықтар жасады. Жаңа тас дәуірінде адамдар саз балшықты күйдіріп, оны су өткізбейтін қатты затқа айналдыруды үйреніп, оны одан әрі жетілдіре түсті. Демек, керамиканың пайда болуы жаңа тас ғасырының басты белгілерінің бірі болғандықтан оған «керамика ғасыры» деген атақ берілді. Сонымен бірге бұл өнер табысы адамзат дамуындағы шын мәніндегі ұлы өзгерісті, зор уақиғаны білдіреді. Өйткені, бұған дейін адамдар табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланса, ендігі жерде табиғатта белгісіз материалдар жасап, табиғаттың құлынан қожасына айналу жолында алғашқы қадамдар жасады. Өмір сүру қажеттілігінен туындаған бұл ұлы жаңалықтың барысында адам бұл саладағы өз өнерін біртіндеп жетілдіре берді, яғни шытырман өрнектер мен әшекейлерден басталған бұл талпыныс барған сайын күрделіленіп, бояулар мен сызықтар ырғағымен, геометриялық сымбатымен ерекшеленетін өнер туындыларына айнала бастады. Бұл өнер талпынысының барысында алғашқы қауым адамдарының бойында эстетикалық сезім деп аталатын құдіретті күштің алғашқы белгілері қалыптаса бастады.

Осы орайда мезолит пен неолит бейнелеу өнері (мезолит пен палеолиттердің арасы секілді бұлардың арасын да дәл жіктеп ажырата білудің оңайға соқпайтындығын ескерте кеткенді жөн көрдік) көп кескінді көріністер бейнелеуден басқа қандай жаңалықтар әкелді!? Неолит дәуірінде қалыптасқан бейнелеу өнерінің сан-алуан туындылары мен иероглифтер дүниенің төрт бұрышында кеңінен таралған. Олардың басым көпшілігі Африка құрылығында табылса, стилі жағынан өте ұқсас болып келетін материалдық мәдениеттің ескерткіштерін Испанияда, Онега көлінде, Ақ теңізде, Сібірде, Өзбекстанда және тағы басқалары жерлерден кездестіруге болады.

Палеолит дәуіріндегі өнерге қарағанда неолит дәуірі өнерінің өзіндік өрнегі, өзіндік ерекшелігі бар. Бұрын үңгірлердегі аңдардың бейнелері жабайы, қозғалыссыз қалыпта берілсе, ендігі жерде андардың бейнесін салудың сапасы жақсарды. Ең бастысы — аңдар бейнесін жай ғана емес, қозғалыс үстінде көрсетуге тырысушылық байқалды. Үйлесімділік пен динамизм белгілері айқындала бастаған испандық және африкалық циклдердің суреттерінде садақшылардың қаумалап аң аулаудағы кейбір көріністері барынша шегіне жеткізіліп, нанымды етіп көрсетілген. Жартастағы бұл графикада алғашқы қауымдық бейнелеу өнерінде тұңғыш рет әсем нәзіктікке талпыныс айқын байқалады. Оған дәлел ретінде Шығыс Испания жерінен табылған ағашта жабайы ара жинап жатқан әйелдің бейнесін жоғарыда атап өткен көне тас ғасырының ересек «Венералармен» салыстырып көрелікші. Бұл әйелдің тұла бойынан, әсіресе тал шыбықтай бұралған балауса да, сүңғақ денесінен ее тандырар сұлулық аңғарылады. Оның бір қолында ұзынша құмыра, екінші қолы қаптай үшқан араның қоршауында. Біздің алдымызда тасқа бояумен салынған адам сұлулығын табиғатпен байланыетырған шын поэтикалық сурет түр. Кейінгі неолиттің жартастағы бейнелеу өнерінде адамдар мен аңдардың кескіндері жай ғана белгілерге айналып кеткен, сондықтан да алғашқы қауымдық құрылыс суретшілерінің нені бейнелегісі келгендігін ажырату оңайлыққа түспейді.

6. Неолит, жаңа тас дәуірі (грек. neos – жаңа және lіthos – тас) – шамамен б.з.б. 5500 – 3000 жылдарды қамтитын тас дәуірінің ең соңғы кезеңі. Н-тің қалыптасуы мен аяқталуы жер шарының әр түрлі аудандарында әр қилы уақытта өтті.

Шикізаттың алуан түрлі болуы оны ұқсатудың әр түрлі техникалық тәсілдерің дамытып, жетілдіруге себепкер болды.

Өндіруші шаруашылықтың негіздері де нақ сонда қалыптасады. Әдебиетте алғашкы тайпалар шаруашылығындағы түбірлі өзгерістер «неолиттік революция» деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді, әсіресе дәнді өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға үйретуге, өсіруге және іріктеуге көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін меңгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды. Ол адамның өз бақылауында болып, оған шексіз дерлік мүмкіндік беретін және одан мұны талап ететін неғұрлым бай және сенімді тамақ көзін пайдалануға мүмкіндік берді. Неолитте Ежелгі Шығыста дәнді дақылдардың барлық түрлері, көкіністердің, жеміс-жидектердің едәуір түрлері өсіріліп, қазіргі үй малының барлық түрлері қолға үйретілді деуге болады. Ал жылқы энеолитте Еуразия далаларында қолға үйретілді — бұл оқиғаны «неолиттік революцияның» маңызды компоненттерінің бірі деп атауға және оның аяқталуы деп қарастыруға болады. Бірақ далалық аймактың неолиттік қоғамының шаруашылығында ерекше өзгерістер әлі де бола қойған жоқ — мұнда бұрынғысынша тамақ табудың негізгі көзі аң және балык аулау болды. Сірә, континенттік климат халық санының артуына қолайлы болмай, табиғи ресурстар халык қажеттерін қанағаттандыруға әбден жеткілікті болса керек. Жерорта теңізінің неғүрлым жұмсақ және бірыңғай климаты аймақта демографиялық жағынан артық жағдай туғызып, Шығыс елдерінде адам аң, балық аулау мен жиын-терінге қоса косымша тамақ көздерін өте ертерек іздестіруге мәжбүр болды, өйткені коғамның қажеттері табиғи ортаның сол кезде болған мүмкіндіктерінен асып кеткен еді.

7. Палеолит (палео... және грек. lіthos – тас) – ежелгі тас дәуірі. — адам мен оның шаруашылығы қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы қауым адамы жабайы өсетін дәндерді, жеміс-жидектерді жинап, жануарларды аулаған.Палеолит дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапкы кезеңі алғашқы тобыр — бірлесіп корғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын-терін үшін бірлесу болды. Бұл әлеуметтік құрылым бейнесіздігімен, қоғамдық катынастардың жетілмегендігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге оған неке байланыстарының кейбір реттелгендігі тән болды. Алғашқы тобыр төменгі палеолиттің алдыңғы кезендерінің бірі — ашель дәуіріне сәйкес келеді. Ашель уақытында жаңа әлеуметтік организм — алғашқы қауымның алғышарттары бірте-бірте толыса бастайды. Ал мустье дәуірінде жынысы мен жасына қарай табиғи еңбек бөлінісі болады, қауымның бастапқы нысандары шыға бастайды. Әлеуметтік жағынан алғанда соңғы палеолиттегі адам ұжымы жаңа межемен — алғашқы кауымның толысқан нысандарының қалыптасуымен сипатталады. Палеолит – қазбадан табылған ежелгі адамдардың, сондай-ақ қазбадан табылған, бірақ қазіргі уақытта құрып кеткен жануарлар дүниесінің өмір сүрген дәуірі. Ол алғашқы екі үлкен дәуірдегі төртінші геологиялық кезеңге – эоплейстоцен мен плейстоценге сай келеді. Палеолит дәуірінде жердің климаты, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қазіргіден әлдеқайда өзгеше болған. Палеолит дәуірінің адамдары қарапайым тас құралдарды пайдаланған, оны өндіруді және қыштан ыдыс жасауды білмеген. Олар аңшылықпен және тағамдық өсімдіктер жинаумен айналысты. Балық аулау жаңадан жандана бастаса, егіншілік пен мал ш-нан хабарсыз еді. Палеолит дәуірінің басталуы (2 млн-нан астам жыл бұрын) жерде адам тәріздес маймылдар түріндегі архантроптардың пайда болуына сай келеді (қ. Олдувэй мәдениеті). Палеолиттің аяқталуы б.з.б. 12 – 10 мың жылдар шамасы. Бұл – Палеолит пен неолит аралығындағы мезолитке өту кезеңі.

8. Жер шаруашылығы.ТерімшілікАлғашқы адамдар жеуге жарамды шөп тамырларын қазып, құс жұмыртқасын жинап, ағаш, бұта басында өсіп тұрған әр түрлі жеміс-жидектерді теріп жеді. Күн көрістің мұндай түрі – терімшілік деп аталады. Сонымен қатар алғашқы қауымдағы адамдар аң аулаумен де айналысқан. Олар негізінен мамонт, бизон, марал және үңгір аюларын аулады. Аң аулауда шоқпар, найза және үшкір тас құралдар пайдаланылды. Жабайы жылқы, бұғы, aрқарларды толассыз қуалап, болдыртып, жарға, тау шатқалдарына қаумалап ұстаған.

Адамдар тобыры болып аң аулауда отпен үркітіп терең орға түсіру, биік құздан құлату тәсілдерін пайдаланды. Алайда, ежелгі адамдардың тіршілігі өте қиын жағдайда болуға байланысты олар ұзақ жылдар бойы табиғат құбылыстарын мұқият зерттеген. Бұған олар жасаған еңбек құралдары дәлел болады.

Ежелгі адамдар азық табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін – тобыр болып өмір сүрген. Осындай жағдайда адамдар тобыры өздеріне баспана ретінде табиғи үңгірлерді, қуыстарды, биік тау шатқалдарын пайдаланды. Кейде ашық жерлердегі аңдар су ішуге келетін өзен иірімдері мен суат басына қоныс аударып отырды. Тобыр құру аң аулауда, түрлі қиындықтар мен қатал табиғат жағдайында өмір сүруге жеңілдік жасады. Ежелгі адамдар әуелде қолдан баспана жасауды, тамақ пісіруді білмеді. Олардың тұңғыш баспанасы - үңгір болған. Адамдар отпен қорқытып, үңгір аюлары мен арыстандарын қуып шықты. Олар аң терілерін төсеніш етіп, жыртқыш аңдар жоламас үшін үңгір аузына от жағып қойған. Ежелгі адамдар найзағайдың түсуінен жанған ағаштың отын пайдаланып, оны өшірмей, ұзақ сақтауға тырысты. Олар жанған отты жанын сала қорғады, өйткені отты өшіріп алу зор қауіп төндірді, тіпті бүкіл тобырдың қырылып қалуы мүмкін еді. Осындай қиыншылықтарға қарсы күресе жүріп олар даму үстінде болды. Адамдар тастан шыққан ұшқынға, ағашты бір-біріне үйкелеп қыздырған ұсақ жаңқаға жүн немесе өсімдік талшығынан жасалған білтені тұтату арқылы отты өзі жағуды үйренді. От жағуды үйрену адамдарды кездейсоқ табылған отқа тәуелді болудан құтқарды. Отпен адамдар жылынып, жыртқыш аңдардан қорғанды, ас пісіріп жеуге мүмкіндік туды.

10 –Cұрақ

Аналық рулық қауымның пайда болуын талдаңыз?

Адамның шығуы, оның дамуы мен еңбек қызметіннің тарихы жердің түпкір-түпкірінің бәрінде бір-біріне өте ұқсас және өзара тығыз байланысты. Қазақстанның территориясы –планетаның шағын бөлігі, сондықтан оның тарихы бүкіл дүние жүзілік тарихтың бір тарау ғана болып табылады.

Адамзаттың ежелгі өткен заманының көп беттері әлі анықталған жоқ, түсініксіз мәcелелер мен даулы қағидалар әлі көп.

Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жер бетіндегі адам баласы осыдан 2-2,5 миллион жыл бұрын пайда болған. Жер жүзінде еңбек етуге қабілетті болған ең ежелгі өмір сүрген адам хомохабилис – «шебер адам» (презинджантроп) болып есептелінеді. Оның сүйек қалдықтары далбарлап жасалған шапқы құралдармен (чопперлермен) бірге 1959-1963 жылдары Олдувэй шатқалынан (Шығыс Африка - Кения) табылды. Ол 1 млн. 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Хомо хабилистің мыйының көлемі (652 см3) австралопитек маймылдарының мыйынан біраз асады. Бірқатар басқа ерешеліктері болған, мәселен, түргеліп жүргендікті аңғартатын, айқын білінетін табан имектігі. Алғашқы адамдардың (олдувэйлік) еңбек құралдары: қырын өткірлеу үшін ұрып жұқартылған малта тастар мен дөрекі ауыр тас сынықтары (чопперлер) болды. Адамның эволюциясындағы одан кейінгі қадам хомо эректус – «тік жүретін адам» сатысына байланысты. Бұл тұрпаттың өкілдері тас дәуірінің Шелль-ашель мәдениетінің иелері питекантроп пен синантроп болды. Питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Ол бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрді. Питекантроп Хомо хабилиспен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшырады. Мый көлемі үлкейді (950 см3), бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейді, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерді. Тік жүретін адамның екінші бір түрі синантроп болды; ол бірінші рет 1927 неғұрлым процестік белгілері байқалады. Бұл белгілір: мый қабығының көлемі үлкен (1075 см3) , мандайының тайқылығы азырақ, қабағы жатық, иегі ықшам. Синантроптың сыртқы бейнесінен дамудың Чжоу-коу-дяньда табылған қазбалардың айтарлықтай ерекшелегі сол, синантроптың сүйектерімен бірге онда әр түрлі формадағы дөрекі тас құралдар, отта көп жатқан тастар және төмеңгі палеолит жануарлараның көп сүйектері табылды. Демек, синантроптар сол кездің өзіңде отты пайданала білген. Адамның эволюциясындағы келесі қадам Хомо Сапиенс саналы адамның пайда болуымен байланысты.

11-Сұрақ

Наши рекомендации