Азақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама
1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз ҚРның негізгі заңы – Конституциясы қабылданды. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум ҚРның жаңа Конституциясын қабылдады. Онда мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың ұйымдастырылуы және болашаққа бағдар ұстай отырып қызмет ету ұстанымдары белгіленген. Адамның және азаматтың конституциялық мәртебесі, бүкіл халықтың мәртебесі, мемлкеттік билік пен мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі ретіндегі адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары және міндеттері баян етілген. ҚРның Конституциясы тоғыз бөлімнен, 98 баптан тұрады. «Жалпы ережелер» деп аталған I бөлімде ҚРның саяси сипаттамасы, қызметінің түбегейлі ұстанымдары көрсетілген; президенттік басқару нысаны, құқықтың қолданылуы айқындалған; идеологиялық және саяси алуандылық, меншікке қатысты қағидалар тұжырымдалған. Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, азамат және азаматтыққа байланысты ережелер «Адам және азамат» деп аталған II бөлімде жинақтылып берілген. ҚР Конституциясы бойынша заң мен сот алдында жұрттың бәрі бірдей; азаматтардың өмір сүруге, жеке бас бостандығына, еркін қоныс аударуына, саяси бірлесуге, еңбек етуге, меншік иесі болуына, денсаулығын сақтауға, ұждан бостандығына, білім алуға, т.б. құқығы бар. Адамды қорлауға болмайды, ары қорғалады. Сонымен қоса, азамат өзіне тиісті конституциялық міндеттерін де абыроймен атқаруға тиіс.
III бөлімде Президенттің, IV бөлімде Парламенттің, V бөлімде Үкімет құрамдарының жасақталуы, сайлану және тағайындалу мерзімдері мен заңдары, өкілеттіктері, атқаратын қызметтері, түрлі саяси ахуалдағы әрекеттерінің бағыттары, өзге органдармен байланыстары, ел экономикасын дамыту бағытында атқаратын жұмыстары, ішкі сыртқы саясатты айқындап жүргізуі т.б. баяндалған.
VI бөлімде Конституциялық кеңестің құрылуы мен қызметінің бағыттары, VII бөлімде соттар мен сот төрелігінің жасақталуы, атқаратын қызметінің мазмұны мен реттілігі туралы айтылған. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару ережелері VIII бөлімде тұжырымдалған. Соңғы IX бөлімде қорытынды және өтпелі ережелер берілген.
ҚР Конституциясының жоғары заңдық күші бар. Мұның мәні мемлекеттік органдар қабылдайтын заңдар мен нормативтік актілер Конституцияға қайшы келмейтін болуға тиіс дегенді білдіреді.
Ылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері.
Қылмыстық жауаптылық деп қылмыс жасаған тұлғаға қолданылатын қылмыстық құқықтық шаралардың барлығын айтамыз. Негіз болған жағдайда, қылмыс жасаған тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыстық жауаптылықтан, іс қимылда белгілі бір қылмыстың құрамы болған кезде босатылады. ҚРның қылмыстық кодексінде қылмыстық жауаптылықтан босатудың 5 негізі қарастырылған: 1) шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; 2) қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату; 3) жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; 4) жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; 5) ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
Қылмыстық кодексте жазадан босатудың мынадай 8 негіздері көрсетілген: 1) жазаны өтеуден мерзімінен бұрын – шартты түрде босату; 2) жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру; 3) жүкті әйелдердің және жас балалары бар ш»әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру; 4) ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату; 5) төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру; 6) айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату; 7) рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату; 8) соттылық.
Аржылық бақылау.
Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің ақша қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе және ол төмендегідей бінеше бөліктерден тұрады: 1) бақылау субъектісі; 2) бақылау объектісі; 3) бақылау заты (тақырыбы);4) бақылаудың мақсаты; 5) бақылауды іске асырудың әдістері.
Қаржылық бақылаудың субъектісі болып қаржылық бақылауды іске асыруға құзіреті бар арнайы мемлекеттік не мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар табылады. Сондықтан, тікелей тексеруші қаржылық бақылаудың субъектісі, ал тексерілуші объектісі болады.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың объектісіне осы бақылаудың шеңберіне ілінген тұлғалар, нақты айтсақ: 1) мемлекеттік органдар; 2) мемлекеттік заңды тұлғалар; 3) мемлекеттік емес заңды тұлғалар; 4) азаматтар жатады.
Қаржылық бақылаудың заты (тақырыбы) қаржылық қатынастардың субъектісі ретінде өзінің міндеттерін атқару тұрғысынан қарағандағы бақылау объектісінің іс-қимылы (әрекет не әрекетсіздік).
Қаржылық бақылаудың мақсаты: біріншіден, қаржылық құқықтық қатынасқа қатысушылардың өздерінің қызметтік міндеттерін сапасыз атқаруын және олардың қаржы саласындағы құқық бұзушылық фактілерін анықтау; екіншіден, кінәлілер мен айыптыларды тауып, оларды заңнамаларда көрсетілген тәртіп бойынша жауапқа тарту; үшіншіден, қаржылық тәртіп бұзушылықты және оның салдарларын жою.