Ола дәуіріне жалпы сипаттама. Қола дәуіріндегі Андронов мәдениеті.
Қола дәуір – біздің заманға дйін ІІІ-ІІ мыңжыл (XVIII-VIII ғасыр бздің заманға дейінгі). Біздің заманға дейінгі ІІ мың жылдық адам қоғамының дамуының жаңа сапалы сатысымен анықталады. Бұл кезең өндірістік шаруашылықтың толық жеңісі және рулық қатынастардың ыдырауының басы болды. Мәдени және этникалық қатынастарда – Қазақстан аумағында және оған шекаралас жерлерде туыстық тайпалар таралу аймағының қосылу кезеңі болды. Андроново селосы жанынан Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы іргесінде табылған алғашқы қазбалар орнына байланысты андронов мәдениеті атауына ие болды.
Андронов мәдениетінің зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі хронологиямен, уақыт межесін анықтау ісімен байланысты, зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын үш кезеңге бөледі»: ерте қола – б.з. дейінгі 18-15 ғ.ғ.(Нұра кезеңі-Орталық Қазақстан; Федеров кезеңі-Солтүстік Қазақстан); орта қола – б.з. дейінгі 15 – 12ғ.ғ., (Алакөл кезеңі-Орталық Қазақстан, Атасу кезеңі-Солтүстік Қазақстан); кейінгі қола – б.з. дейінгі 12 – 8 ғ.ғ. басы (Андронов мәдениеті көшпелі мәдени бірлікпен алмастырылды – Беғазы-Дәндібай мәдениеті-Орталық Қазақстан, Қима мәдениеті-Батыс Қазақстанда қалыптасқан).
Қола дәуірінің бірінші ерекшелігі – алтын және полиметалдарды өндірістік игеру. Қазақстанның орталық, шығыс, солтүстік аудандарында археологтар көптеген ежелгі қазбалар ашты.
Тау-кен өндірісі процесін толық қалпына келтіруге қол жеткізілді. Қалайы, алтын, мыс өндірудің жалпы белгілерін біз білеміз. Қалайы мен мыстың қоспасы – қола пайда болды. Қазақстан аумағында қалайы мен мыстың қоспасы – қола пайда болды. Қазақстан аумағында қалайы мен мыстың шикізат ретінде мол болуы, қола металлургиясының гүлденуіне жол ашты.
Алғашқы тайпалардың шаруашылығының екінші ерекшелігі, мал шаруашылығындағы ерекше жетістіктері және оны ежелгі өндірістің жетекші саласына айналдыруында болды. Бұл жетістікке қысқа мал азығын дайындау және ет тағамдарымен өздерін толық қамту үшін малды қолда ұстау нәтижесінде қол жетті. Біздің заманымызға дейінгі ІІ мыңжылдық және І мыңжылдық басында тіршіліктің жаңа түріне, яғни сапалы мал шаруашылығына көшу жағдайлары қалыптаса бастады.
Қола дәуірінде мал шаруашылығының дамуы – (үй жануарларын өсіру, бағу, аттарды үйрету, малды күзету) – ер адамдардың еңбегін қажет етті, сөйтіп енді қоғамда ер адамның ролі өсті, аталық дәуірдің орнауына әкеп соқты. Матриархаттың орнына патриархат келді.
Енді аңшылық немесе жеміс-жидек жинау емес, ең негізгі күнкөріс көзі – мал шаруашылығы болды. Онымен ірі оқиға байланысты: еңбекті ең алғашқы қоғамдық бөлу пайда болды, мал шаруашылығымен айналысатын тайпалар жалпы халықтан бөліне бастады.
Егіншілік те нәтижелі дамыды. Бидай, арпа, тары себілді. Қоланың: көне метталургиясы негізінде, мал шаруашылығы мен теселік егін шаруашылығы негізінде Қазақстан даласында таралу аумағы біздің мемлекетіміздің қазіргі шекарасынан неғұрлым кеңірек қамтылған бірыңғай мәдениет қалыптасты.
Осы мәдениет таралған кеңістік, андронов мәдениеті атауына ие болды және батыста Оңтүстік Оралдан Енисейге дейін, шығыста Шығыс Сібір мен Солтүстік Қазақстанға, Оңтүстікте Орта Азияның жерлерін қамтыды. Бұл қола дәуіріндегі Еуроазиядағы ең ірі мәдениеттің бірі болды.
Андронов тайпаларының шаруашылығы кешенді сипат (мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы) алды. Бірақ, олар негізінен отырықшылық өмір сүрді және өз қоныстарын дала өзендері жағасында, жайылма шалғындарда орналастырып отырды.
Бұл тайпалар үлкен аталық рулар отбасыларымен өмір сүрді, тұрақтары – жер үйлер, жеркепелер болса және оларға қосымша малға арналған шаруашылық қоралары салынды.
Андроновшылардың салт дәстүр, діни нанымдарында қайтыс болғандар бейнелері өте зор роль алған. Олардың бәрі тірілермен өз байланысын үзбейді деп санаған. Өлгендердің ажалсыздығына сенім, ол жақтағы тіршілікке сенім, жерлеу дәстүрін бір керемет күрделі салт дәстүрге айналдырды. Тас қоршаумен жерлеу құрылыстары салынды. Өлгендерді не жақты, немесе табытта жерледі.
Андроновшылар қалай көрінеді? Олар нәсілдің түрі бойынша бет пішіні ерекше қоңқа мұрын, жалпақ бет, көздері үлкен европеоидтар болды. Олар – сомды денелі, ірі мүсінді адамдар болды.
Ғалымдар болжауы бойынша тіл қатынастарында олар біздің заманға дейінгі ІІІ мың жылдық басында индоеуропа тілі құрамынан бөлініп шыққан, ірі индоиран тобына жатады.
Андронов мәдениітінің шығу тегі туралы әрқилы гипотезалар бар:
Біріншісі – бұл мәдениет Қазақстанның энеолиттік аңшылар мен жинақтаушылар ортасына өндірістік шаруашылық түрлері мен дағдыларын әкелген Орталық Азия жұртының көшу нәтижесі деп жобалайды.
Екіншілері – андроновтықтардың шығу тегін біздің заманға дейінгі ІІІ мың жыл бұрын индоеуропалықтардың өздерінің алғашқы Отаны – Оңтүстік шығыс Еуропа, оңтүстік және батыс бағытта көшуімен байланыстырады.
Үшіншілері – бұл мәдениет біздің заманға дейінгі XVIII ғасырда қазақ даласының солтүстігінде энеолит тайпаларының табиғи дамуының негізінде туды деп болжамдайды.
Біздің заманға дейінгі ІІ мыңжылдыққа қарай ежелгі Қазақстан экономикасы мен қоғамында едәуір өзгерістер байқалады. Андроновтықтар жүйесі күрделі өзгерістерге ұшырады. Орталық Қазақстанның асқан некропольдары, жоғары сапалы және бай әшекеленген геометриялық өрнектермен оюланған керамика Жезқазған, Зырян аумағының 100-ге тарта қоныстарында табылған.
Біздің заманның XV ғасырына дейінгі кезең, андронов мәдениетінің гүлдену кезеңі, бұл кезеңде көшпелі шаруашылыққа көшу кезеңінің буыны болатын мал шаруашылығының жаңа түрі – жайылымдық түрі туды.
Малшылар көктемде малдың бір бөлігін алыс жайылымдарға немесе шабындықтарға айдап әкетіп, өздері сол малмен бірге көшіп, тек күзде ғана елді мекендерге оралып отырды. Алыс жайылымдарда жеңіл үйшіктер, киіз үйлер тұрғызатын еді. Тұрақтар маңайында малшылар қазған құдықтар болады.
Өмір кешудің мұндай өзгерістеріне себеп табынның құрамында көбірек қой, жылқы т.б. қардың астынан жайылым теуіп жейтін және ұзақ жолға шыдамды жануарлар болатын.
Ұзақ көштерге шыдамды бейімделген төрт дөңгелекті арбаларға орналастырылған киіз үйлер пайда болды. Бұл дәуірде ежелгі Қазақстанның оңтүстік жұртшылығы түгелдей көшпелі мал шаруашылығына ауыспады (Сырдарияның етегі), олар егіншілікпен айналысты. Осы кезеңде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің өзара байланысы мен қатынасы анықталып, соңғы мыңжылдықтағы Қазақстан тарихына өшпес таңба қалдырды.
Металлдарды, мыс, қола, күміс, алтын, т.б. игеру жаңа дәуірдің белгілерінің бірі болды. Біздің заманның IV мыңжылдық соңында Орта Шығыста мемлекеттер пайда бола бастады. Мұнда алғашқы өмір сипаты аяқталды, бірақ, ол жер шарының көп бөлігінде әлі де жалғасты.
Мал шаруашылығымен және егіншілікпен үнемі шұғылданған адамдар өздеріне қанша азық-түлік қажет болса, сонша дайындауға мүмкіндік алды. Ал артық дайындауларын өздерін басқа қолөнер: ыдыс дайындау, мата тоқу, тас, металл бұйымдар дайындауды үйренуге жұмсады, яғни айырбасқа азық-түлік берді. Дайындаған бұйымдарының бір бөлігін көрші, туысқандарына беріп отырды, ал олар орнына азық-түлікпен алмасты. Сонымен бірге қыстақтарда тәжірибелі: шаруашылық жұмыстарды, салт дәстүрлерді жақсы білетін адамдар да болды. Тұрғындар арасында келіспеушілік туған жағдайда солардың беделіне сүйеніп шешетін болды. Бұл адамдардың беделінен басқа өз шаруашылықтары болды, сондықтан көпшілік үшін жасаған өз кәсіптері үшін ешқандай ақы алмады.
Бірақ қоғам өміріне басшылық ету күннен күнге күрделене түсті. Бұрынғы басшыларға өз шаруашылығымен шұғылдануға мүмкіндік бермейтін жаңа міндеттер қосылып отырды, сондықтан олар көпшілік өндірген азық-түліктің бір бөлігін алып отыратын болды.
Алғашқыда көшбасшылар сайланбалы болды және оның билігі оның беделінде болды. Бірақ, біртіндеп олардың жақын туыстарынан ақсүйектер қалыптасты. Андроновшыларды жерлеудің өзі қоғамның жіктелуі әлеуметтік топтарға бөлінгені туралы түсінік береді, ол жерлеудің “байлар” мен “қарапайымдар”ға бөлінуінен көрінеді.
Қоғамда қарапайым қауымдастықтармен, яғни өз руын қорғау жолында соғыспен жаугершілікпен, байлық пен даңқ әкелетін әскери ақсүйектер мен жауынгерлер де өмір сүрген.
Андроновтылықтарда қару - соғыс қаруы және табыну заты. Жылқы-ат өлі адам жерлеу рәсімінде, қасиетті орындарда ең басты құрбандық табағы болды.