Жеке табыс салығ бойынша салық салу объектiлерi

1) төлем көзiнен салық салынатын табыстар;

2) төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар түріндегі табыстары

Жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебiнен төленетiн атаулы әлеуметтiк көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар;

2) жеке тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеу;

3) қызметкерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда – оларға осындай жұмыстың әрбір күніне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 0,35 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі өтемақы төлемдері;

осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметтiк iссапарлар кезiндегі:

Қазақстан Республикасының шегінде қырық тәулікке дейін іссапарда болған кезең үшін - тәулігіне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;

Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде қырық тәулікке дейін іссапарда болған кезең үшін - тәулігіне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар; және т.б. ҚР СК 155-бабының 2-тармағында көрсетілгендер.

Төлем көзінен салық салынатын табыс – жеке тұлғалардың ақшалай түрде алған барлық табыстары.

Төлем көзінен салық салынатын табыстарға олардың мынадай түрлері жатады:

1) қызметкердің табысы;

2) жеке тұлғаның салық агентінен түсетін табыстары;

3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi;

4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс;

5) стипендиялар;

6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс.

Төлем көзiнен салық салынбайтын табыстарға жатады:

1) мүлiктiк табыс;

2) дара кәсiпкердiң табысы;

3) жекеше нотариустар мен адвокаттардың табысы;

4) басқа да табыстар.

3.Қосылған құнға салынатын салықты 1954 жылы М.Люре (Франция) енгізіп, айналымға салынатын салықты алмастыруға қабілетті салық ретінде бейнеледі. Бұл салық Франция жерінде 1968 жылы толығымен енгізіліп болды. Кейін келе Еуропалық Одаққа мүшеболғысы келетін мемлекетке қойылатын алғышарттардың бірі болып саналды.ҚҚС- Қазақстан Республикасында 1992 жылы енгізілді.қазаргі кезде ҚҚС Қазақстан Республикасының бюджет кірістерінң ең негізгі көздерінің қатарынан саналады.

Қосылған құн салығы – тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударым.

Қосылған құн салығын төлеушілер –Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрған мынадай тұлғалар:

- дара кәсiпкерлер;

- мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, резидент – заңды тұлғалар;

- қызметiн Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;

- сенімгерлікпен басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылармен сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымды жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушылар;

Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады.

Салық салу объектілері мыналар:

1) салық салынатын айналым;

2) салық салынатын импорт қосылған құн салығы салынатын объектілер болып табылады.

Дәріс. Акциздер. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу. Әлеуметтік салық.

Жоспар:

Акциздер. Салық салу объектісі, төлеушілері, салық базасын айқындау тәртібі, төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі.

Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтары: бонустар, роялти, үстеме пайда салығы.

Наши рекомендации