Ішінара бақылауды іріктеудің әдістері мен тәсілдері
Мысалы: халық санағы кезіндегі жазылып алынған көрсеткіштерді ішінара аралап тексеру арқылы олардың дұрыстығын анықтауға болады.
Статистикада ішінара бақылауды жүргізгенде екі жиынтық бірліктері, - негізгі немесе жалпы және ішінара бақылау – бірге қолданылады. Зерттеуге алынатын қоғамдық құбылыстар, процестер, заттар жиынтықтарының барлығын жалпы жиынтық деп, ал жалпы жиынтықтың ішінен тексеруге іріктеліп алынған бөлігін ішінара жиынтық бірліктері деп атайды.
Ішінара бақылауды жүргізу кезінде келесі негізгі сипаттамалар мен белгілер қолданылады:
N – зерттеуге жататын барлық жиынтық бірліктерінің саны (жалпы жиынтық);
n – ішінара бақылауға алынған жиынтық бірліктерінің саны (ішінара жиынтық);
– жалпы жиынтықтың орташа шамасы (жалпы орташа);
– ішінара жиынтықтың орташа шамасы (ішінара орташа);
– жалпы жиынтықтың шашырандылығы (жалпы шашыранды, дисперсия);
- ішінара жиынтықтың шашырандылығы (ішінара шашыранды, дисперсия);
М – жалпы жиынтықтың ішінде өзіне тән белгісі бар бірліктер саны;
m – ішінара жиынтықтың ішінде өзіне тін белгісі бар бірліктер саны;
Р – жалпы жиынтықтың ішінде өзіне тән белгісі бар бірліктердің үлесі:
W – ішінара жиынтықтың ішінде өзіне тән белгісі бар бірліктердің үлесі:
Δ (дельта) – ішінара бақылаудағы қатенің шегі;
μ (мю) – ішінара бақылаудағы орташа қате;
Ғ – ықтималдылық;
t – ықтималдылық сенім коэффиценті.
Осы сипаттамалар мен белгілерді қолдану арқылы ішінара бақылаудың қажетті көрсеткіштерін есептеп және жалпы жиынтық көрсеткіштерімен салыстыруға болады.
Егер ішінара бақылауға алынған бірліктердің саны неғұрлым көп болса, одан шыққан көрсеткіштер жүйесі соғұрлым жалпы жиынтық көрсеткіштеріне жақын болады немесе оны келесі формула ретінде жазуға болады:
= ; ≈ ; W ≈ P.
Статистикада жалпы жиынтықтан ішінара бақылау бірліктерін іріктеп алу әртүрлі әдістермен жүргізіледі. Соның ішінде жиі қолданылатын түрлері: жай кездейсоқ іріктеу; механикалық, типтік және сериялы іріктеу.
Жай кездейсоқ – жалпы жиынтықтың арасынан ішінара бақылауға алынатын бірліктер кездейсоқ немесе жеребе арқылы іріктеп алынады.
Механикалық іріктеу – бұл әдісте жалпы жиынтық бірліктерінен белгілі бір қашықтықта жатқан бөліктері өзіндік тәртіппен іріктеліп алынады. Мысалы: тігілген аяқ киімнің әрбір бесінші немесе оныншы бірліктері тексеруге алынады.
Типтік іріктеу: ішінара бақылаудың осы әдісінде жалпы жиынтық бірліктері өздеріне тән типтік белгілері бойынша жеке топтарға бөлінеді, содан соң пропорциялық үлесі арқылы әр топтан кездейсоқ немесе механикалық әдіспен зерттеуге жататын бірліктер іріктеліп алынады.
Сериялы іріктеу– бұл әдісте жалпы жиынтық бірліктерінен іріктеп алу сериялармен, топтармен алынады, әр серия, топ бірліктері жаппай бақылауға толығымен алынады, ал одан шыққан қорытынды көрсеткіштер жалпы жиынтыққа таратылады.
Ішінара бақылау әдісін қолдану кезінде алынған көрсеткіштердің дұрыстық дәрежесін анықтау үшін жіберілген қатенің шамасын білу қажет. Қате деп нақты факті мен зерттеу көрсеткіштерінің арасындағы сәйкессіздікті, айырмашылықты айтады.
Оның өзі тіркеу қатесі және ішінара бақылауда жіберілетін репрезентативті (өкілдікті) қате болып екіге бөлінеді:
Тіркеу қатесі- әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерге әсерін тигізетін себептерді дұрыс анықтамаудан тұратын қате.
Репрезентативті (өкілдікті) қате – ішінара бақылаудан алынған сипаттамалар () мен жалпы жиынтық сипаттамалар () арасындағы айырмашылықты айтады. Қатенің бұл түрі тіркеу қатесі жіберілмеген жағдайда, тек ішінара бақылау жүргізілгенде ғана болады.
Репрезентативті (өкілдікті) қате жүйелі және кездейсоқ болып екіге бөлінеді.
Іріктеу қайталанатын және қайталанбайтын болып бөлінеді.
Қайталанатын іріктеуде-әрбір алынған бірлік немесе серия жалпы жиынтыққа қайтарылып, жаңадан іріктеуге алынуы мүмкін.
Қайталанбайтын іріктеуде - әрбір зерттелген бірлік жалпы жиынтыққа қайтарылмайды, сондықтанжаңадан іріктеуге түспейді.