Синхронды аудармада етістік мәселелері
Орыс етістіктерінің: екі түрін – аяқталған және аяқталмаған, оның тіреуін, жақсыз формасын, есімшелік және көсемшелік айналымын, әдетте, оның уақыт жүйесінің шектеулілігінің кезекті ребусі түрінде көрсетіледі. Негізгі мәселе, орыс етістіктерін ағылшын тіліне аудару барысында, автоматты түрде осы, өткен, келер шақ соңғы уақыт қимылын алдын ала анықтамайды, немесе ағылшын тілінде орыс етістіктері үшін нақты грамматикалық эквиваленттер түрлі пішінде болмайды. Нәтижесінде, аудармашыға ағылшын тілінің етістіктерін қолдану барысында жай және күрделі уақытты байыппен қолдану керек.
Ең күрделісі де, қиыны уақыттың «үйлесім» түрі болып табылады. Алғашқы секундтан бастап жаңа сөйлем немесе сөйлем үзіндісінің аяқталған және аяқталмаған түрлері аударылған ойды дұрыс жолға итермелейді. Өкінішке орай, осы сәттегі етістіктің уақыты әрқашан көріне бермейді, ол грамматика мен синтаксистің ықпалын соңғы сөзінің фразасына шейін түрлендіруі мүмкін.
Уақыт туралы шешім қабылданған соң, аудармашы ағылшан етістігінің формасын пайдаланбағаны үшін көп жапа шегеді.
Бұрынғы ТАСС-тың ағылшынша аудармасында етістіктің уақыты мен айналымын дұрыс қолданбайтын мысалдар көп кездеседі.
For many centuries now, Spaniards are living without paying attention to what is happening beyond their country.
This is successor to the association which was active for nearly a decade recently.
The play was banned from being performed at the Taganka.
Wе were recommended to spend our holidays in the mountains.
Ал мына мысалда уақыт түрленеді. «Сіз мені ашуландырасыз» деген сөйлемнің аудармасы контекстке байланысты болады.
Егер сізді айтушы күнде ашуландыратын болса, онда былай айтуға болады: You annoy/irritate me.
Бірақ сіз мұны тек қана дәл уақытында жасасаңыз, негізінде, өзіңізді жақсы сезінсеңіз, онда былайша айтқан жөн: You are irritating annoying me.
Қандай да бір іс-қимылдың үзіліссіз жалғасуын айрықша атап көрсетуі үшін, орыс тіліндегі етістіктің осы және келер шағы жиі қайталанады.
Дәлме-дәл үзіліссіз аудару ағылшыншада осы және өткен шақта қайталанылуы өте жағымсыз естіледі.
Мына мысалда осы/келер шақ етістіктің аяқталмаған түрімен үйлеспейді:
Біз майдандас Африка елін қолдаймыз және қолдайтын боламыз. We support and will support the front-line African states.
Бұл өте жаман естіледі. Мынау әлдеқайда жақсы:
We have always supported the front-line states. We are continuing to support the front-line states. We shall continue to support the front-line states.
Етістікті зат есіммен де ауыстыруға болады: We shall continue our support the front-line states.
Мұндағы continue етістігі немесе күрделі формадағы өткен шақта have supported болады , яғни өткен шақтағы іс-әрекет қазір де орын алады және келер шақта жалғасын табады.
«Жалған болашақ» және «жалған өткен шақ» деген тіркестер «алдағы», «бұрын» және де «бұрынғыша» деген сөздерде жеткізіледі, ал ағылшыншада in the future, earlier немесе formerly деген сөздерде өткен шақ пен келер шақтың қимылын табуға тура келеді. Осындай бір айналымдар етістіктің аяқталған түрімен көрінеді, олар процесстің аяқталып біткен емес жалғасы ретінде байқалады.
Біз шет елдермен халықаралық байланысты жақсарту үшін бірдей қарым-қатынас жасайтын боламыз.
We shall continue to act/work with the other countries to improve international relations.
Кейбір конструкцияларда орыс инфинитиві келер шақпен ағылшын етістіктерінде жақсы көрінеді.
Баланың аты - бала. - Children will be children.
Ұмытпау немесе ұмытып кетпеу? Мұнда етістіктің түрі аудару барысында шешуші рөл атқаруы мүмкін. Басқа шешімдермен де сондай қарым-қатынаста болуы мүмкін. Соңында «ол сөйледі» мен «ол айтты» деген сөз ағылшынша бірдей аударылады. Өзіңізді қойып көріңізші, сіз уәкілдер қызығатын, қарарлар қабылданатын халықаралық конференциядағы аудармашымыз.
Және олардың бірі : «Біз бұл тапсырманы екі аптада бітірдік» десе, ал басқа біреуі: «біз кеше шештік бұл тапсырманы» деп хабарлайды. Екі сөйлемнің айырмашылығы қатысқандар үшін маңызды болып саналады немесе алғашында нақты емес мәселені шешіп, ал содан соң оны артынан анықтайды. Классикалық мысалдарда да осындай айырмашылық бар: «Колумб Американың ашылғанына емес, оны ол ашқанына қуанды.» Немесе: «Ол екі апта бойы қиналып, кеше кешкісін қайтыс болды». Екі сөйлемде де бірмағыналық емес етістіктің түрі индикатордың аяқталған іс-әрекеті іспетті анық көрінеді. Ағылшыншада бұл жай және күрделі кезеңді білдіреді: while Columbus was discovering America, he was dying for two weeks.
Тілші Кэтфорд мынадай мысал келтіреді:
Бельтов осы он жыл ішінде не істеді? Бәрін, бәрін дерлік жасады.
Ол не жасады? Ештеңе, тіпті, дәнеңе де жасаған жоқ.
Және де тағы бір жайтқа тоқталайық. Аудармашы «істеп шығу» мен «жасаудың» айырмасын білген дұрыс. Бұл ағылшыншада жеке етістік ретінде қолданылады.
What did he achieve? дегеннен What did he succeed in doing? ұзақ әрі, жағымсыз естіледі. Бұл туралы американдық лингвист Тоусен былай мәлімдейді:
A Russian conative verb is an imperfective verb which, in addition to other aspectual meanings (e.g. it may admit durative or iterative meaning , or both), signals an attempt to carry out an action whose successful conclusion is expressed by a formal perfective partner, e.g. «сендіру» - try to convince vs. «нандыру»- convince; «шешім шығару» - try to solve vs. «шешу»- solve. English may have altogether different verbs as its most common translations of these Russian aspectual partners; e.g. «оқу» - study vs. «үйрену» - learn, «ашу» - look for vs. «табу» - find.
Аудармашының уақыты мен күшін көп алмайтын, жиі және мағыналы конструкциялар бар.
Тез /екпіндей өсу to mushroom, jump, soar, spiral
Аяқ астынан құлап қалу/ қысқарту to dwindle, slump, slash
Күрделі де тіркесті формаларды қарапайым және қысқа сөздермен ауыстыру (do, make, get, work, write, come, go) , оларды жиі қолдану синхронды аударманың жақсы мүмкіндігі болады, және де аудиторияның қызығушылығын түсініктілігі де, анықтылығымен баурап алады.
Лекция 14