Ауылшаруашылығында салық салу. Салық салудың ерешеліктері мен түрлері
Салықтар – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Агроөнеркəсіптік кешенді мемлекеттік басқаруда маңызды орынға экономикалық əдістер ие. Экономикалық реттеу əдісі ауыл шаруашылық кəсіпорындарының өндірістік шаруашылық қызметтерінің өз бетіншелігін қамтамасыз етеді, яғни аграрлық қызметті
жүзеге асырушы тараптардың экономикалық мүдделі болуына негізделеді.Экономикалық
механизм өзіне барлық ынталандыру əдістерін кіргізеді, мысалы, жоспарлау,
қаржыландыру, несие беру, салық салу, материалдық ынталандыру. Мемлекеттік салық саясатында ауыл шауашылығына қатысты жеңілдікпен салық салу арқылы олардың ынталандырушы функциясын күшейту керек. Салық салудың негізгі объектісі ретінде жалпы табысты ғана алу тиімді болар еді.Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәр-тібін көздейді, бұл режим акцизделетін өнімдерді өн-діру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қос-пағанда, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру, өзі өндірген өнімдерін қайта өңдеу және оны өткізу жө-ніндегі шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметіне қолданылады. Жеке меншік құқығындағы және жер пайдалану құқығындағы (қайталап жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде, шаруа немесе фермер қожалықта-рына арнаулы салық режимін қолдану құқығы бері-леді.
Салық төлеуші салықтың өтінішпен бірге бір мезгілде нотариат куәландырған немесе селолық (кенттік) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттарының, жер ре-сурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген, нотариат куәландырған немесе селолық (кенттік) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелерін бағалау құнын айқындайтын актілердің көшірмелерін табыс етуі керек.
Жер учаскесін бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін салық салу объектіcі болып табылады. Жайылымдар, шабындықтар және арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын басқа да жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнының 0,1% мөлшерін қолдану арқылы жүргізіледі. Шаруа немесе фермер қожалықтары жер пайдалану құқығындағы бірыңғай жер салығын жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін есептейді.
Бірыңғай жер салығын төлеушілер әрбір қызметкер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелері үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 20 пайыз мөлшері бойынша әлеуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелері олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап туындайды.
Әлеуметтік салықтың есептелген сомасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады, әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтік салықтың сомасы нөлге тең болады.
Бірыңғай жер салығын, әлеуметтік салық-ты, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдалан-ғаны үшін төлемақыны, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақыны, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мынадай тәртіппен:
1) салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазаны-на дейін есептелген соманы төлеу ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірілмей;
2) салық кезеңінің 1 қазанынан 31 желтоқ-санына дейін есептелген соманы төлеу есепті са-лық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 10 сәуірінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Әлеуметтік салықты және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын төлеу жер учас-келерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі. Бір-ыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда (920.00 есептік нысан) бірыңғай жер салығының, әлеуметтік салықтың, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, жер беті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрініс табады. Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.