Мәдениеті. Үй кәсібі мен қолөнеріндегі ерекшеліктер, халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі. 2 страница
36.Абылай хан саяси және мемлекет қайраткері.
Абылай хан туралы көптеген дастандар, аңыз-əңгімелер, өлең–жырлар, тарихи деректер мен зерттеулер бар. Абылай хан батыр, Орта жүздің сұлтаны, сосын Орта жүз жəне де бүкіл қазақ халқын біріктіріп, қазақ хандығын біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалып, оның Ұлы ханы болып, өзіне қазақтың барлық хандары мен билерін– сұлтандарын бағындыра алған жəне де саяси қайраткер, ақылды қолбасшы, дарынды мəлімгер, күйші болған.Абылай хан бүкіл өмірін қазақ халқы (қазақ елінің) бостандығы, егемендігі үшін арнады. Абылайдың шын аты -Əбілмансұр. 1711 жылы əкесі Көркем Уəли Түркістанға сұлтан болып тұрған кезде дүниеге келген. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Абылай 12 жасында жауынгерлердің қатарына қосылады да, 22–де батыр, қолбасшы ретінде танылады. 1740 жылғы шайқаста Абылай қазақ жауынгерлерінің тікелей қолбасшысы болды. Абылай сұлтан бұл кезде қазақтарды біртіндеп жоңғар шабуылдарынан құтқарып, елдің тыныштығын, халықтың тұтастығын, мемлекеттің егемендігін, тəуелсіздігін сақтап қалуды мақсат еткен. Бұл мақсатты іске асыру барысында ол Ресей империясының 1740 ж. Орынборда (тамыздың 28-і) сұлтан Абылай Ресей империясының өкіметіне, кейін Қытай мемлекетінің бодандығын қабылдауға мəжбүр болды.екі жүзді саясат ұстанған болатын. Екі ірі мемлекетпен дипломатиялық, сауда қарым–қатынастарын орнатып, кезінде жоңғарлар басып алған Алтай, Тарбағатай өңіріндегі қазақ қоныстарын қайтарып алды. Қазақтар жаппай ата-мекендеріне орала бастады. Жоңғарлармен күресте халықтың басын біріктіруде ерекше рөл атқарды. Абылай сұлтан өзінің шебер саясаткерлігінің арқасында Ресей мен Қытай сияқты ірі империяларды өз саясатымен санасуға мəжбүр ете отырып, іс жүзінде елдің дербестігін, жерінің тұтастығын сақтап қалды. Абылай өткір ойлы, терең білімді шешен адам болған. Бірнеше түрік халықтарының жəне де парсы, қытай, орыс тілдерін жетік білген. 1741 жылы Абылай сұлтан жоңғарлардың қоршауында қалып, тұтқынға түседі. Тұтқында болған екі жыл ішінде олардың тілі мен жазуын үйреніп, жоңғар хандығының ішкі саяси жағдайын жіті бақылап, бұл мемлекеттің күштілігі – мықты орталықтанған билікке бағынуында жəне де халықтың бірлігінде екенін түсінеді. Абылай сұлтан жəне де бірге болған серіктері, барлығы отыз бес адам қалмақ тұтқынынан 1743 жылдың 5-і қыркүйегінде елге қайтып оралады. Абылайдың тұтқындағы екі жылдай уақыт ішінде өзінің қадыр–қасиетін жоғалтпай жоғары ұстауы, сөз жүйесіндегі тапқырлығы мен батылдығы жауларын таңқалдырған. Қалдан Церен Абылайдың даналағына бас иіп, оған жоғары мəртебелі сый–сыяпат көрсеткен. ХҮІІІ ғ. 50-шы жылдары Жоңғар мемлекеті саяси дағдарысқа ұшырап, əлсіреп, ыдырай бастады. Бірақ, Абылай хан ол елді қырып шапқан жоқ. Себебі Қытай империясымен Қазақ елінің арасында буферлік рөл атқарған Жоңғар хандығының мүлдем жойылуы неге əкеліп соғатынын Абылай жақсы түсінген. Сондықтан да ол қалмақ халқының Қытай басқыншыларына қарсы ұлт–азаттық күресін қолдады. Бірақ, қалмақтар ауыз бірліктен айырылды, соның нəтижесінде 1756-1757 жылдары Цин империясы Жоңғар мемлекетін жойып, халқын қырып тынды. Абылай хандық құрған кезде ханның жанында Кеңес болған. Оған барлық жүздердің өкілдері қатысып, маңызды мəселелерді қарайтын жəне де бүкілқазақтық Құрылтай шақырылып, соғыс пен бітім, қоныс пен жайылым, дау мен дамай, басқа халықтармен арадағы сауда мен дипломатиялық қарым – қатынас мəселелері қарастырылып отырды.
Үш жүздің бірлігінің көрінісі ретінде ежелгі Түркістан қаласы қазақ мемлекетінің астанасы болып белгіленді. Орыс казактары салып жатқан бекініс, қамал–қалалардың маңындағы жайылымды жерлерден айырылып қалмау үшін, орыс мұжықтарынан қазақтарға егіншілікті үйретуге əрекет етті. Ал сауда–саттық жүргізу ісіне көп көңіл бөлгені де орынды еді. Бұрын айырбас сауда тек Орынборда ғана жүргізілсе, енді 1760-шы жылдары Троицкіде, Семейде, Қызылжарда жүргізілетін болды. Ертіс өзенінің сол жағын бойлай шығысқа – Қытайға қарай «Абылай жолы» атты сауда жолы салынды. Қазақ хандығы мен Қытай арасындағы сауда–саттық биік дəрежеге көтерілді. Тарбағатай мен Құлжада жəрмеңкелер ашылып, олар қазақтарға малын, қолөнер бұйымдарын Қытай тауарларымен айырбастауға мүмкіншілік тудырды жəне Ресей мен Орта Азия мемлекеттеріне де Қытаймен сауда қарым–қатынасын орнатуға жол ашты. 1771 жылы үш жүздің өкілдері жиналып Абылайды бүкіл қазақтың ханы етіп сайлайды. Оның хан атағын Қытай императоры да, орыстың ақ патшасы да бекітеді. Ресей патшасы Екатерина ІІ Абылайды хандыққа бекіту, əйтпесе, оған əлдебір нұсқаулар беру үшін оны талай рет Петербургке, не Орынборға арнайы шақыртады, алайда Абылай хан ол шақыртуларға: «Мені үш жүзге хан қылып халқым сайлады, ендеше бұған қоса айрықша бір куəлік алудың қажеті жоқ», - деп жауап берген. Қытай империясы бірнеше қайтара шапқыншылық жасап, қазақ жерін жаулап алмақшы болды. Қытай мемлекетін жеңу оңай емес екенін түсінген Абылай хан онымен бейбіт келісімге келіп, сауда–саттықа жол ашып, оны Ресей империясына қарсы қолданған. Ресей патшалығының отаршыл, басып алу саясатының құрбаны болу қаупі тұрғанын сезді. Абылай хан «… өзі əулет басы ретінде рубасыларының ғұрпы бойынша өмір сүру үшін Түркістанда қалды. Сонда 1781 жылы дүние салып, мүрдесі Қожахмет Яссауидің мешіті алаңына жерленді», - дейді Ш. Уəлиханов.. 1781 жылы Абылай хан дүние салғаннан кейін еліміздің тұтастығы ыдырап, Қазақстан тəуелсіздігінен айырыла бастады. Абылай шебер күйші болған. Ханның күйлері туралы Ш. Уəлиханов, А. Затаевич сияқты ғалым–зерттеушілер кезінде жазған. Олар: «Ақ толқын», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Қайран елім», «Қоржын қақпай», «Жетім торы» т.б. «Бұл күйлердің бəрі күні осы уақытқа дейін Абылай ұрпақтарына сонау бір даңқты кезеңдерді елестетеді» дейді Ш.Уəлиханов. Абылай ханның алға ұстаған саясаты, мақсаты – қазақ халқының бостандығы мен бірлігі, мемлекеттігі мен тəуелсіздігі еді.
37.Сырым Датұлы басшылығымен болған қазақтар көтерілісінің себептері, барысы, нәтижесі.ХҮШ ғасырдың 30-шы жылдары Кіші жүзді өзіне тәуелді еткен соң патшалық Ресей біртіндеп қазақ даласындағы отарлау саясатын терендете бастады. Кіші жүз өңірінде қалыптасқан жагдайлар қазақгардың Е. Пугачев бастаған көтеріліске қатысуына себеп болды. Пугачев көтерілісіне қазақтардан басқа башқұрттар, қалмақтар, т.б., қатысқан еді. Бұл көтерілісті басуга патша әкімшілігі жақсы қаруланған жазалаушы әскерді көп жіберді. Жазалаушы эскер Қазан манында көтерілісшілерді басып-жаншыған соң, Пугачев бастаған көтеріпіс жеңіліс тапты. 1775 жылдьщ көктемінде жазалаушы әскер көтеріліске қолдау көрсеткен казак ауылдарына шапқаншылықтар жасады. Бүган шыдамаган қазақтар далага ішкерілей көшіп кетіп, бас саугалайды. Бұл келеңсіз құбылыстарға қоса хан мен патша үкіметінің салған түрлі салыктары, көрсеткен зорлық-зомбылықтары халықты әбден титықтатқан еді. Патшалық Ресейдің жергілікті әкімшпіік орындарьша арқа сүйеген Нұралы хан мен оның туыскан сұлтандары 70-жылдардьщ екінші жартысында халықты канауды күшейтті. Осындай әлеуметтік-саяси себептер С.Датұлы бастаған Кіші жүз казақтарының көтеріліске шығуына негіз болды. Көтерілістің себептері:1.Орынбор губерниясы таратылды да Кіші жүздің көпшілік бөлігі Сібір, Уфа басқармасына бағындырылды. 2.Қазақтардың Жайықтың сол жағалауына өтуін бақылайтын Орал шекаралық басқармасы құрылды.3.Хандық билік әлсіреді.4.Жайық казактарының зорлық-зомбылығы қазақтардың шаруашылығына нұқсан келтірді.5. Нұралы хан халықтан жайылымдық үшін салық алды.
Көтерілістің қозғаушы күші: қазақ шаруалары, старшындар, билер, ру басшылары.Көтеріліс жетекшісі: Сырым Датұлы – батыр, шешен, ақсүйек.Көтеріліс қолбасшылары: Барақ, Жианқұр, Жанболат.Көтерілістің барысы: Көтеріліс 1783 жылдың күзінде басталды. Осы жылдың желтоқсанында казактардың тұтқынына түскен Сырымды 1784 жылы Нұралы босаттырды. Осыдан кейін ол ұсақ топтардың басын қосып, ірі қол ұйымдастырды.Сырымның Орал әскерлерімен кескілескен күресі 1784 жылдың маусымында басталды. Көтерілісшілердің негізгі күші Төменгі Жайық шебі мен Ор бекінісінің төңірегінде болды. Старшындар – Тіленші, Оразбай, Жантөре сұлтандар тобы Жоғарғы Жайық пен Елек қалашығының төңірегінде шоғырланды. 1784 жылдың қарашасында Сырым әскерінің саны 1000 адам болды. 1785 жылы көтерілісті басу үшін келген генерал-майор Смирновтың тобы 70-ке жуық қазақтарды тұтқындады.1785 жылы күрес қимылы кеңейді.1787 жылы 1 мыңнан астам жазалаушы отряд келді. Олар Сырымның құмға шегінгенін біліп, бейбіт ауылдарға тиді.Сырым енді бекіністерді алуға ұмтылды. Алайда көтерілісшілер зеңбірекке қарсы тұра алмады. Нұралы патша өкіметін жақтап кетті. Сол себепті 1785 жылы Кіші жүз старшындары Нұралыны тақтан тайдыру туралы шешім қабылдады.Нұралы 1786 жылы Уфаға жер аударылып, 1790 жылы сонда қайтыс болады. 1791 жылы Әбілхайырдың ұлдарының бірі сұлтан Ералы хан болып сайланды. 1794 жылы Ералы хан өлгеннен кейін Нұралы ұлы – Есім хан сайланды. Бұған наразы болған Сырым 1797 жылы хан сарайына шабуыл жасап Есімді өлтірді.Орынбор өлкесінің губернаторы барон Игельстром Кіші жүзде хандық билікті жоюға ұмтылды. Сырым хандық биліктің жойылуын құптады.Ол хандық биліктің орнына билер алқасының билігін әкелуді жақтады. Бірақ Игельстром Сырыммен келіспеді. Сырым хан кеңесінде старшындық топтың рөлін күшейтуге тырысты. Сондықтан Орынбор әкімшілігі Сырымның ықпалының күшеюінен қорқып, 1797 жылы Кіші жүзде хандық билікті қалпына келтірді де Айшуақты хан етіп бекітті. Осы мәселеден Сырым жақтастарының арасында алауыздық пайда болды. 1897 жылы Сырым Хиуа хандығына өтіп, 1802 жылы сонда қайтыс болды. Көтерілістің тегеуіріне байланысты патша үкіметі 1801 жылы 11 наурызда Жайықтың оң жағасына мал жаюға рұқсат берді.
38.1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы», 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғыларды қабылдаудың алғы шарттары мен олардың салдары.
1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғы»1781 жылы Абылай өлгеннен кейін Орта жүзде оның үлкен баласы сұлтан Уәли хан болып жарияланды. Уәли ханның қаталдығы оның қол астындағылардың наразылығын туғызды. 1795 жылы қазақтар патшаға оны тақтан алу жөнінде өтініш жасады. 1815 жылы Орта жүзде Уәлидің позициясын әлсіретуге тырысып, үкімет екінші ханды, Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей хан және 1819 жылы Уәли хан өлгеннен кейін Орта жүзде жаңа хандар бекітілмеді. Патша әкімшілігі хан өкіметін таратып, «Сібір қырғыздары туралы уставқа» сүйене отырып, басқарудың жаңа аппаратын құрды, бұл уставты 1822 жылы Россияның XIX ғасырда белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М.М.Сперанский жасады. Бұл жұмысқа болашақ декабрист Солтүстік қоғамның мүшесі Г.С. Батеньков белсене қатысты. Оған М.М. Сперанский жергілікті статистика үшін материалдар әзірлеу мен жинауды тапсырған еді. Орта жүзде жаңа әкімшілік құрылым мен сайлау жүйесі енгізілді. «Уставта» денсаулық сақтау жөнінде кейбір шаралар бегіленді, атап айтқанда қырдағы бекіністер гарнизонына қызмет көрсету үшін ауруханалар салу, көшпелі халық арасында шешекке қарсы егу жұмысын жүргізу белгіленді. Қазақтарға арналған балаларын жалпы негіздерде империяның оқу орындарына жіберуге құқық берілді.
1822 жылы Сібір екі бөлімге: бас басқармасы Иркутскіде болатын Шығыс бөліміне (Сібірге) және орталығы Тобылда, ал 1839 жылдан бастап Омбыда болған Батыс Сібірге бөлінді. Батыс Сібірге: Тобыл, Томск және Омбы облыстары кірді, ал Омбы облысына қазақ даласының Орта жүз қоныстанған жерлері мен Ұлы жүз қоныстанған жерлерінің бір бөлігі кірді. Ол жер «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталды да, 1822 жылы оған арналып «Сібір қырғыздары туралы устав» талдап жасалынды.
«Устав» бойынша «Сібір қырғыздарының облысы» сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Сыртқы округтерге Ертістің сыртында көшіп-қонып жүрген қазақтар кірді. Округтер болыстарға, болыстық ауылдарға бөлінді. Болысты бөлудің негізінен жераумақтық (территориялық) емес, рулық принцип алынды. Сондықтан да болыс ру аттарымен мысалы Кенжеғали, Қаржас және т.б деп аталды. Жаңа заңды іске асыру барысында рушылдықтың іргесі сөгіліп, айтақаларлықтай өзгерістерге ұшырады. Қазақтардың белгілі бір әкімшілік шеңберінен екінші бір әкімшіліктің жеріне ауысуы шектеліп, бұрыңғы көшіп қонудың рулық тәртібі бұзылды. Ауыл старшиндері қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар сайланып, бұл қызмет шын мәнісінде атадан балағы мұра болып қалдырып отырды.
Полиция мен сот өкіметі органдарын округтік приказ басқарды, ал оларға үш жылдық мерзіммен сайланатын аға сұлтандар билік жүргізді. Олардың патша әкімшілігі белгілеген орыстан екі кеңесші болды. Сонымен қатар қазақ зиялылырынан сұлтандар мен билердің сайлауы арқылы қойылған екі заседатель отырды.
1822 жылғы «Жарғы» бойынша барлық сот істері үш категорияға бөлінді: а) қылмысты істер; б)даулы істер; в)басқару үстінен берілетін шағымдар жөніндегі істер. Қылмысты істер империясы жалпы заңдары негізінде округтік приказдарда қаралды. Қылмысты істерден өзгеше даулы істерді ауылдар мен болыстарда жергілікті қолданылып жүрген әдет-ғұрыптардың негізінде билер соты талқылады.
1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғы.
1822 жылы Кіші жүзге байланысты Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен даярлатқан осындай ережені Азиялық комитет 1824 жылы қабылдады. Бұл құжат бойынша да хандық билік жойылды. Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға шақыртылып, 150 сомдық айлықпен сондағы шекаралық комиссияға қызметке қалдырылды.Кіші жүз үшке бөлінді: батыс бөлік — байұлы рулары, орта бөлік — жетіру және әлімұлы бұтағының аз бөлігі; шығыс бөлік — әлімұлы бұтағы, сондай-ақ қыпшақ және арғын тайпалары араласқан бөлік. Әр бөліктің басында патша үкіметі тағайындаған басқарушы сұлтан тұрды. Оның басқарушы аппараты төрағадан, сондай-ақ ықпалды қазақтардан белгіленген кеңесші және заседательдерден құралды. Атқарған міндеті тұрғысынан алғанда, бұлардың бәрі де Орынбор шекаралық комиссиясы шенеуніктеріне теңгерілді. Әрбір басқарушы-сұлтан кеңсесінің жанында офицер басқарған қазақ әскери бөлімі орналасты. Кіші жүздегі ауыл старшынынан бастап басқарушы-сұлтанға дейінгі барлық қызметтегілерді шекаралық комиссияның ұсынысы бойынша Орынбор генерал-губернаторы тағайындады. Сайлау жүйесі болған емес. Патша үкіметі 1822 және 1824 жылдардағы реформалық шараларды өмірге бірден енгізе алған жоқ. Орта жүзде сыртқы округтерді құру 1838 жылы аяқталды. Кіші жүзде басқарушы-сұлтан билігі алғашында тек шекаралық ауылдарға ғана таралды, ал одан шалғай жатқан елге біртіндеп, орыс билігінің нығаюымен бірге жетті. Қазақ халкы сырттан таңылған жаңа билік жүйесіне қарсылық көрсетіп бақты
39.ХІХ ғ. екінші жартысында капиталистік қатынастардың таралуы және оның Қазақстан тұрғындарының шаруашылық өмірі мен әлеуметтік жағдайына әсері (1867-1868 жж. әкімшілік-аумақтық реформа).
XIX ғасырдың ортасы – Қазақ жеріне капиталистік қатынастардың тарала бастауының көріністері: - Отырықшы мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы. –Жеке меншік жерді иеленудің кең таралуы. –Жылқы санының азайып, ірі қара малдың көбеюі. XIX ғ-ң 60 ж-ры- ресейлік кәсіпкерлер қаражаттарын қазба байлықтары мол қазақ аймақтарында өндіріс орындарын салуға жұмсады. XIX ғ 70-80 ж-ры- кедейленген қазақтар тау-кен орындарына, кәсіпорындарға тартыла бастады.
Тау – кен өндірісі.XIX ғасырдың екінші жартасында Европа мемлекеттерінде дамыған капиталистік қатынас Россияға әсер етпей қоймады. Осымен байланысты Россияның капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауыл шаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді. Сауда және өсімқорлық капиталы Россияның орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бірге өлкенің өз ішінде де товар айналысының өсуін шапшаңдатты. Өлкеде үстем болған натуралды шаруашылық біржіндеп ыдырай бастады. Бұл кезде Қазақстан экономикасында натуралды шаруашылықтың көлемі қысқарды, өлке өнеркәсіп товарларын өткізу рыногы және бағалы ауыл шаруашылығы шикізатының қайнар қөзі ретікде капиталистік Россияға барынша тәуелді болып шықты. XIX ғасырдың ортасы – қазақ жеріне капиталистік қатынастардың тарала бастауының көріністері айқын байқалды: - Отырықшы мал шаруашылығы мен екіншіліктің дамуы. - Жеке меншік жерді иеленудің кең таралуы.- Жылқы санының азайып, ірі қара малдың көбеюі.
XIX ғасырдың 60 жылдарынан россиялық кәсіпкерлер қаражаттарын қазба байлықтары мол қазақ аймақтарында өндіріс салуға жұмсады. Түсті металдар және тас көмір өндіретін тұңғыш кен орындары Шығыс, Орталық Қазақстанда ашылды. 300-400 жұмысшылары бар ірі өнеркәсіп өрындары - Спасск мыс қорыту заводы (1857 ж.), Успен кеніші, Қарағанды көмір алабы, Екібастұз, Риддер кәсіпшілігі.
1898 жыл – Семей облысының Павлодар уезінде Воскресенск Кен - өнеркәсіп қоғамы құрылды.
Темір жол.1893-1895 жылдары Сібір темір жолы (ұзындығы 3138 км) салынды. Оның 178 шақырымы қазақ жерін басып өтті.1893-1897 жылдар – Рязань – Орал темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы қазақ өлкесінің батысы арқылы өтті.1899-1905 жылдар – Орынбор – Ташкент темір жолы (ұз.1656 км) салынды. 1905 ж. қаңтарда іске қосылды.
Сауда.XIX ғасырдың II жартысында капиталистік қатынастардың дамуына байланысты Қазақстанда сауда дамый бастады. Шаруашылықтың типіне сәйкес Қазақстанда сауданың негізгі үш түрі: көшпелі аудандарда – тасымалды сауда, шаруашылық типі жартылай отырықшы аудандарда – жәрменке саудасы, отырықшы шаруашылықтары басым аудандарда – тұрақты сауда (магазиндер, қоймалар, дүкендер) болды. Қазақстанда тасымал сауда неғурлым кеңінен тарады. Тасымал саудасы, әсіресе алыс ауылдарда ашықтан-ашық тонау сипатында болды.Россия саудагерлері Қазақстанға сауданың жаңа түрін – жәрмеңкелік сауданы енгізіді. Халқы сирек, ұшы-қиырсыз жері бар, қатынас жолы дамымаған, халқының дені көшпелі өлкенде жәрмеңкелер ірі сауданың қолайлы түрі болды. Қазақстандағы туңғыш жәрменке 1832 жылы Бөкей ордасында хан ордасы жанынан ашылды. Кейіннен (1855 ж.) Семейде екі қалалық жәрмеңкелер ашылды. Ақмола облысы Тайыншакөл, Константиновск, Петровск (Атбасарда) және 50-ден астам ұсақ және орташа жәрмеңкелер жұмыс істеді. 1848 жылы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі, ал кейіннен Шар (Семей облысы), Қарқара (Жетісу), Әулиеата (Сырдария облысы), Ойыл, Темір (Орал облысы) жәрмеңкелер жұмыс істеді.Сонымен, Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы өлкеде негізінен мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі және жартылай көшпелі халықтың патриархалдық-феодалдық қатынастарының ыдырау процесін жеделдетті. Елде өнеркәсіптің жаңа салаларын туындатып, қоғамдық еңбек бөлісіне және жұмысшы табы кадрларының шығуына себебін тигізді. Қазақстанды жалпы россиялық рынокқа тартты.
XIX ғасырдың 60 жылдарының орта шенінде Қазақстанның Россия қол астына қарауы аяқталды. 1867 ж. 11 шілде – «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ереже» бекітілді. 1868 ж. 21 қазан – «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже» бекітілді. Бүкіл қазақ жері 3 генерал-губернаторлыққа біріктірілді. 1872 жылы бұрынғы Бөкей хандығының жері Астрахань губерниясына, ал Маңғыстау приставтығы 1870 жылдан Кавказ әскери округінің басқаруына, кейіннен Закаспий облысына енгізілді. Генерал-губернаторлық → уезд → болыс → ауыл → шаңырақтар (100-200) Генерал-губернатор, уезд бастықтары, болыс бастықтары, ауыл старшындары басқарды. Сырдария басқару билігі генерал-губернатор бекіткен 3 жылға сайланатын ақсақалдарға берілді. Реформа арқылы әскери сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Сырдария облысында қазылар соты болса да әскери сотқа бағынды. Негізгі сот істеріндегі өзгеріс патриархаттық-феодалдық салттарға шек қойылды. Әрбір облыста билер сайланды. Билер және қазылар соты – ең төменгі сот буыны болды. Реформа нәтижесі. Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты. 2) Феодалдық – патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады. 3) Таптық жіктелу салдарын жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы). 4) Отарлық басқару күшейді. 5) Қазақ жері Россия үкіметінің меншігі болды. 6) Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды. 1886 – 1891 жж. реформалар бойынша әкімшілік және сот құрылысына енгізілген өзгерістер. 1867-1868 жылдардағы реформалар екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда, бұл «тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. Тек XIX ғасырдың 80-ші жылдарының аяғы мен 90-шы жылдарының бас кезінде ғана отарлық өкімет орындары өлкенде әкімшілік, сот реформаларын енгізуді аяқтауға кірісті.