Семинарлық сабақтармен жұмыс істеу үшін әдістемелік нұсқаулар
Әдістемелік нұсқаудың мақсаты студенттердің ақпараттық мәдениетін дамыту болып табылады.
1. Кітаппен жұмыс жасау.Оқытудың кредиттік жүйесінде студент тең жарты оқу жұмысын өз бетімен атқаруға тура келеді. Сондықтан ол әдебиеттерді қалай іздеуді, пайдалануды білуі қажет. Оқытушы студентке қажетті оқу әдебиеттерін табуға көмектесе алады, яғни, негізі әдебиеттер тізімін оқытушыдан алуға болады. Бірақ ең бастысы әрбір кітапты немесе мақаланы оқығанда келесі нұсқауларды пайдалану қажет:
- гуманитарлық пәндер бойынша кітаптар мен мақалаларды оқығанда рационалды-сыни бағытты ұстану қажет (себебі: кейбір ақпараттық және теориялық материалдар уақыт өте келе ескіреді, сыни көзқарасты талап етеді. Бірақ әрбір кітаптың өзіндік бағасы бар. Айталық, осыдан он, жүз несе екі мың жыл бұрынғы кітаптың маңыздылығы осы күнгі кітаптан жоғары болуы мүмкін. Аристотель, Платон, Әл-Фараби, Абай және т.б. ойшылдардың еңбектеріндегі білімге баға жетпейді);
- кітаптың мазмұнын толық түсіну үшін, оны ақылмен оқу қажет. Ол дегеніміз кітапты оқымас бұрын ол кітап оқуға тұра ма, соны анықтаған жөн (кітаптың аннотациясымен, кіріспесімен танысу қажет);
- кітаптың авторы туралы да мәлімдеме білген жөн, кітаптың негізгі міндетін де ұққан жөн;
- қандай тақырыпта ақпарат керек екенін нақты білген жөн, бұл уақытты үнемдейді, кітапты оқығанда керек жерлерді жазып алу үшін қағаз бен қалам пайдаланған жөн;
- кітапты оқып отырып оған өзінше зерттеу жүргізе білу қажет, оның бірнеше түрлері бар, оқыған кітап бойынша жоспар, көшірмелер, тезистер, аннотация, резюме (түйін), конспект.
Жоспар дегеніміз - оқығаныңыз туралы қысқаша жазба болады, оған кітапта немесе мақалада кездескен негізгі сұрақтар тізімін жазасыз.
Тезис дегеніміз - одан күрделірек, текст бойынша негізгі тұжырымдар мен теріске шығаруларды теру. Тезис материалды есте жақсы сақтау үшін және пікір-таластың негізі үшін қажет.
Аннотация дегеніміз – қысқаша мазмұндама, ол мақала, кітап туралы жалпы түсінік береді.
Резюме шығарманың негізгі қорытындысын сипаттайды.
Конспект дегеніміз – кең таралған жазба түрі, ол жоспар жасалынған соң, жазылады. Конспектінің негізі материалы тезистер, қосымша ой-тұжырымдары мен дәлелдер. Конспектінің үш түрі бар: текстуалді, еркін және тақырыптық. Текстуалді конспект кітаптан немесе мақаланың деректерін сол бетінше қысқаша құрылысын өзгертпей
көшіру. Еркін конспект оқушының өз ойына, талабына, ыңғайына қатысты жазылады. Тақырыптық конспекте негізге тақырып немесе мәселе алынады да ол бірнеше дерек көздерінен алынуы мүмкін. Конспектінің негізгі ерекшелігі қысқартулар мен белгілерді пайдалану және уақытты үнемдеу. Конспект ұқыпты, түсінікті және жылдам жазылуы
тиіс: минутына 120 белгі ең төменгі жылдамдық, ал 150 белгі – ең жоғарғы жылдамдық болып табылады. Өзіңізді тексеріп көріңіз.
Көптеген зерттеушілер сонымен бірге карточкаларды пайдалануды ұсынады. Ол да кітаппен тиімді жұмыс жасауға көмек. Карточка бірдей ақ қағаздан жасалынады, бір жақ бетіне ғана жазылады. Оған кітаптың, мақаланың авторын, атауын және негізгі мазмұнына қатысты сөздерді жазуға болады.
Кітаппен жұмыс жасауда жүйелілік қажет, жүйесіз жұмыс хаоспен тең. Атақты ойшыл К.Д. Ушинский былай деген екен: «Тек жүйе ғана біздің білімімізге билік береді. Қалдық, байланыссыз білімге толы бас шашылып жатқан қоймаға тең, онда қожайынның өзі ештеңе таба алмайды». Сонымен бірге мынадай да бір сөз бар «Жақсы бастан жаман қарандаш артық».
6) Еңбек көлемі есептелген білім алу алушының өздік жұмысының тапсырмалары;
№ | Сабақтың тақырыбы | СӨЖ тапсырмалары | Бақылау түрі | апта |
Саясаттану пәні, саясат түсінігі. Саясат ғылым. Саясат әлемі. | Саясат ұғымына 10 анықтама жазып, жаттау | Ауызша жауап және конспект | ||
Өркениет тарихындағы саяси ойдың даму кезеңдері. | Қазақ ойшылдарының еңбектеріндегі саяси көзқарастар | Ауызша жауап және конспект | ||
Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі саяси билік | Тақырыпқа байланысты 10 саяси терминге анықтама жазу | Ауызша жауап және конспект | ||
Билік және саяси режимдер. | Тақырыпқа байланысты 10 саяси терминге анықтама жазу | Ауызша жауап және конспект | ||
Демократия теориясы: тарих және бүгін | Тақырыпқа байланысты 10 саяси терминге анықтама жазу | Ауызша сұрақ-жауап және конспект | ||
Қазіргі кездегі саяси жүйелер. | Тақырыпқа байланысты 10 саяси терминге анықтама жазу | Ауызша сұрақ-жауап және конспект | ||
Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты ретінде. | ҚР парламенті: қалыптасу тарихы, қызметі | Ауызша сұрақ-жауап және конспект | ||
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам. | Қазақстандағы құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері | Ауызша сұрақ-жауап және топпен жұмыс түрлері | ||
Саясаттағы дау-жанжал және дағдарыс. | Қазақстандағы ұлтаралық шиеленістер және олардың алдын алу жолдары | БАҚ материалдары бойынша | ||
Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар және олардың ҚР-дағы орны мен рөлі. | Қазақстандағы саяси партиялардың бағдарламаларымен, ҚР «Саяси партиялар туралы» заңымен танысу және өз партияларын ың бағдарламаларын жасау | Партия бағдарламасын презентациялау | ||
Саясат субъектілері: тұлға, әлеуметтік топтар, әлеуметтік бірлестіктер. | Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің ерекшеліктері | Ауызша сұрақ-жауап және конспект | ||
Саяси мәдениет пен саяси әлеуметтену. | Саяси идеология түсінігі, мәні түрлері, қызметі | Ауызша сұрақ-жауап және конспект | ||
Саяси элита және көсемділік. | Өзіңіз ұнататын саяси жетекшінің сипаттамасын жасаңыз | Ауызша сұрақ-жауап және конспект | ||
Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар. | Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттары. ҚР әскери доктринасы | Ауызша сұрақ-жауап және топпен жұмыс түрлері | ||
Саяси үрдіс және саяси модернизация. | Қазақстандағы жастар саясатына талдау жасау | Мини - конференция |