Тақырып таңдауға байланысты кеңестер
Чемпионатта, барлық турнирдағыдай, Төрешілік Коллегия талқылаудың тақырыбын таңдайды, сондықтан төрешілерге бұл туралы уайымдау қажет емес. Алайда, бұл жинақ БП дебатын сипаттайтын негізгі документ болып саналады және турнир өткізуге көмек болып, әлем бойынша барлық дебаттық клубтарда қолданылады. Сондықтан біз төрешілікке Төрешілік Коллегиясының міндеті болатын кеңестер жинағын қосамыз, тақырып таңдау төрешілікке тапсырылу арқылы, біздің ойымызша, тақырып стандарттары барлық жарыстарда көтеріледі.
Тақырып таңдау – көңілді, қызықты және маңызды, бірақ жаман тақырып турнирді бүлдіру мүмкін. Басқа жағынан, жақсы тақырыптар жинағы ойыншыларға турнирмен рахаттана отыра, тақырыптарды көпке есте сақтауға септігін тигізеді.
Алайда жақсы тақырыптар таңдау оңай емес. Әрбір турнир сайын бірінен-бірі қайталанатын классикалық темалар бар (осы жинақта бар), дегенмен Төрешілік Коллегия ерекше тақырып беруге немесе ескі тақырыптардың жаңа формулировкасын беруге ұмтылады. Тақырып алдыңғы турнирде қолданылған болса, онда Төрешілік Коллегияға тақырып ойналатының алдын ала білгені деген мағына емес. Проблематикалық тақырыптарды бермес үшін, төрешілерге өз тақырыптарын келесі критерийлермен тексерген жөн:
· Тақырып үйлесімді болды ма? Үкімет пен Оппозицияда жеңіске бірдей мүмкіндік болды ма? Бұл сұрақ әр жақтан бірдей аргументтер саны немесе мықты аргумент болуына қатысты емес. Төрешілік Коллегия раунд төрт жақты тең болуын қамтамасыз ете отыра, бір жақтың аргументін құлату тым қиын болып кетпеуін қадағалау қажет. Төрешілік коллегияда шынымен тақырып ұнаса, аргументті бағалаудың орнына, барлық аргументтердің екі жаққа тән жалпы бір «жауабы» бар дейді, осы себептен де тақырып үйлесімді болып келеді. Бірақ төрешілер бұл «жауаптар» екі жаққа да тән бе екенін, жауаптарды талдау оңай ма екенін, екі жақтан да алдағы реакция болатынын тексеру керек. Ең бастысы Төрешілер Коллегиясы турнирдағы командалардың мастерлық дәрежесінің жоғарлылығына қарамастан, тақырып барлығына бірдей үйлесімді ме екенін тексерген жөн. Кейбір тақырыптар жаңа ойыншыларға үйлесімді болып, эксперттерге үйлесімді болмауы мүмкін, және керісінше.
· Тақырыпта жеткілікті тереңдік барма?: Үкіметте, Оппозицияда жеңуге мүмкіндігі болатындай екі жақта бірдей материал барма? Бір жақта «көп аргумент» бар деп абстрактты ойлаған жөн емес. Аргументтерді бірден бір команда айтып тастамайтындай олар соншалықты тереңбе? Бір жақта концентрация жасаған дұрыс емес. ЖҮ және ЖО не айтатынын ойлап көруге болады.
· Тақырып жетімді ме? БП дебаттық әлемде жеткілікті жоғары деңгейдегі базаны көрсетеді – біздің ойымызша, дебаттық қауым жаңалық оқып, заманауи политикалық, қоғамдық және этикалық дискуссия туралы жеткілікті білімде. Алайда, тақырып барлық дебатерларға қол жетімді болуы қажет. Егер тақырып дебатерлерға ойын алдында қол жетімді болмаса, бұл дебатерлар білімінің кез келген вариациядағы мағынасын арттырады, тақырып жайлы көп білетін адам, білімі басқа кеңістікте жатқан дебатерлардан басымдық алады.
· Тақырып жеткілікті анық емес аргументті қажет ете ме немесе команданың кейсі толығымен түсініксіз болмайтындай олардан интерпретация қажет ете ме? Екі столдағы командалар тақырыптың кілтті аспекттісін білетін болса, тақырып үйлесімді болып келеді. Бірақ аспектті түсінетіндігі раундта білінбесе, раунд бейберекет, және командалар түсініксіз идея/мағына/эмпирикалық факт/аргументті еске алмаса, олар қатты қиналады. Тақырып дұрыс болу үшін аргументтер өте жетімді болуы керек.
· Тақырып шындық иллизюясын(suspension of disbelief - ????) және рацтоналды альтернативаны ескермеуді қажет ете ме? Көптеген тақырыптар өз-өзімен қызықты, егер әрине оларды тек status quoмен салыстыратын болсақ. Егер проблеманың тақырыптан ауқымдырақ қызықты/радикалды шешімі болса, бұл дебатты бүлдіру мүмкін. Төрешілік Коллегияға АОда контр-кейсті енгізу мүмкіндігі бар екенін білу қажет. Егер проблема шешуде радикалдырақ шешім болған жағдайда, Оппозиция мұны контр -кейс ретінде ұсына алады, бұл дебатты оппозицияға жеңілірек қылдырады.
· Тақырып аса тіл тигізетін бола ала ма?Дебатта постулат қылып алатындай лайықты ағын бар, яғни дебатерлер таласты тақырыптарды талқылап, өз көзқарасы мен міндеттерін елемеу қажет. Бұл дебатты интеллектуалды қызықты қылдырып, ойыншыларға жаңа тәжірибе мен ойлау тәсілдерін береді. Бірақ Төрешілік Коллегия барлық дебатерлардың ойында қонақ ретінде сезінуіне жауапты, және де олардың ойынға қатысуы бір жақты шектелмеуін қадағалау қажет, мысалға тақырып олардың көзқарастарын қорлап немесе оларға эмоцияналды стресс әкелетін болған жағдайлар болмауы керек.Халықаралық турнирларда тақырып таңдағанда ойыншылардың өмірлік тәжірибесін ескерген жөн.
Тақырып беру мақсатында Төрешілік Коллегия «әзілдік», «қиын», «жаңа» және «радикалды» тақырыптар беруде ойыншыларға қаншалықты бұл тақырыптар тіл тигізетінін ескермейді. Бұл практика дебаттан алынған жөн.Мұндай тақырыптар турнирлардың теңдік пен қол жетімділікке ұмтылысын түсіреді және дебаттын әлемдік аренадағы абыройын түсіреді. Халықаралық дебаттық турнир - ғанибет беру және дебаттың жаңа орында және студенттердің жаңа буынында өрлеуіне драйвер болуы керек. Ол біршама достардың арасындағы ойын-сауық емес. Төрешілік Коллегия, олардың тақырыбы ойыншыларға қаншалықты көрінетінін қадағалау қажет. Тақырыптар дебатты қоздыру керек, сонымен қатар шамалы теңсіздік тудыру керек, ал теңдік интеллектуалды толықтыруды төмендетеді. Тақырыптардың түрінің көптеген спектрі бар, бірінде даулы моменттер болмаса, екіншісінде көптеген турнирлерде кездесетіндей қорлайтын тақырыптар көптеп бар.
Талқылаудың кейбір мәні Төрелік Коллегиясынан әдептілік күтеді. Зорлау мен аборт сияқты тақырыптарды дұрыс жолмен беру керек, оның басты себебі ойыншылардың бұл тақырыптармен эмоционалды тәжірибенін болуы. Мысалға, абор ол өлім немесе оның моральды эквиваленты екенін дәлелдеу абортпен кезікке қыздарға жүктелуі мүмкін. Сонымен қатар, зорлықты өзінде көрген дебатерларға оның детальды элементтерін тақылау қиын ситуация болады. Сондықтан Төрешілік Коллегияға тақырып таңдағанда жан-жақты абай болу керек, ол тақырыпты қауіпты эмоционалды реакция тудыратын аргументсыз ойнауға болатынына сенімді және барлық бөлмелерде ойналанытына сенімді болуы керек.
Бұл дебатта қандай да бір тақырыптардың мүлдем ойналмауына әкеліп тұрған жоқ, зорлау секілді тақырыптар қандай да бір аргументтерсіз ойналуы керек. Төрешілік Коллегия тақырыптар осындай арнайы элементтер қажет ететіндігіне мән қоюы керек.
Жоғарыда айтылған барлық шараларды ескеру тақырыптың жақсылығын дәлелдемейді, ол шараларды елемейтін кей тақырыптарда жақсы болуы мүмкін. Мысалға, іріктеуші кезеңде ойналатын тақырыптар тек үздік командалармен ойналады, сондықтан олар қиынырақ болуы мүмкін. Бірақ бұл тізім турнирдағы тақырыптардың сапасын бағалауда жақсы база болып есептеледі.