Ауылшаруашылық селекциялық қызметті құқықтық реттеу туралы жалпы түсініктеме берініз
Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы-селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы қызметтің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді, селекциялық жетістіктерді жасауға, ашуға, шығаруға, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын мүліктік, сондай-ақ олармен байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттейді. Селекциялық жетiстiкке құқық Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады және патентпен расталады. Патент селекциялық жетiстiктi пайдалануға патент иесiнiң айрықша құқығын, оның басымдығын және селекционердiң авторлығын куәландырады. Патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығы жөнiнен селекциялық жетiстiктерге сараптама жасауды және оларды сынақтан өткiзудi селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы қызмет түрi ретiнде Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады, олар өндiрiсте пайдалануға жiберiлген тиiстi Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмдерiн жүргiзедi. Патентпен селекциялық жетiстiкке берiлген құқықтық қорғау көлемi сорттың, тұқымның сипаттамасына енгiзiлген белгiлердiң жиынтығымен анықталады. Өсiмдiктер сортына патенттiң қолданылу мерзiмi сараптама жасау ұйымына өтiнiм берiлген күннен бастап - 25 жыл, мал тұқымдарына - 30 жыл, жүзiм, сәндiк ағаш, жемiс және орман дақылдары сорттарына, оның iшiнде олардың қалемшелерiне - 35 жыл болады.
Патенттiң қолданылу мерзiмiн патент иесiнiң өтiнiшi бойынша уәкiлеттi орган ұзартады, бiрақ ол 10 жылдан аспауы керек.Патент иеленушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Егер мұндай пайдалану басқа патент иеленушiлердiң құқықтарын бұзбайтын болса, патент иеленушiнiң селекциялық жетiстiктi пайдалануға айрықша құқығы болады. Селекциялық жетiстiкке қатысты мынадай iс-әрекетке патент иеленушiнiң рұқсаты керек:
1) өндiру немесе молайту (көбейту);
2) көбейту мақсаты үшiн ұрықты себетiндей деңгейге жеткiзу;
3) сатуға ұсыну;
4) сату немесе өткiзудiң өзге де түрлерi;
5) Қазақстан Республикасының аумағынан әкету;
6) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;
7) жоғарыда аталған мақсаттар үшiн сақтау.
2. Патент иеленушiнiң құқығы азаматтық айналымға патент иеленушiнiң рұқсатынсыз енгiзiлген ұрықтар мен асыл тұқымды жануарлардан өндiрiлген өсiмдiк материалы мен тауарлы малға да қолданылады.
3. Осы баптың 1-тармағының ережелерi селекция жетiстiктерiнiң сорты мен тұқымының:
егер осы селекциялық жетiстiктердiң өздерi басқа селекциялық жетiстiктiң белгiлерiн мұра ретiнде иеленбеген болса, селекциялық жетiстiктiң белгiлерiн елеулi дәрежеде мұра ретiнде иеленетiн;
селекциялық жетiстiктен көрiнеу ерекшеленбейтiн;
оларды молайту селекциялық жетiстiктi сан мәрте пайдалануды қажет ететiн ұрықтары мен асыл тұқымды материалына қатысты қолданылады.
Селекциялық жетiстiк бастапқысынан айқын ерекшеленген кезде:
бастапқы селекциялық жетiстiктiң генотипiн немесе генотиптерiнiң комбинациясын бiлдiретiн негiзгi белгiлердi сақтай отырып, бастапқы селекциялық жетiстiктiң немесе бастапқы селекциялық жетiстiктiң маңызды белгiлерiне өзi ие болып қалатын селекциялық жетiстiктiң неғұрлым маңызды белгiлерiне ие болып қалса;
бастапқы сорттан, тұқымнан жеке iрiктеу, индукцияланған немесе өздiгiнен клондалған мутантты iрiктеу, қайыра будандастыру және гендiк инженерия сияқты әдiстердi қолданудан туындаған ауытқуларды қоспағанда, бастапқы селекциялық жетiстiк генотипiне немесе генотиптерiнiң комбинациясына сәйкес келсе селекциялық жетiстiк басқа (бастапқы) селекциялық жетiстiктiң белгiлерiн елеулi түрде ие болып қалған селекциялық жетiстiк деп танылады.
Патент иеленушi:
1) азаматтық айналымға өндірісте пайдалануға жіберілген сортты, тұқымды енгiзуге;
2) сортты, тұқымды қорғау мақсатында мемлекеттiк комиссия белгiлеген ресми сипаттамада көрсетiлген белгiлердiң сақталуы үшiн патенттiң қолданылу мерзiмi iшiнде сортты, тұқымды бiрқалыпты ұстап тұруға;
3) патенттi күшiнде ұстау үшiн жыл сайын ақы төлеп тұруға мiндеттi.
39. Ауылшаруашылық ұйымдарының түсінігі. Ауылшаруашылық ұйымдарының шарттық қатынастары. Ауылшаруашылық ұйымдар коомерциялық жəне коммерциялық емес болып бөлінеді.
Ауылшаруашылық коммерциялық ұйымдар өндірістік- шаруашылық қызметпен
айналысады жəне өз қызметінің нəтижесінде пайда табуды көздейді.
Ауылшаруашылық коммерциялық ұйымдарға: толық серіктестіктер; сенім
серіктестіктері; акционерлік қоғамдар; өндірістік кооперативтер жəне
Шаруашылық жүргізу құқығына жəне жедел басқару құқығына негізделген мемлекеттік
ауылшаруашылық кəсіпорындар жатады.
Ауылшаруашылық коммерциялық емес ұйымдарға: тұтыну кооперативтері; қоғамдық
ұйымдар; мекемелер; заңды тұлғалардың қауымдастықтары (ассоциациялар жəне
одақтар); қайырымдылық қорлары жəне тағы басқа заңдармен анықталған ұйымдар.
Ауылшаруашылық ұйымдар заңды тұлға болып танылады. Ауылшаруаышлық тауар
өндірушілер түріне жəне нысанына байланыссыз өз қызметін жəне ауылшаруашылық
өндірісін негізгі өндіріс құралы - жер жəне табиғи ресурстар негізінде жүзеге асырады.
Ауылшаруашылық ұйымдар заңды тұлға ретінде Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінің 33- ші бабына сəйкес, жеке меншік құқығында, шаруашылық
жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болады жəне өз
міндеттмелері бойынша өз мүлкімен жауап береді, өз атынан мүліктік немесе жеке
мүліктік емес құқықтарды иеленеді жəне жүзеге асыра алады, сотта талапкер немесе
жауапкер бола алады, жек баллансы жəне сметасы болады.
Ауылшаруашылық ұйымдар өз қызметін жарғының не құрылтай шарты мен жарғының
негізінде жүзеге асырады.
Заңды тұлға статусына ие барлық ауылшаруашылық ұйымдар заңды тұлғаларды тіркеу
туралы заңға сəйкесəділет органдарында тіркелуі тиіс.
Барлық ауылшаруашылық ұйымдар құқықтық қабілеттілікке, яғни құқықтар мен
міндеттерге ие, əкімшілік, еңбек, жер, мүліктік қатынастарға жəне өзге де қатынастарға
түсе алады.заңды тұлғаның құқықтық қабілеттілігі оны мемлекеттік тіркеуден басталып,
заңды тұлғаны таратумен аяқталады. Егер лицензия алу талап етілетін қызметпен
айналысатын болса, онда құқық қабілеттілік лицензия алынған кезден басталып, лицензия
қайтарылып алынған, мерзімі аяқталған немесе заңмен көрсетілген тəртіппен жарамсыз
деп танылған сəттен заңды тұлғаның əрекет қабілеттілігі аяқталады.
Ауылшаруашылық ұйымдары мүшелерінің келісімімен ерікті түрде немесе заңға сəйкес
сотпен мəжбүрлі түрде таратылады.