Тақырып. Ұлттық байлық. Қазақстанның пайдалы қазбалары. Пайдалы қазбаларды қорғау. Жай сөйлем.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Жай сөйлемді қайталау.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту.

ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚ

Ұлттық байлық дегеніміз – елдің экономикалық күш-қуатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ұлттық байлықты алғаш рет 1664 жылы ағылшын экономисі У. Петти есептеп шығарды. Ұлттық байлықты тұңғыш бағалау Францияда 1789 жылдан, АҚШ-та (Америка құрама штаттарында) 1805 жылдан, Ресейде 1864 жылдан жүргізіле басталды. Біздің Қазақстанда ше?

Экономикалық әдебиеттерде Ұлттық байлық деп – еңбекпен жасалатын, өндіріс пен тұтыну үшін пайдаланылатын материалдық игіліктердің орның айтады. Кейбір экономистер Ұлттық байлыққа табиғи ресурстарды да қосады. Кейбіреулері Ұлттық байлық ұғымы ғылыми білім мөлшерін, халықтың мәдени дәрежесін т.б. қамтуы тиіс деп санайды.

Ұлттық байлық негізінен мына салалардан тұрады:

а) Қазақстан аймағындағы және сырт жерлердегі ғасырлар бойы ата-бабалардың қалдырған мұрасы;

ә) Табиғатымыздың және жер асты байлығымыз.

б) Әдеби, мәдени, тарихи мұралар.

Әдеби, мәдени, тарихи мұраларымыз – халықтың, мемлекеттің өсіп-өркендеуін, байлығын көрсететін ұлттық игілігіміздің күре тамыры. Кез-келген мемлекет өзінің ұлттық мұрасын мақтан тұтады. Оның құны – сол елдің байлығының кепілі.

Әлемнің қай мемлекетін алмаңыз, тіпті дамып келе жатқан ел болсын ұлттық байлықтарының құны бар. Әр тасына дейін есептеп, тіркеп, құның анықтап, халықаралық каталогке тіркеп, бірін кеденіне, екіншісін интерполға беріп қойғалы қашан.

Венеция хартиясы бойынша, отыз жылдан артық тұрған сәулет құрылысы, мекеме, мәдени, ресми, жеке үй, тағы да басқалары ұлттық байлыққа жатады.

Тапсырмалар.

1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.

2. «Ұлттық» деген сөзбен тіркесетін басқа сөзді атаңыз.

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

· Антиквариаттар ұлттық байлыққа жата ма ?

· Археологиялық қазбалардан табылған заттар ұлттық байлыққа жата ма ?

· Біздің елімізде ұлттық байлықтарымыздың құны есептелген бе?

· Сіздің үйде ата-бабаларыңыздан қалған қасиетті мұралар бар ма ?

· Ұлттық байлықты қорғау туралы заң бар ма ?

4. Соңғы сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.

5. Мәтіннен сын есімдерді табыңыз.

6. Мәтіннен етістерді теріп жазыңыз және түрін анықтаңыз.

7. Тұңғыш, алғаш сөздерінің синонимдерін жазыңыз.

8. Қажетті жұрнақтарды жалғап, берілген сөздерден ырықсыз етіс жасаңыз: көрсет, бар, анықта, тұр, сана, қос, пайдалан, шығар.

АЗАҚСТАНЫҢ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫ

Қазақстан µзінің табиғи қазбаларымен жєне адам ресурстарымен д‰ние ж‰зіндегі бай елдердің бірі болып есептеледі. Кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтары: оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, орталық аймақтарында Л. Менделеевтің кестесіндегі химиялық элементтердің барлық түрі кездеседі.

Қазақстанның жер қойнауында єлемдегі табиғи қазба байлықтардың барлық т‰рі (90-нан астам) орасан зор кµлемде бар деуге болады. Мысалы: сынап, қорғасын, алтын, кµмір, м±най, болат, мыс, к‰міс, темір т.б қазба байлықтары мен түсті металдарынан күнделікті тұрмыста қолдануға түрлі тұрмыстық заттармен сәндік әшекей бұйымдар жасауға кеңінен пайдаланылады.

Еліміздің әр аймағынан алынатын пайдалы қазбалар мысалы, батыста Ақтау мен Маңғыстауда м±най, газ µндірсе, Шығыста ¤скеменде фосфор, Орталықта кµмір, мыс, түсті металл өндіреді. Соның ішінде Орталық Қазақстанда өндірілетін жер асты пайдалы қазбалары екі түрлі әдіс бойынша өндіріледі. "Арселор Миттал" компаниясының қарамағына кіретін бірнеше шахталардан өндірілген көмір, қара металдар мен түсті металдар єлемнің кµптеген елдеріне экспортқа шығарылады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның қара алтыны болып саналатын басты байлығы көмір мен мұнайды шет елдік компаниялалардың бірлесуімен жаңа технологияларды өндірісте қолдану арқылы қазба жұмыстарын жүргізу жүзеге асырыла бастады. Соңғы жылдары "Қазақстанда Жасалған" деген маркамен Қазақстанда µндірілген пайдалы қазбалар мен шикізат өнімдерін әлемнің 70-ке жуық елдері сатып алуға өтініш білдірген.

Тапсырмалар.

1. Мәтін бойынша сөздерді теріп жазып, сөздік құрастырыңыз.

2. Мәтінді оқып аударып, түсінгендеріңіз туралы әңгімелеңіз.

3. «Жер туралы», «Байлық туралы» мақал-мәтелдерді жазып, аударып, жаттап алыңыз.

4. Сынап, қорғасын, алтын, кµмір, м±най, болат, мыс, к‰міс, темірсөздерін аударып, асты сызылған сөздерді септеңіз.

5. Пайдалы қазбалар, жер қойнауы, түсті металдар, әшекей бұйымдар. Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыз.

Наши рекомендации