Негізгі ұғымдар:Жер, жер салығы, көлік құралдары салығы, мүлік салығы
1.Жер – белгілі бір өлшемдегі пайдаоану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық. Адамзат жерді пайдалану арқылы өзінің қажеттіліктерін қанағаттандырып келеді. Жер салығы 1992 жылы енгізілді.
Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және мынадай санаттарға:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге;
2) елдi мекендер жерлерiне;
3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - өнеркәсiп жерлерi);
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерi);
5) орман қорының жерлерiне;
6) су қорының жерлерiне;
7) босалқы жерлерге тиесiлiгiне қарай қарастырылады.
Жердің қандай да болсын санатқа тиесілігі Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленедi. Елдi мекендер жерлерi салық салу мақсаты үшiн мынадай екi топқа бөлiнген:
1) тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендер жерлерi;
2) тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.
Жердің мынадай санаттары:1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi;2) орман қорының жерлерi;3) су қорының жерлерi;4) босалқы жерлер салық салуға жатпайды.Аталған жерлер (босалқы жерлердi қоспағанда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалануға берiлген жағдайда, олар Салық Кодекстiң 385-бабында белгiленген тәртiппен салық салуға жатады.
Жер салығының мөлшерi жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiне байланысты болмайды.
Жер салығы:
1) меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;
2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердiң мемлекеттiк сандық және сапалық есебiнің деректерi негiзiнде есептеледi.
Жер салығын төлеушілер:
1) жеке меншiк құқығындағы;
2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;
3) бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады. Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi жер салығын төлеушiлер (бұдан әрi - заңды тұлғалар) ретiнде қарастырылады.
Жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк кезiнде - жер үлесi) салық салу объектiсi болып табылады.
2.Көлік салығы салық ретінде кең түрде қолданылып келеді.
Көлік құралдары салығы – уәкілетті органда (жол қызметі органдары) мемлекеттік тіркеуге жататын және есепте тұрғанкөлік құралдарынан двигатель көлеміне, жүк көтергіштігіне, орындық санына және двигатель қуатына қарай есептелетін салық түрі.
Меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар және меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектiлерi бар заңды тұлғаларкөлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылады.
Лизинг алушы қаржы лизингi шарты бойынша берiлген (алынған) салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралы салығын төлеушi болып табылады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған, тiркемелердi қоспағанда, көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылады.
Салық салу объектiлерi болып табылмайды:
1) жүк көтергiштiгi 40 тонна және одан асатын карьерлiк автосамосвалдар;
2) мамандандырылған медициналық көлiк құралдары
3. Мүлік салығы – ҚР-ның аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар төлейтін салық түрі.
Мүлік салығы жергілікті салық болып табылады.
Мүлік салығын төлеушiлер:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар;
2) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар дара кәсiпкерлер;
3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.
Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi дербес салық төлеушiлер ретiнде қарастырылады.
Салық салу объектiсi:
Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін ҚР-ның аумағындағы:
- техникалық реттеу саласындағы уәкілеттімемлекеттік орган белгілеген
сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын және негізгі құралдар құрамында есепке алынатын ғимараттар, құрылыстар немесе қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына және ҚР-ның бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жылжымайтын мүлікке инвестициялар;
- концессия шартына сәйкес концессия объектілері болып табылатын
ғимараттар, құрылыстар.