Трансакциондық шығындар Познер теоремасы.
Шығындар туралы сан түрлі тұжырымдар мен концепциялар бар, оларды зерттеумен саяси экономиканың классиктері де айналысқан. Абсолюттік шығындар туралы түсінікті енгізген А. Смит болды, ал салыстырмалы шығындар туралы түсінікті Д. Рикардо енгізген. «Шығындар» деген терминді олар, бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдеді.
Шығындардың институционалистік теориясының көрнекті өкілдері Дж. К. Кларк және Джон А. Гобсон. Кларк қосымшашығындар (overheadcosts) мәселелерімен айналысқан және шығындардың әрқилы типтерін индивидуалдық, қоғамдық, абсолюттік, үстеме, қаржылық, өндірістік, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жан-жақты зерттеген. Гобсон адамға жасалатын шығындар деген ұғым енгізді. Бұған еңбек амалының сапасы мен сипаты, оның қабілеттілігі және қоғамдағы еңбек бөлінісінің тиімділігі жатады.
Өндіріс шығындарының неокласикалық концепциясы, оны өндіріс факторларына жұмсалатын шығындар (тұрақты және өзгермелі) сомасы дейді.
Соңғы жылдары неоинституционалистік трансакциондық шығындар теориясыпайда болды. Бұған көбінесе айналыс шығындары жатады-тауарды өткізу шығындары (жарнамаға, нарықтық жағдайды ұстап тұру үшін т.б.). Трансакциондық шығындар деген түсінікті американдық экономист Р. Коузенгізді. К. Эрроу, Познер бойынша экономикадағы трансакциондық шығындар физикадағы үйкеліспен ұқсас дейді. Неоинституционерлер нарықтың функциясы трансакциондық шығындарды үнемдеу болып табылады дейді. Ал оның артықшылығына айырбас мүшелерінің әрқайсысының информация алуға жұмсалатын шығындардың барынша төмендеу тенденциясы жатады дейді.
Трансакциондықшығындар. Тұтыну сұранысының институционалдық детерминантасы ретінде трансакциондық шығындар тұтынушылардың игіліктерді сатыпалу келісімдерімен байланысты болып табылады. Қазіргі экономикалық теория «трансакциялар» арқылы жұмыс істейді. Тұтынушының трансакциялары еңалдымен, тауарлар мен айырбас жүргізуді сипаттайды. Осындай айырбастаулар арқылы тұтынушылардың игіліктерді сатып алу тұрғысында меншікқұқығын иемдену бойынша қатынастары қалыптасады. Нәтижесінде, белгілі бір трансакцияны іскеасырғаннан кейін келісімге қатысушы тұлғалардыңәл-ауқаттылық деңгейлері артады – тұтынушытауарды сатып ала отырып өз қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандырады, ал сатушы өз тауарын сата отырып өз пайдасын арттырады.
Тұтынушылардың трансакциондық шығындарына тұтыну нарығындағы қазіргі институттар – желілі критейлорлар әсер етеді. Сауда желілері тұтынушылардың трансакциондық шығындарын маңызды түрде қысқарта алады, яғни ақпарат іздеу шығындарын, сатушылар мен келіссөздер жүргізуге кететін шығындарды едәуір төмендетеді. Мұнда сатып алушылар мен сатушылардың өзара тәртіптері мен қарым-қатынастарының ережелері нақты анықталған, кез-келген тауарға кез-келген уақытта еркін түрде қол жеткізіледі. Тауарлардың үлкен көлемдегі ассортименті және олардың маркетингтік тұрғыдан дұрыс орнығуы тұтынушылардың тұтынушылық сұраныстарының кеңеюін, олардың жекелеген дүкендерге қарағанда үлкен көлемде тауар сатып ала алуын ынталандырады.
Сауда желілерінің ірі супермаркеттеріндегі тұтынушылық сұраныстың осындай тәртібі «көпшілікке ілесу» әсерімен және игіліктерді сатып алуға уақытты үнемдей алумен байланысты болып келеді.
Қазақстандық тұтыну нарықтарында тұтынушылардың трансакциялары отандық және шетелдік сауда желілерінің өзара бәсекелесу объектісі болып табылады. Қазақстанда желілі критейлорлардың даму көрсеткіші ел тұрғындарының тұтынушылық талғамдарының бірқатар ерекшеліктерімен байланысты.
Осыған байланысты, қазақстандық экономикада соңғы өнімдерге деген тұтынушылық сұраныстың бірқатар ерекшеліктерін ашып көрсетуге болады:
Тұтынушылық сұраныстың үздіксіз өсіп отыруымен бірге үнемі кейінге қалдырылып отыратын сұраныстың да орыналуы;
Көлеңкелі экономиканың аса маңызды ауқымымен байланысты тұтынушылық шығындар мен табыстардың сәйкессіздігі;
Өте кең диапазондары бар тұтынушылық қалаулармен сипатталатын халық табыстарының едәуір теңсіздігі мен дифференциациясы (қазірелімізде Джини коэффициенті 0,3-ке тең);
Тұтыну құрылымында импорттық тауарлар үлесінің артуы;
Жекелеген тұтынушылардың бағаға деген толеранттылығы, ал ол өз кезегінде Гиффен тауарлары тізімін арттыруға алып келеді;
Тұтынушылардың бір сауда белгісінен екінші бір сауда белгісіне жылдам ауысып отыруы;
Белгілі бір тұтынушылық мәдениеттің қалыптасуы;
Тұтынушылық сұраныс бағытында мінез-құлықтың үнемі өзгеріп отыруы;
Отандық тұтынушылардың беделді сұранысынд ааймақтық өзгешеліктердің орыналуы.
Қазақстандық экономикада саудажелілерінің дамуына мүмкіндік беретін және әсер ететін макродеңгейдегі және микродеңгейдегі факторлар да бар.