Отбасындағы әке рөлі

Абай жастарды еңбекке баулуда күнделікті отбасы тәрбиесіне, ата-ананың жауапкершілігіне ерекше мән берді. Баланың болашағына жауапкершілік алдымен әкеге жүктелетінін ескертіп, әкенің ақылы мен ықпалы болмай адал еңбекке, мағыналы өмірге дұрыс баулу, жас жеткіншектің бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мүмкін емес екенін атап көрсетті. Сондықтан, баланы ұлағатты азамат - «толық адам» етіп тәрбиелеу үшін, ата-аналарының өздерінің сол дәрежеге сай, үлгілі, өнегелі болуын талап етті. «Басында әке айтпаса ақыл жарлық, Ағайын табылмаса ой саларлық. Қалжыңбассып өткізген қайран дәурен Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық?» - деп, ойын-сауықты қызықтап, өмірді белгілі бір мақсатсыз, бойкүйездікке салынып босқа өткізудің соңы өкінішке алып келетінін, қалайда ата-ананың ақылына көңіл бөліп, басшылыққа алуы керектігін еске салады. Ойшыл ақын әкенің ізгі қасиеттері - оның адамгершілігі, еңбексүйгіштігі, отбасы, жарына адал болуы деп есептеді. Әкенің отбасына, жарына деген сүйіспеншілік сезімі үй-ішін нұрландырып тұрса, Ері ақылды, қатыны мінезді боп, тату болса, үстіндегі үй райысқа айналып, бала жақсы мінезге, асыл қасиетке тәрбиелене алатынын атап өтті. Керісінше, ақын өз отбасынан суынып, ел көзіп, қыдырымпаздыққа салынған, өз үйінің шырқын бұзған, бала тәрбиесіне мән бермейтін әкелерді сынға алады.

Отбасындағы ана рөлі[өңдеу]

Абай бала келешегіне қамқоршы ұстазы - әке деп білумен қатар ұрпақ тәрбиелеудегі ананың орнын да ерекше бағалады. Өз анасы Ұлжан мен әжесі Зеренің құшағында болып, қос мейірім бұлағынан сусындап өсуі оның ана қасиетін биік тұғырдан тануына игі әсер етті. Аналық мейірім арқылы берілетін нәзік те пәк адамгершілік асыл қасиетті ерекше қастерледі. Ананы өз баласының алғашқы, ең аяулы тәрбиешісі деп білді. Қыз баланың тәрбиесіндегі ана тәлімінің ықпалына Абай педагогикалық тұрғыдан жан-жақты талдау жасап, өрелі тұжырымдар айтты. Ол қыз балаларды жұбайлық өмірге балғын шақтан әзірлеу керектігіне назар аударады. Қыз күнінде ұқыпты, жинақы болып жүріп, тұрмыс құрған соң берекесі кетіп, салақ әйел атануы, әсіресе қаракетсіз өскен бай қыздарының жастайынан еңбекке етене баулынбағанынан деп білді. Сондықтан аналарға қыз бала тәрбиесінде ұлттық дәстүрді басшылыққа алуды ұсынды. Халық тәрбиесінде абзал аналар ес біле бастаған қыз балаларына іс тіктіріп, үй шаруасына үйреткен. Осындай аналарды Абай қатты құрметтеп, қалыңдық іздеген жігіттерге тәрбиелі ананың қызына көз салуды ескертті. «Жасаулы деп, малды деп байдан алма, Кедей қызы арзан деп құмарланба. Ары бар, ақылы бар, ұяты бар Ата-ананың қызынан ғапыл қалма», - деп, жар таңдағанда тәрбиелі, жақсы ананың перзентін малды болмаса да бағалай біл, өмірлік жолдас ет деген аса құнды пікір айтты. Бойына адамгершіліктің асыл қасиеттерін жинақтаған қыз балаларды болашақ көтерілер шаңырақтың берік қазығы деп есептеді. Болашақ отау құру мәселесінде қыз балалардың ақылды, білімді болуына ерекше мән берді. Ол өз қызы Күлбаданды қала мектебінде оқытумен қатар, қазақ қыздарының сауатты болуын қолдады. Ең болмағанда хат танып, оқу-жазуды игеруі керектігін ескертті, маңайындағы адамдардың қыз балаларының сауатын аштыртып, өлең-жыр көшіртіп, ән мен музыкаға баулыды.

Тұрмыс құрар жастарға

«Біреуді көркі бар деп жақсы көрме, Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме! Әйел жақсы болмайды көркіменен, Мінезіне көз жетпей, көңіл берме!», - деп тұрмыс құрар жастарға қалындықты көркі мен сымбатына ғана қарап бағаламай, оның адамгершілік қасиетіне, ішкі жан дүниесіне, ақыл- парасатына, көргенділігі мен тәрбиелілігіне көңіл бөлу керектігін ерекше атап көрсетті. Абай болашақ отау құрушы жастарға жұбайлық өмірдің елеулі қиындықтары да болатынын, ол қиындықты жеңуге алдын ала әзірлеу керектігін ескертті. Некелескен жастардың бір-бірімен, отбасының басқа мүшелерімен, жора-жолдас, туған- туысқандарымен сыпайы қарым-қатынаста болуы, олардың елге қүрметті, саналы азамат дәрежесіне жетуі өздерінің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне байланысты екенін ашып көрсетті. Ақын некелік өмірдің табиғи тірегі мен құқықтық негізі - жастардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі деп білді. Абайдың түсінігінде тең құқылық - махаббат бостандығы. Сол бостандықтың жүзеге асуы - олардың некелесуі деп қарады. Сондықтан ол өзінің көптеген өлендерінде осы тұжырымын жария етті.

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері

Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.

Ағартушылық еңбегі

Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған. "Кел, балалар, оқылық!" өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады:

Оқысаңдар, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Өлеңнің әр шумағында оқудың әр жақты пайдасын айта отырып, ақын соңғы жолдарды ылғи қайталап отырады.

Мал, дәулеттің байлығы –

Бір жұтасаң, жоқ болар.

Оқымыстың байлығы–

Күннен күнге көп болар,

Еш жұтамақ жоқ болар.

Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді. Ыбырай "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету.

Өнер-білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден

Көзіңді ашып, жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

...Отынсыз тамақ пісірді,

Сусыздан сусын ішірді.

Теңізде жүзді балықтай,

Дүниені кезді жалықпай.

Ыбырай жастардың оқыған адам болғандағы мақсаты өз халқының бір керегіне жарау, оны "тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын" елдердің қатарына жеткізу деп білді. Келешекке сенімі мол Ыбырай өмір көркі, болашақтың иесі – жастар деп ұқты.

Біз надан боп өсірдік,

Иектегі сақалды.

"Өнер – жігіт көркі" деп,

Ескермедік мақалды.

Біз болмасақ, сіз барсыз,

Үміт еткен достарым,

Сіздерге бердім батамды! – деп, жеткіншек ұрпаққа сенім артады.

Бұл өлеңдердегі: жақсы мен жаманды, білімділік пен надандықты салыстыра суреттеу әдісі де жас балаларға оларды айқынырақ таныту мақсатын көздейді. Сондықтан Ыбырай өз дәуірі оқырмандарының ұғымына жеңіл етіп, салыстырулар жасайды. Бұл өлеңдердің көп тіркестері бүгінде мақал-мәтелге айналып кетті. Ыбырайдың "Өзен", "Жаз" деген өлеңдері табиғат көріністерін суреттеуге арналған. Мұндай тұтас лирикалық, пейзаждық өлеңдер Ыбырайға дейінгі қазақ поэзиясында кездеспейді. Оқырмандардың көңілін табиғаттың сұлу көріністеріне аудару арқылы ел сүю, жер сүю, Отан сүюге тәрбиелейтін патриоттық өлеңдер орыстың демократтық, гуманистік әдебиетінің үлгісі болатын. Ыбырай өлеңдері – туған ел табиғатын жырлап, сол арқылы өзінің жас шәкірттерінің бойында табиғатты, Отанды сүю сезімдерін тәрбиелеуге жасаған елеулі қадамы. Екі өлеңінде де Ыбырай табиғат көрінісін жалаң алмай, адамдардың тіршілігімен байланыстыра көрсетеді. Сол арқылы табиғат пен адамның байланысын, табиғаттың адам ісіне, еңбекке, ой-сезіміне тигізер жанды әсерін бейнелейді.

Таулардан өзен ағып сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

Көңілің суын ішсең, ашылады,

Денеңде бар дертіңді қашырады.

Өксіген оттай жанып жануарлар ,

Өзеннен рақат тауып, басылады.

Ақын тау өзенін нақты әрі әсерлі суреттеген. Бүкіл тіршіліктің "өзеннен рақат тауып" жатқанын нақты сипаттау оқырман көңіліне жағымды сезім ұялатады. "Жаз" өлеңінде көктемгі табиғаттың келісті суреттері бар. "Ұшпақтың күн сәулесі жерге түсіп", "Аспаннан рақымменен күн төнгенде", "Ұйқыдан көзін ашқан жас балаша, жайқалып шыға келер жердің гүлі", "Кеш болса, күн қонады таудан асып, шапаққа қызыл алтын нұрын шашып", т.б. суреттер мен бейнелі сөздер Ыбырайдың табиғат көріністерін сезінуінің тереңдігін, суреткерлігін көрсетеді. Ақын бар тіршілікті көктем күнінің мейірімді шағымен байланыста бейнелейді. Қырдағы жаз көріністеріне сүйсіну, мал бакқан елдің қыстан қысылып шығып, жазда тынысының кеңуі, қуаныш-шаттығы көңілді әсерге бөлейді.

Бір малы шаруаның екеу болып,

Қыстаудан ауыл көшер алуан-алуан.

Күлісіп, құшақтасар, әзіл етер,

Әйелдер көш жөнелтіп кейін қалған.

Жүгіріп киік, құлан тау мен қырда,

Қуанып ықыласпен келген жылға...

Алыстан мұнарланған сағымдары

Шақырып, тұрар күліп: "Кел, – деп, – мұнда..." Бұл өлеңдер арқылы Ыбырай қазақтың жазба әдебиетінде табиғат лирикасын бастады. Оны кейін Абай әлемдік поэзияның биік деңгейіне жеткізді: Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді. "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш" әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. "Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа", – дейді. "Атымтай жомарт" әңгімесінде жазушы халық арасындағы Атымтай жомарт туралы аңыздарға жаңаша мазмұн беріп, өзінше қорытады. Атымтайды ол еңбек адамының үлгісі етіп көрсетеді. Еш нәрсеге мұқтаждығы жоқ болса да, Атымтай ылғи жұмыс істейді. "Күн сайын өз бейнетіммен, тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады", – дейді ол. "Әке мен бала" әңгімесінде мынадай бір жай сөз болады. "Бір адам он жасар баласын ертіп, егістен жаяу келе жатса, жолда қалған бір ескі тағаны көріп, баласына айтты: "Анау тағаны, балам, ала жүр", – деп. Бала әкесіне: "Сынып қалған ескі тағаны не қылайын", – деді. Әкесі үндемеді. Тағаны өзі алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі кайырылып, тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз өткен соң, шие сатып отырғандардан 3 тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп алып жеп, баласына қарамай аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артынан келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен. Жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, одан біраз өткен соң және бір шие, сонымен, бала әрбір шие тастаған жерге бір еңкейіп, шие теріп жеді. Ең соңында әкесі тоқтап, баласына шиені орамалымен беріп тұрып: "Көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір иіліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп, бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Бұдан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың; азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың", — деді. Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, аз жұмысты қиынсынып, бойкүйездікке салынушылық өмірде аз кездеспейді. Бұл – жақсы әдет емес. Сондықтан балалардың бойкүйез, жалқау болмауына, еңбекқор болуына Ыбырай ерекше мән берген. "Бай баласы мен жарлы баласы" атты әңгімесінде Ыбырай еңбекке деген коғамдық, таптық көзкарасты бейнелейді. Көшкен елдің жұртында қалған екі баланың бір тәулік ішінде басынан кешкендерін суреттеу аркылы сол балалардың өмір тануы, тіршілікке икемділігі жайлы мәселеге әлеуметтік мән береді. Жазушының шығармаға жасы құрбы екі баланы алып, оларды бай мен кедейдің өкілі етіп суреттеуінің сыры да оның идеясынан айқын көрінеді. Жарлы баласы Үсен – тұрмыстың ауыртпалығын көре жүріп, ысылған еңбек адамы. Ауылдары көшіп кетіп, жұртта қалған екі баланың далада тамақ тауып жеуіне, ауылдың калай қарай көшкенін аңғаруына, түнде далада түнегенде ит-құстан сақтануына Үсеннің тапқырлығы мен еңбекқұмарлығы себеп болады. Ал бай баласы Асан – өмір үшін күресудің жолын білмейтін, шыдамсыз, еңбекке икемі жоқ жан. Кісі еңбегімен күн көріп, бейқам болып өскен бай баласының басына күн туғандағы дәрменсіздігін суреттеу арқылы жазушы келешек Үсендер жағында екенін аңғартады. Сөйтіп, жастарға өмірден еш нәрсе үйренбей, жалқау болып өскен бай баласындай болмай, қиыншылыққа төзімді, өнерге бейім, еңбек сүйгіш жарлы баласы Үсендей болып өсуді уағыздады. "Жаздың бір әдемі күнінде бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағашты көріп жүрді. "Мына ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неліктен кисық біткен"? – деп сұрады баласы. "Ата-анаңның тілін алсаң, ана ағаштай сен түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық ағаштай болып, бағусыз өсерсің. Мынау ағаш – бағусыз өз қалпымен ескен", – деді атасы. "Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой", – деді баласы. "Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, бұдан сен өзің де ғибрат алсаң болады, сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате жеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің", – деді. Ыбырай "Бақша ағаштары" атты әңгімесінде осылай деп жазды. Яғни тәрбиенің үлкен рөл атқаратынын көрсеткен. Соның бірі – талап. Талап етіп талпынбаса, адам баласы алға баспаған болар еді. "Талапты ерге нұр жауар" деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған. Жастық шақ – жігер-қайраттың мол кезі, бойдағы жақсы қасиеттерді жарыққа шығарып қалатын кез, ол үшін талап керек. Талаптан да, өмірден керегіңді ал. "Талаптың пайдасы" деген әңгімесінде Ыбырай сол идеяны көтереді. I Петр патша шіркеуге барып ғибадат етіп тұрғанда, арт жақта бір баланың сурет салып тұрғанын көріп, қасына келіп, не салып жатқанын сұрағанда бала: "Сіздің суретіңізді салып жатырмын!" – дейді. Петр суретті көрсе, мәз еш нәрсесі жоқ екен. Бірақ ақылды Петр патша ол баланың суретке талабы бар екенің аңғарып, сурет салатын оқуға бергізеді. Кейін сол бала үлкен суретші болады. азушының бұл арадағы көздегені - жас баланың талабын, сол талаптың арқасында неге қолы жеткенін көрсету, кім талап етсе, сол мақсатына жететіндігін дәлелдеу. Мейірімділік баланың отбасына деген махаббатынан басталады. Әркім алдымен өз ата-анасын, туғандарын жақсы көреді, сыйлайды. Ыбырай ата-ана мен бала арасындағы осындай жылы қарым-қатынасқа ерекше мән береді. "Мейірімді бала" әңгімесінде 13 жасар қыздың әкесінің орнына, өз қолын кесуді сұрағанын жазады. Қыз: "Тақсыр, жұмыс істеп, бала-шағаларын асырайтын атамның қолын қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз", – дейді. Жазушы "Аурудан аяған күштірек” деген әңгімесінде аяғы сынған Сейіт деген бала, ауруы қанша батса да, анасын қиналтпау үшін қабақ шытпағандығы айтылады. "Ауырмақ түгіл, жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көріп, әжем де қиналып, жыламасын деп жатырмын", – дейді ол. Алғашқы әңгімедегі қыз да, соңғы әңгімедегі Сейіт те шын мәніндегі мейірімді қылықтарымен ерекшеленеді, мұның негізінде жалпы адамды сүйетін жақсы сезімдер жатыр.

13.Қазақтардың ресейдегі бірінші және екінші думаға қатысуы

Мемлекеттік дума: мәні және қызметі. Мемлекеттік Думаның мәні мен мазмұнын түсіну үшін оның саяси өмірдегі қажеттіліктен туындағанын ескеру керек. Ресей Мемлекеттік Думасының өмірге келу мұқтаждығы өзінен өзі өсіпжетіліп келе жатты. Бірақ оның түпкілікті орнай алмағанын тарихтан білеміз. Ендеше ол қажеттіліктер неден туды. Алдымен соған жауап беріп көрелік. Ресейде Мемлекеттік Дума дүниеге келген кезде шаруалар елдегі халықтың басым көпшілігін құрады. Ал Ресейдің отарындағы қазақ даласының қалыптасқан саясиәлеуметтік болмыс пішіні бұл тұста төмендегідей еді. 1905 жылы қазақ даласындағы барлық халық саны 4442,8 мың болса, оның 10,3 процентін қоныс аударушы шаруалар, 6,3 процентін казактар, 83,4 процентін қазақтар құрады 180 . Яғни қазақ даласындағы ілкі отарлау саясатының салдарынан халық құрамының едәуір өзгергенін көрсетеді. Ресейдің ол шетімен бұл шетіне дейінгі жер жыртып, мал өсірген шаруалар мемлекеттің ең басты тіректерінің бірі, бүкіл елдің азықтүлігін дайындап, күн көрісін қамтамасыз етіп отырған бірденбір әлеуметтік топ болды. Сондықтан империядағы өзгерістерге демократиялық сипат беріп, дамыған елдердегідей патша билігін жоймайақ, Мемлекеттік Дума Ресейдегі сан жағынан ең көп шаруалардың мұңмұқтажын алғашқы кезекке қоймақшы болды. Шаруа үшін жердің ең маңызды мәселе екені әуел бастан белгілі. Сол себепті де Дума өзі өмірге келген сәттен бастапақ бұл мәселені өз назарынан тыс қалдыра алмады. Осылайша жаңа демократиялық басқару жүйесімен ескі қоғамдық құрылыс арасындағы тартыстың өзегі болып жер мәселесі тұрды. Патша ағзамның қол шоқпар үкіметі қарапайым халықпен түсінісе алмады, ортақ мәмлеге де келмеді. І Мемлекеттік Думаға сайлау біріншіден, партиялар мен әлеуметтік топтардың қақтығысын туғызды. Сайлау саяси билікке ұмтылған партияларға да либералдық ағым бағытындағы көңілкүйлерге де әскериполициялық қадағалаулар мен қуғындау тұрғысында өтті. 1906 жылы ақпанда Дала генералгубернаторы мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне саяси партияның қандайының қатарына болса да өтуіне тыйым салған бұйрық шығарды. 1906 жылы көктемде осы жағдайларды ескере отырып, большевиктер партиясы Думаға байкот жариялау туралы шешім қабылдады. Өйткені, төңкеріс үшін сайлау компанияларына қатынасудан гөрі саяси күрестің тереңдеп әрі қанат жаюы қажет еді. В.И.Лениннің сөзімен айтқанда «конституциялық болмас іспен жұбатудан (иллюзия), парламенттік ойыннан қауіпті ешнәрсе жоқ» 181 . Думаға деген белсенді байкотты Қазақстандағы социалдемократиялық ұйымдар қолдады 182 . Дума шақыру жөніндегі дайындық және үгіт жұмыстарында бірсыпыра олқылықтар орын алды. Сондықтан да, 1906 жылы 8ақпанда үкімет виттелік дума, булыгиндік думаның кебін кимес үшін арнайы бұйрық шығарады. Онда: Мемлекеттік Кеңес және Мемлекеттік Думаға сайлауға жалпы халықтың қатыспай қоюы немесе сайлауға қарсы әрекеттерге байланысты әкімшілік жаза қолданып, (4 ай мен 8 айға дейін) түрмеге жабу туралы айтылды 183 . Ал Ішкі істер министрі Дурновоны жаңа Думаның тағдыры қатты мазалады. Ол Дала генералгубернаторына былайша ескертті: «По имеющимся в МВД сведением, неблагонадежные элементы крайнего направления имеют намерения обратить преступную деятельность к тому, чтобы всеми способами мешать успешному созыву Государственной Думы. В сих видах революционеры намереваются оказывать свое вредное воздействие на предвыборные и подготовительные собрания. Предлагаю ныне же озаботиться принятием всех зависящих от Вас мер к ограждению порядка, спокойствия и свободы вышеупомянутых собраний…, чтобы все лица, которые возномереваются препятствовать правильному ходу выборов в Государственному Думу, были своевременно подвергаемы задержанию и привлекаемы к уголовной ответственности» 184 . Қазақ зиялылары, жалпы қарапайым халық Мемлекеттік Думаға сайлауға қандай дайындықтармен келді? 1905 жылғы саяси өрлеу, Думаға дайындық Ресей көлемінде, соның ішінде қазақ даласында да түрлі саяси шараларды ұйымдастырумен қатар жүрді. Отаршыл жүйемен күресте қазақ зиялылары басқа ұлт өкілдерімен қатар орыстың демократиялық күштерімен ықпалдасып қимыл жасауды түсініп, бұл шараларға белсене араласын, сол арқылы қазақ қоғамының алдында тұрған мәселелер мен оның шешілу жолдарын айқындауды көздеді. 1905 жылы 613қарашада Мәскеуде Ресей мемлекетінің жергілікті өлкелерден келген өкілдерімен қалалық қоғам қайраткерлері бірігіп съезд өткізді. Олар І Мемлекеттік Думаны Құрылтай жиналысына айналдырудың жолдарын қарастырды. Съезд Ресейдегі әрбір азаматтың ұлтына, тегіне, діни сеніміне қарамастан сайлауға және сайлануға құқықты екендігін мойындауды талап етті. Осы съезге Әлихан Бөкейхан қатысып, қазақ елінің атынан сөз сөйледі. Орал мен Алтай аралығын мекендейтін қазақ деген халықтың барлығын, өзінің сол халықтың перзенті екендігін айтты. «Осында сөйлеген поляк, латыш, малорос өкілдерінің сөзін тыңдай отырып, мен ескі кітапты оқығандай боламын. Бізде де қырғыз (қазақ — Ө.О.) тіліндегі мектептер қуғынсүргінге ұшырауда. Бізді де цензура аямай жаншуда. Мысалы, қазақ тіліне аударылған М.Крыловтың 46 мысалын бастыру үшін цензурадан рұқсат ала алмай сандалғаныма 13 ай өтті. Крестьян начальниктері (көбі бұрынғы ротмистрлер) қазақ тіліндегі істерді қарауға мойын да бұрмайды. 18ақпандағы бұйрықтан кейін қырғыздар жиналып, өз мұқтаждықтарын петицияға түсірген еді. Бірақ почта ол петицияны Петерборға жіберуден бас тартты. Мұнан соң петицияны жақын арадағы (400 шақырым) екінші бір қаладан жібермек болғанымызда, тағы да жаңағы оқиға қайталанды. Бұл да болмаған соң келесі бір (760 шақырым әрідегі) қаладан зорға дегенде жөнелттік. Қазақтың мұқтажы шаш етектен… Сайлау науқанының таяп қалғанын жадымда ұстап, мен әлгінде ғана «съезд жергілікті тілдерді шектеудің барлық түрі тыйылсын деп шешім шығаруы қажет» деген мырзалардың ұсынысын қуаттаймын» 185 деді. Автономистердің съезі осы жылы Петербургте қараша айында өтеді. Бұл съезге қазақтың белгілі саясиқоғам қайраткері Мұхамеджан Тынышбайұлы қатынасып, баяндама жасады. Бұл кезде ол СанктПетербургтегі І Александр атындағы Жол қатынасы инженерлерін даярлайтын институтының студенті болатын. Мұхамеджан Тынышбайұлы баяндамасында патшалық зорлықшыл тәртіпті ымырасыздықпен әшкереледі. Мұның өзі сол кездегі ең бір батыл әрекет еді. Ол отаршыл үкіметтің «қазақтардың тілін, салтдәстүрін, діни сенімін, жалпы ерекше болмысбітімін қуғындау, тағылық және айуандықпен жазалау арқылы ұлт ретінде жойып, бүтін өлкені орыстандырып жіберуді тоқтату керектігіне назар аударды. Әр түрлі әкімшілік шаралар, нұсқаулар мен ережелер арқылы қазақтарды заңнан тыс тобырға айналдырып, оларды өздерінің атақонысынан айыру саясатын көздегенін ашына айтып, ендігі уақытта халықта автономдық дәрежеде болса да еркіндік беруін талап етті 186 . Қазақ халқы Мемлекеттік Думаға сайлауға қатынасу құқығына 1906 жылдың ақпан айының соңғы күндерінде ғана мүмкіндік алды. Яғни империяға қараған әкімшілік аумағы бойынша сайлау қазақ даласында ең соңында өткізілді. Егер ол метрополияда үш жетінің ішінде (1906 жылдың 26наурызынан 20сәуіріне дейін) аяқталған болса, І Мемлекеттік Дума таратылған күні Жетісу облысында сайлау әлі өтіп те үлгерген жоқ еді 187 . Ал 1906 жылы 27 сәуірде Мемлекеттік Дума өз жұмысын бастап кеткенде Семей облысында болыстар өз сайлаушыларын енді ғана анықтаған болатын 188 . Негізгі таңдау алдындағы күрес қалаларда болды. Социалдемократиялық бағыттағы үгіт Петропавловск, Ақмола, Семей, Қостанай, Өскемен, Верный және басқа да қалаларда кеңінен өріс алды. Петропавловскіде жергілікті социалдемократтар меньшевиктер өкілін әшкерелеп, қолөнершілер мен қызметкерлердің жиналысына қатынасушыларды революциялық күресті жалғастыруға шақырды 189 . Ал мамыр айында социалдемократтар қалалық дума мекемесінің жанында ашықтанашық РСДРПның сайлаушыларға арнаған үндеуін таратты 190 . Сайлауды өткізбеу жөнінде сайлау компаниясының шешімі шықпай тұрыпақ, үлкен жұмысты Омбы партия комитеті жүргізді 191 . Олар «азаматтар үшін» 2000 дана үндеу таратып, онда «халыққа помещиктердің, чиновниктердің, полиция мен капиталистердің жеке билігі де, Мемлекеттік Кеңес пен Думаның да қажеті жоқ…» 192 делінген. Сайлау мәселесі Қостанай социалдемократтарының шығарған үндеулерінде де көрініс тапты. РСДРПның Оралдағы ұйымы Повольженің большевиктерімен тығыз байланыс орнатып, онда Думаға байкот жариялауға шақырған үндеулер мен үгітнасихат жұмыстарын кең ауқымда ұйымдастырды 193 . Сайлау науқанының қызып тұрған шағында РСДРПның Семейлік бөлімшесі бірнеше кәсіпорында үгіт жүргізіп, жұмысшыларды біртебірте жалпы қалалық ереуіл жасауға шақырды 194 . 1906 жылы қаңтарда Верныйдың социалдемократтары «қала халқына» арнап үндеу жариялады. Үндеуде Мемлекеттік Думаның қалың бұқара мүддесіне қайшы келетін жақтарын түсіндіріп, жалпы жұртшылыққа тең құқықты, төте, жасырын дауыс беру арқылы сайлайтын бүкілхалықтық Құрылтай жиналысын құру үшін күреске шақырды 195 . Социал демократтар жүргізген үгіт жұмысының І Мемлекеттік Дума сайлауын болғызбау жөніндегі ісәрекеттері Ақмола мен Торғай облыстарында сайлауға қатысушылардың белсенділігі өте төмендігімен байқалды. Ереже мен сайлау науқанының беталысы жаңа саясиидеялық бағыт ұстанған партияларды қалыптастыруды тездетті. Алғашқылардың бірі болып кадет партиясының филиалы құрылды — деп жазады сол кездегі тарихи деректер көзі 196 . Ол туралы нақты мынандай дерек бар. 1905 жылдың соңына қарай Орал қаласында өткен бес облыстық (Ақмола, Семей, Торғай, Орал және Жетісу) делегаттық съезі «Қазақ конституциялықдемократиялық партиясын» құру туралы шешім қабылдады 197 . Оралда шығып тұрған «Фікір» газеті оның 9 адамнан тұрған Орталық Комитетінің құрамын жариялады. Олар Б.Қаратай, Т.Бердіұлы, М.Бақыткерейұлы, И.Тоқтамбердіұлы, Х.Досмұхамедұлы, Н.Айтмұхамедұлы, М.Мұқанұлы, Т.Рахымбердіұлы және И.Дүйсембиндер еді 198 . Ал енді қазақ зиялыларының партия құру бағытындағы ісәрекеттері әсіресе 1906 жылы белсенді түрде байқалды. Сол жылы 10маусымда Семей қаласында Мемлекеттік Думаға депутат сайлайтын қазақ сайлаушыларының 150ден астам адам қатынасқан жиналысы болып өтеді. Жиналыста Павлодар үйезі Сейтен болысының меңгерушісі Темірғали Нұрекен төрағалық жасайды. Ол туралы «Семипалатинский листок»: «Әңгімені Ә.Н.Бөкейхан бастап, ол жиналысты «Народная свобода» партиясының бағдарламасымен таныстырып, отырғандар оған қосылу турасында қаулы қабылдады» 199 — деп жазды. М.Дулатұлы 1913 жылы «Қазақ» газетінде: «1905 жылдан бері біздің қазақ жұрты да бас пайдасын қолға ала бастады. Сол бостандық жылдарында Семей облысының оқыған басшылары көзге көрікті іс қылып, жұртқа көсемдік пен жолжоба көрсеткені үшін алды абақтыға жабылып, арты айдалып, қалғандары сенімсіз болып қалды» 200 — дегенді. Қазақ жастары Ресейдің орталық қалаларында оқып жүріп, қоғам өміріндегі өзгерістерге тығыз араласты. Мәселен, Әлихан жөнінде: «Орман шаруашылығы институтында оқып жүріпақ ол (Әлихан Бөкейхан — Ө.О.) студенттік ортада саясиқоғамдық белсенділік танытты. Марксизм туралы айтыс қызғанда ол экономикалық материализм туралы тезистерді бар күшін салып қорғады» 201 — деп жазды. Кадет партиясын құрушылар осы саяси ұйымға халықты тарту мәселесінде едәуір қызметтер жасады. Өлке халқы өз тарапынан саяси дүниетанымына орай қалаулыларын таңдай білді. Айталық, Ақмолада татар көпестері атынан партияда жоқ молда өтті, Петропавловскіде бір сайлаушы өзін прогрессивтік бағытты жақтайтындығын білдірсе, екінші біреуі өзін өнеркәсіпсауда партиясының өкілімін деп есептеген 202 . Жалпы алғанда, сайлау қорытындысында кадет партиясының үлес салмағы басым болды. 9 қалалық сайлаушылардың 4і социалдемократиялық партияның өкілдері болса, қалған бесеуі басқа саяси көзқарастағы немесе ешбір ағымға кірмейтіндер болатын. Ал енді, кадет партиясының қазақ мүшелерінің көзқарасында қандай мәселелерге басты назар аударылды? Олар бүтіндей Дала өлкесін қазақ елінің меншігі етіп бекітетін заң қабылдаудың қажеттілігін, ішкі Ресейден ағылған шаруаларды қоныстандыруды тоқтатып, байырғы тұрғын халық өкілдеріне теңдік беру һәм ана тілінде ұлттық білім ошақтарын (мектеп, медресе, университеттер) ашу сияқты патша әкімшілігіне жазылған петицияларда көтерілген талап тілектері қамтылған 203 . Қазақ конституциялықдемократиялық партиясы бағдарламасынан байқалғанындай жалпы ұлттық, демократиялық сипаттағы мүддені көздеген. Тарихта орын алып келгендей қазақ конституциялықдемократиялық партиясын ресейлік кадеттер партиясының жай филиалы немесе ұлттық буржуазияның таптық мүддесін мұрат еткен ұйым есебінде көрсету дұрыс емес. Әрі бұл тұста олардың ресейлік кадеттермен байланысын жоққа шығара алмаймыз. Бұл алғашқы саяси ұйым отарлық езгіге қарсы бұқара халықтың бостандық пен еркіндігіне барар жолдағы ұлттық, демократиялық мұраттарды көздеген дербес төл партия құру әрекеті ретінде бағалануға лайықты. Шаруа таңдаушыларының қатарына кімдер кірді деген мәселеге тоқталайық. Мәселен, Ақмола облысы бойынша ауыл мен деревняларда революциялық үгіттің жағдайы нашар болатын. Өкімет тарапынан болған қуғынсүргіндер, әскери жағдайлармен қатар жергілікті социалдемократтардың қатарының да аздығы өз әсерін тигізді. Ақмола облысында ауыл тұрғындары арасында конституциялықдемократиялық партия белсенді қызмет жасады. Омбы кадеттерінің арасында кең тараған «Степной голос» былай деп жазды: «местных интеллигентных силах лежит трудная, но почетная, обязанность приложить все усилия к тому, чтобы выборы в Государственную Думу во всех стадиях проходили не только вполне сознательно, но и дали бы заранее определенные результаты» 204 . Аты аталған газет кадеттердің бағдарламасын, әсіресе аграрлық мәселе бойынша ерекше тоқталып: «Кім Отанына игілік жасағысы келсе, сол сайлау кезінде «Народная свобода» партиясын қолдау керек» 205 — деп шақырды. Сондайақ, кадеттер большевиктердің Дума жөніндегі тактикасына қарсы ұсақ буржуазиялық саяси ағымдарды сайлау науқаны алдындағы күреске бірігуге шақырды 206 . Шаруалар оларды қолдамады. Үйездердегі жиналыстарда шаруалар партияда жоқтар тобынан көрінді. Сайлаудың соңғы сатысында Ақмола облысында халықтың басым көпшілігінің сайлауға қатыспау себептерін кадеттердің кесірінен деп ұғындырылды. Ал кадеттер болса, оны қоғам өміріндегі қалыптасқан қиыншылықтардан, халықтың Думаға, сондайақ «Народная свобода» партиясына сенімсіздігінен деп түсіндірді 207 . Кадеттердің жеңілуіне тағы да бір ықпал еткен жағдай ол төңкерісшіл социалдемократиялық партияның белсенді ісқимылы болатын. Әйтсе де, жергілікті социалдемократиялық күштердің тыңғылықты ұйымдаспауы да өз нәтижесін көрсетті. Думаға меньшевиктік бағытты жақтаушылар да енген еді. Өзінің бастапқы саяси күрес кезеңінде самодержавиелік билікті, оның отарлау саясатын өткір сынға алып, оған қарсы ашық та пәрменді оппозициялық күшке айналған «Народная свобода» партиясы жағында болу Әлихан Бөкейхан және басқа қазақ зиялыларына тактикалық тұрғыдан белгілі бір уақытқа дейін тиімді көрінгені тарихи шындық. Ол туралы Әлихан Бөкейхан 1913 жылы «Қазақ» газетінде: «…Біздің қазақ орыстың түзу жолда жүргендерінің отына жылынып келген, империялық жүйе жағдайында «қазақ сияқты аз, кем жұрт мақсаты біреуге ілесіп жүріп болады. Өз бетімен қазақ жол аша алмайды» 208 — деп жазған еді. Торғай облысының сайлау науқанын шаруалар ашты. Олар жалпы 56 сайланушыны таңдау керек болды. Оның 47і орыны Қостанай үйезіне, қалғандары Ақтөбе, Торғай, Ырғыз үйездеріне бөлінді. Әсіресе сайлау Қостанай үйезінде қызу жүрді. Онда жергілікті билікке сүйенген кулактар өздеріне пайдалы үміткерлерді сайлауға жіберуге ықпал етпек болды. Бірақ ауыл кедейлері тарапынан бұл пиғыл үлкен қарсылыққа ұшырады. Басқа үйездерде көпшілік сайланушылардың құрамы қатардағы шаруалардан тұрды. Социалдемократтардың шаруалар қауымына ықпалы әр жерде әрқалай болды. 1906 жылы 30сәуірде Қостанай үйезінің Успенск болысының шаруалары патша үкіметінің заңына қарамастан Думаға екі депутатты таңдап, ашық сайлау жүргізді 209 . Қостанайлық мещандар шаруалармен және басқа да қоғам өкілдерімен біріге отырып, төмендегідей талаптілектер қойған: саяси тұтқындарға амнистия жариялау, өлім жазасын жою, аграрлық мәселені шешу, т.б. 210 . Кейбір жерлерде шаруалар тіпті сайлауға қатысудан бас тартқан. Кадеттер жержерлерде шаруалардың назарларын өздеріне аударуға тырысып бақты. Қазақ зиялыларының кадеттер партиясының тұғырнамасына жақын болуының бір себебі дін мәселесімен де байланысты. 1905 жылы Ресейдің мұсылман дініндегі халықтары арасында отарлық езгіге қарсы саяси одақ қалыптаса бастады. Әрі ол діни сипат алды. 19051906 жылдары мұсылмандардың бүкілресейлік үш съезі өтті. Үкімет орындарының келісім бермеуіне қарамастан, Петербургке 1523қаңтар аралығында ІІ бүкілресейлік мұсылмандар съезі «Ресей империясының мұсылмандарын жалпы мемлекеттік мүддеге орай, сондайақ патшалықтың күнделікті жағдайымен және болашақта тізе қосып қимыл жасау үшін бір саяси партияға бірігуге үндейтін» жарғысын бекітіп, «Мемлекеттік Думаға депутат сайлау мерзіміне дейін тым аз уақыт қалуына байланысты ішкі губерния мұсылмандарының осы сайлау науқанында «Конституциялықдемократиялық партиямен» ынтымақтаса әрекет жасауға шақырған ұсынысын қуаттаған қаулы қабылдады» 211 . Қазақ зиялылары саяси күрестегі діни фактордың рөлінің маңыздылығын түсінді. Соны есепке ала отырып енді ғана саяси күрес жолына түсе бастаған олар басқа халықтармен ынтымақтасып, одақтасуды дұрыс деп тапқан болатын. Торғай қаласы мен облысы көлеміндегі сайлау науқанында әлеуметтік топтардың, һәм партиялар арасындағы қызметі белсенді түрде көрінді. Ол туралы «Тургайская газета»: «Қостанай қаласының жұртшылығы сайлау науқанына қатысты… әлі күнге дейін соның белгісі сайлаушыларды шақырған түрлітүсті афишалар, әр түрлі партиялардың ұрандары үйлердің қабырғалары мен қақпаларында сақталған» 212 — деп жазды. Патша заңдарының халыққа қарсы бағытталған тұстары қалың бұқараның кейбір әлеуметтік тобына өзінің тиімділігін байқатты. Сайлау науқанының алғашқы сайысында Торғай қаласы мен облысында Қостанайдың 10 сайланушысының 4еуі саудагер, 4еуі мещандар болды. Олар жалға жер алып, адамдар жалдап өңдеп, өнім өндірушілер болатын. Қалған біреуі — молда, соңғысы — мещан старостасы. Ақтөбелік таңдаушылардың (выборщики) бірі — үйездік басқарма қызметкері, екіншісі — судья болса, Торғай мен Ырғыз үйездері саудагерлерді сайлады 213 . Сол кездегі құжаттар көрсеткендей барлық таңдаушылардың қандай партияның мүшесі болғаны жөнінде нақты деректер жоқ. Дегенмен де, таңдаушылардың көпшілігіне кадеттер идеологиясының әсерін байқау қиын емес. Сол кезде Торғай облысы әскери губернаторына Ақтөбе үйезінің шаруалар жетекшісі былай деп жазды: «Жергілікті халық арасында конституциялықдемократиялық партияның бағдарламасы кең тарады… Мемлекеттік Думаға осы партияның атынан үміткерлерді сайлау жөнінде үгіт жүргізіп бастады» 214 . Алайда, сайлау қорытындысында кадеттер ықпалының өте жоғары деңгейде болмағанын көрсетеді. Облыстық сайлау комиссиясының көрсетуі бойынша сайлау жиналысына келген 57 таңдаушының, 31і өз дауыстарын «Народная свобода» партиясын жақтаушы Н.Дыхничқа берген 215 . Халықтың неғұрлым демократиялық ойпікірге жақын тобы жергілікті өкімет тарапынан тікелей қысым көрді». Қостанай қаласының сайлаушылары сайлау науқанына наразылықтарын былайша білдірді: 1. Сайлау негізінен жергілікті әкімшіліктің ықпалымен, түрлі қасақана бұрмалаулармен өтті; 2. Полиция кандидатты қорқыта отырып, оларды тізімге кіргізді. 3. Кандидаттар әкімшілік тарапынан әлдеқайда бұрын тағайындалды; 4. Сайлаушылар тізіміне өлгендер де еніп кеткен; 5. Әкімшілік қараңғы халықты өздеріне қажет кандидатты жазуға мәжбүр етті… ерікті сайлау болған жоқ, әкімшілік зорлығы болды. …Ескі тәртіптің нышаны айқын сезіліп тұрды 216 . Осы тәріздес өкімет тарапынан болған бассыздыққа орай Торғай облысының басқа жерлерінде де арызшағымдар түсіп жатты 217 , облыстағы сайлаудың нәтижесінде қазақ ұлтынан депутаттыққа Ахмет Бірімжан өтті. Семей қаласында 1906 жылы қаңтарда «Народная свобода» партиясының бөлімшесі құрылды. Сайлау алдындағы 1906 жылғы 7мамырдағы мәжілісте кадеттердің бағдарламасы оқылып, талқыланды. Мамыр айының екінші жартысында кадеттер жеті мәрте жиналыс өткізді.

14. Ұлт зиялыларының қалыптасуы,құрамы,қоғамдық қызметі: Бөкейханов,Досмұхамедов,Байтұрсынов,Тынышбаев,Құдайбердіұлы

Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті.

Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды.Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (05 HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=05_%D0%BD%D0%B0%D1%83%D1%80%D1%8B%D0%B7&action=edit&redlink=1" HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=05_%D0%BD%D0%B0%D1%83%D1%80%D1%8B%D0%B7&action=edit&redlink=1"наурыз 1866, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі - 27 HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/27_%D2%9B%D1%8B%D1%80%D0%BA%D2%AF%D0%B9%D0%B5%D0%BA"қыркүйек 1937, Мәскеу) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.

Өмірбаяны

• Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.

• Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады.

• Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды.

• 1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша бітіріп шықты.

1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті.[1]

• Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 жылы Ресей империясының елордасы Санкт-Петербургке барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.

Қоғамдық-саяси әрекеттері

• Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейхан Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады.

• « HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9D%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B4%D0%BD%D0%B0%D1%8F_%D1%81%D0%B2%D0%BE%D0%B1%D0%BE%D0%B4%D0%B0_%D0%BF%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B&action=edit&redlink=1"Народная свобода» HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9D%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B4%D0%BD%D0%B0%D1%8F_%D1%81%D0%B2%D0%BE%D0%B1%D0%BE%D0%B4%D0%B0_%D0%BF%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B&action=edit&redlink=1"партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп-жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.

• 1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған.

• 1905 жылы Әлихан Бөкейхан Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Ә.Н. Бөкейхан өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды.

• Абақтыдан шығып Санкт-Петербургке жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кездегі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә.Н. Бөкейхан да солардың артынан аттанып, Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербург сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды.

Әлихан Бөкейхан портреті, 1915 ж.

• 1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омичъ» және «Иртышъ» газеттерінде; 1908 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген меньшевиктік «Товарищъ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды.

• 1909-17 жж. «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді.

• 1911-14 « HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D0%B3%D0%B0%D0%B7%D0%B5%D1%82%D1%96"Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді.

Наши рекомендации