Тақырып. адамзаттың пайда болуы.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК

ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ

Ежелгі Қазақстан тарихы

Сынып

Тарау бойынша тесттер жинағы

Н.Б.Жангирова

РЫҚ 2016

«Бекітілді»

Арақия АБҮО кеңесі

Хаттама 2016 жыл

Дайындаған: ЖангироваНургульБолатовна

Құрық орта мектеп –гимназиясының

Тарих пәні мұғалімі

«Қаралды»

Рық орта мектеп –гимназия

Дістемелік кеңесі отрысы

Хаттама 2016 жыл

Түсінік хат

Бұл әдістемелік құрал тарих пәні мұғалімдеріне арналған. Ежелгі Қазақстан тарихы оқулығын толықтай қамтитын сұрақтар берілген. Оқулық жеті тараудан тұрады. Әр тараудың соңында тақырыптарды оқушы қаншалықты меңгергенін анықтау үшін тарау бойынша тест сұрақтары жасақталынған. Сұрақтарды құрастыру барысында оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілді. Тест сұрақтары тақырып бойынша орналастырылып, жылдар, ғасырлар, хронологиялық мәліметтер берілген.

Сынып Қазақстан тарихы

І тарау Ежелгі адамдардың өмірі. Ертедегі терімшілер мен аңшылар.

тақырып. Адамзаттың пайда болуы.

1. Бұл түсінік бойынша адамзат баласын Құдай жаратты?

А. Діни түсінік Ә. Ғылыми түсінік Б. Психологиялық тұрғыда В. Саяси көзқарас

2. Жер бетіндегі тіршілік ететін тірі организмдердің ішіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы ақыл мен ойдың иесі

А. Өсімдік Ә. Адам Б. Жануар В. Микробтар

3. Жалпы адамзат баласы тарихының ежелгі кезеңі нешеге бөлінеді?

А. 2 Ә. 4 Б. 5 В. 3

4. Жалпы адамзат баласы тарихының ежелгі кезеңі қандай кезеңдерге бөлінеді?

А. Темір, болат, тас Ә. Тас, қола, темір Б. Сүйек, қыш, тас В. Қыш, мыс, тас

5. Тас дәуірі нешеге бөлінеді?

А. 2 Ә. 4 Б. 5 В. 3

6. Тас дәуірі қандай кезеңдерге бөлінеді?

А. Қола, тас, темір Ә. Қыш, тас, мыс

Б. Палеолит, Мезолит, НеолитВ. Гайназой, Палеонозой, Мезозой

7. Тарихта ең ұзаққа созылған қай тас дәуірі?

А. Палеолит Ә. Мезолит Б. Неолит В. Энеолит

8. «Лит» сөзі нені білдіреді?

А. Темір Ә. Мыс Б. Тас В. Қыш

9. «Палео» сөзі нені білдіреді?

А. Орта Ә. Жаңа Б. Мыс В. Ерте

10. «Мезо» сөзі нені білдіреді?

А. Орта Ә. Жаңа Б. Мыс В. Ерте

11. «Энео» сөзі нені білдіреді?

А. Орта Ә. Жаңа Б. Мыс В. Ерте

12. Палеолиттің хронологиялық кезеңі?

А. Б.з.б 2,6 млн – б.з.б 12 мыңӘ. Б.з.б 2,6 млн – б.зб 40 мың

Б. Б.зб. 2,6 млн – 800 мың В. Б.зб. 800-140 мың

13. Палеолиттің өзі нешеге бөлінеді?

А. 2 Ә.5 Б. 6 В. 7

14. Палеолиттің бөлінуі қалай аталады?

А. Мыс, қыш Ә. Ерте, Кейінгі Б. Олдувай, Ашель В. Мезолт, Энеолит

15. Ерте палеолиттің хронологиялық шеңбері?

А. Б.з.б 2,6 млн – б.з.б 12 мың Ә. Б.з.б 2,6 млн – б.зб 40 мың

Б. Б.зб. 2,6 млн – 800 мың В. Б.зб. 800-140 мың

16. Кейінгі палеолиттің хронологиялық шеңбері?

А. б.з.б 40 – 12 мың Ә. б.з.б 2,6 млн – б.з.б 40 мың

Б. б.зб. 2,6 млн – 800 мың В. б.з.б. 800-140 мың

17. Ерте палеолиттің өзі нешеге бөлінеді?

А. 2 Ә. 3 Б. 4 В. 5

18. Ерте палеолит қандай кезеңдерге бөлінеді?

А. Мыс, қыш, темір Ә. Ерте, Кейінгі, Орта

Б. Олдувай, Ашель, МустьеВ. Мезолит, Энеолит, Неолит

19. Олдувай кезеңінің хронологиялық кезеңі?

А. б.з.б 40 – 12 мың Ә. б.з.б 2,6 млн – б.з.б 40 мың

Б. Б.зб. 2,6 млн – 800 мыңВ. б.з.б. 800-140 мың

20. Ашель кезеңі

А. б.з.б 40 – 12 мың Ә. б.з.б 2,6 млн – б.з.б 40 мың

Б. б.з.б. 2,6 млн – 800 мың В. б.з.б. 800-140 мың

21. Мустье кезеңі

А. б.з.б 140- 40 мың Ә. б.з.б 2,6 млн – б.з.б 40 мың Б. б.з.б. 2,6 млн – 800 мың В. б.з.б. 800-140 мың

-1 -

22. Палеолит уақыты шамамен неше милл созылды?

А. 2 Ә. 3 Б. 4 В. 5

23.Ертедегі адамдардың маймылдар мен жануарлардан басты айырмашылығы.

А. Аң аулауы Ә. Теріп жеуді білуі Б. Еңбек құралдарын жасай білуі В. Жұптасып жүруі

24. Ежелгі адамдардың алғашқы топтасу жүйесі

А. Ру Ә. Топ Б. Тайпа В. Тобыр

25. Тобырдан кейінгі топтасу жүйесі?

А. Ру Ә. Топ Б. Тайпа В. Тобыр

26. Рудан кейінгі топтасу

А. Ру Ә. Топ Б. Тайпа В. Тобыр

27. Африкада Кения жеріндегі Олдувай шатқалында табылған?

А. Питекантроп Ә. Синантроп Б. Епті адам В. Неандерталь

28. Епті адам шамамен қашан өмір сүрген?

А. 1 млн. 750 мың Ә. 1 млн. 650 мың Б. 2 млн В. 1 млн

29. 1974 ж. Америка археологтары Шығыс Африкадан осыдан 2,5 млн жыл бұрын өмір сүрген адам қаңқаларын тапты, оны қалай атады?

А. Питекантроп Ә. Синантроп Б. Епті адам В. Австролопитек

30. «Тік жүретін адамдар» кімдер?

А. Питекантроп, Синантроп Ә. Неандерталь, Саналы адам Б. Епті адам В. Австролопитек

31. Питекантроптың қаңқасы қай жерден табылды?

А. Қытай Ә. Өзбекстан Б. Франция В. Ява аралы

32. Питекантроптың қаңқасы алғаш қашан табылды?

А. 1891 Ә. 1974 Б. 1938 В. 1856

33. Питекантроп мөлшермен неше милл жыл бұрын өмір сүрген?

А. 1 млн. 750 мың Ә. 1 млн. 650 мың Б. 2 млн В. 1 млн

34. Адамзат тарихының бұдан кейінгі сатысында (питекантроптан кейін)

А. Питекантроп Ә. Синантроп Б. Епті адам В. Австролопитек

35. Синантроп Солтүстік Қытайдағы Чжоу – коу – дянь үңгірінен қай жылы табылды?

А. 1891 Ә. 1974 Б. 1938 В. 1927

36. Синантроп бұдан неше мың жыл бұрын өмір сүрген?

А. 1 млн. 750 мың Ә. 500-200 Б. 2 млн В. 1 млн

37. Неандерталь баланың сүйегі қай жерден табылды?

А. Қытай Ә. Өзбекстан Б. Франция В. Ява аралы

38. Неандерталь баланың сүйегі қай жылы табылды?

А. 1891 Ә. 1974 Б. 1938 В. 1927

39. Өзбекстан жеріндегі Тесіктас үңгірінен табылған Неандерталь баланың сүйегін кім зерттеген, тапқан?

А. Марғұлан Ә. Окладников Б.Ақышев В. Смагулов

40. Германия жерінен табылған Неандерталь сүйегі қай жылы табылды?

А. 1856 Ә. 1974 Б. 1938 В. 1927

41. Неандерталь шамамен неше мың жыл бұрын өмір сүрген?

А. 1 млн. 750 мың Ә. 500-200 Б. 2 млн В. 200-35 мың

42. 1868 жылы Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылған адам қаңқасы?

А. Кроманьон адамы Ә. Питекантроп Б.Синантроп В. Епті адам

43. Біздің жерімізден табылған ең ежелгі құралдар?

А. Тас кескіш, қырғыш, тескіштер Ә. Дәнүккіш, балта Б. Найза, садақ В. Шоқпар, қысқаш

44. Қазақстан аумағында алғашқы адамдар шамамен бұдан неше милл. жыл бұрын өмір сүрген?

А. 1 млн Ә. 500-200 Б. 2 млн В. 100-35 мың

45. «Нео» сөзі нені білдіреді?

А. Орта Ә. Жаңа Б. Мыс В. Ерте

- 2 -

Тақырып

Наши рекомендации