Мәдениеті. Үй кәсібі мен қолөнеріндегі ерекшеліктер, халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі. 4 страница
Территориясы: Жайық пен Тобылдан бастап, Сырдарияның төменгі ағысына дейін.
Көтерілістің себептері:Ақшалай салықтың өсуі.Күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттенуі.Көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеу.Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы. Қазақтардың жер үшін күресін әлсірету.
Мақсаты: Хан озбырлығына шек қою. Шаруалар жағдайын жақсарту. Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту.
Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.
Көтеріліс барысы.1836 жылы Жәңгір хан Қарауылқожаға котеріліс басшыларын тұтқындауды тапсырды.Қарауылқожаның Исатайга беріліп ханға бас июді талап етуі , көтерілістін өршуін тездетті. 1836 жылы Исатай маңына косымша 20 ауыл көшіп келді.1836 жылы 13 желтоксанда Жәнгір маңындағы старшындар Махамбет ауылына шабуылдап, малдарын талап әкетті.
1837 ылы30 наурыз - Шекаралык комиссия Исатай мен Махамбетті сотқа тартуды талап етті.1837 жылы 15 қараша –Тастөбе шайқасы . 1837 жылы 13 желтоқсан- батыр Жаманқала бекінісі маңында жазалаушылар торын бұзып, Жайықтан шығыска қарай өтіп кетті1838 ж. 12 шілде – Ақбұлақ шайқасы. Ауыр жараланған Исатайды казактар қылышпен шауып, атып өлтірді.1838 ж. 23 шілде – Махамбет тобы хан ауылына шабуылдады. Басты қозғаушы күш –қарапайым көшпенділер Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да қатысты .
Көтеріліс басшысы.Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) мен Исатай Тайманұлы (1791-1838). 1836 ж. ақпанның басында басталған көтеріліс халық-азаттық сипатта болып, Қарауылқожаны биліктен тайдыруға, ханның жарлықтарын мойындамауға шақырды.
Нәтижесі:Салық мөлшеріне шек қойылды.Патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын боды.Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегендігін дәлелдеді.Қазақ феодалдарының отаршылдық басқарумен байланыста екенін көрсетті.Әртүрлі халықтардың қанаушыларға қарсы бірігіп күресуінің негізі қаланды.
Тарихи маңызы: XIX ғ. 30 жж. ірі әлеуметтік ұлт-азаттық қозғалыс.Отаршылдыққа қарсы бағытталды.Ресейдегі азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі.
Жеңілу себептері: Үстем тап өкілдерінің опасыздығы.Көтеріліс басш-ның Кіші жүздегі және Ішкі ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы.Қару-жарақтың теңсіздігі.Стихиялығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі.Көтерілісшілердің бір бөлігінің өз ісіне сенімсіз болуы.
И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілісті үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең - 1833-1836 жылдар аралығы қарулы көтеріліске даярлық ретінде сипатталса, екінші кезең - 1837 жылдың басында көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап, олардың осы жылдың күз айларына жеңіліске ұшырауына дейінгі аралық. Үшінші кезең - 1837 жылдың желтоқсанында Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап көтеріліске қайта шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің маңында болған шайқаста біржола жеңіліске ұшырауына дейінгі уақытты қамтиды. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс - қоғамдағы әлеуметтік теңдік үшін болған, қазақ халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтың азаттық рухын жігерлендірген көтеріліс. Сондықтан да, бұл көтеріліс халқымыздың тарихында өзіндік орны бар, маңызы зор көтерілістердің бірі.
46.Қазақ халқының Кенесары Қасымұлы бастаған отаршылдыққа қарсы күресі.
Орта жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы бағытталған бас көтерулері 1822 жылы «Сібір қырғыздары туралы жарғыдан» басталады. Осы күрес 1837 жылы жазда Абылай ханның немересі, Қасымның баласы Кенесары бастаған жаңа, қуатты бас көтеруге ұласты.Кенесары күресті екі майданда – патшалық Ресей мен Ортаазиялық хандықтарға қарсы, әсіресе қазақ халқының бір бөлігін құлдықта ұстап отырған Қоқанға қарсы жүргізуге шешім қабылдайды. Қарулы көтерілістің алдында Қасым мен Кенесары тарапынан Орта жүз жерлеріндегі бекіністер жүйесін алып тастауды талап етіп, Сібір басшыларының атына хаттар жазылған еді, бірақ олар жауапсыз қалды.1837жылдың көктемінде Кенесары азғана жасағымен Ақмола округінің шекарасына келіп жетті. Қазақтар оның туының астына жаппай ағыла бастады. Жекеленген жасақтардың басында Кенесарының жақын туыстары Наурызбай, Әбілғазы, Бопай ханымдармен бірге халық батырлары – Ағыбай, Жанайдар, Иман, Жоламан, Бұқарбай тұрды. Көтерілістің алғашқы сатысында өздерінің мүдделерін көздеген, Кенесарыдан қорыққан орыс қызметіндегі сұлтандар мен билердің бір бөлігі де қосылды.Кенесары 1837 жылы жазда Чириковтың жазалаушы отрядын талқандады, сөйтіп қол астына Ақмола, Көкшетау, Қарқаралы және Баянауыл округтерінің аумақтарын қаратты. 1838 жылдың басында бытыраған қазақ жасақтары Кенесарының қол астына бірігеді. Көктемде ол Батыс Сібірдің губернаторы Горчаковқа Ресей өкіметінің саясатына қарсы арнайы қарсылық хатымен елшілік жібереді, қазақ жеріндегі бекініс пункттерін жоюды, тартып алынған жайылымдарды қайтаруды талап етеді. Сұлтанның жіберген өкілдерін жазалаушылар орта жолда ұстап алады, бұдан кейін Кенесары Ресейге қарсы белсенді қимылдарын қайта жалғастырады.1838 жылдың жазында көтерілісшілер әскер старшинасы Симоновтың отрядын талқандайды. Кенесарының жасағы Ақмола бекінісінің түбінде шоғырланады. 7 тамызда бекініске қиян-кескі тіке шабуыл басталады, барлық құрылыстар өртеліп жіберіледі. Бұдан кейін күз бойы қазақтар партизан күресін жалғастырады, Ресейге жақтас сұлтандардың ауылдарын тонап және байланыс тораптарын үзіп приказдарға, пикеттерге және разъездерге жүйелі шабуыл жасайды. Күзде Кенесарының ауылдары Жоламан батыр бастаған Кіші жүздің жасақтарымен бірігу мақсатында Торғай мен Ырғыз өзендерінің бойына өте бастайды.1841 жылы қазақ мемлекеттігінің қайта жаңғыруына байланысты азаттық күрестің жаңа сатысы басталады. Ұлытаудағы қазақ рулары өкілдерінің кеңесі 1841 жылы жазда Кенесарыны хан етіп сайлады. Кенесары хан орталық үкіметті нығайтуға және күресті жалғастыру үшін мықты тылды құруға бағытталған бірқатар әкімшілік пен сот реформаларын жүргізді. Хан маңында оның жақтастары кірген кеңесші орган – Хан кеңесі құрылады. Салық жинауға, әскери дайындыққа, мәмілегерлік істерге жауап беретін қызметтер ұйымдастырылады. Даладағы әскери қимылдар 1843 жылы қайта жанданды. Полковник Бизановтың басшылығымен 5000 адамнан тұратын отряд Сахарная бекінісінен, басқа отрядтар Омбыдан, Қызылжардан (Петропавловск) және Қарқаралыдан шықты. Тобыл өзені жағынан патша үкіметіне берілген сұлтан Ахмет Жантөриннің қазақ жасағы да шықты. Кенесары шайқастарда Бизановтың отрядын әбден титықтатып барып, 1843 жылдың қыркүйегінде оны Орскіге шегінуге мәжбүр етті. 1847 жылы Кенесары жасақтары қырғыз шекарасына жақындады. Мұнда олар орасан зор қиындықтарға кездесті. Жергілікті жерді білмеу, қырғыздармен арадағы жаугершілік, қырғыз, қоқан және орыс отрядтарының біріккен әрекеттері жеңіліске себеп болды. Кенесарының соңғы шайқасы Пішпекке таяу жердегі Кекілі тауында өтті. Тау ішінде қазақтарды қоқан және қырғыз әскері қоршап алады. Кенесары тұтқынға түседі. Өлім алдында ол тағы бір рет қырғыз манаптарына жаулықты тоқтатып, ортақ жауға қарсы бірігіп күресу үшін күштерді біріктіруді ұсынады, алайда бұл жолы да қырғыз манаптары оның ұсынысын қабылдамайды.
47.Қазақтардың Орал мен Торғай облыстарындағы (1868-1869) және Маңғыстаудағы (1870) көтерілістері. «Уақытша ереженің» енгізілуі Орта жүзде қарсылыққа кездеспеді, сөйтіп көтеріліс негізінен Кіші жүзді қамтыды. Зерттеуші Н. А. Середа Орал облысындағы ашу-ызаның себебі «халық пен реформаларда» емес, қазақтарды сұлтандар арқылы басқару әдісінде деп білді. Көшпелі халықтың ашу-ызасын туғызған факторлардың бірі үкіметтің фискалдық саясатының қатайтылуы еді. Оның үстіне қатардағы көшпелілер мен ауқатты отбасылар бірдей міндеткерлік атқарды. Мұның өзі патша өкіметінің қазақ қоғамының артықшылықтары, топтары жөніндегі қамқоршылық саясатының көрінісі болды; салықтар мен басқа да міндеткерліктердің күрт көбейтілуі Орал, Торғай облыстарында халықтық бой көрсетулердің басталуына түрткі болды.Патша «Уақытша ережені» мақұлдағаннан кейін үкіметтің бірден дерлік жүзеге асырыла бастаған салық саясатына қазақтардың наразылығы 1868 жылғы қарашаның аяғына қарай қарулы қарсылыққа ұласты. Нашар қаруланған, бірақ жер жағдайын тамаша білген көтерілісшілерге қарсы қимылдаған шағын казак шолғыншылары олардың тегеурінін әлсірете алмады.Қарулы бой көрсетулер шектес екі облыстың бірқатар аудандарында бір мезгілде дерлік болуы себепті тұрақты бөлімдер аз болған кезде қазақтардың нақты күштерін ұтымды бөлу қиын болды. Оның үстіне көтерілісшілер өздерінің бытыраңқы жасақтарын үкіметтің өзін-өзі қорғайтын күштерімен жеткілікті қамтамасыз етілген ірі әскери-тірек бекеттеріне қарсы емес, қайта қазақ ауылдарына казак отрядтарының қорғауымен жасырынып жүрген жеккөрінішті старшындарға, болыстарға қарсы бағыттады.Көтеріліс Орал облысының солтүстік-батыс аудандарын, атап айтқанда, бұрынғы халық көтерілістері бойынша да отаршылдыққа қарсы қозғалыстарға белсене қатысқаны аңғарылған жауынгер табын, шекті руларының қоныстарын кең қамтыған. Бұл жолы да табындар реформадан кейінгі кезеңдегі отаршылдыққа қарсы күреске елеулі үлес қосты. Отаршылдық өкімет орындары көтерілістің шектес екі далалық облыс аумағына қанат жаюының шын мәніне бойлап жатпай, мұның себебін барлық уақытта хиуалықтардың ықпалы деп білді.
XIX ғасырдың 60-жылдарына дейін Хиуа үкіметі Ресейге барынша адалдық көрсетіп, онымен ең алдымен өзара тиімді сауда қатынастарын жасап отырды.
Маңғыстаудағы көтеріліс (1870 ж.)«Уақытша ереже» Маңғыстауда 1870 жылы енгізілді. Патша әкімшілігі Маңғыстаудың негізгі халқы – адай руы «Уақытша ережені» күрессіз қабылдамайды деп қауіптенді және оны жүзеге асыру үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды күтті.Маңғыстау приставы подполковник Рукин дала тұрғындарының қиын жағдайымен санаспай, адайлардан 1869–1870 жылдар үшін шаңырақ алымын жаңа тарифке сәйкес дереу енгізуді талап етті; көптеген жергілікті тұрғындар, соның ішінде Бозашы түбегінің балықшы жатақтары Рукиннің талабын орындаудан бас тартты. Адайлардың жайлауға көшуін күштеп тоқтатуға тырысқан Рукиннің ойланбай жасаған әрекеттері жер-жерде көтерілістің басталуына себеп болды. Көтерілісшілердің жетекшісі Иса Тіленбаев қалың бұқараға басшылық етуде шеберлік және жазалаушылармен келіссөздерде дипломатиялық әдептілік танытты. Көтерілісшілер сәуір айының басында Николаев станицасына, Александровск фортына шабуыл жасады, алайда олар сәтсіздікке ұшырады. Патшалық өкімет орындарын көшпелілердің батылдығы қорқытты, мұның өзі оларды қосымша әскери көмек сұрауға мәжбүр етті; Кавказдан тың күштердің келуі күштердің арақатынасын өзгертті. Қозғалысты басуға басшылық жасау қолына шоғырландырылған граф Кутаисов «ең жабайы, дөрекі және жауынгер қазақтарды» тыныштандырудың өз жоспарын ұсынды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші – қазақ шаруалары өз қатарларын берік біріктіруге қол жеткізе алмады, мұның өзі саны жөнінен болмашы жазалаушы отрядтардың халық қарсылығының негізгі ошақтарын тұншықтыруына мүмкіндік берді; қазақ шаруаларының рулық тар өрістері мүдделері отаршыл империяның әскери құрамаларының өзінің ұйымдасуы жағынан едәуір кем түскен көтерілісшілер жасақтарындағы тұрақтамаушылықты туғызды. Көтеріліс шағын сипатта болғанымен, оның географиялық шеңбері тым ауқымды болды – бүкіл дерлік Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстанның бір бөлігі қазақ шаруаларының бой көрсетулерімен қамтылып, «Уақытша ереженің» жүзеге асырылуын қиындатты
48.Оңтүстік Қазақстан қазақтарының Қоқан және Хиуа феодалдарына қарсы күресі.
Жанқожа Нұрмұхамедұлы өзінің бүкіл өмірін Арал маңы қазақтарының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнады. Жанқожа Кішкене шекті руының басшысы еді. Рулас туыстары оны жеке басының батылдығы, ерлігі және қаһармандығы үшін құрмет тұтты. Оның дүлей қара күші де, ат құлағында ойнайтын шебер шабандоздығы да бар еді. Сыр бойының қазақтары оны ақылды әрі әділетті би ретінде таныды. Батырдың өзгелерден бір ерекшелігі ол дінге берілген иманды кісі еді. Белгілі ғалым әрі қоғам қайраткері М. Тынышбаев ол туралы былай деп жазды: «Барлық үш жүзге ортақ батыр әрі би, қазақтардың бостандығы жолындағы атақты күрескер Жанқожа батыр орыстарды да, хиуалықтарды да, қоқандықтарды да мойындамады».
Атап айтқанда, батыр хиуалықтарға бағынбады. Көп шайқастардың бірінде ол өзінің соңына түсіп, қуып келе жатқан хиуа жасақтарын жалғыз өзі тас-талқан етіп жеңіп шығады. Сол жолы өзі де 8 жерінен жаралы болады. Осы бір жүрек жұтқан ерлігі үшін халық оны қадір тұтып, сый-құрметке бөледі. 1835 жылы ол Хиуаның Бабажан бекінісін шауып алды. Жанқожа қол астындағы адамдарға әділ басшылық етті, оларға қатаң талаптар қоя білді. Парақорлар мен ұрыларды өлім жазасына кесті. Ол қарапайым дене еңбегінен ешқашан бас тартып көрген емес. Жанқожа батыр егін даласында, тоған құрылысында, арық-атыз, канал қазуда да өз руластарымен бірге аянбай еңбек етті. Оның атақ-даңқы бүкіл қазақ даласына жайылды. Жанқожа Кенесары Қасымұлымен туыстық қарым-қатынас орнатты. Хан оның қызына үйленді. Атақты батыр XIX ғасырдың бірінші жартысында Хиуаның қатаң тепкісіне қарсы күрескен хан Арынғазы Әбілғазыұлының ісін жалғастырып, алға алып барушы болды.
1836 жылы Жанқожа жауынгерлерімен бірге Хиуа әскерлеріне қарсы күреске шығып, олардың ірі бекініс-қамалы Бесқаланы тас-талқан етіп қиратты. 1843 жылы Жанқожаның жасағы Хиуаның Қуаңдариядағы бекінісінің де тас-талқанын шығарды, ал 1845 жылы Хиуаның құрамында екі мың сарбазы бар ірі жасағын ойсырата жеңді.
Жанқожа Қоқан хандығының Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы Жаңақорған, Күмісқорған, Шымқорған және Қосқорған сияқты әскери бекіністеріне де шабуыл жасады. Ол Кенесары Қасымұлының әскери жасақтарымен белсенді байланыс жасап тұрды. 1845 жылы Жанқожа батыр Кенесары ханның өтініші бойынша Созақ әскери бекінісін басып алуға қатысты.
1847 жылы көтерілісшілер Сырдарияның сол жақ бетіне өтіп, Хиуаның және бір бекінісін — Жаңақаланы басып алып қиратты. Батыр мен оның жақын серіктері хиуалықтар бұрын қазақтардан тартып алып кеткен 3 мың түйені, 500 жылқыны, 2 мың мүйізді ірі қараны және 52 мың қойды қайтарып алды.
Кейінірек Жанқожа батырдың Қоқан хандығымен көп жылға созылған тартысты оқиғалары басталды. Қоқандықтар 1851 жылы қазақтардың көп малын күшпен айдап алып кетті. Жанқожа батыр Ақмешітке дейін жорық жасады, қоқандықтардың әскери жасағын талқандады, Қосқорған бекініс-қамалын басып алды. Жергілікті қазақтар Қоқан езгісінен азат етілді.
Батыр Хиуа мен Қоқанға қарсы күресіп жүрген кезде Орынбор жақтан Маңғыстауды басып өтіп, Сырдарияны бойлап, Ресей империясының әскери жасақтары ілгері жылжып келе жатты.
49.Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Әдістері және нәтижелері.
Қазақстанның оңтүстігін басып алу. Қазақстанның Ресейге қосылуына көптеген саяси-экономикалық алғышарттар болды. Орыс үкіметі өзінің шекарасын Шығыста ұлғайтқысы келді. Ресейде мемлекеттік биліктің күшейуімен қатар Шығыс мемлекеттерімен, көрші жатқан халықтармен сауда айырбас жасауға және өзге де қарым-қатынастарды дамытуға мүмкіндік туды. Қазақстанның Ресейге бодандығы ХVIII ғ. 30-шы жылдары басталып, ұзақ және күрделі үрдістен кейін ғана XIX ғасырдың 60 жж. аяқталды. Қазақ жүздерінің қосылуы әртүрлі ішкі саяси жағдайда іске асты. Кіші жүздің көп және Орта жүздің кейбір аудаңдары Ресейге XVIII - XIX ғғ. басында қосылды. Патшалық империя Орта Азияға байланысты алға қойған стратегиялық мақсаттарына жету үшін Орта жүздің үлкен бөлігін және Оңтүстік Қазақстанның қалалық белігін еш аяушылық көрсетпей, қатаң әскери күшпен бағындырды. Ресей Оңтүстік Қазақстанды және Орта Азияны жаулап саясатын Ұлы Британия империясымен болған бәсекелестікпен түсіндіреді. Қазақстанның Ресейге қосылуы үш кезеңнен тұрады: -Бірінші кезең XVIII ғ. 30-шы жылдарынан басталып 19 ғ. 20-шы жылдарына дейін. Бұл жүзжылдықтың ішінде Ресей мен Қазақ хандығының арасында протекторат қарым-қатынасы орнады. Ресей бекіністері мен шептері қазақ жерінің солтүстік шекарасын жан-жақтан қоршады. Қазақ хандарының сыртқы шаруаларына орыс билігі тығыз араласты және бекітіп отырды. -Екінші кезең - вассалитет кезеңі, XVIII г. 60-шы жылдары аяқтадаы. Оның негізгі керінісі 1822 жылы қабылданган «Сібір қазақтары туралы Жарғы» мен 1824 жылы қабылданған «Орынбор қазақгары туралы Жарғы» осы жарғылардың нәтижесінде хандық билік күшіи жойып, Ресей бодандығындағы қазақ өлкесіңде округтер мен бөлімдер ашылды. 0 круг басшылары - аға сұлтандар мен сұлтан-правительдер генерал-губернаторлыктарға бағынды. Өз кезегінде округтерде болыстықтар мен дистанциялар ашылды. Үшінші кезеңі таза бодандық, 1860-шы жылдары басталады. Оның негізгі белгісі Қазақ жерінің тұтастай Ресей империясының құрамына енуі, облыстарға бөліну, олардың ез кезегінде уездерге т.б. бнлінуі. Қазақтың саяси элитасы сұлтандар мен билер биліктен біржолата шеттетілді. Қазақ шаруашылығы Ресейдің тауарлы-сауда қарым - қатнастарының орбитасына ене бастады. 130 жылға созылған қазақ - орыс жаугершілігі ақырьі Қазақстанның онтүстігіндегі қалаларды жаулап алумен аяқталды. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтың ұлт-азаттық қозғалыстары жеңіліспен аяқталып, Қазақстанның бүкіл территориясының Ресей билігіне өтуіне алғы - шарт болды. Отаршылдарға қарсы көтерілістер кейде партизандық, кейде ашық ұрыс түрінде болып отырды. Қазақтардың жеңілуінің бірнеше себептерін көрсетуге болады: ол алдымен Ресей империясының экономикалық ресурстары қамтамасыз еткен орыс әскерінің техникалық қуатталығы, көптеген сұлтандар мен билердің сатқындығы, үшіншіден Кенесары қозғалысы кезінде Ресейге көмектескен Қазақстанның онтүстік көршілерінің - Хиуа, Қоқан және қырғыз манаптарының саясаты.