Тақырып 2: Әлеуметтану ғылымының қалыптасу және даму кезеңдері
1.Әлеуметтану ғылымының қалыптасуына дейінгі кезең.
2.Әлеуметтану дамуының классикалық кезеңі.
3.О. Конттың позитивистік доктринасы.
4.Позитивистік және эволюционистік теориялардың дамуы (Дж.Ст.Милль, Г. Спенсер, Г. Тард, Э. Дюркгейм, Ф. Теннис).
5.Э. Дюркгеймнің әлеуметтік деректері және әлеуметтанулық әдістер туралы ілімі.
6.М. Вебердің түсіндірмелі әлеуметтануы.
7.Г. Зиммельдің әлеуметтанулық теорияны дамытуға қосқан үлесі.
8.К. Маркстың әлеуметтанулық идеялары.
Әлеуметтану ойының негізгі даму кезеңділігі сұрағын талқылаған уақытта әлеуметтанудағы негізгі даму тарихындағы төрт кезеңді қарастырылады:
1. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қоғамдық құбылыстарды баяндау сипатында болды. Бұл кезеңде әлеуметтану философиядан бөлініп шығып, қоғамды зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады. Алғашқы кезеңде осы ғылымның пайда болуын, дамуын түсіндірмекші болған мектептер, бағыттар, ілімдер қалыптасты. Сонымен қатар, әлеуметтанудың қолданбалы саласы қалыптаса бастады.
2. Қолданбалы әлеуметтану ХХ ңасырдың 30-60 жылдары. Әлеуметтанудың әдістемелік және дістік аппаратын дайындау басталды, әлеуметтану практикалық ғылымға айналады. Оның әр түрлі ақпарат құралдары қалыптасып, математикалық аппаратты кеңінен қолдана бастайды.
3. ХХ ғасырдың 60-90 жылдары. Әлеуметтану өткен кезеңдердегі әлеуметтану теорияларын, тұжырымдарын өмірде қолдана бастайды. Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламентті және президенттерді сайлаулардың қарсаңында нақтылы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, саяси серіктестіктердің сайлауын қамтамасыз етіп отырды.
4. Бүгінгі таңда әлеуметтану жүйелі білімге айналып, әлеуметтану ғылымында түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды.
Аталған сұрақты талдау барысында әрбір кезеңнің нақты жайттарына терең үніліп, таңысу керек.
Әлеуметтанудың пайда болу тарихына назар аударатын болсақ, әлеуметтану тарихының дамуы күрделі, сондықтан әлеуметтік проблеманың мәнін түсіну үшін әлеуметтік білімнің жалпы пайда болғанын, ненін орнына келгенін білу маңызды.
Сондықтан да, аталынып отырған сұрақ мазмұнын қарастырған уақытта алдымен әлеуметтанушылық ойдың дамуының кезеңдерін қарастырып, оның алғы шарттары мен себептерін ежелгі дәуір мен орта ғасыр кезеңдерінен алып, ондағы зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне сүйену керек. Бұл кезеңдерді қарастырғаннан кейін, жаңа және қазіргі замаңғы ойшылдар еңбектеріне талдау жасап, талқылыма беру міндет.
О.Конт және әлеуметтану сұрағын қарастыру әлеуметтану ғылымында маңызды болып саналады. Өйткені, Огюст Конт әлеуметтану ғылымының негізін қалаушы болып есептелінеді. Содықтан, бұл ғылымның ұйғарымы бойынша, әлеуметтанудың дербес ғылым ретінде пайда болуын оның қоғам танып мойындаған кезеңнен басталатындығын ескеру қажет. «Науковедение» кітабы бойынша, әлеуметтану ХІХ ғасырдың қырқыншы жылдары, оның негізін салушы француз оқымыстысы Огюст Конттың 1839 жылы «Позитивтік философия курсы» атты еңбегі шыққаннан кейін пайда болған. О.Конт өзінің еңбегінің 3 томында «Социология» деген ұғымды бірінші рет қолданып, қоғамды ғылыми негізінде зерттеп білуді міндет қойды.
Қоғамды ғылыми негізде зерттеу қажеттілігі әлеуметтану ғылымының пайда болуының және қалыптасуының басты себебі болғандығын айту керек.
Сондықтан, әлеуметтану ғылымына О.Конттың қандай үлес қосқандығы және оның алатын орны туралы нақты мысалдар келтіре отырып, сұрақ мазұмнын ашу міндет болып саналады.
Пайдаланылатын әдебиет:
1. А.И.Икенов. Әлеуметтану негіздері. Оқу құралы. А.; 2004.
2. Фролов С. Социология, М., 2000.
3. Булатова А., Исмагамбетова З. Курс лекции по социологии, А., 2000.
4. Тощенко Ж. Социология, М., 1999.
5. Мостовая И. Зачет по социологии, М., 1999.
6. Радугин А., Радугин К. Социология, М., 2001.
7. Лавриненко В. Социология, М., 1998.
8. Збровский Г. Общая социология, Екатеринбург, 1997.
9. Капитонов Э. Социология 20 века, Росто на Дону, 1996.
10. Андрущенко В. Социология, Харьков, 1996.