Кәсіпкерлік тәуекелді туындататын факторлар. Кәсіпкерлік тәуекелді бағалау әдістері.
Кәсіпкерлік тәуекелдер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде көптеген факторлардың әсерінен туындайды. Кәсіпкерлік тәуекел деңгейіне әсер ететін сыртқы факторларды 2 топқа бөліп қарастыруға болады: тікелей әсер ететін факторлар және жанама әсер ететін факторлар. Тікелей әсер ететін факторлар тәуекел деңгейі мен кәсіпкерлік қызмет нәтижелеріне тікелей ықпал етеді. Жанама әсер ететін факторлар кәсіпкерлік қызмет пен тәуекел деңгейіне тікелей ықпал ете алмайды, бірақ оның өзгерісіне әсер етеуі мүмкін.
Тәуекел факторы деп тәуекелдің себептерін айқындауға мүмкіндік беретін жағдайларды айтсақ, ал тәуекел деңгейі кәсіпкерлік әлеуеттің ұлғаюының жоспарланған шамадан мүмкін болатын ауытқуын сипаттайды.
Тәуекелдің саяси факторлары:
1)Елдегі қалыптасқан саяси жағдай.
2)Шаруашылық қызметті іске асырудың мүмкін еместігі.
3)Шетелдік мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынасқа тиым салу.
4)Заңнамалар мен нормативтік –құқықтық актілердің өзгеруі.
5)Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының күтпеген іс-әрекеттері.
6)Салық заңнамаларының жетілмеуі.
Тәуекелдің әлеуметтік-экономикалық факторлары:
1)Тәуекелдің инфляциялық факторлары.
2)Тәуекелдің дефляциялық факторлары.
3)Тәуекелдің валюталық факторлары.
4)Тәуекелдің қылмыстық факторлары.
Тәуекелдің ұйымдастырушылық факторлары:
1)Ұйымдастыру деңгейі.
2)Шешім қабылдау және оны іске асырудағы қателіктер.
3)Жалдамалы жұмыскерлер құрамы, олардың біліктілігі, материалдық ынталандыру дәрежесі.
4)Басқару құрылымы және басқару стилі.
5)Өндірісті ұйымдастырудағы күтпеген өзгерістер.
Кәсіпкерге қатысты тәуекел факторлары:
1)Кәсіпкердің өзі және оның құзіреттілігі.
2)Кәсіпкердің білімі мен біліктілігі.
3)Кәсіпкердік еңбек өтілі мен тәжірибесі.
4)Кәсіпкердің жеке қасиеттері.
Тәуекелдің аймақтық факторлары:
1)Әлеуметтік-демографиялық факторлар.
2)Аймақтардың даму жағдайы және олардың әртүрлілігі.
3)Төтенше жағдайлардың орын алуы.
Тәуекелдің салалық факторлары:
1)Салалық тәуекелдер.
2)Кәсіпкерлік субъектісінің саладағы жағдайымен байланысты тәуекелдер.
3)Экологиялық тәуекелдер.
Тәуекелдің қаржылық факторлары:
1)Кәсіпкерлік субъектісінің қаржылық жағдайы.
2)Қаржылық проблемалар және қиындықтардың орын алуы.
Экономикалық қызметпен байланысты тәуекел факторлары:
1)Банкротқа ұшырау қаупі.
2)Қолданылатын техника мен технологиялар деңгейі.
3)Инновацияларды дайындау, еңгізу және пайдалану жағдайы.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде қандай да бір шамада тәуекелдің болатыны анық. Алайда тәуекелді бағалау мен оны төмендету әдістерін анықтауға, тәуекелді басқару жүйесін әзірлеуге баса назар аударылуы тиіс.
Тәуекелді бағалау–туындаған тәуекелді жағдайдан немесе тәуекелді болдырмау бойынша шаралардың өз уақытында қабылданбауынан болатын белгілі бір зиянның мөлшерін немесе қоысмша табыс табу мүмкіншілігін болжауға мүмкіндік беретін аналитикалық іс-шараларп жиынтығы. Яғни айтқанда, тәуекелді бағалау тәуекел мөлшерін сандық және сапалық тәсілмен анықтауды білдіреді.
Сандық талдаутәуекелдің нақты мөлшерін сандық түрде көрсетуге, оларды талдау, сараптау және салыстыруға бағытталған. Тәуекелді сандық талдау кезінде әртүрлі әдістер қолданылуы мүмкін. Олар:
Статистикалық; сараптамалық, талдамалық әдістер.
Сапалық талдау тәуекелдің әлеуетті (потенциалды) облысын және факторларын анықтауға, оның мүмкін болатын түрлерін айқындуға мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлік субъектісінде бар ақпараттардың толықтығына байланысты тәуекелді бағалау әдістерін келесі топтарға біріктірп, қарастыруға болады:
1 топ:айқындылық. Бұл әдісте: аналитикалық әдіс, абсолютті көрсеткіштер, салыстырмалы көрсеткіштер, орташа мән көрсеткіштері пайдаланылады. Абсолютті өлшем түріндегі көрсеткіштер тәуекелді оқиғалардың салдарынан келесі түрде сипатталады: -тікелей құндық немесе материалдық- заттай көріністе, баланс өтімділігі.
Тәуекелдің салыстырмалы мөлшерін анықтауға арналған база ретінде келесі жағдайлар қолданылады:
-негізгі және айналым қорларының құны.
-кәсіпкерлік қызметке жұмсалған шығындар жиынтығы.
-есепті табыс.
2 топ: ішінара айқынсыздық. Бұл әдісте: статистикалық әдіс, вариация, дисперсия, стандартты анықтау пайдаланылады. Вариация - нәтиженің бір нұсқасынан басқасына өту кезінде сандық көрсеткіштердің өзгеруі. Дисперсия – нақты мәннің оның орташа мәнінен ауытқу шамасы.
3 топ:толықтай айқынсыздық. Бұл әдіс жағдайында тәуекелді бағалаудың сараптамалық әдісі пайдаланылады. Сараптамалық (эксперттік) әдіс есептеулер немесе салыстырулар жасау үшін қажетті ақпараттар жоқ болған кезде тәуекел деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Тәуекел деңгейін сараптамалық бағалау – шешім емес, тек негізделген шешім қабылдауға көмектесетін пайдалы ақапарат қана болып табылады.