Аз-дағы қаржы нарығының қызмет ету ерек-тері (эссе)

Қаз-ның қаржы нар-да шетелдік консалтиндік компаниялар, сонымен қатар бағалы қағаздар нарығына мамандаған компаниялар жұмыс істейді. 2007 жылығы санау бой-ша банктік саласында ғана 14 шетелдік банктер(мем-те барлығы 34 банк) жұмыс істейді. 2006 жылда шеттелдік капиталды шектеуін алып тастағаннан кейін жаңа ойыншылар пайда болды, алайда ерекше дүрлікпе болып тұрған жоқ. Сол жылы Алматыда қар.орталықты ашуы туралы қаулы шықты, осы орт-та тіркелген қатысушыларға жеңілдіктер:сауда алаңы жасалынады,құарлдар ұснылады,капитал.Оның мақсаты дамып келе жатқан қар.нар. жаңа шет.қатысушыларды жақындату. Борышты нарқта негізгі беталыстар: ішкі облегация мөлшері салыстырмалы түрде көбірек болды, бұл нарықтың қатысушылар жағынан сұранысты туғызды. Сыртқы көлемінде де біршама өсуі белгілі болды.Банктік нарықты дамуында бірнеше ерек-тер бар: 1)1990 жылы қабылданған қаржылық саласының даму концепциясы. Соған сәйкес банктің байланысын реттейтін түрлі акттер, рәсімдері, нұсқаулары халқаралық үлгілерге сәйкес реттелді.2)Қаз-ның экономикасының өсуі. Бұл өте маңызды, себебі клиенттер саны артып жатыр, айналымдар көбейіп жатыр, банктер өсті. Отраша алғанда ІЖӨ нің өсуі 9пайыз, бұл көрсеткіш жақсы.2003-4жылдары банктік жүйенің өсуі 47-50 пайыз болса, 2005 жылы бұл көрсеткіш 68 пайызға жетті. 2007 жылдың екінші жартысында басталған әлемдік қаржы нарықтарындағы тұрақсыздық Қазақстанның даму қарқынына әсер етті. Бұл отандық банктердің сыртқы қаржылық ресурстарды тарту мүмкіндіктерін төмендетуде, ал, ізінше, ішкі экономикаға кредит беру көлемін қысқартуда көрінді. Бұдан басқа, әлемдік нарықтағы азық-түлік тауарлары бағасының шапшаң көтерілуі салдарынан экономикаға инфляциялық қысымды едәуір күшейтті.
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсартуға бағытталған бірінші кезектегі шаралар кешенін жедел қабылдады және іске асырды.
Өтімділіктің жаһандық тапшылығын тудырған қаржы дағдарысының екінші толқыны әлемдік қаржы жүйесінің шеңберінен шықты және нақты секторға едәуір теріс әсер етті. Осының нәтижесінде әлемдік экономиканың өсу қарқынының едәуір және, ізінше, тауарлар мен қызмет көрсетулерге жаһандық сұраныстың баяулауы байқалады.
Бұл отандық экономиканы тұрақтандыру және оңалту жөнінде жаңа қосымша шаралар қабылдауды талап етеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын ретте және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау үшін әзірленді және жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс салдарын жұмсартуға және болашақтағы сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды.
2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілетін болады, оның шеңберінде салықтық жүктемелерді, ең алдымен, экономиканың шикізат емес секторы үшін салықтық жүктемелерді едәуір төмендету көзделген.
Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жедел түрде қабылданды. Ішкі сұранысты ынталандыру және отандық кәсіпорындарды қолдау үшін мемлекеттік сатып алу тек қазақстандық өнім берушілерге басымды түрде бағытталатын болады. Жедел шешімдер қабылдау, кепілдіктер, ұзақ мерзімді тапсырыстар беру есебінен отандық бизнеске нақты көмек көрсету үшін мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялар мемлекеттік сатып алуды реттейтін заңнамалар әрекетінен шығарылды.
Үкімет әлемдегі қаржы және шикізат нарықтарындағы жағдайдың нашарлау мүмкіндігіне байланысты 2009 – 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қажеттілікпен қалыптастырды. Қаржы секторын тұрақтандыру
Отандық банк жүйесін қолдау қажеттілігі оның елдің экономикалық жүйесіндегі маңызды рөлінің болуымен түсіндіріледі. Тәуелсіздік жылдарында отандық банктер отандық экономикалық жүйенің ажырамас бөлігіне айналған, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және оның нарық жағдайында дамуын ынталандыратын жетілдірілген қаржы жүйесін қалыптастырды.
Отандық банктерге қолдау жасай отырып, мемлекет олардың ішкі экономика мен нақты секторды кредиттеу көлемін сақтайтындықтарына, атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруларына және ипотекалық кредиттеу бойынша қолайлы жағдайды белгілейтіндіктеріне сенім артуда.
Мемлекеттің мақсаты – жалпы жүйе тұрақтылығын қолдау және сақтау. Бұл мақсаттар үшін Қазақстанда тиісті реттеу мен қадағалау, сондай-ақ депозиттерге кепілдік беру жүйесі бар. Жүйе тұрақтылығына қауіп төнген жағдайларда мемлекет банк секторына жағдайды тұрақтандыруға қажетті тәртіпте және көлемде қаржылық қолдау көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банк жəне Қаржылық қадағалау агенттігі арасында 2007 жылғы 10 қарашада жасалған Қаржылық тұрақтылық мəселелері жөніндегі меморандумға сəйкес:

«қаржылық тұрақтылық экономикада кейіннен қаржы нарықтарындағы теріс түзетуге, жүйеде дағдарыстың туындауына жəне қаржы институттарының қаржы жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ экономиканың нақты секторының іскерлік белсенділігін ұстап тұру қабілетсіздігіне əкеп соғуы мүмкін сəйкессіздіктің болмауы ретінде айқындалады.»

Қазақстанның қаржы тұрақтылығы туралы есеп шеңберінде қаржы тұрақтылығын айқындайтын мынадай аспектілерді бағалау жүзеге асырылады:

(1) қаржы ресурстары ақша сақтаушылар мен инвестициялаушылар арасында қаншалықты тиімді жəне уақтылы қайта бөлінуде;

(2) тəуекелдерді

барабар бағалау жəне тиімді басқару жүзеге асырыла ма;

(3) қаржылық күйзелістер айтарлықтай сілкіністерсіз қаржы жүйесінде сіңіп кетуі мүмкін бе.

86.Нарық механизмінің қызметін арттырудағы жарнаманың рөлі (эссе).

Рынок- өндіріс пен қызмет көрсету нәтижелерін айырбастаумен байланысты қатынастар жүйесі. Рынок жүйе ретінде өзінің дамуында стихиялы, бәсекеге негізделген және ұйымдасқан, монопольды сипаттық белгілерге ие болды.

Рыноктың стихиялы дамуы және бәсекеге негізделуі тауар өндірушілерді пайда табу мақсатында бәсекелік күрестің қатысушысына айналдырды.Рыноктың атқаратын қызметтері:

1. Өзін-өзі реттеу қызметі. Өндіріс пен тұтыну құрылымдарын үйлестіру, сұраныс пен ұсынысты көлемі мен бағалары бойынша тепе-теңдігін қамтамасыз ету.

2. Ынталандырушы қызметі. Аз шығын жұмсай отырып, көп пайда алуға мүмкіншілік беретін тиімді өндірісті экономикалық ынталандыру. ҒТП негізінде өндіріс пен жалпы экономиканың интенсивті өсуін қамтамасыз ету.

3. Ақпараттық қызметі. Экономикалық өмірді демократияландыру үшін экономикалық тиімсіз элементтер рыноктық тетіктер арқылы жойылып, өзін-өзі басқару қағидаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Рынок адамдар арасындағы өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну процестерін қамтиды. Ол экономиканың қызмет етуінің күрделі механизмі. Оның қызмет етуі әртүрлі меншік нысандарын, тауар-ақша қатынастарын және қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген. Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттемелі нарық тән болып отыр. Оны тек қана еркін өндірушілер мен тұтынушылар, еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге - өнім өндіруге мемлекеттік баға белгілеу, нарық конъюнктурасын зерттейтін маркетингтік қызметті еңгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әртүрлі кәсіпорын ассоцияларын, жарнама – ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші рөлін атап көрсету керек

Наши рекомендации