Кәсіпорындарды электрмен жабдықтау жүйесіндегі техникалық экономикалық есептеулер.

Электр жүктемені мен тұтынушының сенімділік категориясын анықтағаннан кейін мүмкін болатын КЖ немесе ӘЖ-мен қоректендіруді, кернеу мәнін есептейді. Бұны техника-экономикалық көрсеткіштерді салыстыру нәтижесінде білуге болады. Көбінесе капиталдық, жылдық эксплуатация шығындары, түсті металға кететін қаражаттарының мәні бар 2-3 вариантты қарастырады.

Техника-экономикалық есептеулер (ТЭЕ) мыналар үшін жасалады: 1) цехтер мен өндіріс орнын электрмен жабдықтаудың тиімді сұлбасын таңдау; 2) БТҚС-ның трансформаторының қуатын, жұмыс режимін, экономикалық дәлелденген санын таңдау; 3) өндіріс орнының ішкі және сыртқы электрмен жабдықтау жүйесінің рационалды кернеулерін анықтау; 4) экономикалық жақтан тиімді компенсациялық қондырғыларды қолдану және олардың орындарын анықтау; 5) электр аппаратарын, оқшаулағышты таңдау; 6) техникалық және экономикалық факторларды ескере отырып шиналарды, кабельдердің қимасын, тамыршаларын (жилы) таңдау; 7) өзіндік электр станция мен генераторлық қондырғылардың қуаттарын таңдау; 8) энергошаруашылықтың коммуникацияларын еске ала отырып, электр торап пен трассаны салу әдістерін қарастыру.

Техника-экономикалық есептеудің негізгі мақсаты – сұлбаның оптималды вариантын, тораптың параметрлері мен элементтерін анықтау. Оптималдылықтың критериі жылдық шығындар деңгейі болып табылады (Ш).

Өндірісті электрмен жабдықтау жүйесінде ТЭЕ-ның варианттарды салыстыру шарты орындалу керек:

- техникалық, оптималды жұмыс режиміндегі, оптималды параметрлердегі орынбасу варианттарының қарастырылуы;

- экономикалық, техниканың даму деңгейін, бірдей экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып бір баға деңгейінде берілген варианттарды қарастыру;

Техникалық және экономикалық көрсеткіштерді жан-жақты анализ жүргізу нәтижесінде тиімді вариантты таңдайды. Техникалық көрсеткіштерге сенімділік, эксплуатациялық қолайлылық, құрылыстың долговечность, капиталды жөндеу жұмыстарының көлемі, автоматизация деңгейі және т.б. жатады. Ал экономикалық көрсеткішке капиталдық және жылдық шығындар жатады. ТЭЕ-де негізгі экономикалық бағалау әдісі болып капиталды және келешектегі шығындардың ескеретін ақшаның қайтарылу әдісі болып табылады.

Кәсіпорындарды электрмен жабдықтау жүйесіндегі техникалық экономикалық есептеулер. - student2.ru = Кәсіпорындарды электрмен жабдықтау жүйесіндегі техникалық экономикалық есептеулер. - student2.ru ,

мұндағы К1 және К2 – 1-ші мен 2-ші варианттардағы капиталды салымдар, мың тг.; Сэ1 және Сэ2 - 1-ші мен 2-ші варианттардағы жылдық эксплуатациялық шығындар, мың тг/жыл; немесе жылдық шығындардың қосынды формасында

З = ЕнК + Сэ,

мұндағы Ен=1/Тн – капиталды салымдар тиімділігінің нормативтік коэффициенті, яғни ақшаның қайтуына кететін нормативтік уақытқа Тн кері шама.

Қайтару уақытына кері 1/Ток шамасын салыстырмалы экономикалық коэффициент Кс.э деп атайды. Өз кезегінде бұл шама қымбат нұсқасына қарағандағы жылдық жөндеу жұмыстарына кететін қаражаттың бір теңгеге шаққандағы экономиясын көрсетеді. Неғұрлым қосымша салымдардың жұмсалу тиімділігі көп болса, соғұрлым Кс.э көп. Әдетте есептелінген Ток-ны нормативті Тн = 7-8 жыл салыстырады.

Қаражаттың қайтарылуының тиімділік уақытын қайтарылудың нормативті Тн уақыты деп аталады. Ен = 1/Тн шамасы экономикалық тиімділіктің нормативті коэффициенті болып табылады. 1966 ж. бұл коэффициент энергетикадағы есептеулер үшін 0,12 тең деп қабылданды.

Ток = Тн болғанда, салыстырылып отырған варианттарды экономикалық бірдей деп санайды, Ток < Тн болған жағдайда капитал салымдарын көп қажет ететін және жылдық эксплуатациялық шығындары аз вариант тиімді деп саналады. Ток > Тн кезде капитал салымдарын аз қажет ететін және жылдық эксплуатациялық шығындары көп вариант тиімді.

К капиталды салымдар құрылысқа (нұсқаудан анықталады), бүкіл элементтер мен олардың монтаждық жұмыстарына кететін шығындардан тұрады. Жалпы жағдайда бұл: қорек беретін Кл кабельдік желілерді орнату, Кап жоғарғы вольттық аппаратураны (ажыратқыш, айырғыш, қысқа тұйықтағыш) және Кт күштік трансформаторларды орнату.

Сэ жылдық эксплуатациялық шығындар жылдағы электр энергия шығыны мен Са жылдық амортизациялық салымдардан құралады:

Сэ = Cпа.

Шығындар құны:

с – тариф бойынша электр энергияның құны, тг/кВтсағ; ΔР – желі мен трансформаторағы қуат шығындары, кВт; Т – кәсіпорынның бір жылдағы жұмыс сағат саны, сағ.

Амортизациялық салымдардың құны:

Са = ЕоКо + ЕтКт + ЕлКл,

Ео, Ет, Ел – жабдықтардың, трансформаторлар мен желілердің амортизация салымдары, %. Ко, Кт, Кл – жабдықтар, трансформатор және желілер бағасы.

Көрсетілген әдіс нақты варианттардың қайсысы тиімді екенін көрсетеді: 1-ші капитал шығындары көп, эксплуатациялық шығындары аз, әлде 2-ші керісінше.

Қаражаттың қайтарылу әдісінің формасы экономикалық тиімділікті объективті түрде көрсетпейді. Бұған қоса капитал мен эксплуатациялық шығындар айырмасы аз болса. Сондықтан бұл әдісті келтірілген түрде көрсетеді.

Электрмен қамтамасыз ету желілерін қайта жобалағанда (құрылысы 1 жылға дейін), үш және одан да көп варианттарды қарастырған кезде келтірілген жылдық шығындарын келесі формула бойынша есептейді:

З = ЕнК + Сэ.

Экономикалық салыстырумен қатар варианттардың техникалық және сенімділік анализін жүргізу қажет.

ТЭЕ кезінде электрмен қамтамасыз ету желісі элементтерінің (1 км желі, трансформатор, ТҚ камерасы және т.б.) бағасының жоғарылатылған көрсеткішін қолдануға болады. Бұл жалпы қосалқы станцияның құрылысына да қатысты.

Егер де қарастырылып отырған варианттардың бағалары тең немесе жуық болса (10%-ға дейін) онда варианттың техникалық (сапалық) көрсеткіштеріне мән беріледі. Олар: электрмен қамтамасыз етудің жоғарғы сенімділігі, жөндеу жұмыстары мен эксплуатацияға қажетті шарттардың жақсы болуы, технологияның өзгеруі мен құрылыстың реттілігінен негізгі желілердің, СЭС түйіндерінің тәуелсіздігі; тораптың номиналды кернеуінің жоғары болуы; СЭС-ті қайта салусыз дамуға деген икемділік; кернеу сапасының жоғары болуы (МЕСТ бойынша); қондырғылар санының аз болуы мен сұлбаның көркемділігі.

Қарастырылып отырған варианттардың сенімділігі әр түрлі болса, және электрмен жабдықтаудың сапасы бірдей болмаса, онда тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың мүмкін болатын үзілісінен шығатын шығындар Уп мен электр энергия сапасының төмендеуінен болатын шығындарды Ук математикалық есептеу түрінде қарастырған жөн.

З = ЕнК + Сэ + Упк

Наши рекомендации