Азақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІІ том. А., 1998.

11-тақырып. Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы.

Жоспар: 1. Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы сілемдері.

2. Сауда және тауар алмасу.

3. Мәдениеттердің өзара әсері.
Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы сілемдері. Б. з. б. І ғ. ортасында Жібек жолы тұрақты дипломатиялық және сауда жолы ретінде пайдаланыла бастады. Жібек жолы Қытайды Орта Азия арқылы Алдыңғы Азиямен байланыстырды. Сианьнан Ланчжоу арқылы Дунхуанға апарды, бұл жерден екі торапқа бөлінді: солтүстік жол Тұрфан, Қашқар, Самарқан, Мерв, Ферғана алабын, ал оңтүстік жол Хотан, Жаркент, Балх және Мервті басып өтіп, Памирдің тау жоталары арқылы Үндістанға, Таяу Шығысқа апарды. VI-VII ғғ. Қытайдан батысқа Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жол жандана түсті. Оның себептері: 1) Жетісуда түрік қағандарының ордалары болды; 2) Түрік қағандары мен олардың төңірегіндегілер теңіздің арғы жағының тауарларын ірі мөлшерде тұтынушылар болатын. Жібек жолы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан қалалық мәдениетінің дамуында маңызды рөл атқарды. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін Жібек жолының негізгі торабынан солтүстік пен шығысқа қарай жолдар шығып, Орталық және Шығыс Қазақстан аудандарына, Ертіс жағалауына беттеген. Дешті Қыпшақтың мал өнімдеріне, металға бай аудандары сауда байланыстары жүйесіне тартылып, керуен жолдарымен Жібек жолы жүйесіне қосылды.

Сауда және тауар алмасу. Жібек жолы бастапқыда қытай жібегін Батыс елдеріне шығаруға қызмет етті. Алтынмен бірге жібек халықаралық төлем құралына айналды, ол патшалар мен елшілерге сыйға тартылды, жалдамалы әскерге ақы және мемлекеттік қарыз ретінде төленді. Өз кезегінде Жібек жолы бойымен Римнен, Византиядан, Үндістаннан, Ираннан, Араб халифатынан, кейінірек Еуропа мен Русьтен осы елдерде өндірілетін тауарлар тасылды. Археологиялық зерттеулер барысында Жібек жолы бойымен тасылған тауарлардың түрлері анықталды. Олардың ішіндегі ең бағалылары ретінде Отырар алқабындағы Мардан қорымынан табылған қытайдың «У-шу» теңгелерін, византиялық алтын солидті, Талғар қаласының жұртынан табылған фарфор тостағандарды, Отырарда табылған күміс бұйымдар көмбесін (ХІІІ ғ. 40-60 жылдары), т. б. жатқызуға болады.

Мәдениеттердің өзара әсері. VI-Х ғғ. Ұлы Жібек жолының халықаралық маңызы арта түсті. Елдер арасында сауда-экономикалық байланыстармен қатар мәдени байланыстар дамыды. Шығыс пен Батыс елдеріне қолданбалы және сәулет өнеріндегі мәдени үлгілер, музыка мен би өнері, қызықты ойын-сауықтар кең таралды. Жібек жолы бойындағы ескерткіштерді зерттеу барысында түрлі жерлерде музыка және театр мәдениеті саласындағы өзара байланыстың дамығанын айғақтайтын көптеген материалдар табылды. Бұлар – Қытайдағы Тан әулеті тұсындағы бишілердің, актерлердің, музыканттардың бейнелері бар терракоталар жиынтығы, қабырғаларда суреттелген бейнелер, ағаш мүсіндер, бетперделер, т. б. заттар.
ОБСӨЖ тапсырмалары.

1-тапсырма. Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Ұлы Жібек жолының пайда болуы және халықаралық сауда жолы ретінде қалыптасуы туралы тарихи деректерге тоқталу.

2. Жібек жолының орта ғасырлардағы Қазақстан аумағында сауданы, қала мәдениетін, халықаралық қарым-қатынастарды дамытудағы тарихи маңызына баға беру.

3. Ұлы Жібек жолы бойында дамыған сауданың түрлеріне және саудаға шығарылған тауарлардың түрлеріне сипаттама беру.

4. Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағындағы басты тармақтарын анықтаңыз.

5. Ұлы Жібек жолының халықаралық сауда жолы ретіндегі маңызының жоғалуына әсер еткен факторларды анықтаңыз.


2-тапсырма. Рефераттар мен баяндамалар жазу.

1. Орта ғасырлардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы

Ұлы Жібек жолының рөлі.

2. Ұлы Жібек жолы және халықаралық мәдениет.


3-тапсырма. Сызбаны толтыру.

Азақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІІ том. А., 1998. - student2.ru
Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІІ том. А., 1998.

2. Байпаков К.М. Средневековые города Казахстана на Великом Шелковом пути. Алматы, 1998.

3. По великому Шелковому пути. Алма-Ата, 1991.

12-тақырып. Монғол шапқыншылығы кезіндегі Қазақстан.

Жоспар: 1. Монғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулап

алуы.

2. Ұлыстардың құрылуы.

3. Монғол жаулап алуының әлеуметтік-экономикалық

салдары.
Монғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы. ХІІ ғ. аяғы – ХІІІ ғ. басында монғолдарың көсемі Темучин Орталық Азия тайпаларын біріктіріп, 1206-жылы көшпелі шонжарлардың құрылтайында ұлы хан болып жарияланды. Монғол әскерлерінің Жетісуға келуі 1218-жылға жатады. Олар мұнда Шыңғыс ханның бұйрығымен наймандардың Күшлік ханын жазалау үшін жіберілген еді. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін монғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Бұл жорыққа монғолдар ұзақ уақыт және мұқият дайындалды. Мұсылман көпестері мен монғолдарға қызмет еткен қашқындардан қарақытайлардың, Хорезмшах мемлекетінің ішкі жағдайы мен әскери күштері туралы мағлұматтар жинап, соның негізінде іс-қимыл жоспары жасалды. Монғолдардың 150 мыңға жуық әскерінің жорығы 1219-жылы күзде Ертіс жағалауынан басталды. Деректерге қарағанда, Шыңғыс хан әскері Ертістен Сырдарияға дейін Жетісу арқылы жүріп өткен. Бес жылға созылған шапқыншылықтың барысында Қазақстан мен Орта Азия аумағы Шыңғыс хан империясының құрамына енгізілді.

Ұлыстардың құрылуы. Қазақстанның кең-байтақ аумағы Шыңғыс хан ұлдарының арасында бөліске түсті. Ертістен батысқа қарай бүкіл Орталық, Солтүстік және Батыс Қазақстан, Жетісудың солтүстігі, төменгі Еділ бойы, одан әрі «монғол атының тұяғы жететін жерлер» Жошы ұлысын құрады. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Шығыс Түркістан және Мауараннахр Шағатай ұлысына, Жоғарғы Ертіс, Тарбағатай және Батыс Монғолия Үгедей ұлысына берілді. Уақыт өте келе ұлыс билеушілері өз әулеттерін дербес етіп алуға ұмтылып, империя бірнеше иеліктерге ыдырап кетті. Оның ыдырауына жергілікті халықтардың монғол езгісіне қарсы күресі, көптеген елдерді қарудың күшімен бағындырған империя іргесінің әлсіздігі, өзара қырқыстар, экономикалық байланыстардың, ортақ мәдени-тарихи дәстүрлердің болмауы себеп болды.

Монғол жаулап алуының әлеуметтік-экономикалық салдары. Жазба және археологиялық деректер монғол үстемдігі орныққаннан кейін Жетісуда отырықшы мәдениеттің құлдырап, егістік жерлердің жайылымдарға айналдырылғанын дәлелдейді. Ондаған жылдар бойы Орталық Азиядан көшпелілердің ағылып келуі егістік үшін өңделетін жер көлемінің қысқаруын туғызды. Монғол жаулап алуы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық құрылысына айтарлықтай кері әсер етті. Монғолдар бағындырған аймақтарда құл иеленушілік тәртіп кеңінен тарады, феодалдық қатынастардың артта қалған түрлері орнықты. Бағындырылған халыққа алымдар (құшыр, харадж, тағар, т.б.) салынып, әскери міндеткерлік жүктелді. Отырықшы-егіншілік аймақтардың халқын қанауды жалғастыра беру мүмкін еместігіне уақыт өте келе көз жеткізген монғол билеушілері жерді пайдалану тәсілдерін үйренуге мәжбүр болды.
ОБСӨЖ тапсырмалары.

1-тапсырма. Негізгі ұғымдар мен адам есімдеріне анықтама беру.

Керейіт, найман, қият-боржиген, меркіт, татар, қоңырат, жалайыр, нойан, құрылтай, «Яса» («Жасақ»), Темучин, Жошы, Шағатай, Үгедей, Төлей, Жебе, Қайыр хан Иналшық.


2-тапсырма. Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Монғол ақсүйектерінің көрші елдерге әскери жорықтар ұйымдастыруының қандай себептері болды ?

2. Монғол мемлекетінің қоғамдық құрылысына сипаттама беру.

3. Шыңғыс хан монғолдары мен Хорезмшах мемлекеті арасындағы қарым-қатынастарға сипаттама беру.

4. Қазақстан аумағындағы халықтардың этностық құрылымына монғол шапқыншылығы әкелген өзгерістерді анықтау.

5. Монғол жаулап алуының Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аумағындағы қалалардың экономикасына тигізген салдарын ашу.


3-тапсырма. Хронологиялық кестемен жұмыс.

Тарихи уақыт Тарихи оқиғалар
1206-жыл Онон өзенінің жағасында монғол шонжарларының құрылтайы өткізіліп, Темучин монғол мемлекетінің ұлы ханы – Шыңғысхан болып жарияланды.
1207-1211 жж. Шыңғыс хан монғолдары Оңтүстік Сібір халықтарын және Шығыс Түркістанды бағындырды.
1211-1217 жж. Монғолдар бүкіл Солтүстік Қытайды жаулап алды.
1218-жыл Монғолдар Жетісу жеріне еніп, ол жердегі наймандар ханы Күшліктің билігін құлатты.
1219-1220 жж. Сырдария бойындағы қалалар (Отырар, Сығанақ, Ашнас, т.б.) монғолдардың иелігіне көшті.
1219-1224 жж. Қазақстан мен Орта Азияны монғолдардың жаулап алуы.


4-тапсырма. Сызбаны толтыру.


Жошы ұлысының алып жатқан аймағы

Азақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІІ том. А., 1998. - student2.ru


Шағатай ұлысының алып жатқан аймағы


Азақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІІ том. А., 1998. - student2.ru

Үгедей ұлысының алып жатқан аймағы

Азақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІІ том. А., 1998. - student2.ru

Әдебиеттер:

1. Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия //

Сочинения. Том І. Москва, 1963.

2. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІІ том. А., 1998.

3. Шыңғысхан. Әлем сілкіндірушісі. Құрастырған: І. Есенберлин. А.,

2002.

13-тақырып. Алтын Орда.

Жоспар: 1. Алтын Орданың құрылуы және күшеюі.

2. Алтын Орданың мемлекеттік құрылысы.

3. Этникалық құрамы.
Алтын Орданың құрылуы және күшеюі. Жошының мирасқоры Бату (Батый) 1235-1242 жж. орыс князьдіктері мен Еділден батысқа қарайғы жерлерге жорық жасап, Алтайдан Дунайға дейінгі өлкені алып жатқан мемлекетті құрды. Тарихи әдебиетте Алтын Орда деп аталған бұл мемлекеттің орталығы Еділдің төменгі ағысы бойында орналасты. «Алтын Орда» ұғымы біртекті емес: бір жағдайда Алтын Орда деп Бату (1227-1255) мен оның інісі Беркенің (1257-1266) жеке иелігіндегі Төменгі Еділ бойы мен Солтүстік Кавказ, енді бір орайда Жошы ұлысы түгел айтылады.

ХІІІ ғ. 2-жартысы – XIV ғ. басында Алтын Орда хандары орыс князьдіктеріне бірнеше мәрте жорық жасап, Ирандағы Хулагу әулеті билеушілерімен Әзербайжанды және Каспийдің оңтүстік бойындағы жерлерді иелену үшін соғыстар жүргізді. Менгу-Темір хан тұсында (1266-1280) Алтын Орда Монғол империясының орталығынан біржола оқшауланып, өз атынан теңге шығара бастады. Өзбек ханның (1312-1342) және оның ұлы Жәнібек ханның (1342-1357) билігі тұсында Алтын Орданың қуаттылығы күшейді.

Алтын Орданың мемлекеттік құрылысы. Алтын Ордада Жошы ұлысының мемлекеттік құрылысының негізі сақталды. Жошы ұрпақтарының мемлекеті саяси құрылысы жағынан ұлыстарға бөлінген, өз кезегінде ұлыстары үлес-иеліктерге бөлшектенген көшпелі мемлекет болған еді. Алтын Орданың ішкі басқару жүйесінде көшпелі, әскери шонжарлардан құралған әкімшілік аппарат маңызды орын алды. Мемлекеттің ішкі істерін және әскерді тікелей басқару үшін ерекше лауазымдар белгіленді. Ханның атынан бүкіл әскери істі беклер-бек басқарды, азаматтық биліктің басында «хандар мен сұлтандардың кеңесшісі» – уәзір тұрды. Алтын Ордадағы басқару жүйесінде маңызды орын алған даруғалар мен басқақтар салық жинаумен айналысты және жергілікті халыққа әскери бақылауды жүзеге асырды.

Этникалық құрамы. Алтын Ордадағы халықтың басым бөлігін түркі халықтары, Қазақстанның, Еділ бойы мен Қара теңіз өңірінің қыпшақтары, Хорезм мен Еділ Бұлғариясының тұрғындары құрады. Сондай-ақ ежелгі хазарлардың ұрпақтары, армяндар, орыс князьдіктерін мекендеушілер, олардың арасында шығыс славяндары және ішінара сіңісіп кеткен угро-финдер болды. Қыпшақ және өзге де түркі тайпаларының ел басқаруда, әскери істерде атқаратын рөлінің басымдығы байқалды. Ақсүйектерді және азын-аулақ таңдаулы әскерді құраған монғолдар тез арада өздерінің неғұрлым мәдениетті бодандарының ықпалына түсіп, ХІІІ ғ. аяғында түркі тіліне көшті, ал кейін ислам дінін қабылдады.
ОБСӨЖ тапсырмалары.

1-тапсырма. Негізгі ұғымдарға анықтама беру.

Ұлысбегі, беклер-бек, уәзір, даруға, басқақ, диуан, бітікші, Сарай-Бату, Сарай-Берке, Сарай әл-Джадид.


2-тапсырма. Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Жошы әулеті иелігіндегі жерлердің басқару жүйесіне сипаттама беру.

2. Бату ханның батыс елдеріне жасаған әскери жорығы, Алтын Орданы құруы жайлы мәліметтер.

3. Бату ұлысының (Алтын Орданың) мемлекеттік және әкімшілік құрылысы қандай болды ?

4. Алтын Орданың этникалық-тайпалық құрылымына сипаттама беру және ерекшеліктеріне тоқталу.

5. Алтын Орданың хандары қай аймақтарды тәуелділікте ұстап, қай жерлерден өз пайдасына салықтар жинады ?

6. Алтын Орда мемлекеті халқының тілі, діни наным-сенімдері мен әдебиетінің дамуы.

7. ХІV ғ. соңғы ширегінде Алтын Ордадағы саяси биліктің әлсіреуінің қандай белгілері байқалды ?

8. Алтын Орданың түменбасы Мамай басқарған әскерінің Куликово шайқасындағы жеңілісі туралы әңгімелеу.

9. Тоқтамыс ханның Алтын Орда тағына отыруы туралы әңгімелеу.


3-тапсырма. Картамен жұмыс.

Картадан ХІІІ ғ. бірінші жартысындағы Жошы ұлысының, ХІІІ-ХIV ғғ. Алтын Орданың құрамына енген аймақтарды анықтап, контурлық картаға түсіру.


4-тапсырма. Кестені толтырып аяқтау.

А л т ы н О р д а н ы ң қ ұ р ы л у ы ж ә н е к ү ш е ю і
Хандар (неғұрлым күшті) Билік жүргізген жылдары Ішкі саясаттағы оқиғалар Сыртқы саясаттағы оқиғалар
Бату (Батый) хан
Берке хан
Менгу-Темір хан
Тоқтай хан
Өзбек хан
Жәнібек хан

Әдебиеттер:

1. Абусеитова М.Х. и др. История Казахстана и Центральной Азии. А., 2001.

2. Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Орда и её падение. М.-Л., 1950.

3. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІІ том. А., 1998.

4. Сафаргалиев М.Г. Распад Золотой Орды. Саранск, 1960.

14-тақырып: Ақ Орда мемлекеті.

Жоспар: 1. Ақ Орданың құрылуы, этникалық құрамы.

2. Ақ Орда Алтын Орданың ыдырауы кезінде.

3. Ақ Орданың құлдырауы.


Ақ Орданың құрылуы, этникалық құрамы. ХІІІ ғ. ортасынан бастап Шығыс Дешті Қыпшақта Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Алғашқы билеушісі – Жошының үлкен ұлы Орда Ежен болған. XIV ғ. Орда Ежен ұрпақтарының билігі Шайбан ұлысына да тарады. Ақ Орда халқының этникалық құрамында монғолдар өте аз болды. Мұнда монғол жаулап алуынан бұрын қыпшақ бірлестігінің құрамына кірген түркі тілдес тайпалар мекендеді. Сонымен бірге, Ақ Ордада Шыңғыс хан шапқыншылығы кезінде Қазақстанның шығысы мен Алтайдан қоныс аударған тайпалар өмір сүрді. Ақ Орданың астанасы алғашында Ертіс өзенінің жоғарғы ағысы бойында, Алакөл маңында болды. XIV ғ. Ақ Орда хандарының әкімшілік орталығы мемлекеттің оңтүстігіне, Сығанақ қаласына ауыстырылды. Мұсылман әулеттерінің хронологиялық кестелерінде Ақ Орда хандарының есімдері мынадай ретпен келтіріледі: Орда Ежен, Сартақ, Қоныша (Күйінші), Баян, Сасы-Бұға, Ерзен, Мүбарак-қожа, Шымтай, Ұрұс, Қойыршақ және Барақ.

XV ғ. 1-ші жартысында Ақ Орда хандары Алтын Ордадан тәуелсіз болуға ұмтыла бастады. Мүбарак-қожа хан (1320-1344) өз атынан теңге соқтырып, экономикалық және саяси жағынан тәуелсіздігін сақтап қалуға тырысты. Оның әрекеті Алтын Орда ханы Өзбектің (1312-1342) қарсылығына ұшырап, нәтижесінде Мүбарак-қожа хан Ақ Ордадан кетуге мәжбүр болды.

Ақ Орда Алтын Орданың ыдырауы кезінде. 1359-1379 жж. Алтын Ордада орын алған «ұлы дүрбелең» тұсында Ақ Орда хандары өз иеліктерін күшейтуді жалғастырды. Мәселен, Ұрұс хан (1361-1376) Ақ Ордадағы хан билігін күшейтіп ғана қоймай, Алтын Орданың тағына отыруға әрекет жасады. Ол Еділ бойындағы жерлерге жорық ұйымдастырып, XIV ғ. 70-ші жылдарының ортасында Қажы-Тархан, Сарай қалаларын бағындырды. Алайда, көп ұзамай Ұрұс хан Сырдария бойындағы иеліктеріне қайтып оралып, Орта Азияның күшейіп келе жатқан билеушісі Әмір Темірдің басқыншылығына қарсы күресуге мәжбүр болды.

Ақ Орданың құлдырауы. XIV ғ. 70-ші жылдары Әмір Темірдің бірнеше жорықтарының нәтижесінде Ақ Орданың саяси және экономикалық дербестігіне алғашқы әрі шешуші соққы берілді. Әмір Темірдің қолдауына сүйенген Тоқтамыс (1379-1395) Ақ Орданың ханы тағына отырды. Тоқтамыс ханның Алтын Орда тағын иелену үшін жүргізген соғыстары, орыс князьдіктеріне, Кавказ сырты мен Қырымға, Хорезм мен Еділ бойына шапқыншылықтар жасауы Ақ Орданың құлдырауын тереңдете түсті. Яғни, мемлекеттің материалдық және адам қоры зардап шекті.

XIV ғ. аяғынан бастап деректерде Ақ Орда Өзбек ұлысы деп атала бастаған. Ақ Орданың соңғы ханы Барақ 1428-жылы қаза болғаннан кейін билік басына Жошының ұлы Шайбанның ұрпағы Әбілхайыр келді.


ч. 1 ... ч. 2 ч. 3 ч. 4 ч. 5 ... ч. 9 ч. 10

ОБСӨЖ тапсырмалары.

1-тапсырма. Талқылауға арналған сұрақтар.

1. Ақ Орданың құрылуы туралы қандай тарихи деректер мәлімет береді ?

2. Ақ Орданың саяси тарихындағы үш кезеңді анықтаңыз.

3. Ақ Орданың Алтын Ордадан саяси және экономикалық тәуелсіздігін алуға ұмтылысын неден байқауға болады ?

4. Ақ Орда астанасының Қазақстанның шығысынан Сырдария бойындағы Сығанақ қаласына ауыстырылуына себеп болған жағдайларды анықтаңыз.

5. Ұрұс ханның және оның мұрагерлерінің XIV ғ. 70-жылдары Ақ Ордадағы биліктен айырылып қалуының қандай себептері болды ?

6. XIV ғ. 80-90 жж. Ақ Орданың құлдырауын тереңдете түскен саяси факторларды анықтаңыз.

7. Барақ ханның Ақ Орданы саяси жағынан нығайтуға бағытталған әрекеттеріне сипаттама беру.


2-тапсырма. Кестені толтыру.

Ақ Орда хандарының ішкі және сыртқы саясаты.
р/с Хандар Билік жүргізген уақыты Ішкі саяси оқиғалар Сыртқы саяси оқиғалар
1. Орда Ежен
2. Ерзен
3. Мүбарак Қожа
4. Шымтай
5. Ұрұс (Орыс)
6. Қойыршақ
7. Барақ

3-тапсырма. Сызбаны толтыру.

Азақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІІ том. А., 1998. - student2.ru
Әдебиеттер:

1. Абусеитова М.Х. и др. История Казахстана и Центральной Азии. А., 2001.

2. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІІ том. А., 1998.

3. Юдин В.П. Орды: Белая, Синяя, Серая, Золотая // Казахстан, Средняя и Центральная Азия в XVI-XVIII вв. А.-А., 1983.

15-тақырып: Моғолстан мемлекеті.

Жоспар: 1. Моғолстанның құрылуы, аумағы, этникалық құрамы.

2. Алғашқы моғол хандарының билігі.

3. Әмір Темірдің жорықтары кезіндегі Моғолстан.


Моғолстанның құрылуы, аумағы, этникалық құрамы. Моғолстанның құрылуы Шағатай ұрпақтары мемлекетінің XIV ғ. ортасында шығыс және батыс бөліктерге ыдырауына байланысты болды. Шағатай мемлекетінің шығыс аймақтары, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан Моғолстанның құрамына енді. Мұнда Жетісудағы ірі дулат тайпалардың көсемдері саяси ықпалға ие болды. 1348-жылы дулат әмірі Полатшы бастаған моғол шонжарлары Шағатай ұрпағы Тоғылық Темірді Моғолстан ханы етіп қойды.

Тоғылық Темір хан иелігіне Моғолстанмен қоса Шығыс Түркістанның бір бөлігі кірді. Кейін Шығыс Түркістан бірде әмір Темір ұрпақтарының мемлекетіне, бірде қайтадан Моғолстан хандарының қол астына қарады. 1480-жылдан бастап Моғолстанның құрамына Ташкент пен Сайрам енді, бірақ Жетісу кірмей қалды. Ал XVI ғ. басында Моғолстанның ыдырауы кезінде оның аумағы Қашғариямен ғана шектелді. Ортағасырлық деректерде «моғолдар» деген этникалық-саяси атау дулат, керей, қаңлы, қарлұқ, барлас, жалайыр, т.б. түркі тілдес және түркіленген монғол тайпаларын біріктірді.

Алғашқы моғол хандарының билігі. Моғолстан аумағында ұлыстық басқару жүйесі сақталып қалды, ал ханның ордасы Алмалықта орналасты. Тоғылық Темір хан ислам дініне қолдау көрсету арқылы билігін нығайтты. XIV ғ. 60-шы жылдарында Тоғылық Темір, кейін Ілияс Қожа хан өз биліктерін Мауараннахрға да орнатпақ болып, ондағы өзара жауласып жатқан иеліктерді бағындыруға аттанды. Орта Азияның болашақ билеушісі әмір Темір (1370-1405) Тоғылық Темірге бағынышты екенін мойындап, сол үшін Кеш қаласын үлесті жерімен бірге басқаруға алды. Моғол хандарының Мауараннахрды бағындыру әрекеттері моғол әскербасыларының өзара араздасуы салдарынан тоқтап қалды.

1365-жылы Ілияс Қожа хан Шағатай ұрпақтарының мемлекетін біріктіруге жаңа әрекет жасады. Ол Сырдария жағалауында болған «Батпақ шайқасында» әмір Темір әскерін шегінуге мәжбүр етті. Бірақ, моғол әскері Самарқанд тұрғындарының кескілескен қарсылығына ұшырады. Моғолстан ханының билігі шектеулі, моғол ру-тайпалары көсемдерінің еркіне тәуелді болған еді. Мұны Ілияс Қожа ханнан кейін мемлекетте дулат әмірі Қамар ад-Диннің ықпалының күшеюінен байқауға болады.

Әмір Темірдің жорықтары кезіндегі Моғолстан. 1370-1390 жж. Моғолстан Орта Азия билеушісі әмір Темірдің шапқыншылығына ұшырады. Әсіресе, 1375-1377 жж. аралығында әмір Темір әскерлері Қамар ад-Дин басқарған моғолдарды қатты талқандап, көп олжа мен тұтқын алып қайтты. Тұтқындар Мауараннахрға апарылып, құлдыққа сатылды. Әмір Темірдің 1389-жылғы кезекті жорығынан кейін Моғолстанның ханы Қызыр Қожа әмір Темірге вассалдық қатынастарды мойындады, ал Моғолстанның өзінде саяси бытыраңқылық күшейіп кетті.
ОБСӨЖ тапсырмалары.

1-тапсырма. Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Моғолстанның тарихы туралы мәліметтер сақталған жазба деректерге сипаттама беру.

2. Моғолстан мемлекетінің құрылуы қарсаңында Шағатай әулетінің билігіндегі ұлыстарда қандай саяси жағдай орын алды ?

3. Моғолстанның алғашқы хандары Тоғылық Темірдің, Ілияс Қожаның Мауараннахрға жасаған әскери жорықтарына сипаттама беру.

4. Моғолстан мемлекетіндегі дулат тайпасы әмірлерінің атқарған қызметіне баға беру.

5. Моғолстан мемлекетінің этникалық құрамы, шаруашылығының дамуы туралы мәліметтер дайындау.

6. Моғолстан мемлекетінің XV ғ. аяғы мен XVІ ғ. Қазақ хандығымен жүргізген қарым-қатынастарына сипаттама беру.

7. Моғолстан мемлекетінің ыдырауының негізгі себептерін анықтау.


2-тапсырма. Картамен жұмыс.

Картадан XIV ғ. ортасы мен XVІ ғ. басындағы Моғолстан мемлекетінің орналасқан аумағын көрсетіп, контурлық картаға түсіру.


3-тапсырма. Кестемен жұмыс.

Моғолстан хандарының ішкі және сыртқы саясаты
Хандар Билік жүргізген уақыты Ішкі саясатының негізгі бағыты Сыртқы саясатының негізгі бағыты
1. Тоғылық Темір
2. Ілияс Қожа
3. Қызыр Қожа
4. Мұхаммед
5. Уәйіс
6 Есенбұға
7. Жүніс
8. Сұлтан Саид
9. Абд ар-Рашид

Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІІ том. А., 1998.

2. Бартольд В.В. Очерки истории Семиречья. Сочинения. Т. ІІ. М., 1963.

3. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди. Ташкент, 1996.

4. Материалы по истории Казахских ханств XV-XVIII веков. А.-А., 1969.

16-тақырып. Әмір Темірдің Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісуға

Скери жорықтары.

Жоспар: 1. Әмір Темірдің Моғолстанға әскери жорықтары.

2. Әмір Темірдің Ақ Ордамен және Алтын Ордамен

соғыстары.


Әмір Темірдің Моғолстанға әскери жорықтары. XIV ғ. соңғы үштен бірі – XV ғ. басында Қазақстан халқының шаруашылық және саяси өміріне әмір Темірдің жаулап алушылық, тонаушылық жорықтары зор қауіп төндірді. Монғолдың түркіленген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы Темір 1370-жылы Мауараннахрдағы билікті өз қолына алды. Темірдің билік жүргізген отыз бес жылы көрші елдерге жасаған басқыншылық жорықтарға толы болды. Бұл соғыстарды әмір Темір Мауараннахрдың үстем тап өкілдері арасында өз билігін нығайту үшін, көшпелі шонжарларға жаулап алынған елдердің халқын тонау және қанау есебінен баюға мүмкіндік беріп, оларды бүлік шығару мен өзара қырқыстан тыю үшін жүргізді. Моғол билеушілерін әлсіретуді көздеген әмір Темір XIV ғ. 70-90 жж. Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Қырғызстанға үздіксіз шапқыншылықтар ұйымдастырды. Деректерде Моғолстанға жорық жасаған әмір Темір әскерлерінің орасан көп олжа, негізінен жылқы мен қойды, сансыз көп адамдарды тұтқындап әкеткені айтылады. Моғолстанға 1375, 1377, 1383, 1389 жылдары ірі жорықтар жасаған әмір Темір бұл мемлекетті тонап, Қамар ад-Дин, Енге-төре, Қызыр Қожа хан сияқты билеушілерін қуып шықты. Әмір Темірдің 1389-1390 жылдары Моғолстанға жасаған жорығының нәтижесінде Моғолстан ханы Қызыр Қожа оған вассалдық қатынастарды мойындады.

Әмір Темірдің Ақ Ордамен және Алтын Ордамен соғыстары. Ақ Орда билеушілері мен әмір Темір арасындағы соғыс қимылдары Жошы әулеті ішіндегі талас-тартыстардан және оған Темірдің араласуынан басталды. XIV ғ. 70-жылдары әмір Темір өзіне Ұрұс ханнан қашып келген Тоқтамысты пайдалана отырып, Ұрұс ханның мұрагерлерін жеңіп шықты және Ақ Орданың оңтүстігінде өзінің ықпалын күшейтті. Ақ Орда ақсүйектері мен әмірлерінің қолдауына ие болған Тоқтамыс 1380-жылы Алтын Ордадағы билікті басып алды. Тоқтамыстың Ақ Орда мен Алтын Ордада Жошы ұрпақтарының билігін қалпына келтіруді көздеген ұлы державалық ниеттері Темірдің қарсылығын туғызды. Соған байланысты Темір мен Тоқтамыс арасында ұзаққа созылған күрес басталды. Темірдің Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу және Тянь-Шань өңірі аумағындағы мемлекеттерге жасаған басқыншылық әрекеттеріне қарсы XIV ғ. 80-жылдары Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері арасында одақ құрылды. Алайда, Моғолстан хандарына күйрете соққы бергеннен кейін 1391-жылы Темір 200 мың әскермен Құндызша деген жердегі шайқаста Тоқтамысты талқандады. Алтын Ордадағы Тоқтамыстың билігіне шешуші соққы берген 1395-жылы Солтүстік Кавказдағы Терек өзені бойындағы жеңіліс болды. Тоқтамысты қудалаған әмір Темір әскерлері Алтын Орданың қалаларын, оның ішінде Сарай-Беркені де ойрандады. 1405-жылы Темір дүние салғаннан кейін оның құрған империясы әулеттік күрес нәтижесінде бөлшектене бастады.
ОБСӨЖ тапсырмалары.

1-тапсырма. Хронологиялық кестемен жұмыс.

Тарихи уақыт Тарихи оқиға
1370-1405 жж Әмір Темірдің Орта Азияда билік жүргізген уақыты.
1371-1372 жж. Әмір Темір Моғолстанға қарсы әскери жорық бастады.
1371-1390 жж. Әмір Темір Моғолстанға қарсы он шақты рет жорықтар ұйымдастырды.
1391 жыл Әмір Темір Алтын Орда ханы Тоқтамысқа қарсы жорық ұйымдастырып, жеңіске жетті.
1395 жыл Әмір Темір Тоқтамысқа қарсы кезекті жорығында жеңіске жетіп, Алтын Орда астанасы Сарай-Беркені басып алды.
1405-жыл Әмір Темір Отырар қаласында дүниеден өтті.

2-тапсырма. Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Тарихи деректердегі Әмір Темірдің шыққан тегі туралы мәліметтер.

2. Әмір Темір мемлекеті қашан және қандай тарихи жағдайларға байланысты құрылды ?

3. XIV ғ. 70-90 жж. Әмір Темір қай елдерге қарсы әскери жорықтар ұйымдастырды ?

4. XIV ғ. 90-жылдары Әмір Темір қай елдерді өз билігіне бағындырды ?

5. Темір мен Тоқтамыс арасындағы қайшылықтар қандай себептерге байланысты туындады ?

6. Әмір Темірдің Моғолстанға қарсы жасаған жорықтарына және оның салдарына сипаттама беру.

7. Әмір Темір өз билігін нығайтудың тірегі ретінде нені пайдаланды?


3-тапсырма. Картамен жұмыс.

Картадан 1370-1405 жж. Әмір Темір мемлекетінің территориясын, Әмір Темірдің әскери жорықтарының бағыттарын көрсетіп, контурлық картаға түсіру.


Әдебиеттер:

Наши рекомендации