Репортаж қай шақта өткен оқиғаны тілге тиек етеді?

A.келер шақта;

Ә.өткен шақта;

Б.жедел өткен шақта;

В.осы шақта;

Г.бұрынғы өткен шақта.

8. Журналистің шеберлік сипаты неден байқалады:

A.білімдарлық деңгейінен;

Ә.бас редактордың тапсырмасын дер кезінде орындаудан;

Б.ойды әдеби тілмен жатық бере білуден;

В.саяси-әлеуметтік ауанды жылдам аңғарудан;

Г.тапсырыспен жазылған туындыларынан.

9. Ақпарат (заметка) жанрының түрлері:

A.сарапшы ақпарат, футурологиялық ақпарат, телеграфтық ақпарат, тереңдетілген ақпарат;

Ә.келісілген ақпарат, ақылы ақпарат, тапсырысты ақпарат, полемикалық ақпарат, кәсіби ақпарат;

Б.логикалық ақпарат, редакторлық ақпарат, соны ақпарат, ретроспектикалық ақпарат;

В. хроникалық хабар, дербес ақпарат, топтама ақпарат, кеңейтілген ақпарат, текстовкалар, түсіндірілмеленген факт;

Г. ауқымды ақпарат, географиялық ақпарат, анықтамалық ақпарат, маусымдық ақпарат.

А. Байтұрсынов "Қазаққа ашық хатта" қандай мәселе көтереді?

A.мал санағы;

Ә. жан санағы;

Б. мәдениет һәм денсаулық;

В.ғылым һәм ағарту;

Г.әдебиет және өнер.

11. Профессор М. Барманқұловтың әліптеуінше, жанр дегеніміз:

A.ұзақ тарихи мерзімде түбегейлі өзгеріске ұшырамайтын құрылымдық-композициялық сипаттар жүйесі;

Ә. қоғамдық өзгеріске орай өзгеріп отыратын әдістер жиынтығы;

Б.әлеуметтік қатынастарды бейнелейтін журналистика формаларының жүйесі;

В.жылдар бойы қалыптасқан, шартты заңдылықтарға бағынған публицистік әдістер системасы;

Г. ғұмыры қысқа ақпараттық әдістер мен тәсілдер тобы.

12. Хабарлама корреспонденцияның хабарлама жанрлардан айырмашылығы:

A.хабарлама корреспонденцияның, хабарлама жанрларға қарағанда, объектілері-абстрактлы, көбінесе бір ортақ тақырыпқа біріктіріліп, топтастырыла беріледі;

Ә. хабарлама корреспонденция, хабарлама жанрларға қарағанда, ойды жалпылама береді, жаңалық жеріне жеткізіле талданбайды;

Б. хабарлама корреспонденция, хабарлама жанрларға қарағанда, мәселені кеңірек қамтиды, тәптіштей түсіндіреді, тақырыпқа қатысты бірнеше факт, оқиғаны апта, ай ішіндегі істің нәтижесін өз бойына сыйғызып баяндайды;

В.іс нәтижесі корреспонденцияда көпшілік жағдайда қорытындыланбайды, оқиға, хабарлама жанрларға қарағанда, оперативті, жылдам өтеді;

Г.хабарлама корреспонденция, хабарлама жанрларға қарағанда, оқиғаны локальдік ауқымда ғана қамтиды, тәптіштеп түсіндірмейді.

13. Журналисті әміршілдік-әкімшілік озбырлықтан қорғайтындар:

A.Банкирлер, коммерсанттар;

Ә.Заң, оқырман, әріптестер;

Б. Депутаттар корпусы, Президент әкімшілігі;

В. Мораль, әдеп, тәрбие;

Г. Халықаралық қоғамдастық, партия лидерлері.

14. Оқиға дегеніміз:

A. күнделікті, ағымдағы тіршілік процесі;

Ә.баспасөз мәслихаты;

Б. қоғамдық ұйымдар пресс-релизі;

В. кеңістік пен уақыт контексінде қарастырылатын әлеуметтік маңызы бар істер;

Г.заң орындарынан келіп түсетін ақпараттық мәлімет.

15. Ілгерінді газет шолуының басты сипаты:

A. талдамалық;

Ә.жарнамалық;

Б.гедонистік;

В.танымдық;

Г.ағартушылық.

Профессор М. Барманқұловтың пікірінше, жауап берушінің мінез-құлқына қарай сұхбат топшасы (подгруппасы) қалай жіктеледі?

A. сұхбат-сұрақ, сұхбат-анкета, сұхбат-саралау, сұхбат-арандату;

Ә. сұхбат-баяндау, сұхбат-талдама, сұхбат-портрет, сұхбат-монолог;

Б. сұхбат-пікір, сұхбат-хабар, сұхбат-эмоция, сұхбат-әлеуметкерлік зерттеу;

В. сұхбат-суреттеме, сұхбат-мінездеме, сұхбат- анықтама, сұхбат-сырласу;

Г. сұхбат-сараптама, сұхбат-корреспонденция, сұхбат-пікірталас.

17. Натуралистік очерктің объектісі:

A. табиғат, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі;

Ә.адамзат дүниесі;

Б. химия өнеркәсібі;

В. майдан оқиғалары;

Г.спорт жұлдыздарының өмірі.

18. "Газет-журнал" атты өлең жазған Алаш азаматы:

A. К. Кемеңгеров;

Ә. Р. Марсеков;

Б. М. Дулатов;

В.Ш. Құдайбердиев;

Г. Б. Сүлеев.

19. Пішін (форма) дегеніміз:

A.мүлде өзгермейтін әдістер жиынтығы;

Ә. журналистің өзіндік қолтаңбасы;

Б. жеке басылымның өзіндік сипаты;

В. жанрлар шекарасы;

Г.өмір шындығын бейнелеуде пайдаланылатын қалыптасқан жүйе.

20. "Жиырма бесінші сөзінде" Абай былай деген:

A.Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буыңды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады;

Ә.Осы мен өзім-қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем қылықтарын қостасам керек еді. Егер жек көрсем, сөйлеспес ем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді;

Б.Адам баласына адам баласының бәрі – дос;

В.Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды;

Г. Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі-қазақтың әулиесі сол. Бірақ құдай тағалла қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады.

21. Түсіндірмедегі интерпретация:

A.оқиғаның барысын суреттейді;

Ә.құбылыстың уақытын көрсетеді;

Б. оқиғаның болған жерін сипаттайды;

В. түсіндірмешінің дүниетанымын аңғартады;

Г. журналисті психологиясын байқатады.

22. "Ақанның өмірі" атты зерттеу мақала жазған қазақтың ұлы ақыны:

A.І. Жансүгіров;

Ә.М. Жұмабаев;

Б. Т. Ысмайылов;

В.С. Сейфуллин;

Г.Ж. Нәжімеденов.

23. Хабарлама және түсіндірме сұхбаттың түрлері:

A.жедел, саяси, экономикалық, дәстүрлі, келісілген, ақпараттық;

Ә.протоколдық (ресми), түсіндірме, сұхбат-диалог, сұхбат-монолог, баспасөз мәслихаты, анкеталық сұхбат, сұхбат-мазмұндама;

Б. ақылы сұхбат, сұхбат-шолу, аудиториялық сұхбат;

В. жол-сапар сұхбаты, интеллектуалдық сұхбат, интимді сұхбат;

Г. тарихи сұхбат, әлеуметтік сұхбат, сұхбат-шағым, кеңейтілген сұхбат.

24. "Құстар – біздің досымыз" атты кітап жазған белгілі ақын:

A.А. Әлім;

Ә.Б. Серікбай;

Б.Ж. Нәжімеденов;

В.Н. Оразалин;

Г.Е. Раушан.

25. Есеп жанрының міндеті мен мақсаты:

A.есеп жеке адамның, не бір шаруашылықтың озат тәжірбиесін насихаттауға арналады. Тілші есеп жазу үшін объектіні ұзақ зерттейді, асықпай отырып материал жазады;

Ә. журналист әлеуметтік маңызы бар жиындарды мазмұндайды. Түйінді мәселелерді қозғауға жеке бір шешеннің сөзі де таяныш болады;

Б. тек ресми адамдардың немесе ресми орындардың мемлекеттің сыртқы саясаты жөніндегі ой-пікірлері мазмұндалады. Журналист ойдан қосу, өз фантазиясын іске жегу арқылы лауазымды адамдардың ойын байытады;

В. есептің айтар ойы, көздер мақсаты көмескілеу, онда белгілі бір дайын объекті болмауға тиіс. Есепке ойда-жоқта, тосыннан кездесіп қалған оқиға негіз болады;

Г. Есеп тек биресми мәжілістер мен жиналыстардан жазылады. Тілі мен стилі суреттемеге жақын.

Наши рекомендации