Шаруашылық есептің жалпы мінездемесі

ТАРАУ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ, СТАНДАРТТАРЫ ЖӘНЕ ПРИНЦИПТЕРІ.

1.1 Шаруашылық есептің жалпы мінездемесі

1.2 Бухгалтерлік есептің тұтынушылары мен өлшеуiштері

1.3 Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлiк есептiң нормативтi реттеуi және есеп берудiң жүйесі

1.4 Бухгалтерлік есептің принциптері және әдістері.

Шаруашылық есептің жалпы мінездемесі

Шаруашылық есеп –бұл шаруашылық қызметтері барлық тараптарын сандық шағылысу және сапалы мінездеме мақсатымен оның зерттеу, бақылау және басқару.

Шаруашылық есептің негізгі мақсаты болып кәсіпорынның қаржылық және шаруашылық қызыметі туралы сапалы (толық,ақиқатты) және осы заманға сай ақпаратты құру, нарықтық экономиканы басқару және құру үшін қажет, дайындық үшін, әртүрлі деңгейдегі басқарушылық шешімдерді қабылдау және негіздеу үшін, кәсіпорынның нарықта іс-жұмысын анықтау үшін, бәекелес ұйымдардың жағдайын айқындау.

Қазіргі шаруашылық есеп оперативті, статистикалық және бухгалтерлік есеп түрінде беріледі, әр қайсысы өз міндеттерін орындайды, бірақ үшеуі бірге бір жүйені құрайды. (1 Сурет).

Шаруашылық есептің жалпы мінездемесі - student2.ru

1 сурет. Шаруашылық есептің түрлері.

Оперативті-технкалық есеп – кәсіпорынның, ұйымның шаруашылық қызметін жеке операциялар мен деректер арқылы бағалау, бақылау және оперативті ықпал ету мақсатында қолданылады. Оперативті есепті шаруашылық операциялар туралы деректерді жылдам жинау үшін енгізеді (күнделікті тауар шығару, еңбек ақы шығындары, тауардың өзіндік құны, рентабельділігі, басқа елдердің мұнай-газбен қамтамасыз ету туралы деректер және т.б.) Оған қоса, ол бухгалтерлік және статистикалық есепте көрініс көрмеген шаруашылық операцияларды қамтиды (жұмышылардың келіп кетуі, машналар мен станоктардың жұмысы, жұмыссыз тұруы, технологиялық процестің тәртібі).

Опертивті есеп көрсеткіштері өз әрекеттілігін бақылау үшін тек ең қажетті қысқа деректерді қамтиды. Оларды сирек құжаттайды, аузша жеткізеді. Демек, оперативті есеп ықшамдықпен және жедел есепті ақпаратты алумен сипатталады.

Шұғыл есептің деректерлері жиі ауызекі қадағалаудың жолымен алады, алайда осы уақытта кеңірек механикалық және автоматты өлшеушілер және реттеу аспапры, құрылымдар пайдаланылады.

Статистикалық есеп заңдылықтар мен жаппай қоғамдық көріністің және үдерістің қарым-қатынасын зерттеді. Кәсіпорында, мекемеде, ұйымда болатын әртүрлі қоғамдық құбылыстарды бақылау жургізген кезде еңбектің сандық және сапалық көрсеткіштері, өндіріс, еңбекақы көлемі және т.б. есепке алынады. Алынған нәтижелерді аудан, облыс, республика, жеке тараптар және жалпы халықаралық шаруашылық маштабында қорытылады және жариаланады.

Статистикалық есеп басқа есеп түрлерінен айырмашылығы кең көлемде зертелетің объектілермен жұмыс істейді. Ол тек шаруашылық құбылыстарды ғана емес оған қоса қоғамдық өмірдің (балалардың туу және халық өлуі, олардың қозғалысы және т.б.) басқа жақтарын статистикалық бақылау жолымен зеттейді. (санақ, түгендеу немесе арнаулы тіркеулер жүргізу).

Статисткалық есепте бухгалтерлік және оперативті есеп деректері қолданылады және кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның бастапқы есебі ұйымдастырылады. Қоғамдық құбылыстарды зерттеу үшін статистика анаулы әдістерді пайдаланады: таңдаулы бақылау, топтау, индекстік әдіс және т.б.

Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның, мекемелердің, ұйымдардың және оның бірлестіктерінің қадағалау және тексеру үшін қызмет етеді.Ол статистикалық есепке қарағанда, объекттердің кішігірім шеңберін қамтиды, бірақ оперативті есепке қарағанда, кеңдеу болып табылады.

Бухгалтерлік есепте, оның қозғалысын тудыратын ұйым мүлігінің бүкіл түрлері және барлық операциялары бейнеленеді. Сондықтан, бухгалтерлік есепті мүліктің қозғалысы бойынша бүкіл шаруашылық операцияларды түгелдей қамтумен бірге үнемі жүргізу керек.

Егер, мысалы, жұмыскердің бір күндік еңбегі есепке алынбаса, сонда осы жұмыскердің еңбекақы,кәсіпорынның еңбекақы қорында,өнімнің өзіндік құны есептемесінде дәлсіздік туындайды.

Бухалтерлік есептің мәліметтері дәл және қатал негізделген болуы тиіс.Тек осы жағдайда ғана ұйым қызметінің нақты көрсеткіштерін алуға,сонымен қатар,жұмыскерлер және басқа кәсіпорындар,ұйымдар,мекемелер арасындағы даулы мәселелерді шешуде оларды дәлелдер ретінде қолдануға болады. Бухгалтерлік мәліметтердің дәлділігі мен негіздемесі барлық шаруашылық операциялардың құжаттамасымен қамтамасыз етіледі.

Бугалтерлік есеп қаржылық,басқарушылық және салықтық есептерге бөлінеді.

Қаржылық есеп (financial accounting) –бұл осы шығындардың негізігі бағыттары бойынша ағымдағы шығындар, фирма кірістері,дебиторлық және несиелік қарыздар жағдайы,олардан келетін қаржы инвестицияларының және кірістерінің көлемі, қаржыландыру көздерінің жағдайы және с.с туралы ақпарат.

Қаржылық есеп тек ішкі басқару үшін қолданылатын ақпаратты ғана емес, сонымен қатар сыртқы пайдаланушылармен хабарланатын ақпаратты қамтиды.Сонымен бірге, бухгалтерлік ақпараттын сыртқы пайдаланушылары акцияларды иленушілер және несие берушілер (шын және потенциалды),салық қызметінің және бюджеттен тыс қорлардың өкілдері,кәсіпорын қызметкерлері болуы мүмкін.

Басқарушылық есеп (management accounting)есеп жүйесін,жоспарлауды,бақылауды, объекттерді басқару үшін керектілер разрезіндегі қызмет нәтижесі және шығындар туралы мәліметтер саралауын,ұйым қызметінің қаржылық нәтижелерін оңтайландыру мақсатында әр түрлі басқарушылық шешімдер негізінде қызметтер нәтижелерін ұсынады.

Басқарушылық есептің негізгі мақсаты – ұйымның және құрылымдық бөлімдердің мамандары мен басшыларына, дәлелді басқарушылық шешімдерді қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін сыртқы орта және ұйым қызметі туралы жоспарлы,нақты және болжамды ақпаратты ұсыну.

Салық есебі (fiscal accounting) –ҚР Салық Кодексімен қарастырылған тәртіпке сәйкес,топтастырылған бастапқы құжаттардың мәліметтері негізінде салық бойынша салық базасын анықтау үшін ақпаратты жалпылау жүйесі.

Салық есебінің мақсаты – кәсіпорындағы барлық шаруашылық операцияларға салық салу мақсаттары үшін есеп туралы толық және анық ақпаратты қалыптастыру. Салық есебі арнайы формаларда жүргізіледі – салық тіркелімдері.

Наши рекомендации