Рт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары.Автоматтты өрт сөндіру жүйесіне есеп жүргізу.
Өрт – бұл адамның өміріне, денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиян келтіретін, қоршаған ортамызға үлкен материалдық шығын әкелетін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы әсерінен болатын құбылыс. Ең қауіпті, үлкен зардапттарға алып келетін жағдайлар өртке қауіпті, өрт қарсы қауіпсіздік шаралары дұрыс сақталмаған ғимараттарда және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар кәсіпорындарда болады. Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланған жерлерде, табиғат аясында рұқсатсыз от жағу үлкен өртке алып келуі мүмкін.
Өрттен сақтану шаралары:
- құрылыстық-жобалау;
- техникалық;
- ұйымдастырушылық;
Құрылыстық-жобалау – бұл объектілердің, яғни ғимараттар мен кәсіпорындардың отқа төзімділігімен анықталады. Құрылыс материалдары жанғыш, қиын жанатын, жанбайтын болып бөлінеді. Отқа төзімділік шегі дегеніміз – бұл оттың әсерінен құрылыс құрылымдарының бірінші зақым түскенге дейінгі шыдайтын уақыт интервалы. Барлық құрылыс құрылымдары отқа төзімділік шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Объектілердің отқа төзімділік шегінің деңгейіне байланысты өрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын есіктерге немесе қосалқы шығу орындарына дейінгі арақашықтықтар белгіленеді.
Техникалық шаралары:
- өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.)
орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;
- құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процесстерінің парамертлерін сақтау;
- әртүрлі өрттен қорғаныс жүйелерін пайдалану.
Ұйымдастырушылық шаралар – объектілерде қызмет атқаратын жұмысшылар құрамына өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары бойынша оқу-жаттығу жиындарын өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді.
Кәсіпорындағы барлық жұмысшы өрт қауіпсіздігі бойынша ақпараттандырылуы қажет, «ҚР өрт қауіпсіздігі ережелерін» толығымен білуі міндеттеледі, және оны біліп қана қоймай осы нұсқаулады толығымен орындауы, яғни осы ережелерге сай жүруі міндеттеледі. Ережелерге сәйкес жұмыс орнында өрт болған кезде атқарылатын іс-әректтерді, өрттің басталғаны туралы хабарландыруды, адамдарды қауіпті аймақтан көшіруді, яғни эвакуациялауды, өрт сөндіруші құрал-жабдықтарды пайдалана білулері міндетті. Кәсіпорындағы барлық өндіріс орындарында және қоймаларда (электрқалқандарында, желдету жүйлерінде) өрт және жарылыс қауіптілігінің санаттары көрсетілуі қажет. Өрт сөндіру жүйесі мен қоондырғылары (автоматты өрт сөндірушілер, өртке қарсы сумен жабдықтау, қауіпті аймақтан көшіру жолдары) әр уақытта жұмыс істеп тұрулары қажет. Өрт сөндіру қондырғылары мерзімі бойынша тексерістен өткізілуі қажет. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жұмыс орнын мінддеті түрде тексерілуі, жұмыс орнын жинақталуы, электрқұрылғылардың сөндірілуі қажет. Өндіріс ғимаратындағы, кәсіпорындардағы адамдар көп жүретін жерледе, әр қабат сайын қауіпті аймақтардан шығу жоспары және өрт кезінде адамдарды ескертілетін құрылғылар болуы қажет.
Өрт болған жағдайда қашу жолдарының барлық есіктері сыртқа қарай еркін ашылуы керек. Бөлме ішінде адамдарға есіктер тек ішінен және жеңіл ашылатындай кіллтенуі қажет. Кезекші қызметкер болмайтын өндіріс орындарында жұмыс уақыты біткеннен кейін электрқұрылғылары және тұрмыстық электраспаптар токсыздандыру қажет. Өрттің алдын алу шаралары:
- өртке қауіпті жерлерде максималды тұрде өртке қауіпсіз жанбайтын және қиын жанатын заттарды қолдану;
- жанғыш заттардың көлемін және оларды тиісті бөлмелерге орналастыру;
- жанғыш бөліктерді оқшаулау, өрттің жану ошағынан өрттің таралуын шектеу;
- өрт сөндіру бұйымдарын қолдану;
- адамдарды қауіпті аймақтардан көшіру;
- жеке және топтық қорғану шараларын қамтамасыз ету;
- өрт сигналдарын және өрт туралы хабарландыруларды пайдалану;
- нысанның өрт қауіпсіздік күзетін ұйымдастыру.
Өртке қарсы су қондырғыларына қойылатын талаптар стандарт құрылыс проект нормасымен анықталады.
Өрт сөндіру үшін қолданылатын материалдар сөндіргіш заттар деп аталады. Өрт сөндіргіш заттар арзан қолданылып, қәуіпсіз материалдар мен бұйымдарға зиян келтірмейтін, аз шығындар мен жоғары сөндіргіш нәтежие беру керек. Негізгі өрт сөндіру заттар: су, су буы, тұздардың су ерітінділері, инертті газдар, минералды ұнтақтар, көбік, құм, топырақ, әр-түрлі жапқыштар.
Су – отты сумен сөндіру ең қолайлы, өте арзан, көп қолданылатын өрт сөндіргіш зат. Оның өрт сөндіргіш қасиеттері жылу сыйымдылығымен булану жылулығы жоғары болғандықтан, бұл өрт ошағын салқындатып, жанған заттың температурасын, оның жану температурасынан төмен азайтады. Суға әр-түрлі бет активті заттарды қосса, оның от сөндіргіш қасиеттері жоғарлайды. Бірақ, ондай суды от сөндіруге көп қолдануға болмайды. Себебі: химиялық реакцияға түсетін заттарды, бағалы бұйымдар мен металлдарды, электр тогы бар қондырғыларды, тез тұтанғыш сұйық заттарды қасиеттерінен айырады.
Өрт–бұл арнайы жасалмаған, материалдық шығындарымен қатарласып жүретін, кейде адам өлімі болуы мүмкін, бақылана алмайтын ошақ көзі.