Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері
Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой, руханим қабілеттерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет. Еңбек дене, ақыл-ой жəне рухани қабілеттіктерден туындайды да, бұлардың нəтижесінде материалдық, рухани жəне санаткерлік құндылықтар жасалады. Еңбекті құқықтық реттеудің негізгі қағидалары – бұл қолданыстағы еңбек заңнамасының мəнін қысқаша көрсететін басты ережелер. Олар осы құқық саласының даму негізін құрайды жəне дамуды бағыттайды. Жалпы (салааралық) қағидалар еңбекті құқықтық реттеуде басты рөлге ие. Олар Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген жəне бұл жайт олардың жалпылық сипатын дəлелдейді. Мұндай қағидалардың қатарынан мыналарды атауға болады: заңдылық қағидасы; азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекеттің мүдделерінен үстемдігі қағидасы; мемлекеттік қызметке кірудегі тең құқық; қоғамдық көзқарасты ескеру жəне жариялық; ұлтаралық одақтастық қағидасы. Заңдылық қағидасы мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің жəне азаматтардың ҚР Конституциясын жəне заңдарын сақтау, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеу міндетінен көрініс табады.
«Еңбек көздері» түсінігі екі өзара байланысты аспектімен беріледі. Біріншіден оған әлеуметтік құбылыс ретінде құқық туғызатын обьективті факторлар жатады. Бұндай фактор ретінде қоғамның материалдық жағдайындағы өмір сүруі, экономикалық, саяси және құқық негіздері нақты түрде мемлекеттің құқықты қалыптастыру, оған нормативтік-құқықтық акті түрін беру жұмыстарымен байланыстырады.
Еңбек құқығының қайнар көздері – бұл қай органның қандай мəселелерге қатысты қабылдағанына байланысты ерекшеленетін еңбек заңнамасының нормативтік құқықтық актілері.
Еңбек құқығының маңызды қайнар көздері болып ҚазақстанРеспубликасының заңдары табылады.
Еңбек қүқығының қайнар көздері деп еңбек қатынастары саласындағы өкілетті органдардың барлық қажетті жағдайларда қолдануға болатын нормативтік нұсқаулары белгіленген құқықтық актілерді айтады.
Кең мағынада нормативтік құқықтык акті дегеніміз — референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттік лауазымды адам қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми қүжат.
Қолданыстағы құжаттарда қайнар көздер «еңбек туралы нормативтік актілер», «еңбек туралы заң актілері», «еңбек қүқығының нормативтік актілері», «еңбек туралы заңдар» деп аталады.
Еңбек заңнамасына мынадай еңбек туралы нормативтік қүқықтық актілер кіреді:
1. Еңбек катынастарын құқықтық реттеу негіздерін айқындайтын, тікелей қолданылатын басты заң Казақстан Республикасының Конституциясы. Барлык еңбек туралы нормативтік қүқықтық актілер Ата Заңға. сәйкес келуге тиіс.
2. Казақстан Республикасының аумағындағы еңбек қаты-настарын реттейтін Казақстан Республикасындағы Еңбек туралы Қазақстан Республикасының Заңы және соған сәйкес қабылданған заңдар және Казақстан Республикасы Президентінің жарлықтары;
3. Казақстан Республикасы Президентінің жарлықтары;
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары;
5. Казақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары;
6. Казақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;
7. Министрліктер мен ведомстволардың нормативтік құқыктық актілері;
8. Жергілікті мәслихаттардың өз құзыреті шегіндегі нормативтік актілері;
9. Локальды (жергілікті) нормативтік актілер;
10. Жұмыс берушінің актілері.
Жергілікті мәслихаттардың, әкімдіктердің өз құзыреті шеңберінде шығаратын шешімдерінің де еңбек құқықтарын реттеуде маңызы бар.
Еңбек құқығының қайнар көзі ретінде Қазақстан Респуб-ликасы Жоғарғы Сотының, Конституциялық Кеңес Пленумдарының нормативтік қаулылары пайдаланылады. Бұл қаулы-ларда сот жұмыстарын қарағанда заңдарды қолдану туралы түсініктемелер беріледі. Қаулылар негізінде барлық соттардың заңдарды қолданғанда олардың мазмұнын бірдей түсініп, бірыңғай тұрғыда жүзеге асыруын көздейді.
Орталықтандырылған тәртіппен кабылданған нормативтік құкықтық актілер жалпы ережелерді белгілейді, ал олар ұйым-дарда қолданғанда нақтылауды талап етеді немесе соған рұқсат береді.
Үйымдарда қабылданған нормативтік актілер жұмыс берушінін актілері деп аталады. Оларға, өкімдер, бұйрықтар, ішкі еңбек тәртібінің ережелері жатады.
Локальды (жергілікті) нормативтік актілерге сонымен қатар ұжымдық шарттар мен келісімдер, сыйлықақы беру ережелері, жылдык қорытынды бойынша ақы толеу тәртібі, т.б. жатады.
Бұл нормативтік актілер біріншіден, ұйымның барлық кызметкерлеріне катысты; екіншіден, оларды бұлжытпай орын-дау барлык қызметкерлерге міндеттеледі; үшіншіден, тұракты (бірнеше рет) колдануға бағытталған. Бірак бұл жергілікті актілер еңбек катынастарын реттейтін басты зандарға кайшы келмеуі тиіс.