Картографиялық бастапқы материалдар. Қазақстандағы картографиялық-геодезиялық қызметті ұйымдастыру
Картографиялық материалдарға, карта құрастыру қажетті дерек көздері жатады. Карта шығару ісінің жүруі дерек көздерін жылдам ұқсату негізделеді, яғни алдын ала анықталған геодезиялық, топографиялық. Географиялық, экономикалық және басқа мәліметтерді пайдалану. Бұл мәліметтерді төмендегідей топқа бөлуге болады:
Асторономиялық-геодезиялық деректер, оның ішінде, координаттар кестесі, тірек пункттерінің биіктігі, астрономиялық, тиангуляциалық, полигонметриялық, нивилирлік және басқа жұмыстар.
Топографиялық дерек көздерінде аэрофото түсіру, далалық топографиялық жұмыстар, шифрды жазуға айналдыру жатады. Сондай-ақ, әр түрлі мәселелерге байланысты дерек көздеріне жаратылыстану, экономика, мәдениет және техника салалары жатады.
Бұлар карта түрінде, кесте, тақырып, диаграмма, сурет, фотография күйінде беріледі. Осылардың ішінде, мысалы, географиялық, геологиялық, гидрографиялық дерек көздері топографиялық карта жасағанда кең қолданады.
Басқа дерек көздері, топырақ, экономикалық, ауылшаруашылық тағы басқалар, арнайы карталар құрастырғанда пайдаланады. Картогафиялық материалдар оның сыртында, үш топқа бөлінеді:
Құрастыру кезіндегі олардың қызмет дәрежесіне байланысты-негізгі, қосымша, қосалқы болып табылады.
Алғашқылардың біріне топографиялық карта кіреді. Бұл ең маңызды және нақты материалдар. Екінші, қосымша ақпарлар, үшінші-анықтамалар, картаны өрнектеуге қажетті қосымша материалдар жатады.
Геодезиялық мемлекеттік қадағалау басқармасы және (ГУГУ) ГМҚБ өкілдігі мемлекеттік маңызға ие топографиялық, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды ТМД көлемінде бақылау жасайды. Сонымен қатар, арнайы қажеттілікке және карта жасауға қолдану үшін, материалдарды бір жерге шоғырландырады.
Барлық ұғымдар, топографиялық түсіруді және картография мен айналысатындар құзырлы мекеме, мемлекеттік геодезиялық бақылау басқармасына, астраномиялық, гравиметриялық,триангулациялық, полигонометриялық,ниверлік және контографиялық жұмыстарды ұсынады. Аталған мекеме, кортографиялық құжаттарды атап айтқанда, жер бетінің бейнесіне планшеттегі түп нұсқаны техникалық есептерді, топографиялық жазбаларды, тұжырымдарды (формуляр), аэротусірілін-фотоплан, түп нұсқа, формуляр, топографиялық жазба, техникалық есеп, (дала жұмыстары бойынша) камералық дайындалған материалдарды, картаға өрнектеуге қажетті түп нұсқалар, картаның формуляры, топографиялық және географиялық жазбалар,
Экспедицияға - түп нұсқамен қоса таңбаны, формулярды географиялық жазба мен техникалық есептерді береді.
Мемлекеттік геодезиялық бақылау басқармасы және оның бөлімшелері, сондай-ақ осыған қатысты басқа мекемелер, топографиялық карталар бойынша және ондағы элементтердің толық сақталуы үшін кезекшілік, бақылау жұмыстарын жүргізеді.
Картаны шығарып болғаннан кейінгі, ерекше бағдарламалар бойынша болған өзгерістерді үзіліссіз бір жерге шоғырландырады.
Арнайы карталарда камера арқылы түсірілгенде материалдың көмегімен үстірт, ат үсті атап өтілген мәселелер міндетті түрде көрсетіледі.
Айтылуына сәйкес, кезекші карталарда елді мекендердің, жолдардың, шекараның атауларында өзгерістер болса, ол-көрсетіледі орталық топографиялық геодезиялық қор өзінің қоймасындағы геодезиялық, топографиялық және кортографиялық жұмыстарды шоғырландырып, айқындап отырады.
Бұл мекемеге шығарылған барлық каралардың шоғыры, яғни топтамсы
түседі. Бұлар арқылы картографиялық картограммалар құрастырылады және картаның катологтары шығарылады. Мекеменің кінәсінен болған, кейбір ат үсті қамтылған мәселелер бойынша картографиялық және топографилық бөлімдер, топографиялық карталар шығару үшін және осы мақсатқа пайдалану қажетіне керекті анықтамалар алып, жаңа материалды молынан пайдаланады.
Оның сыртында, кортографиялық материалдарды анықтау жүйелеу,бұлармен танысу және оны пайдалануға бере тұру жұмысымен көптеген анықтама мекемелері, бөлімдер, карта қоймалары жұмыс істейді.
Мысалы, карта құрастыру қызметінің ғылыми редакциялық бөлімі, картографяилық анықтама бюросы (картографиялық фабриканың ) т.с.с.
Материалды жинау, онымен танысу жылма-жыл жүйелі түрде жүргізіледі. Осының нәтижесінде картографиялық фабрикаларда пайда, болған жаңа анықтамалық материалдар жиналады. Қордаланған осы материалдарды картогроф редакторлар жаңа карталар жасау үшін пайдаланады.
Карта жасау үшін картографиялық материалдарды жинау, жүйелеу және бағалау. Картаға түсіретін ауданды жан-жақты білу үшін, әр түрлі картографиялық материалдар дайындалады.
Материалдармен танысу кезіндегі ең жауапты сәт – оны таңдау, талдау болып табылады. Ең маңызды мәселе картаның бағасы, картографиялық материалдардың, картографиялық кескіндерге нақты сәйкес келуі. Бұл кескіннің мазмұны тұтас болып, бүгінгі уақытқа сай, дененің нақты, дәл өлшемі беруі қажет. Сөйтіп, мемлекеттік геодезиялық қалыпқа сай, картада белгіленгені жөн.
Жоғарыда айтылған жағдайларға ең бірінші топографиялық картаны атауға болады. Дегенмен, топографиялық карталардың бәрі де, барлық жағдайларға пайдалануға болады деуге болмас. Бұл жерде карталардың да ескіретінін естен шығаруға болмайды.
Негізгі картографиялық материалдармен бірге қосымша және үстеме материалдар қолданылатыны жоғарыда айтылды. Мысалы, ауыл шаруашылық карталарын жасауда, пайдаланатын жердің шекаралары туралы, осы салада мекемелер, олардың бөлімдарі туралы арнайы материалдар өте қажет. Картографиялық материалдар мен танысу зерттеушілік қабілетті крек етеді. Жұмыс бастамас бұрын барлық материалдар жинақталуы керек. Картаны бағалау кезіндегі басты тәсіл, оның ірі масштабтағы картаға сәйкес келетінін салыстыру.
Сондықтан оның қандай материалдардан құралғанын білген жөн. Картаны оқу, онымен танысу кезінде бір ғана картаны емес, бір түрдегі бірнеше масштабтағы карталар мен танысып, оны пайдалану қажет.
Картаны бағалау кезінде басқа карталарды пайдаланғанда, оның мазмұнына талдау жасап, элементтеріне көңіл аударады.
Мысалы, барлық карта бойынша қандай да бір жол торабының кескінін салыстырады. Бейнесі түсіріледі, жалпы географиялық негіздерді талдағанда арнайы карталар үшін, тексеру нәтижелерін келесі кезекке қалдыруға болады.
Дененің жазықтыққа түскен қалыпы (сетка) және проекциясы. Проекция және тізім (номенклатура) көрсетілген парақ болады. Қалыпқа түсетін дененің дұрыстығын анықтау картометрикалық жұмыстар жүргізіледі, мөлшері белгіленеді. Баспаның және қағаздың жарамсыздығынан болған бұрмалаулар жүргізіледі.
Қалыпқа (сетки) байланысты қорытынды жасаланады. Сапалық дәрежесіне, картадағы гидрографиялық бұрмаланған, немесе толық тоқталмаған жерлеріне қорытынды жасалады. Жағалау, өзен, көлдердің дұрыс орналасуы анықталады. Қосымша өлшем жүргізу арқылы оның нақты жағдайынан қаншалықты ауытқығаны белгіленеді.
Гидрографикалық қалыптардың (сетки) басқа элементтермен өзара орналасуы, ауыртпалығы, бірінші кезекте жер бедерімен (рельеф) байланысы тексеріледі.
Пішіннің (конфигурация) қорытындысы қандай талапқа сай екендігі, оны картаға түсіргенде осы сұраққа жауап бере алатындығы анықталады.
Талданған элементті мазмұны қандай картаға ұсынылған жөнінде қорытынды атап өтіледі.
4.16 Жер бедері (рельеф)
Жер бедерін кескіндеу тәсілдері көрсетіледі. Картада қолданылған кескіндердің, шкала қимасының, жер бедерінің гидрографиясы және элементтердің үйлесімі, оларды қорытындылау дәрежесі, дәлдігі оның осы жұмысқа ұсынылуы қорытындыда анықталады.
Елді мекендер.Елді мекендердің дұрыс орналасуы, таңдалынған карталардағы координаттармен салыстыру жолымен дұрыстығын анықтау қажет. Елді мекендердің белгілері, олардың қандай топқа жататындығы (қала, ауыл, т.с.с) талданылады. Сондай-ақ, олардың басқа элементтермен үндестігі, мекендер жайлы дәлмедәл анықтама береді, ол үшін босымша материалдар да қорытынды да айтылады.
Шекара.Салыстыру үшін, ірі масштабтағы жалпы географиялық карталар ғана емес, саяси-әкімшілік карталар да пайдаланады.
Картаны бағалағанда мемлекеттік және ішкі шекаралар да зерттеледі.
Карта құрастыру кезіндегі қолдануға ұсынылған, пайдаланған карталар қорытынды да көрсетіледі.
Жол торабы.Темір жол мен дала жолдарының түрлері айқындалады. Бағалауға жалпы географиялық карталар ғана емес, арнайы жол карталары, анықтамалар, жобалар тартылады.
Жол торабының гидрография мен жер бедері мен байланысына назар аударылады. Қорытындыда, жол торабының қандай жерде орналасу дәлдігіне, картаның атауына жауап бере алатындығы т.б айтылады. Өрнектеу және баспа (печать).Картаның мәнерлі болуы ескеріледі. Бояулар таңдалынады. Шартты белгілердің үйлесімділігі қарастырылады. Жарамдылығы және жетімсіздіктері, пішіннің бояумен сәйкес келмеуі, дене мен шрифт, жазу яғни таңбаның үйлесімі, оқылуық бәрі ескеріледі.
Қорытынды да картаға баға беріледі. Карта құрамына элементтер тізімделеді. Пайдаланылған, ұсынылған әдебиеттер көрсетіледі. Пайдалануға жарамсыздығы да солай істеледі. Қысқаша түсінік беріледі. Элементтердің тізімделген кездегі талдау қорытындылары, топографиялық және басқа көптеген арнайы карталарды құрастыру кезінде қолданылады. Негізінен, бұлар ауылшаруашылық карталарын жасауға көп пайдасын тигізеді.