Бюджеттік кірістер. Қазақстан Республикасы мемлекеттік 1 страница
бюджетінің құрамы мен құрылымы.Салықтық түсімдердің негізгі көздері, бұрынғысынша қосылған құн салығы мен корпоративтік табыс салығы болып табылады. Бюджет кірістерінің басқа көзі – салықтық емес түсімдер,негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және трансферттер түсімдері.
Кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер,қарыздар бюджеттік түсімдер болып табылады.
Бюджеттің кірістері салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттік түсімдер болып табылады. Нысаналы трансферттерді қоспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту Салықтық кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады.
Салықтық түсімдер Салықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер болып табылады.
Салықтық емес түсімдер – бюджетке төленетін міндетті, қайтарусыз төлемдер, байлаулы гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша.
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер уақытша жер пайдалануға беруден, не Қазақстан Республикасы заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсілмен өткізуден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан бюджетке түсетін ақшалар болып табылады.
Трансферттердің түсімдері – бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері.
Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары – бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сонымен бірге заңи тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер.
Қарыздар – мемлекеттік эмисссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) қарыздар келісімшарттарын жасасуға байланысты бюджетке түсетін ақшалай түсімдер.
Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер – заңи тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер.
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары:құрамы, құрылымы Бюджеттің шығыстары-қайтарылмайтын негіде бөлінетін бюджеттік қаражаттар.Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.Мем шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттің бюджеттік және салықтық саясатты жүргізудің бағыттарына байланысты болады.Бұл ретте мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.Шығындар:1.Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер;2.Қорғаныс;3.Қоғамдық тәртіп,қауіпсіздік,құқық,сот,қылмыстық-атқару қызметі; 4.Білім беру;5.Денсаулық сақтау;6.Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру;7.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;8.Мәдениет,спорт,туризм, және ақпараттық кеңістік;9.Отын-энергитика кешені және жер қойнауын пайдалану;10.Ауыл,су,орман,балық шаруашылығы,ерекше қорғалатын табиғи аумақтар,қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау,жер қатынастары;11.Өнеркәсіп,сәулет,қала құрылысы жіне құрылыс қызметі;12.Көлік және коммуникация;13.басқадай шығындар; 14.борышқа қызмет көрсету;15.Трансферттер. Бюджет шығыстары:1.Шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздарды өтеу бюджеттің шығыстары болып табылады; 2.Шығындар қайтарымсыз негізде бөлінетін бюджет қаражаты болып табылады; 3.Бюджеттік кредиттер бюджеттен қайтарымды, жедел және ақылы негізде бөлінетін ақша болып табылады; 4.Қаржы активтерін сатып алу заңды тұлғалардың, оның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерін және бағалы қағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алуға бағытталған бюджет қаражаты болып табылады; 5.Қарыздарды өтеу Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік сыртқы қарыздар туралы, сондай-ақ ішкі қарыздар бойынша халықаралық шарттарға сәйкес негізгі борышты өтеуге бағытталған бюджет қаражаты болып табылады.
Мемлекеттік кірістердің мәні мен жіктелуі. Мемлекет қаржысының іс-әрекеті кезінде өзара тығыз бай-ланысты екі үдеріс пайда болады: мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржылық ресурстарды жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне пайдалану. Бұл үдерістердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің кірістері ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.
Мемлекеттің кірістерідеп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың үдерісінде мемлекеттің жұ-мыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.
Жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қар-жы арқылы халықтың табысының бір бөлігі алынады, кәсіпорын-дардың жалпы табысы (пайдасы) бөлініске ұшырайды – оның бір бөлігі бюджетке түседі, басқа бөлігі кәсіпорындарда қалады және ішкі шаруашылықтық мұқтаждарға пайдаланылады.
Орталықтандырылған қаржы кірістері негізінен салық тү-сімдері, сыртқы экономикалық қызметтен алынатын кірістер, ха-лық төлемдері есебінен қалыптасады. Орталықтандырылмаған кірістер кәсіпорындардың өздерінің ақшалай табыстары мен қорланымдарынан құрылады.
Мемлекеттің орталықтандырылған кірістерінің құрамында басты орынды бюджеттің кірістері алады, оның есебінен қоғам-ды дамытудың экономикалық және әлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекет кірістерінің басым бөлігін түрлі деңгейдегі бюд-жеттерге орталықтандыру біртұтас қаржылық саясатты жүргі-зуге, қаражаттарды ұлттық шаруашылықтың басым салалары-ның пайдасына қайта бөлуді қамтамасыз етуге, өндірістік емес сфера қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға мүмкіндік бе-реді. Бюджеттік қаражаттардан басқа мемлекеттің орталықтан-дырылған кірістеріне бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қор-лар жатады.
Кірістер ұғымының материалдық-заттай жағы мемлекет-те, шаруашылық жүргізуші субъектілерде, халықта жинақтала-тын «ақшалай қаражаттардың» анықтамасы болып табылады.
Мемлекеттік меншіктен алынатын табыстарға мыналар жа-тады:
1) жалпы табыс (пайда), қосылған құн салығы, акциздер, кеден табыстары түріндегі мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйым-дардың табысы;
2) мемлекеттік мүліктен алынатын табыс (мемлекеттік тұр-ғын үй қорынан, жерден, ормандардан, жер-судан, басқа табиғи ресурстардан, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруден түсетін қаражаттар);
3) мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар көрсететін ақылы қызметтерден алынатын табыстар (тіркеу алымдары, өлшемдер мен өлшеуіш приборларды тексеру, таңбалау және сараптау, қымбат металдан жасалынған бұймдарды талдау және таңбалау үшін төлем) мен шаруашылық емес қызметтер үшін төлем (мемлекеттік баж, жол полициясының алымы, тауар белгілері үшін өтінімдік алым);
4) үй-жай үшін жалгерлік төлемді, қосалқы шаруашылық та-быстарын және басқаларды кіріктіретін бюджеттік мекемелердің арнаулы қаражаттары.
Мемлекеттік кредит: түрі, нысандары, әдістері. Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы органдардың) қарамағына елдің заңи және жеке тұлғаларының бос ақша қаражаттары да, сонымен бірге, басқа елдердің (үкіметтердің, қаржы -кредит мекемелерінің) және халықаралық қаржы-кредит институттарының ресурстары да несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.Мемлекеттік кредит - жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредиттік қатынастардың жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет кредитордың да, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін. Кредиттік қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, ал заңи және жеке тұлғалар кредиторлар немесе қарыз алушылар болып табылады. Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі карызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынастарды банк кредитімен шатастыруға болмайды.Мемлекеттік кредиттің жекеше кредиттен айырмашылығы:Жекеше кредит: 1) өндірістік мұқтаждар үшін жұмылдырылады; 2) несие капиталы жұмылдырылады; 3) өтеу қосымша өнім немесе өндіріс үдерісінде пайда болатын құннан жүргізіледі; 4) капиталдың қолдану сферасын (өндірістік сфераны) кеңейтеді.Мемлекеттік кредит: 1) өндірістік және өндірістік емес мұқтаждар;2) төлем және сатып алу қаражаттары жұмылдырылады;3) өтеу бюджет кірістірінен (негізінен салықтық түсімдердің есебінен) жүргізіледі;4) капиталды қолдану сферасын тарылтады.Мемлекеттік кредиттің көздері - кәсіпорындарда, банктерде, зейнетақы қорларында, сақтық қорларында, халықта пайда болатын уақытша бос қаражаттар.Мемлекеттік кредит түрлері.Мемлекеттік кредит түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады (сызбаны қараңыз). Ішкі кредитте мемлекеттік-кредиттік қатынастар жан-жақты тұрғыда - қарыз алушылар ретінде де, сондай-ақ кредиторлар ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады.Халықаралық кредитте қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің жергілікті органдарды, басқа жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел деп аталады.Шартты мемлекеттік кредит отандық қарыз алушылар: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің кредиторларына берілген кепілдіктер мен кепілгерліктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарыз алушының уақыты келген міндеттемелері бойынша жауап береді - қарыз алушының мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджеттік қаражаттар есебінен қарыздың сомасын төлейді.Мыналар:-мемлекеттік қарыздар шығару;-коммерциялық банктердегі халықтың салымдарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру;-қазынашылық несиелер мемлекеттік кредиттің нысандары болып табылады.Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредиттік қатынастарды білдіретін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарыз алушы ретінде болады.Қарыздардың салықтардан айырмашылығы. Қарыздар: 1) ерікті сипаты;2) мәжбүрлеудің бүркемелі нысаны.Салықтар: 1) мәжбүрлеме сипаты:
2) мәжбүрлеудің анық нысаны.Бюджеттік кодексте мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері мен нысандары қарастырылған:1. Мемлекеттік қарыздар қарыз алушыға қатысты алғанда: Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары; Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыздары; жергілікті атқарушы органдарының қарыздары болып бөлінеді.2. Несие капиталының рыноктары бойынша мемлекеттік қарыздар: сыртқы мемлекеттік қарыздар; ішкі мемлекеттік қарыздар болып бөлінеді.3. Қарыз алу нысаны бойынша мемлекеттік қарыздар: мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару; қарыз келісімшарттарын жасасу болып бөлінеді.4. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар қолданылу мерзімі бойынша: айналыс мерзімі 1 жылға дейін, қысқа мерзімді; айналыс мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін, орта мерзімді; айналыс мерзімі 5 жылдан артық, ұзақ мерзімді болып бөлінеді.5. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару мақсаттары бойынша: бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында шығарылатын; борыштық құралдардың ішкі рыногын дамытуға жәрдемдесу мақсатында шығарылатын болып бөлінеді.Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттамалық және құжаттамалық емес нысандарда, ал ұсынушыға арналып тек құжаттамалық нысанда ғана, атаулы және дисконтталған құны бойынша сыйақының тіркелген және тіркелмеген (құбылмалы) мөлшерлемесімен шығарылуы мүмкін. Мемлекеттік емес қарыз - Үкіметті, Ұлттық банкті және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті- қарыз алушы болатын қарыздық қатынастар.Мемлекеттік кредиттің әдістері сан алуан және баяндалған нысандарға сай келеді. Мемлекеттік қарыздарда - бұл қаражаттарды тартудың және оларды кейін кайтарудың амалдары, тәсілдері. Олар қарыздарды шығарудың келісімшарттарымен анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістерімен, іс- қимылдың мерзімімен, орналастыру амалдарымен(облигацияларды, боналарды еркін сатып алу және сату, жазылу, мәжбүрлеме орналастыру), өтеу амалымен (облигациялар бойынша ұтыстар, қордаланған пайыздық кірісі бар облигацияларды төлеп сатып алу, мерзімсіз қарыздарда - пайыздық кірісті кезеңдік төлеу). Қарыздардағы әдістерге сондай-ақ мемлекеттік борышты басқару әдістері де жатады.Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерде мыналар әдістер болып табылады:-дисконттың мөлшері;-кесіп тастау бағасы;-көрсетулі құны бойынша МҚМ- ды өтеу;-өтеу мерзімі;-аукциондарды өткізудің тәртібі (реті).Мемлекеттік кредиттің нысандары кезінде - мемлекеттік банктердің депозиттік ресурстарының қалдықтарын пайдалану кезінде - мұндай пайдаланудың шарттары істер болып табылады: мемлекеттің қаржылық ресурстары ретінде тартылатын ресурстардың үлесі, қайтару мерзімі, табыстылық нормасы. Елдің орталық эмиссиялық банкісінің қаражаттарын тарту келісімшарттары - әдістері ұқсас болады, бұл әдістер мұндай қарыз алудың инфляциялық ықпалын азайтуы тиіс. Мемлекеттік несиелер нысанындағы әдістер кәдуілгі банк кредитінің әдістеріне ұқсас болып келеді.
Мемлекеттік қаржыларға сипаттама. Мемлекет қаржысының сипаттамасы.Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам да-муының таңдап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы факторларға байланысты эк/қ қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің қоғамдағы экономика-лық қызметі оның мына функцияларында көрінеді:1) эк/қ дамудың қалыпты барысына мүмкіндік ту-ғызатын құқықтық базаны анықтау;2) монополиялық қызметті шектеу және бәсекені қорғау;3) табыстар мен байлықты қайта бөлу;4) экономиканы тұрақтандыру;5) ресурстарды қайта бөлу.Аталған функциялардың іс-әрекеті тікелей немесе жанама түрде «қаржы» категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлықтай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің үшінші, төртінші және бесіншіфункцияларында көрінеді.Рыноктық жүйе табыстар мен байлықты алғашқы бөлуде айт-арлықтай теңсіздікті тудыратындықтан мемлекет оларды қайта бөледі. Мемлекет азаматтардың (үй шаруашылықтарының) та-быстарын теңестіру үшін салық салудың, трансферттердің, жала-қыны реттеудің, бағалардың жүйелерін пайдаланады. Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-қимылы эк/қ конъюнктураның ауытқулары туғызатын жұмыспен қамтылу және инфляция деңгейін бақылауды, сондай-ақ эк/қ өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды кіріктіреді.Эк/қ ресурстарды қайта бөлу екі жағдаятта ры-ноктық жүйенің жетілмегендігінен барып туады: 1) бірқатар тауарларды өндірудің тепе-теңдік көлемінің олардың оңтайлы көлемінен ауытқуы;2) ресурстарды бөлуден рыноктың бас тартуы немесе қоғам-дық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді ұлғайту мен өндіру үшін оларды жеткілікті бөлмеу.Бірінші жағдаятта тауарлар мен қызметтер көрсетудің бір-қатарын өндіру немесе тұтыну бұл тауарларды тікелей өндіруші немесе тұтынушылар болып табылмайтын субъектілерде шығын тудырады немесе пайда келтіреді. Бұл құбылыс «жанама нәтиже-лер» немесе «құйылымдар» деп аталады және бұл шаруашылық үдерістердің қатысушылары емес адамдардың немесе топтар-дың пайдалары немесе шығындары болып табылады. Құйылым шығындарына айналадағы ортаның ластануымен, шудың, тербелістердің, түрлі қолайсыздықтардың болуымен байланысты шығындар жатады. Бұл жағдайда өндірушілер өзде-рінің шығындарының бір бөлігін халыққа аударып салады және өндірушілердің шығындары азаяды. Нәтижесінде өндірушілерде өндірістің үлкен көлемі болуы мүмкін, демек, бұл тауарларды өндіру үшін ресурстар көбейтілген көлемде түсетін болады.Құйылым щығындарын теңестіру үшін мемлекет ұсынымды шалатын мынадай реттеуші шараларды жүргізеді:1) қызметті заңнамалық шектеу немесе оны зиянды әсер бол-майтын жағдайларға жеткізу талабы; мұндай қызметтің нормала-ры мен стандарттарын сақтау шығындарды арттыруға және тепе-тең және оңтайлы көлемінің сәйкестігіне жеткізеді;2) құйылым шығындарына тең немесе жақын арнаулы салық-тарды енгізу, бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы шығындарын арттырады және тепе-теңдіктің жай-күйін қамтама-сыз етеді.Екі жағдайда да өнімге немесе қызметтерге ресурстарды тым көп бөлу жойылатын болады.Құйылым пайдаларын:білім беру, санитарлық-профилактика-лық шаралар, медициналық көмек, ауа райын болжау, өрттен қорғау және басқа бірқатар қызметтер көрсету жасайды, бұлардан пайданы бұл игіліктерді нақты пайдаланушылар ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғам да алады. Бұл қызметтер көрсетуді нақты пайдаланушылар тек рыноктық сұранымды қалыптастырады, ал құйылым пайдалары ақиқаттық мөлшерге дейін сұранымды толықтырады және қызмет көрсетудің қажетті көлемін белгілейді. Бұл жағдаят мұндай қызметтер көрсетуге ресурстарды бөлудің жеткіліксіздігін сипаттайды.Өндіріске және тиісінше белгілі бір тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіретін, қамтамасыз ететін салалар-ды қаржыландыруға сонымен бірге мемлекеттің тікелей қатысу нұсқалары болуы мүмкін алады. Олар қоғамдықжәне әлеуметтік деп аталады. Қоғамдық тауарлардың кәдуілгі рыноктық тауарлардан қағидалы айырмашылығы сол, олар бөлінбейді және шығарып тастау қағидатының іс-әрекетіне ұшырамайды.Бөлінгіштік жеке сатып алушының тауарға қол жетушілігін, оның тап өзіне қажетті нақтылы тауарларды сатып алу мүмкін-дігін қажет етеді, мұның өзі сатып алушының егемендігін анық-тайды. Шығарып тастау қағидаты тұтынушыны егер ол тауардың рыноктық бағасын төлей алмаса немесе төлегісі келмесе осы тауардан болатын пайдадан аластатуды білдіреді. Қоғамдық тауарлар бөлінбейді, өйткені олар жеке сатып алу-шыларға бөлшектеніп сатылмайды және пайдаланушыларды әдеттегідей оларды пайдаланудан аластатуға болмайды, яғни бұл жерде шығарып тастау қағидаты іс-әрекет етпейді. Рыноктық тауарлардан алынған пайда оларды сатып алу кезінде, ал қоғам-дық тауарлардан алынған пайда өндіру кезінде ажыратылады.Елеулі сипаттағы қоғамдық тауарларға қалалар мен елді ме-кендердегі абаттандыру объектілерінің құрылысы мен оларды: көше жарығын, көгалдандыруды, тротуарларды және басқа қо-лайлылықтарды ұстау; кеңірек аспектіде – құқықтық тәртіпті қорғау жөніндегі қызметтер, мемлекетті сырттан қол сұғушылықтардан қорғау, мемлекеттік басқару қызметтері жатады.Бірқатар қызметтер көрсету шығарып тастау қағидатының ық-палына түсіп кетеді, яғни оларға баға белгілеуге және оларды кә-сіпкерлік құрылымдар арқылы өткізуге болады. Мысалы, біқатар медициналық қызметтер, білім деңгейін көтеру, қағида бойынша, бұл қызметтер көрсету мемлекет белгілген кепілдікті ең төменгі деңгейден жоғары қамтамасыз етіледі. Бұл қатарда мұражайлардың, кітапханалардың, қоғамдық теледидар мен радиохабарын тарату қызметтері, жол желісі және басқалары. Оларды құйылымдардың елеулі пайдасын жаңғырту ерекшелігі біріктіреді, мұның нәтижесінде жеке меншік сектор оларды жеткілікті көлемде өндіруге бармайды. Сондықтан ресурстарды бөлудегі үйлесімсіздікті болдырмау үшін мемлекет едәуір дәрежеде оларды өндіру мен қаржыландыруды қамтамасыз етеді; бұл – «аралық» қоғамдық қызметтер немесе қоғамдық сыңайлы (мемлекеттік сыңайлы) тауалар.Мемлекет қаржысының эк/қмазмұны бірыңғай емес: оның құрамында жеке оқшауланған буындар бөлінеді, олардың әрқайсысы өзгеше функцияларды орындайды.Мемлекеттің қаржысы респ-қ және жергілікті деңгейлерде іс-әрекет етеді және мемлекеттік бюджетті,бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті, мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын кіріктіреді. Аталған буындардың түрлі функциялық арналымының арқасында мемлекет эк/қ, әлеуметтік, саяси үдерістердің үлкен спектріне, салалық және аумақтық проблемаларды шешуге ықпал етеді. Эк/қ және әлеуметтік сфераға мемлекеттік басшылықтың деңгейіне қарай мемлекеттің қаржысы жалпы мемлекеттік (респ-қ)және жергілікті (муниципалдық)қаржылар болып бөлінеді.