Казахско-русский словарь юридических терминов и понятий
Словарь юридических терминов и понятий действующего законодательства Республики Казахстан
ББК 67.0я2
К 18
К 18 «Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңдарының заң терминдерi мен ұғымдарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі сөздігі». «Словарь юридических терминов и понятий действующего законодательства Республики Казахстан на государственном и русском языках» - Астана: «Қазақстан Республикасының Заң, шығару институты» ЖШС, 2008. - 1000 б. (қазақша - орысша). Астана: ТОО «Институт законодательства РК», 2008. - 1000 с. (русско-казахский).
ISB№ 9965-600-40-6
Заң, терминдерi мен ұғымдарының сөздігі Қазақстан Республикасының, Заң, шығару институты заңдарды жүйелеу секторының қызметкерлерiмен дайындалып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиямен шығарылуға мақұлданған.
Сөздікте Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу жүйесiне қатысты ұғымдар (терминдер) мен құбылыстар, Заттар, қатынастардың, анықтамасы берілген. Басылым екі бөлiмнен тұрады: қазақша - орысша және орысша қазақша.
Мамандар түрлi саладағы кызметтерiнде ғылыми және тәжiрибелiк жұмыстарында пайдалануына болады. Сөздiк ұстаздарға, аспиранттарға, студенттерге, магистранттарға және заң, саласындағы мәселелермен қызығушы барлық; оқырмандарға арналған.
Словарь юридических терминов и понятий подготовлен сотрудниками сектора систематизации законодательства Института законодательства Республики Казахстан, одобрен к изданию Государственной терминологической комиссией при Правительстве Республики Казахстан.
Словарь включает понятия (термины) и определения явлений, предметов и отношений, входящих в систему правового регулирования Республики Казахстан. Издание состоит из двух частей: казахско-русского и русско-казахского.
Может быть использован в научной и практической работе специалистами в различных областях деятельности. Рекомендуется преподавателям, аспирантам, магистрантам, студентам, всем читателям, интересующимся вопросами юриспруденции.
Алғы сөз
«Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында қолданыстағы заңнама нормаларын жетілдіру бойынша шараларды icкe асырудың нақты жолдары көрсетілген. Атап айтқанда, «заңнаманы бiрiздендiру мақсатында онда қолданылатын терминдердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бiрыңғай төбесін қалыптастыру» қажеттігі туралы айтылады.
Қазіргі заманғы заңнама 6ip термин мен ұғымның түрлi анықтамасының артуымен сипатталады, бұл пайдаланылатын ұғымдық аппараттың әртүрлi оқылуына әкеліп отыр. Оған мемлекеттік тілдегі жобаларды әзiрлеуде терминологиялық аппаратты бiрыңғай пайдаланумен байланысты қиындықтарды қосқан жөн.
Бірізді, келісілген терминологияның жоқтығы коғамдағы саяси, экономикалық, әлеуметтік өзгерiстерге байланысты. Казақстан Республикасының, жаңа Конституциясының, қабылдануы, мемлекетiмiздің даму негіздерi мен қағидаттарының, өзrepyi жаңа тәсілердi әзiрлеудi талап етіп отыр.
Тәуелсiз мемлекетті құру ұлттық құқықты қалыптастыруға, ежелгі дәстүрлердi жаңғыртуға ұмтылуға және ұлттық қайнарларға сүйенуге әсер етті. Кұқықтану басқа салалармен қатар халықтың, ғасырлық дәстүрлерiн, далалық ғұрыптық құқықтың, ерекшеліктерін ескере отырып, жаңартуды қажет етеді. Заң шығармашылығы сабақтастықты сақтау арқылы ұлттық тарих пен тіл рухын ашуға тиіс. Ұзақ мерзiм аралығында кандай да 6ip себептермен құкықтық нормалар бекiтілмедi, алайда олардың кө6ici халқымыздың, дәстүрінде, ғұрпында, әдебінде сақталғаны сөзсiз. Оларға далалық ғұрыптық құқық ерекшелігін көрсететiн көне түрік, қышпақ, қазақ, ұйғыр, моңғол тілдеріндегі құқық көздерін жатқызуға болады. Жазбаша ескерткіштерде көшпенділердің құқықтық жүйесін ашатын заң терминдерi мен ұғымдарының, елеулi саны қамтылған. Қазақ құқық тарихын зерттеуде орта ғасырда Еуразияның түрлi елдерінде құрастырылған қыпшақ жазба ескерткiштерi қосымша көз болады. Олардың қатарына өзiмiз шығарған Армян Төре бітігінің қыпшақ - поляк версиясы және армян - қыпшак, ic жургізу кодексiн жатқызуға болады. Бiздiң пікірімізше, осыған ұқсас кездердi зерттеу мен басып шығару ұғымдық аппаратты жетілдіруге мүмкіндік бередi. Құқық саласындағы түркi халықтарының, ұлттық дәстүрi негiзiнде заң, шығармашылығы мен заң терминологиясын дамытуға ықпал жасайды. Тарихи тәжiрибенiң қажеттігі сөзсiз, алайда қолданыстағы заңнаманың, қазіргі заманғы ұғымдық аппаратың сәйкес келтiру одан өзекті
Сөздiктi құрастырушылардың басты мақсаты - қолданыстағы заңнаманың қазіргі заманғы терминологиялық құрамын неғұрлым толық көрсету және оны жүйелеу кезеңдерінің 6ipi бойынша негіз жасау. Бұл міндеттi icкe асыру үшін қазақстандық заңнама актілерi мәтiндерiнен көлемдi дәйек сөз материалы iріктеліп алғаш рет сөздiк түрiнде қалыптастырылды. Дәстүрлi заң сөздіктерi мен энциклопедияларын заң санаттары мен ұғымдарын (терминдерiн) талқылайтын немесе түсінік беретін авторлар құрастырады. Дәйек сөз сипатындағы заң ұғымдары (терминдерi) сөздiктерiн шығару фактiсi құрастырушыларға беймәлiм.
Сөздiкке материалдарды ipiктey процесiнде Қаз КСР заңдарының, Республика Президентінің Үкіметі мен Парламенті актілерінен басқа Қазақстан Республикасы заң актілерінің барлық мәтіндері өңделедi. Сөздiктiң негізгі мақсаты - заң ұғымдарын 6ipiзгe келтiруге, заң шығарушы белгілеген анықтамаларды пайдалануға, сондай - ақ қолданыстағы барлық, ал жекелеген жағдайларда тиісті құқықтық реттеу саласындағы күшiн жойған актілердi талдаудың негізінде анықтамаларды қайта қарауға ықпал ету.
Анықтама сөздiк азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, қылмыстық - атқару, азаматтық ic жүргізу құқығы мәселелерiне байланысты терминдер мен ұғымдарды қамтиды. әp6ip терминге тиісті ұғым пайдаланылған құқық көзіне сілтеме берілдi. Материалды әліпбилік ретпен орналастыру өз кезегінде анықтамаларда келтірілген сөз ретін өзгерткен жоқ. Тиiсiнше терминнің өзi заңда пайдаланылған сөз тiркесінде орналастырылған. Сөздікке 2007 жылғы 1 шілдеге дейін қабылданған заң актілерінің анықтамалары енген.
Осы терминдер мен ұғымдар сөздігі тек кәсiби заңгерлерге ғана емес, сондай - ақ оқырмандардың кең көлеміне к;ажеттi сөздік болатыны сөзсiз. Басылым мемлекеттік және орыс тіліндегі заң терминдерінің жалпыға ортак; жүйелi әpi 6ipiзді қолданылуына әсер етедi деп пайымдаймыз.
Қазақстан Республикасы ҰҒA академигі,
з.г.д., профессор F.С. Сапарғалиев
ҚАЗАҚША - ОРЫСША ЗАҢ ТЕРМИНДЕР1 МЕН ҰҒЫМДАРЫНЫҢ СӨЗД1ГІ
Казахско-русский словарь юридических терминов и понятий